32
Сонымен қоса
оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-
қатынастың кейбір аспекттері материалды баяндауды
қысқарту үшін
әдейі
жеңілдетіледі.
Операциялық
жүйе
ұсынатын
әртүрлі
механизмдердің жұмысы мен қолданылуын көрсететін сәттер ғана
ерекшеленеді. Бұл қосымшаға арналған жиынтық мысал 1-Қосымшада
келтірілген.
Оқулықтың негізгі бөлімінде «Білімді тексеру» қосымшасын
сипаттауға қатысты таңбасыз әріппен ерекшеленген және негізгі
мәтінмен салыстырғанда сол жақтан үлкен бос жерден басталады
(келесі абзацтағыдай).
«Білімді тексеру» қосымшасы оқытушының студенттерге бақылау
жұмыстарын тарату процесін және орындалған жұмыстарды қайтарып
алу процесін автоматтандырады (сурет-1.4).
Бұл қосымша негізгі пайдаланушының үш түріне арналған:
■
қолданбалы бағдарламалаушы — қолданбалы жүйе зерттемесін
орындайды,
оның қызметін
кеңейтеді;
■
оқытушы — әртүрлі тақырыптар бойынша бақылау жұмысы
нұсқаларының базасын қолдайды, студенттерге жұмыс нұсқаларын
таратады, жазылған жұмыстарды жинайды да тексереді.
Жұмыстарды талдау және баға қою жүйе
шеңберінен шығарылған;
■
студент — бақылау жұмысының алынған нұсқалар тізімін қарайды,
оларды орындайды да, орындалған жұмысты оқытушыға
қайтарады.
Сурет - 1.4. «Білімді тексеру» жүйесінің
жұмыс жасау сұлбасы