38
Осылайша book.txt атауының ішінде, book — атауы, ал txt —
кеңейтілуі. Файлдың ішкі құрылымы кеңейтілуден тәуелді емес, ал
файлдар типтендіру Windows жүйелерінде жасалғандай тек кеңейтілу
көмегімен ғана жүргізілмейді. Мысалы, UNIX-жүйелерінде
бағдарламалардың орындалу үстіндегі файлдары әдетте кеңейтілуі
болмайды, оның орнына оларға «орындалу үстінде» арнайы атрибут
меншіктеледі.
Файл атауында типін көрсету оның өңделу форматын
анықтамайды. Файлмен жұмыс істейтін бағдарламаға байланысты
мәліметтер мүлдем әртүрлі болуы мүмкін
. Мысалы, мәтіндік
редакторда ашық (txt кеңейтілуі бар) мәтіндік файл символдар кезегін
білдіреді – мәтін, осындай жағдайда орфографияны
тексеру үшін осы
мәтінді құрайтын бөлек сөздер қажет. Резервтік көшіру бағдарламасы
үшін дәл осы файл 16 Кбайт тұратын деректердің кезекті блогын
білдіреді. Осылайша, файл құрылымы мен онымен жұмыс жасау
тәртібін бағдарлама өзі енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: