Кесте-2.4. NTFS мета деректерінің файлдары
Файл
Метадеректер
Сипаттама
$MFT
Master File Table таныстырады
$MFTmirr
Диск ортасында орналасқан алғашқы 16 жазбаның MFT
көшірмесі
$LogFile
Файлдық жүйелерді қайта қалпына келтіруге арналған файлдық
операциялардың жүйелік журналы
$Volume
Деректер томы туралы ақпарат — белгі, файлдық жүйенің
нұсқасы және т.б.
$AttrDef
Файлдардың стандартты атрибуттарының тізімі
$.
Түбірлік каталог
$Bitmap
Томдағы бос орын картасының орны
$Boot
Жүктемелі сектор
$Quota
Пайдаланушыларға арналған дисктік кеңістік шектеуліктері
туралы ақпарат ақпарат сақталатын файл
$Upcase
Файлдар атауындағы үлкен және жазба әріптерінің сәйкестік
кестесі. Файлдар атауындағы Unicode қолдауымен байланысты
Мысалы, файл автор туралы ақпарат, көшіру құқығы және т.б. файлға
қатысты әр ағын тәуелсіз ашыла алады. Бір файлмен байланысқан
барлық ағындар, бір атрибуттарға ие.
Ағындарды пайдалану мысалы ретінде келесі листингті қарастыруға
болады:
C:\>echo data > data.txt C:\>echo
datal > data.txt:stream1 C:\>echo
data2 > data.txt:stream2 C:\>more <
data.txt data
C:\>more < data.txt:stream1
datal
C:\>more < data.txt:stream2
data2
data.txt файлының негізгі ағыны ішінде data хабарламаның бар екені
көрініп тұр, екі баламалы деректер ағыны өздерінің меншікті
ақпараттарынан тұрады. Бірақ файлдық жүйеде бұл ақпараттар
ағынының барлығы бір-дара файл болады.
Файлдарды, каталогтарды және бөлек томдарды автоматты түрде
қысу NTFS файлдық жүйесінің ерекшелігі болып табылады. Қысылған
файлдар Windows кез-келген қосымшасымен қысылмаған кезіндегідей
өзгертіледі/оқылады, яғни файлдардың қысылуы және ашылуы нақты
уақыт масштабында жүзеге асады. Дегенмен қысылған файлдармен,
каталогтармен және томдармен жұмыс жасау қысылмаған файлдарға
қарағанда көп уақытты қажет етеді.
Қолдауы файлдық жүйе NTFS енгізілген тағы бір механизм туралы
айтып кеткен жөн — қатты сілтемелермен жұмыс. Бұл механизм POSIX
стандартын қолдайтын жалпы механизмнің бөлігі ретінде енгізілген
және бір дерекке сілтемеленетін әр түрлі файлдар жасауға мүмкіндік
береді. Оған қоса ол мәліметтер қайталанбайды, дисктік кеңістікті
үнемдейсіз. Қатты сілтемеден біреуін өшірген жағдайда деректердің
өздері өшірілмейді. Деректер толық өшіріледі егер олармен байланысты
қатты сілтеме өшірілген болса.
Windows қатты сілтемелер жасау үшін fsutil команданың hardlink
create параметрімен қолдануға болады. Бұл команда қолданыста бар
файл үшін қатты сілтеме жасай алады.
Қатты сілтеме жасау мақсатында бұл команданы шақыртудың
жалпы форматы келесідей:
fsutil hardlink create қатты_сілтеме_атауы бар_файлдың_атауы.
Жалпы алғанда
NTFS өте бір қуатты және сенімді файлдық жүйе
болып саналады. Бойында дисктік жинақтауыштарда мәліметтерді
|