55
Бұл файлдық жүйеде барлық дисктік кеңістік кластерлерге бөлінеді,
FAT кестесі әр кластерге қызметтік ұяшықтар береді. Файл туралы
ақпарат тізімді білдіреді. Егер ұяшық файлдағы соңғы кластерге сәйкес
болса ол FFFF мәнінен тұрады. Қолданылмаған кластерлер 0000 болып
белгіленген, ал алыстағы кластерлер — FFF7. Файлды өшірген кезде тек
каталогта жазба жасалады, ал кластерлер тізімі бұзылмайды. Егер
кестеде ұяшықтардың тұтастық тізбегі бұзылмаған болса, файлды тез
қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл файлдық жүйенің беріктілігі жоғары. Файлдар және бос
кластерлер туралы ақпараттар бір кестеде сақталады, сол себепті әдетте
екі операция арқылы орындалатын файл жазбасы FAT ішінде бір
әрекетпен орындалады.
FAT файлдық жүйесі бірнеше операциялық жүйелерді және бірнеше
инкарнациядан өтті. Қазіргі таңда FAT төрт нұсқасы бар: FAT12,
FAT16, FAT32 және exFAT. Осы уақытқа дейін файлдық жүйенің осы
форматы, әсіресе тасымалдаушы флэш-жинақтауыш секілді деректерді
жинақтауыштары үшін белсенді түрде қолданылады.
NTFS файлдық жүйесін Microsoft фирмасы 1990 жылдардың
басында шығарды. Бұл жүйе көп жағдайда өз уақытында OS/2
операциялық жүйеде новатор болып қолданылған HPFS файлдық
жүйесінің ұрпағы болып саналды. Бұл операциялық жүйе Microsoft
және IBM фирмалары бірге ойлап шығарды. Бірақ одан кейін Microsoft
фирмасы өзінің жекеменшік операциялық жүйесін Windows дамыту
туралы шешім қабылдады және HPFS файлдық жүйесінің зерттемесі
негізінде оған арналып жаңа файлдық жүйе жобаланды.
Windows 3.xx және Windows 9x ядроларына негізделген Windows
ескі нұсқалары, тек FAT файлдық жүйесімен жұмыс жасады. FAT өте
көп модификациясы бар болғанымен және олардың жұмыстарының
жоғары жылдамдығы шағын файлдардың көп санымен жұмыс
жасауымен ерекшеленсе де олардың басым бөлігі UNIX/Linux-
жүйелеріне жол береді.
FAT ұрпағы файлдық жүйелерімен байланысты негізгі мәселелер
келесідей:
■
Файлдық жүйелер FAT файлдық жүйенің жалпы өнімділігін
бәсеңдететін деректер фрагменттеуге өте сезімтал;
■
Логикалық бөлімдердің айтарлықтай үлкен көлемдеріне дисктік
кеңістікті шығындайды.
■
кенет ақау болған кезде немесе қайта жүктелу кезінде файлдық
жүйенің жұмыс қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік
беретін қателерден қайта қалпына келтіру механизмдерін
қолдамайды;
■
бірнеше ұйымдар мен серіктестіктерге Windows операциялық
жүйесін пайдалануға кедергі жасаған POSIX қолдауы жоқ;
■
Пайдаланушылар арасында деректерді бөлу құралы және
қолжетімділік құқығын басқару құралдары жоқ.
NTFS файлдық жүйе FAT файлдық жүйесіне тән кемшіліктерді
ескере отырып жасалды. Осы файлдық жүйеге тән негізгі қасиеттер:
■
Сенімділік және қайта қалпына келушілік. NTFS файлдық жүйесі
кіріс/шығыс операциялары транзакцияны білдіретіндей жобаланған.
Бұл транзакциялар бөлуге келмейді, яғни талап етілген операция
толық аяқталады немесе мүлдем аяқтамайды. Бұл файлдық жүйе
күйін ақау болған жағдайда кейін қайтару операцияларын
ауырсындырмай жасауға мүмкіндік береді;
■
Қауіпсіздік және деректерге қолжетімділікті бақылау. NTFS файлдық
жүйесі Windows қауіпсіздігінің жалпы архитектурасына сәйкес
файлдар мен каталогтарды қорғалған нысан ретінде түсіндіреді. Бұл
мәліметтерге
белгілі
бір
пайдаланушылардың
немесе
пайдаланушылар тобының қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік
береді;
■
Дисктік кеңістікті тиімді бөлу. NTFS файлдық жүйесі дисктік
кеңістікті басқарудың механизмдердің тұтас қатарын қолданады,
олардың ішінде каталогтар мен дисктерді қысуды қолдау, кесілген
файлдармен жұмысты қолдау, мәліметтерді дефрагменттеу үшін
мамандандырылған API бар болуы;
■
POSIX қолдауы, қатты сілтемелер, ұзын атаулар, мәліметтерді
шифрлеу, көлемі Гбайт көп логикалық томдармен жұмыс жасауды
қамту.
NTFS файлдық жүйесі құрамында бірнеше жүйелік аумақ және
деректерді сақтау алаңы бар. NTFS файлдық жүйесі жалпы құрылымы
2.13-суретте көрсетілген.
Негізгі жүйелік алаңдардың бірі Master File Table (MFT) алаңы
болып табылады. Бұл алаңда жүйедегі барлық файлдар туралы ақпарат
бар, MFT өзі туралы ақпаратта кіреді. Қандайда бір жаңа файл
жасалғанда немесе жүйеден өшірілген кезде, сәйкес өзгерістер MFT
ішінде де жүреді.
MFT кестесіндегі алғашқы 16 жазба қызметтік файлдар туралы
ақпараттарды сақтау үшін резервтелген. Кестедегі алғашқы жазба MFT
өзі туралы ақпаратты сақтауға арналған.
Жүктемелік
Мастер
File
Table
Резерв
Жүйелік
Қарапайы
м
MFT
алғашқы 16
жазбасының
к жазба
Қарапайы
м
Сектор
MFT
Файлдар
файлдар
файлдар
|