Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет69/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

64
 
 
 
 
Бұл  механизм  негізгі  жадының  физикалық  көлеміне  қарағанда 
үлкен көлемді бағдарламаларды орындауға жағдай жасайды. Сонымен 
қатар  ол  операциялық  жүйенің  көп  процессорлық  жұмыс  режимін 
қолдау  үшін  физикалық  жадыда  бір  мезгілде  бірнеше  процестерді 
(немесе,  кем  дегенде  олардың  маңызды  бөлімдерін)  орналастыруға 
рұқсат  береді.  Виртуалды  жадыны  негізгі  жадыдан  қосымша  жадыға 
ауыстыру  процестерін  басқарудың  негізгі  элементтері  ретінде  тарту 
механизмдері қолданылады, ал орын ауыстыратын блоктардың көлемін 
анықтау  үшін  негізгі  жадыға,  негізгі  жадыдан    процестерді  ауыстыру 
немесе  виртуал  жадының  сегменттік  немесе  парақтық  тарту 
қолданылады.  
Процестердің  орнын  ауыстырған  кезде  бұғатталған  процестер  негізгі 
жадыдан  толықтай  қосымша  жадыға  ауыстырылуы  мүмкін.  Сонымен 
қатар, процестің барлық деректері және оның коды толықтай ауысады, 
негізгі  жадыны  босатады.  Ал  процестің  өзі  белсенді  ету  қажеттілігі 
пайда  болғанша  белсенді  емес  күйге  түседі.  Белсендіру  қажеттілігі 
пайда болғанда процестің коды және оның барлық деректері қосымша 
жадыдан  кері  қарай  негізгі  жадыға  қайта  көшіріледі,  басқа  бір 
процестің  негізгі  жадыдан  қосымша  жадыға  алмасуы  нәтижесінен 
болуы да мүмкін. Осыдан кейін үрдіс белсенді күйіне оралады да қай 
жерінен  тоқтаған  болса  сол  жерінен  ары  қарай  нұсқаулық  бойынша 
орындалуын жалғастырады.   
 
Сурет-3.1.  Үрдістің  виртуалды  жадысының  физикалық  жадыға 


 
 
бейнелеу
 
 
 
Бұл  тәсіл  негізгі  жадыда  бір  мезетте  бірнеше  процестердің 
орындауына  жағдай  жасайды,  бұл  процестер  үшін  қосымша  жадыда 
орналасқан 
деректердің 
жүктелуіне 
қатысты 
орын 
алатын 
кешеуілдеулер 
болмайды. 
 
Белсенді 
процестердің 
әсерінің 
жылдамдықтарын  арттыруға  мүмкіндік  беріп,  барлық  деректері  
оперативті жадыда орналасады. Дегенмен процестерді белсенді күйден 
белсенді  емес  күйге  ауыстыру  операциясы  айтарлықтай  ұзақ  болып 
табылады,  өйткені  процестердің  барлық  деректерін  толықтай  жүктеп, 
қайта  жүктемені  түсіру  керек.  Сонымен  қатар,  бұндай  тәсіл  процес 
және оның деректері көлеміне қосымша шектеулер қояды:  бір процес 
коды  және  деректер  көлемінің  қосындысы  оперативті  жадының 
қолжетімді көлемінен асып кетпеуі керек. 
 
Виртуалды  жадыны  қолданудың  бұндай  тәсілі  виртуалды  жады 
механизмдерінің ең бастапқы кезде жүзеге асуы кезінде қолайлы. Одан 
кейін  виртуалды  жадымен  сегменттер  негізінде  басқару  алгоритмдері 
кең  таралды,  ал  қазіргі  уақытта  жады  парақтары  негізінде  басқару 
тәсілі қолданылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет