■
статикалық бөліміне процес дескрипторы мен пайдаланушы алаңы
(U-алаң) кіреді.
Процес дескрипторыныңқұрамына процес идентификациясы үшін
операциялық жүйе пайдаланатын жүйелік деректер. Бұл деректер
қазіргі ағымдағы уақытта орындалып жатқан барлық процестер туралы
ақпараттардан тұратын процестер кестесін құрастыруда қолданылады.
Процес дескрипторы келесідей ақпараттардан тұрады:
■
орналасу және процес алатын жады көлемі — әдетте негізгі адрес
түрінде көрсетіледі. Егер процес жадыда бірнеше фрагментпен
иемденсе бастапқы процестің жадыда үздіксіз таралу кезіндегі
көлемін немесе бастапқы адрестер тізімі және жады блоктарының
өлшемдері түрінде көрсетіледі.
■
процес идентификаторы PID (Process IDentifier) — процеске ол
пайда болған кезде меншіктелетін әдетте 1 бастап 65 535
аралығында болатын әмбебап бүтін сан;
■
процес идентификаторы PPID (Parent Process IDentifier) —
деректерден пайда болған процес идентификаторы. UNIX-
жүйелеріндегі барлық процестер басқа процестерден пайда болады
(мысалы, командалық интерпретатордан орындалуға бағдарлама
жіберілген кезде оның процесі командалық интерпретатор
процесінен пайда болды деп есептеледі);
■
процес артықшылығы — процес пайдалануы мүмкін процессорлық
уақыттың қатыстық шамасын анықтайтын сан. Басқару
артықшылығы жоғары процеспен көбірек беріледі;
■
процесті
бастаған
пайдаланушы
және
топтың
нақты
идентификаторы.
U-аймақкелесі ақпараттан тұрады:
■
процес дескрипторын нұсқағыш;
■
пайдаланушы және ядро режимінде процес орындалған уақыт
есептеуіші (яғни процессорлық уақытты пайдаланды);
Жүйелік деңгей контекстінің динамикалық бөлігі — ядро
режимінде орындалған кезде процес пайдаланатын бір немесе
бірнеше стектер.
Процестер кестесін қарау үшін ps команданы қолданыла алады.
Командалық жолақ параметрлерінсіз орындалып ол ағымдағы
пайдаланушы жіберген барлық процестерді шығарады.