Саурыкова жулдыз мейрхановна


  Бастауыш    сыныптарда  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында



Pdf көрінісі
бет24/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

 
1.4.  Бастауыш    сыныптарда  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында 
пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нобайы 
 
Қазіргі  кезеңдегі  ықпалдастықтың  мазмұны  мемлекеттер  мен  қоғамдық 
құрылымдар  және  ғылымдар  аралық  т.б.  біздің  өмірімізде  кеңінен  орын  алып 
отырғандығы анық. Әсіресе, жалпы ғылыми танымдық үдерісті жүзеге асыруда 
ғылымдардың  ықпалдастығы  немесе  ғылым  негіздерін  беретін  пәндердің 
мазмұндық  құрылымын  өзара  байланыстыру  яғни,  пәнаралық  байланысты 
жүзеге  асыру  жолдары  кең  орын  алуда.  Бұл  бізді  қоршаған  ортаны  тұстастық 
тұрғыдан  тануға  және  жеке  адамдардың  танымдық  болмысын  жүйелеуге 


64 
 
көмектесетіні 
анық. 
Оқу 
үдерісінің 
барысында 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының  танымдық,  тәжірибелік  мақсатты-бағдарлы  іс-әрекеттермен 
шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс 
іскерлігі  қалыптасады.  Осы  бағыттағы  мәселемен  айналысушы  ғаламдардың 
ой-түйіндеулері  бойынша:  «бастауыш  білім  беру  кезеңінде  оқушылардың 
ойлауын  білімді  меңгеруге  деген  жалпы  қабілеті  тұрғысынан  қарастырады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  үлгерімі  олардың  ақыл-ой  дамуымен  – 
анализ, 
синтез, 
салыстыру, 
қорыту 
сияқты 
ой 
операцияларын 
қалыптастырумен,  ақыл  қасиеттерімен  әрі  нақты  және  абстракциялы  ойлау 
түрлерінің  арақатынасымен  тығыз  байланыстырады»,-деп  негіздейді  өз 
зерттеулерінде Н.А.Оразахынова. Яғни, пәнаралық байланыс бастауыш сынып 
оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  және  олардың  өзіндік  даму 
сипатына орай жасалынады [104].  
Қоғамдық-гуманитарлық,  жаратылыстану-математикалық,  эстетикалық 
білім  мен  тәрбие  беру  бағытындағы  пәндер  цилдерінің  ерекшеліктерін  тек 
мазмұндық  жағынан  ғана  емес,  сондай-ақ  құрылымдық  жүйе,  оқу 
материалдарының  түзу  жолындағы  әдістемелік  жағдайын  негізге  алып,  осы 
бағытта ғылыми-зерттеушілікпен айналысатын педагог-психологтар және жеке 
пән  әдіскерлерінің  ғылыми  еңбектері  қазіргі  сұраныс-талаптарға  негізделген 
білім  беру  мазмұнындағы  ерекшеліктерне  жаңаша  көзқарастары  тұрғыснан 
қарап-талдаулар  арқылы  пәнаралық  байланысты  ұйымдастыру  мен  өткізуге 
қатысты озық ойлы пікірлерін айтуда. Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ 
мәліметтер,  түсініктер,  идеялар  мен  іскерліктер  және    дағдыларға  орай 
қалыптастырылуы  қажет.  Сондай-ақ  пәнаралық  байланыстар  кең  танымдыққа 
бағыттайтын  жан-жақтылық  сипатта  болады.  Өйткені,  олардың  қызметі  мен 
ықпалы  барлық  пәндерге  жалпы,  ортақ,  оқушылардың  танымдық  болмысын 
тұтастық  ғылыми  тұрғыдан  дамыту  болып  келеді.  Психологтар  пәнаралық 
байланыстың  негізгі  нәтижесі  –  тәртіппен  топтастырылып,  өзара  байланыста 
толықтырыла  берілген  білімдер  жүйесінің  мида  орналасуы,  яғни,  жеке  пәннің 
білім  мазмұнындағы  өзіне  тән  қағидалық  ерекшеліктері,  демек    жекелік  емес 
тұтастық  тұрғыдағы  көзқарасқа    басымдық  береді.  Бұл  оқушылардың 
шығармашылық іс-әрекетке дайын екендігін дәлелдейді. Ал, педагогтар жалпы 
білім  беру  мазмұнын  пәнаралық  байланыс  негізінде  жетілдіреді.  Оқу 
үдерісіндегі  іс-әрекет  нәтижесі  оқушыда  пәнаралық  байланыс  іскерлігін 
қалыптастыру  екендігін  атап  көрсетеді.  Жеке  пән  әдіскерлері,  педагогтар  мен 
психологтардың  ғылыми  негіздеріне  сүйене  отырып,  оқушыларға  білім  мен 
тәрбие  беруді  ұйымдастыру  арқылы  дүниетанымын  дамытуда  пәндерді 
топтастыру  және  бір  пәннің  білім  мазмұны  төңірегінде  басқа  пәндердің 
білімдерін 
кіріктіру 
негізінде 
сабақтарды 
жүргізуде 
оқушылардың 
дүниетанымдық  болмысын  тұстастық  тұрғыдан  байланыстырып  дамытуды 
басшылыққа  алатындығын  және  оның  құралдары  жайында  да  ой-пікірлерін 
білдіреді.  Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  құралдарының  ең  басты 
түрінің бірі  – тілдік қатынасты айтады. Oтандық oрта бiлiм мазмұнын жаңарту 
барысында  қазіргі  өмірде  кең  ауқымды  дағдыларға  көп  көңіл  бөлінеді.  Бұл 


65 
 
дағдылар  жалпы  адамзаттық  және  этномәдени  құндылықтарға  негізделе 
отырып,  оқушыларға  оқудағы,  coндай-ақ  өмірдегі  проблемаларды  шешуіне 
мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: 
білімді  шығармашылықпен  қолдану;  сыни  тұрғыдан  ойлау;  зерттеу 
жұмыстарын  орындау;  АКТ  қолдану;  тілдік  дағдылармен  бірге  қарым-
қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану;  топта  және  жеке  жұмыс 
жасау  біліктілігі.  Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  мектептің 
ерекшелігі  –  оқудағы  жетістіктер  нәтижелі  сипатқа  ие,  ал  оқу  процесі 
оқушылардың  әрбір  сабақта  білімді  «табудағы»  белсенді  қызметімен 
сипатталады.  Бұл  жағдайларда  оқушы  -  таным  cубъектісі,  ал  мұғалім 
оқушылардың  танымдық  әрекетінің  ұйымдастырушысы  қызметін  атқарады. 
Әрбір  оқушыны  жасына  да,  мүмкіндігіне  да  қарамастан  тұлға  ретінде 
қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Oқыту мақсаты оқушы және мұғалім 
үшін  ортақ  болады,  міне,  білім  мазмұнын  жаңартудың  педагогикалық 
аспектісінің мәні осында.  Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, 
ол  жаңарту  үдерісінің  әлеуметтік  аспектілерін  көрсетеді.  Мұғалім 
педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы 
тиіс.  Бұл  оқушылардың  қолайлы  дамуы  үшін  достық  қарым-қатынастағы 
ортаны құру болып табылады [105].  
Жаңартылған  білім  беруді  ұйымдастыратын  оқу  бағдарламасында 
оқушылардың танымдық, білімдік, тәрбиелік деңгейлерінің өсуі мен дамуында 
қарым-қатынастық  оның  ішінде  тілдік  мәселенің  басты  орынға  ие  болуы  - 
педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудағы  оқыту,  оқу  іс-әрекетін  жүргізудегі 
білім,  мен  тәрбие  беру  жұмыстарында  оқушылар  мен  мұғалім    арасында 
жұмыстың  нәтижелі  болуының  нгегізі  ретінде  қарастыру  қажеттілігі  алынған. 
Мәселен,  оқу  бағдарламаларында:«Пәннің  мазмұнын  зерделеуді  қолдау 
мақсатында  пән  мұғалімдері  пәндік  академиялық  тілді  үйренуді  де  қолдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет