СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Барлық этикалық проблемалар екіге бөлінгеді:
• моральды-этикалық;
• профессионалды-этикалық.
Стоматологтың моральды-этикалық сферасы оның отбасы мен мектепте
қалыптасқан моралды тәрбиесіне байланысты.
Стоматологтың профессионалды-этикалық сферасы профессионалды іс-әрекетімен
байланысты.
Философиялық тұрғыдан дәрігерлік этикаға кіреді:
◼
Дәрігердің мінез құлқының жалпы сұрақтары;
◼
Медициналық ұжымда өзара қатынасты реттейтін
өнегелі
ережелер;
◼
Мамандықтың нақты жағдайларында дәрігер мен науқастың қарым
қатынасы.
◼
Ішкі (еңбекке қатынасы, тәртіптілігі, ынтымақтастығы және әріптестік
сезімі) және сыртқы (әдептілік, жақсы сөйлеу және сәйкес сыртқы түрі,
яғни сыртқы тартымдылығы) мінез құлық мәдениетін қатаң сақтау.
Осы қағидалар медициналық этикетті құрайды және олар медициналық
ұжымның барлық мүшелеріне қатысты болып табылады.
Профессионалды борыш орындауға
тікелей қатынас :
• жалпы медициналық дайындық
• алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен реабилитацияның
заманауи әдістері
• психотерапевтикалық шеберлік
• мінез құлықтың ішкі және сыртқы мәдениеттің қатаң
қадағалануы.
Медициналық ұжым мүшелеріне бұл талаптарды орындау этикетті
құрайды.
Ішкі мәдениетке
дәрігер-стоматологтың еңбекке,
тәртіптілікке қатынасы, достық пен біршіліктің болуы жатады.
Сыртқы мінез-құлық мәдениеті
туралы айтатын болсақ, олар
әдептілік, сыртқы ұқыптылық, яғни сәйкес дәрігердіңң келбетін
білдіреді.
Сыртқы мәдениет
ережелеріне әріптестерінің арасында өзін ұстау,
әңгімелесу тәртібі, сыйластық қатынасты орнату. Дәрігер-стоматолог пен
басқа да медициналық қызметшілерге: бірегей форма ұстану жатады-
ұқыпты шаш үлгісі, таза, үтектелген халат пен екінші аяқ киім, көзілдірік,
қолғап, маска.
Дәрігер-стоматологтың сыртқы түрі өзіндік ішкі жинақылығын
сипаттайды.
Науқастың елестеуі бойынша дәрігердің сыртқы ұқыптылығы
жақсы профессионалды дайындығын көрсетеді. Науқастар ұқыпты
дәрігердің жақсы маман екенін білдіретініне сенімді.
Болашақ дәрігер болатын студенттерге және
басқа да клиника қызметшілеріне келесі
талаптар қойылады:
• Форманы қадағалау (таза, утектелген хирургиялық костюм, халат,
шалбар; екінші аяқ киім, ұқыпты шаш үлгісі);
• науқастың қорғаныш көзілдірігі, маска мен перчатка кию.
Оқытушы, студент пен орташа және кіші
медперсонал арасында болу керек:
• өзара сыйластық;
• субординацияны сақтау;
• профессионалды міндеттерін нақты орындау.
Емдеудің қолайлы ақыры үшін маңызды:
• Науқас пен дәрігердің алғашқы қатынасының сипаты.
• Науқастың жеке және тұлғалық ерекешліктерін есепке ала
отыратын маман ғана емдеу сәттілгіне сенімді бола алады.
• Науқас дәрігердің әрбір сөзіне нақты тыңдайды.
• Критикалық минутта дәрігердің оптимизмін үнемі сезуі керек.
• Бұл жүргізілетін емнің сәтті өтуіне және тез сауығуына
көмектеседі.
Дәрігерлік қате
— бұл, науқастың денсаулығына белгілі бір зардап келтіретін
дәрігердің саналы адасуы.
Дәрігер өзінің күнделікті тәжірибесінде кейде қате жасауы
мүмкін, өйткені медицинада терапиялық қалаған нәтижеге жету
үшін, тәуекелдің болмауы мүмкін емес, тіпті прогресс те болмайды.
Соған орай, медицина дамуының күрделі жағдайында
қателерін мойындау мен оның себебін түсіну профессионалды
адалдықтың, адамгершілік көзқарастың бар екендігін білдіреді,
сонымен қатар оларды жою жолында бірден бір тәсіл болып
табылады. Қателерді мойындамау деонтологиялық емес іске,
дәрігер мен науқасқа зиян келтіреді.
Медицинада жасалатын көптеген қателер, әдетте,
диагностикада жасалады, өйткені медицина, әсіресе стоматология
ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер болып табылады. Бұны,
мысалы, бірнеше стоматологтардың бір тіске әр түрлі диагноз
қоюымен түсіндіруге болады. Әсіресе, әрбір дәрігердің емдеу
әдістері бірдей болса да, қосымша моменттердің көп болуымен
ерекшеленеді.
Бұл жұмысқа жекелікті, шеберлікті беріп, дәрігердің
жауапкершілігін жоғарылатыды.
Егер де техникалық прогресс қателерді көбейтсе, бір мезгілде
оларды болдыртпау, жеңіл анықтау және жоюға да көмектеседі.
Бұл, болашақта дәрігерлік деонтологиялық талдауды қажет етеді.
Аристотель
пайымдауынша, қателерді болдырпаудың бірден
бір тәсілі абай болу деген.Сөйтіп, профессионалды медициналық
абайлау, пайда болған тәуекелді науқасқа тиімді және
медициналық прогресс жағына бұру болып табылады.
Дәрігерлік қателікпен байланысты
ятрогенді аурулар
,
психогенді және соматогенді жағдайлар дәрігер іс-шараларымен
тікелей немесе жанама байланысты.
Этикалық проблемаларды шешуде екі
деңгей бар :
− бірінші деңгей — дәрігер қандайда бір проблеманың шешілуін
біледі, бірақ білім тәжірибе жүзінде жүзеге асырмайды;
− екінші деңгей— практикалық іс-әрекеттің тиянақты түрде
орындалуы.
Тәжірибе жүзінде тек бірен сараң стоматологтар екінші
деңгей міндеттерін орындай алады.
Болашақ дәрігерлерді оқу барысында да олардың әрі
қарайғы кәсіби этикалық және моральдық жауапкершілігін ескере
отырып, мұқият іріктеу керек екені даусыз.
Стоматолог дәрігерінің мүмкін болатын кәсіби этикалық
проблемаларды жоюдың ең негізделген тактикасы - бұл өз бетімен
тұрақты жұмыс.
Құзыретті дәрігерде қателер аз немесе мүлдем жоқ, демек,
этикалық мәселелердің жеке және медициналық нысандарының
саны азаяды.
Медициналық этиканың халықаралық кодексі
Дәрігерлердің жалпы талаптары:
• Дәрігер ең жоғарғы профессионалды стандарттарды ұстануы
керек.
• Дәрігер профессионалды шешімін ойлап тапқанда өзінің
пайдасына емес, науқастың мүддесі үшін қабылдау керек.
• Дәрігер, жанашырлық пен сыйластық қасиеттерін басты мақсат
ретінде ұстанып, медициналық көмектің барлық жағдайларында
жауапкершілікті өзінің профессионалды біліктілігіне қарамастан
ұстануы қажет.
• Дәрігер, науқас пен әріптестерінің арасында адал болуы керек
және әріптестер арасында компетенттілікті бұзып, алдаумен
жұмыс істеуге қарсы күресу керек.
Медициналық этика нормаларына жатпайды:
• Өзін-өзі жарнамалау
, егер де ол мемлекет заңымен және ұлттық
медициналық ассоциациямен рұқсат етілмесе.
• Дәрігермен науқасты еш дәлелсіз жолдама беру мен еш негізсіз ақылы
қабылдау.
• Дәрігер науқастың, әріптестерінің, медициналық қызметшілердің
құқықтарын сыйлап
, дәрігерлік құпия сақтауы тиіс.
• Науқастың физикалық және психикалық жағдайын нашарлататын
диагностикалы-емдік іс-әрекеттердің барлығы тек қана науқастың
игілігіне
жасалуы керек.
• Дәрігер профессионалды емес көздерден алынған мәліметтерді
науқасқа бергенде
абай болуы
керек.
• Дәрігер
өзі ғана
тексерген мәліметті жария ету керек.
Дәрігердің науқасқа қатысты талаптары:
• Дәрігер, адамның өмірін сақтау борышын үнемі есте сақтауы
керек.
• Дәрігерге, егер науқасқа қажетті тексеру мен емдеу шараларын
жасау өзінің мүмкіншілігінен артық болса, онда ол
компетентті
әріптестерінен
көмек сұрауы тиіс.
• Дәрігер науқас қайтыс болғаннан кейін де оның
дәрігерлік
құпиясын
сақтауы керек.
• Дәрігер
шұғыл көмекті
оны қажет ететін әр науқасқа жасай алуы
тиіс, тек оны одан да профессионалдылау жасау мүмкіншілігі бар
адамдардан басқа.
Дәрігерлердің бір-бірінің арасындағы
міндеттер:
Дәрігер, оның өзіне қалай қатынайтынын қаласа,
әріптестерімен солай етіп тіл табысуы керек.
Дәрігер әріптестерінен науқастарды алдарқатып өзіне қарай
алмауы тиіс (Врач
не должен переманивать
пациентов у своих
коллег).
Дәрігер Дүниежүзілік медицина ассоциациясы мақұлдаған
Женева Декларациясына сәйкес қағидаларды ұстануы тиіс.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |