"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АЛҒА АУДАНЫНДА МЕКЕН ЕТЕТІН ҚОЯНТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет8/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АЛҒА АУДАНЫНДА МЕКЕН ЕТЕТІН ҚОЯНТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫНЫҢ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Алмағанбет А. Ғ. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  
serim2017@mail.ru
  
 
Қоянтəрізділер  (Legomorpha)  отряды  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  кемірушілер  отрядына 
жатқызылып  осы  отрядтың  бір  тармағы  ретінде  қарастырды.  Тек  1912  жылы  Джидлей 
қоянтəрізділерді  толық  зерттеп,  олардың  кемірушілерге  тек  сырт  пішіні  ұқсайды,  оларды  басқа 
отрядқа  бөлу  қажеттігін  айтады.  Бұл  көзқарас  қазіргі  кезде  өзінің  толық  шешімін 
тапты.Қоянтəрізділердің  кемірушілерден  басты  айырмашылығы  олардың  жағында  кемірушілер 
сияқты 1 жұп емес, екі жұп күрек тіс орналасқан. Денелерінде тері бездері жоқ, олар тек табанында, 



 
əсіресе  саусақтарының  арасында  орналасқан.  Сондықтанда  жыртқыштар  оларды  іздері  арқылы  тез 
табады. 
Қоянтəрізділер өсімдік қоректі жануарлар. Осыған байланысты бұлардың ішектері ұзын жəне 
соқыр ішектері жақсы дамыған. Бұлар тез көбейеді, жылына 3-4 рет көжектейді, əр көбейген сайын 1-
ден 10-ға дейін өсім береді. Көжектер жыныстық жағынан тез жетіледі. 
Шақылдақтар  тұқымдасының  өкілдері  қоянтəрізділер  отрядының  ішегінде  ең  ұсағы.  Дене 
тұрқы 25 см, салмағы 100-300 гр шамасында. Құлақтары қысқа, əрі дөңгелек болады. Артқы аяқтары 
мен  алдыңғы  аяқтарының  ұзындықтары  бірдей.  Құйрықтары  өте  шолақ,  тіпті  тері  жамылғысынан 
көрінбейді.  3  жұп  мұртшалары  болады.  Мұртшалары  өте  ұзын.  Табандары  жалаңаш,  кейбір 
түрлерінде қалың түкпен қапталған. Тері жабындарының түсі жазда бурыл, ал қыста сұр немесе құм 
түсті сұр болады. 
  Алға  ауданында  қоянтəрізділер  отрядының  қояндар  тұқымдасының  келесі  өкілдері 
кездеседі:ақ  қоян  –  заяц  беляк  –  Lepus  fimidus,ор  қояны  –  русак  –  Lepus  europaeus,  шақылдақтар 
тұқымдасының дала шақылдағы – степная пишуха –Ochotono pusilla. 
Ор қояны- терісі, еті, түбіті аса бағалы, ауру жұқтырады. Дала шақылдағы бақ шаруашылығына 
зиян келтіреді. 
Ақ қоян– заяц беляк – Lepus fimidus Жазда бұлар əртүрлі шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 
Қыста ақ қояндардың негізгі қорегі бұталар мен ағаштардың қабығы. Ақ қояндар өздеріне арнайы ін 
қазбайды,  тек  кейде  қауіп  қатер  төнген  кезде  тез  құтылып  кететіндей  бұталар  арасынан  жерді 
шұңқырлап жатақ жасайды. 
Ор қояндар əсіресе бидайық,арпабас, арпамен сүйіп қоректенеді. ор қояндар өздеріне тұрақты 
мекен ететін арнайы ін қазбайды, бұталар арасынан жерді шұңқырлап жатақ жасайды. 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр Сырымбетов С.Т. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет