"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ  ҚЫЗЫЛ МИЯ ӨСІМДІГІНЕ



Pdf көрінісі
бет11/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ  ҚЫЗЫЛ МИЯ ӨСІМДІГІНЕ 
СИПАТТАМА 
 
Асанқызы Г. 
,          Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана 
gulnazym_92@mail.ru
  
 
Қазақстанның  шөлейтті,  шөлді,  далалы  аумақтарында  өсетін,  емдік  жəне  азықтық  мақсатта 
қолданылатын  өсімдіктірдің  бірі-мия.  Мия  өсімдігінің  негізгі  отаны  –  Ирак.  Ал  жабайы  түрде  мия 
өсімдігі Батыс Еуропада, Жерорта теңізі жағалауларында, Батыс жəне Орталық Азияда, Түркия, ҚХР, 
Ауғанстанның шөлейітті аумақтарында таралған. 
  Қазақстан  территориясында  –  Іле,  Жайық  өзендерінің  аңғарлары  мен  құмды  ашық 
далаларында,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда  облыстарының  далалы  аумақтарында  көп  кездеседі. 
Соның  ішінде  Қызылорда  облысы,  Шиелі  ауданы  көлемінде  кездесетін  мия  өсімдігіне  сипаттама 
береміз. 


10 
 
Бұл  аудандағы  қызыл  мия  өсетін  қауымдастықтарды  зерттеу  жұмыстарының  нəтижесінде, 
аудан аумағы көлеміндегі мияның 2 массиві бар екендігі анықталды. Олар: Қаракөл жəне Авангард 
массивтері. 
Қаракөл массиві: Сырдария өзенінің оң жағалауында Авангард елді-мекені жерінде орналасқан. 
Топырағы  аллювиальді  –  шалғынды  –  тоғайлы  болып  келеді,  жер  асты  суы  2-2,5  метр  тереңдікте 
орналасқан. Мия  қауымдастығының  оңтүстік  жағын  Оралкөл,  Қаракөл көлдері  алып  жатыр.  Қызыл 
мия  қауымдастары  топтасып  орналасқан,  олардың  шеттеріндегі  ойпаңдау  жерлерде  жабайы  астық 
тұқымдасының  өкілдері  кездеседі.  Массивтің  аумағы  206  гектар  аймақты  алып  жатыр. 
Тамырларының өнімділігі жағынан жоғары ассоциацияларға қызыл мия, кендір – қызыл мия, ажырық 
- қызыл миялар жатады. Массивтегі осы қызыл мия ассоциациясының алып жатқан жер көлемінің аз 
болғанымен өнімділігі жағынан ең жоғарысы. 
Авангард  массиві.  Бұл  массив  өзеннің  оң  жағалауында  Авангард  елді-мекенінің 
территориясында орналасқан. Топырағы аллювиальді – шалғынды – тұзды. Қызыл мия шалғындары 
көбінесе  тоғайдың  ашық  жерлерінде  жəне  өзеннің  ескі  арналарының  жағалауларында  орналасқан. 
Массивтің  алып  жатқан  жер  көлемі  200  гектар.  Өнімділігі  жағынан  жоғары  қауымдастықтарға 
мыналар жатады: қызыл мия, қызыл мия – бұталар, ажырық – қызыл мия. 
Бұрынғы  жылдардағы  зерттеу  жұмыстары  бойынша  бұл  ауданның  жерінде  5  массиві  болған. 
Бүгінгі  таңда  олардың  үшеуі  жойылып  кеткен.  Бұның  себебі,  біріншіден,  адамның  жерді  игеруінің 
қанат  жая  түсуімен,  қазіргі  мия  өсетін  алқапта,  оңды  –  солды  пайдаланып,  онымен  қоса  ол жерлер 
шабындық  жəне  жайылым  ретінде  де  пайдалануда.  Екіншіден  көптеген  су  қоймаларын  салумен 
байланысты өзен деңгейінің күрт төмен түсіп кетуі салдарынан да болып отыр.  
 Ғылыми жетекшісі: Әбиев Сардарбек Әбиұлы, б.ғ.д., профессор 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет