3. О.Штерннің ҚЭҚ құрылымының қазіргі замандағы теориясы О.Штерннің ҚЭҚ құрылымының қазіргі заманғы теориясы (1924) бұрынғы
екі теорияны біріктіреді. Штерн иондардың соңғы және толық анықталына
алатын мөлшері болатынын ескерді және олардың қатты бетке иондық радиус
шамасынан кіші аралыққа тақау жақындай алмайды деп есептеді.
Штерн теориясында адсорбциялық күштердің әсерінен жүретін қарсы
иондардың (ҚИ) бетпен әрекеттесуі ескеріледі және адсорбциялық потенциал ұғымы енгізіледі. Ол бет зарядталмаған жағдайда бір моль ҚИ-
дардың ерітінді көлемінен тығыз қабатқа ауысқандағы жұмысы.
Бұл теория бойынша ҚИ-дар қабаты екі бөліктен тұрады (3-сурет). Бірінші
қабат Гельмгольц-Перрен теориясында қарастырылған қалыңдығы (d)
болатын жазық конденсатор түзе отырып, электрстатикалық та, адсорбциялық
та күштердің әсерімен бетте бекіп тұрады. Потенциалдың (φ
0
) сызықты құлауы
байқалатын бұл қабат адсорбциялық (тығыз, гельмгольцтік немесе