МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
4
статистикалық
жолмен
салыстырылады.
Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде
бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып
зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ
уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да кӛп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс
те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы
(10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды кӛлденең немесе кескінді
зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі
жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық
реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын
зерттеулер негізінде
жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі:
зерттеудің
салыстырмалы жылдамдығы — қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен
мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен
салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған .
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның
психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи
жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс
арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-
қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ
адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы
ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сӛйлеу ерекшеліктерін зерттеу
керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сӛздері мен
сӛйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да,
тиісті
қорытынды
шығарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде
қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін
— фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сӛз тіркестерін жазып алып, кейін оны
қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.