Фразеосемантика


§ 1. Символдағы әлемнің тілдік бейнесі



Pdf көрінісі
бет74/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

§ 1. Символдағы әлемнің тілдік бейнесі
Әлем  бейнесі  мен  ұлттық  мәдениет,  халықтың  салт-дәстүрлері  мен 
сенімдері,  сол  тілде  сөйлейтін  халық  тарихы  көрініс  табатын  кез-келген 
халықтың фразеологиясы баға жетпес лингвистикалық қазына болып та-
былады.  Мәдениет  ұғымының  кең  мағынада  қолданылатыны  белгілі, 
біздің тұрғыдан мәдениет – халықтың немесе этникалық топтың материал-
дық,  әлеуметтік  және  рухани  өмірінің  әр  дәуірдегі,  тарихи  кезеңдегі  не-
месе түрлі табиғи жағдайдағы дамуының кешенді түрде көрініс табатын 
антропологиялық түсінік.
Тіл – тілде сақталған фразеология – тек тілдің өткенінен ғана емес, соны-
мен қатар халық тарихы мен мәдениетінен мағлұмат беретін қазына. Фразе-
ология құрамында сақталған қазіргі сөйлеушіге бейтаныс сөздер мен кейбір 
синтаксистік конструкциялар «өткен тарих көзі болып табылатыны сөзсіз. 
Сондықтан  да  фразеологияны  зерттеу  тілдік  үрдістерді  тек  диахрондық 
тұрғыдан ғана емес, оның қазіргі дамуын да түсінуге мүмкіндік береді. Сөз 
мағынасының жүйелі дамуы, жаңа тілдік таңбалардың қалыптасуы, жаңа 
фразеологиялық қолданыстардың пайда болуы (мәселен, тұсау кесер «пре-
зентация») және т.б. тілдегі семантикалық үрдістер – фраземаларды осы 
тұрғыдан зерттеуді қажет ететін факторлар.
Тіл  бірліктерін  фраземалық  бірліктер  деп  бөліп  қарастыру  мынан-
дай  шарттарға  негізделген:  ішкі  формасынан  толығымен  айырылған, 
құрамындағы  компоненттер  лексикалық  мағынасынан  айырылған,  бүтін 
тіркес пен оның құрамындағы бірліктердің мағынасы арасында ешқандай 
байланыс  жоқ,  тіркес  тұрақтылығы  мен  мағына  тұтастығы  сақталған, 
тұйықталған құрылымға ие, кемінде толық мағыналы екі сөзден тұратын 
тіркес.  Тағы  да  айта  кететін  фраземалық  қасиет  –  фраземалық  мағына 
лексикалық мағынадан ерекшеленеді, қандай да бір себептер барысында 
пайда  болған  фразеологиялық  мағына  тілде  қалыптасқан  жүйеге  кіреді 
және оның мағыналық (семантикалық) заңдылығына толығымен бағынады.
Сол тілде сөйлейтін халықтың тілі мен мәдениетінің арасындағы байла-
ныс бар екендігі көпшілікке мәлім [Телия, 1966, Қайдар, 1998, Смағұлова, 
1998]. Идиомалық тіркестердегі ең алдымен көзге түсетін қасиеттер – бұл 
тіркестер адамдардың өмірі, олардың қоғамдағы орны, мінез-құлықтары, 
бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде қандайда бір оқиғаны, ситуацияны 
саналы түрде ой елегінен өткізуінің нәтижесінде пайда болған.


137
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
137
Идиомаларда  сақталған  мәдени  мағлұматтар  –  тілдік  ұжымдардың 
өмір  сүру  ортасымен,  көзқарастарымен  тікелей  байланысты  нақты 
тілдік  социумның  эталондары  мен  стреотиптері  жинақталған  бейнелі, 
уәжделген  ішкі  формасының  жемісі.  Сондықтан  да  идиомаларда  тілдік 
ұжым  мүшелерінің  когнитивтік  қызметі  көрініс  табады,  олар  сол  тілде 
сөйлеушілердің  әлем  туралы  тұрпайы  (қарапайым)  түсінігіне  (дүниедегі 
болып жатқан құбылыстарға көзқарастары, қарым-қатынастары және т.б.) 
негізделген.
Сондықтан  да  тілдің  күшіне,  оның  құдіретіне  тең  келетін  құралдар 
әлемде кемде-кем. К. Леви-Стросс – егер адамдар жаратылысынан тілдік 
мағлұматтарды заңдылықтар негізінде қабылдап, ой елегінен өткізе алатын 
қабілеті болмағанда, адамның санасына бақсылар мен шамандар, психоа-
налитиктер әсер еткенде көрінетін үрдістер мүмкін болмайтын еді – дейді 
[К. Леви-Стросс, 1985; 205 б.].
Сұхбаттасушыға  әсер  ететін  тілдік  құралдардың  көрнектісі,  тіл 
құдіретінің көрініс табатын ең күшті бояулары мен салмағының көрінер 
тұсы, әрине осы бейнелі идиомалар болып табылады. Идиомалық тіркестер 
алғыс  пен  қарғысты  (көсегең  көгерсін!,  Құдай  атқыр!),  өлім  мен  өмірді 
(жаны кіру, көз жұму), ақ пен қараны (ақ көңіл, қара ниет), жақсылық пен 
жамандықты (басы көкке жету, қара басына көріну), қуаныш пен бақытты 
(екі езуі екі құлағына жету, төбесі көкке жету) және т.б. сезімдерді бейнелі 
түрде беріп қана қоймайды, сонымен қатар келешекте уәждің бір түрі бола-
тын әр түрлі символдар туындайды.
Кез  келген  тілде  халық  санасында  қалыптасқан  символдар  болады, 
ол  символдар  әрқашан  уәжделеді,  яғни  олар  дәлелді.  Тіл-тілдің  идио-
масында  фразема  жасайтын  символдық  компоненттер  болады,  олар-
ды  кейбір  ғалымдар  ұйытқы  компоненттер  деп  атайды.  Осы  символдар 
барлық  тілдерге  ортақ  болып  келеді.  Мәселен,  адамның  дене  мүшелері 
негізінде қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер кез келген тіл үшін 
фраземажасамның  ең  өнімді  түрі  болып  табылады.  Мәселен,  түске  бай-
ланысты,  жан-жануарға  байланысты,  санға  байланыс-ты  және  т.б.  сим-
волдар  –  әлем  тілдеріне  ортақ  тілдік  құбылыс.  Бұл  ортақ  қасиеттер  тек 
тілмен ғана емес, адамдардың қоршаған ортасымен, табиғатпен, қоғаммен, 
өмір сүру тіршілігімен де тікелей байланысты. Объективті өмір сүру ор-
тасы мен өмірдің нақты материалдық, әлеуметтік жағдайы сол халықтың 
тілінде, соның ішінде идиоматикасында да көрініс тапқан. Сондықтан да 
фраземалардың түп-төркінін әріден іздеген жөн.
Адам баласы отқа, суға, көп құдайға табынған шағынан-ақ талай заттар-
ды киелі санап, оларға өздерінше лақап ат қойған. Қазақ тілінде ежелден 
келе жатқан Қамбар ата (жылқышы ата), Шекшек ата, Зеңгі баба, Ойсыл 
қара,  Шопан  ата  тәрізді  тіркестер  ескі  наным-сенім  бойынша  төрт  түлік 
малдың  сақтаушысы,  қорғаны,  мифологиялық  иесі  бар  деген  ұғымнан 
қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет