Авакова Р.А. Фразеосемантика
144
толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір ұғымның, құбылыстың
өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, қазіргі формаларын зерттей отырып
ашуға, тануға болады», – деген пікіріне қосатынымыз, көне түркі тілдері
мен қазіргі түркі тілдері материалдарында ерекше символдық мағынаға ие,
қазіргі тілдік тұрғыдан түсіндіруге бола бермейтін сандардың бойындағы
архаикалық дәстүрлердің сақталғандығы [Ә. Хасенов, 1990; 63 б.].
Үш санының символдық мәні. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ түрлі
құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп,
оларға бақылау жасаған. Олардың ортақ қасиеттерін саралап, санамен
түйіп, оның ізін өз тілінде сақтаған (үш жұрт, үш күндік пәни, үш қайтара
сәлем беру, үш қайнаса сорпасы қосылмау және т.б.).
Көне түркі руникалық ескеркіштер тілінде үш санымен келген көне
этникалық және географиялық атаулар кездеседі. Мәселен, üĉ birku (үч
бірку) – жер атауы, üĉ oγuz (үч оғыз) – оғыз тайпа бірлігі, üê qarluq (үч
қарлуқ) – қарлұқ тайпа бірлігі, üĉ quryqan (үч қуырқан) – құрықан тайпа
бірлігі. Үш санының киелі ұғымды білдіру
мағынасына тоқтала келіп
Э.Р. Тенишев былай дейді: «По буддийской традиции число три упо-
треблялась для обозначения времени: üĉ ödki «относящийся к трем време-
нам – прошедшему, настоящему и будущему» … Большинство буддийских
обозначений древних уйгуров представляет собой толковательный перевод
санскритских терминов, показывающий путь приспособления чужой рели-
гии к тюркской среде» [Э.Р. Тенишев, 1997; 580 б.]. Үш санының көне ұйғыр
ескерткіштеріндегі мағыналық көріністеріне талдау жасай келіп, ғалым
қараханид ұйғырларында «үш жұлдызды» төрт жылдың мезгіліне балау
астрономиялық дәстүрі болғанын дәлелдеп, Ж. Баласағұнның «Құтадғу
білік» дастанынан үзінді келтіреді:
üĉі jazqy julduz üĉi jajgy bil // Сен білгейсің, үш жұлдыз – көктемгі, үш
жұлдыз жазғы!
üĉі küzki julduz üĉі qyŝqy bil // Сен білгейсің, үш жұлдыз – күзгі, үш
жұлдыз – қысқы!
üĉі öt üĉі suw boldi jäl // Олардың үшеуі – оттан, үшеуі – судан, үшеуі –
ауадан.
üĉі boldi toprad ažun boldi äl // Оның үшеуі – топырақтан, жер болды
тіршілік ортасы.
І. Кеңесбаев үш санының ескі салтқа да қатысты екенін, қазақ
ертегілеріндегі біреудің үш баласы болыпты немесе хан үш қайтара
сұрапты деген тіркестердің жиі қолданылатынына тоқтала келіп: «жан
алу», «жан беру» сияқты дәстүрлер көп елдерде болған. ... ертеде «жан бе-
руге» тура келсе, дүние салған ардақты бір кісінің моласына барып, одан
үш рет айналып, «жалған айтсам осы кісінің аруағы ұрсын» деп қарғанған.
Мұндайда жан беруші айыпқа тартылған адам емес, ол кісінің үш ата
алыстығы бар жақын туысы болуы шарт. Туыстығы үш атаға жеткен кісінің
сөзі әшкереленіп, жаман қылығы жұртқа аян, сенімсіз болса ғана, айыпқа