Тақырыбы: Батыс Европа эстетикасы тарихынан. Классицизм өнері эстетикасы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Классицизм өнерінің туып қалыптасуы.
2. Классицизм өнері эстетикасының көне грек өнері және қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен
байланысы.
3. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты – классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.
Дәріс тезисі:Классицизм (лат. classicus – үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде
қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық
ағартушылықпен
байланысты
болды
және
қоғамның
буржуазиалық-революциялық
құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және
өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар
классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды. Қайта өрлеу
дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII
ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың
тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы
қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың
қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы
теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп
есептейді. XVII ғасырдың бірқатар Еуропа елдерінде корольдік билік орнаған соң, өнердегі ең
басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм (classicus) латын тілінен аударғанда "ең
үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда
XVII-XVIII ғғ. кең етек жайды. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және римнің
классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты.
Бекіту сұрақтары
1. Н.Буалоның әдебиет теориясы мәселелерін көтерген еңбегі қалай аталады?
2. Изоморфтық, изоморфизм дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
3. Классицизм өнері эстетикасының көне грек өнері және қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен
байланысы.
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы:
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018.
- 172 бет.
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана:
Фолиант, 2005. - 536 б.
Тақырыбы: 18 ғасырдағы Европадағы ағартушылық дәуір эстетикасы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. 18 ғасырдағы ағартушылық дәуірі эстетикасының көрнекті өкілдері.
2. Ағартушылық реализмнің дамуы.
3. Д.Дидро, И.Гердер, Г.Лессинг еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы.
Дәріс тезисі: XVIII ғасырда, уақыт революцияға жақындаған сайын, француз ағартушыларының
халыққа айтқан сөздері ынталана түсіп, соның арқасында театрдың рөлі де арта түсті. XVIII
ғасырда Францияның бірінші ұлы ағартушысы Франсуа Мари Вольтер (1694-1778) болды.
Ағартушылыққа жауыздық пен діншілдікке қарсы бағыт әкелген Вольтер трагедиялары борыш
пен сезім бірлігінің гуманистік идеясын уағыздады. Оның кейіпкерлері эмоционалды, қызуқанды
және сахналық әрекеті де байырақ әрі динамикалық жағынан күштірек болды. Бұл ағартушылық
эстетикасының бағыты классицизмнің ережелерін ұстанбауынан айқындалды. Вольтердің барлық
жазған пьесаларынан өзіне үлкен табыс әкелгені "Заира" және "Мұхаммед" трагедиялары болды.
XVIII ғасыр ортасынан француз жљне еуропалық ағартушылықтың ірі өкілі Дени Дидро (1713-
1784) болды. Дидро пьесалары театр репертуарына толық енбегенімен драматургиядағы жаңа
бағыт – тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Дегенмен де Дидроның театрға байланысты
ең үлкен жұмысы 1773 жылы жазылған "Актер туралы порадокс" трактаты болды. Бомарше
шығармаларының шыңы – "Севиль шаштаразы" (1775), "Фигароның үйленуі" (1784) атты
комедиялар. Италияның ұлы драматургі Карло Гольдони (1707-1793) жаңа мінез комедиясының
негізін салады. Суырып-салмашылықтың орнына, спектакльдің негізіне әдеби мәтін енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |