Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Силлабус. Әдеби процесс

Бекіту сұрақтары 

1. Ағартушылық кезеңдегі шығармашылық тұлғалардың қызметі қандай болды? 

2. Изоморфтық, изоморфизм дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. 

3. 18 ғасырдағы ағартушылық дәуірі эстетикасының көрнекті өкілдері кімдер? 

4. Ағартушылық реализмнің дамуы. 

5. Д.Дидро, И.Гердер, Г.Лессинг еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы. 



Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

 

Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымындағы мектептер. 



Сағат саны 1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1.  Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: 

2.  Филологиялық мектеп 

3.  Эстетикалық догматизм мектебі 

4.  Биографизм мектебі 

5.  Мәдени-тарихи мектеп 

6.  Тарихи салыстыру мектебі 

7.  Психологиялық мектеп 

8.  Психоаналитикалық мектеп 

9.  Формализм мектебі 

10. Социологиялық мектеп. 



Дәріс  тезисі:  Әдебиеттану  ғылымының  тарихында  белгілі  мектептер,  үлкен  ағымдар  болған. 

Ежелгі, көне ағымдардың бірі – филологиялық мектеп дәстүрін ұстанған оқымыстылар негізінен 

көркем шығарманың мәтінін зерттеп, бағалауға бой ұрған.  

 

 



Эстетикалық 

догматизм 

мектебінің 

өкілі 


француз 

ақыны, 


әрі 

ғалымы                                                                                                             

Никола  Буало.  Ол  «Поэтикалық  өнер»  атты  трактатында  Үш  бірілік:  орын  бірлігі,  уақыт  бірлігі, 

әрекет бірлігі сақталсын дейді. Биографизм мектебі. ХІХ ғасырдағы француз сыншысы  Сент-Бев 

–  зерттеудің  басты  мақсаты,  негізгі  тенденциясы  суреткердің  рухын  тану  деп  көрсетеді.  Оның 

айтуынша,  көркем  шығарманы  тудыратын  фактор  әлеуметтік  орта,  қоғамдық  тартыс,  таптық 

наным, дүниеге көзқарас емес, жазушының басындағы күйлер, суреткердің өзі көрген, өзі сезген, 

тек өз басынан кешкен халдері ғана. Әдебиеттің тарихын жасау, ториялық байламдар айтудан гөрі 

жазушының  жүрген-тұрғанын,  киген  киімін,  ішкен  тамағын,  туған-өскен  ортасын  тәптіштеу 

арқылы  ғұмырнама  тудыру  негізге  алынды.  Мәдени-тарихи  мектеп.  Бұл  мектепте  бірқатар 

фактілер  жинақталғанымен,  метафизикалық,  идеалистік  әдіс  әдеби  дамуды,  әдебиет  пен  қоғам 

арасындағы  байланысты  түсіндіруден  шалғай  жатты.  Тарихи  салыстыру  мектебі  яки 

компаративизм      ағымы.  Мұндағы  негізгі  принцип  –  салыстыру.  Дүние  жүзінде  капитализмнің 

дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, бір ел екінші ел, бір халық 

екінші  халық  жақындай  түсті,  жерге,  байлыққа  қызығумен  қатар,  әдебиет  нұсқаларына  да  назар 

аударылды. Компаративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап, форма 

мәселесіне,  сюжеттің  шығуына  байланысты  көптеген  пікірлер  айтқан.Психологиялық  мектеп 

принципі  бойынша:  әдебиетші  көркем шығарманы  тудырған  суреткердің психологиясын  зерттеу 

керек.  Психоаналитикалық  мектеп,  яки  фрейдизм.  Ол  әдебиеттің  әлеуметтік  маңызын 

мойындамайды.  Бір  халық  пен  екінші  халықтың  әдебиетін  салыстыруды  қажет  деп  таппайды. 

Оның  назар  аударатыны  –  суреткер  санасының  астарлы  сырлары,  түйсіктің  жұмбақ 

құпиялары.Формализм  мектебі  өнердегі  басты  нәрсе  түр  деп  қарайды.  Сондықтан  форманы 

зерттеу бірінші орынға шығады. Формалистердің ден  қойған мәселелері:өлең құрылысы;әуезділік 

заңдары;ұйқас,  ырғақ  мәселелері;  сюжеттің  құрамдас  бөліктері.              Социологиялық  мектеп 

әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың басында ерекше бет алды. Мұның өкілдері қоғам заңдарын 

әдебиетке механикалық түрде қолданым, метафизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушы 

шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған.  

Бекіту сұрақтары 

1. Әдебиеттану ғылымында қандай белгілі мектептер болды? 

2. Тарихи-салыстырмалы мектептің көрнекті өкілдері? 

Формализм мектебінің көрнекті өкілдері кімдер? 



Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма  бюросы, 2019. - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет