11
жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың
барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының
барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бӛлігінің ӛмір сүру деңгейі
күрт тӛмендеп кетуіне алып келді», - деген тарихи естелік – осы
күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын
кӛтеруге күш салды. Жырдағы:
Ӛлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта
елбасының түн ұйқысын тӛрт бӛліп жасаған реформалары, заңдары,
стратегиялық жоспарлары еліміздің ӛмір сүру деңгейі минимумынан
тӛмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың
әлеуметтік жағдайын кӛтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен
президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған.
Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын
кӛтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы
«Тату елге жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның
кӛршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы кӛрінеді. Сол
сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама
кӛтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер,
халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату ӛмір сүруді
ұстанғанын кӛрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен
ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған
басшылар идеясында ӛзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты -
халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт ӛмір сүруін қамтамасыз
ету. Жер бетіндегі елдермен тӛрт құбыласы тең ӛмір сүру. Күлтегін
қаған мен елбасы Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері
ӛзгелерге үлгі болуға тұрарлық.
Достарыңызбен бөлісу: