Дүр мен -ды/-ді,-ты/-ті, -ған соң мен -ғансын варианттары
үшінші топ құрайды. Баяндауыш болып тұрған сөзге тіркесіп,
кәмілдікті білдіретін -дүр форманты қазақ тілінде бірте-бірте
-ды (фонетикалық варианттарымен) тұлғасына ауысқан. Ол
ауысу, әрине, XIX ғасырдан бұрын басталғанымен, соңғы
вариантының өнімдірек қолданыла бастауы, яғни әдеби үлгі-
лердегі көрінісі біз талдап отырған кезеңге сай келеді: «Жыл-
қының құты – айғыр-ды»; «Жалған дүние жарық-ты» (Шор-
танбай), «Қарындасым бар-ды деп» (Махамбет). Мұның -дүр
варианты да жарыса жүреді: «Мағлум-дүр Хұдаға..., «Жай-
ын білмек керек-дүр» (Шортанбай). Әсіресе Дулат тек қана
-ды тұлғасын қолданады: «Бір Аллаға аян-ды, Жалған дүние
жарық-ты».
XIX ғасырдың I жартысындағы үлгілерде -ған қосымшалы
есімше мен соң шылауының тіркесі әрдайым дерлік -ған соң
түрінде келеді, оның -ғаннан соң немесе -ғасын вариант-
тары жоқ. Оның себебі – біздіңше, мынада тәрізді: сөз етіп
отырған кезенде бұл тіркестің меңгерілген түрі ығысып (-нан
септік жалғауы қолданылмай), одан әрі ықшамдалуы әлі ак-
тив түрде қолданыс таппаған, енді-енді көріне бастаған деуге
болады. Өлеңнің ұйқас ыңғайына қарай келген -ғансын ва-
рианты бірер жерде ғана кездеседі: Махамбеттің бір өлеңінде
220
оңбасын, жолдасым сөздеріне ұйқас қалғансын, салғансын
тұлғалары келтірілген (ол тұлғалар соңғы басылымдардың
бірінде тіпті қалғасын, салғасын түрінде жазылған). Ең соңғы
ықшам вариант – біздің байқауымызша, қазіргі кездің жемісі
әрі нормаға еніп келе жатқан құбылыс. Жалпы қазіргі қазақ
тілінде оның ішінде газет-журналдар мен ғылыми әдебиетте
кейбір морфологиялық тұлғалардың ықшам түрлерін қолдану
тенденциясы басым. Мысалы, мектептің нормативті граммати-
касында ауыспалы шақтағы есімше жұрнағы -тын, көмектес
септік жалғауы -мен, - бен, -пен, жалғаулық шылау да/ де, та
/те, кәмілдік форманты - ды/-ді, -ты/-ті деп беріледі, олардың
-тұғын, -менен, дағы, -дүр варианттары норма ретінде ұсы-
нылмайды. Ал, шындығында, көркем әдебиетте, оның ішін-
де бүгінгі қазақ поэзиясы тілінде және ауызекі сөйлеу тәжіри-
бесінде соңғы қатарлар да еркін қолданыла береді.
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірдегі қазақ тілі граммати-
касының көзге түсетін сипатты бір белгісі – функционалдық
және тұлғалық варианттардың орын алуы. Мұны, бір жағынан,
нормалану процесіне қатысты қарау керек. Дәлірек айтсақ,
грамматикалық бір категорияның екі-үш түрлі тұлғамен
білдірілуі – әлі де біреуінің нормаға айналмағандығын таны-
тады. Екіншіден, вариант тұлғалардың, әсіресе толық-ықшам
қатарлардың орын алуын поэзия тіліне тән, өлең шарттарына
қарай күні бүгінге дейін қолданылатын құбылыс деп тану ке-
рек.
XIX ғасыр қазақ әдеби тілі грамматикасында орын алған,
нормаға түсіп болмаған көріністің тағы бірі – қиысуда бай-
қалады. Ең алдымен, осы кезеңнен бастап, қазақ поэзиясын-
да етістіктің сыпайы түрде -ңыз /-ңіз, -сыз /-сіз жалғауымен
жіктеліп қолданылуы активтене бастайды. Бұл тұлғамен тек
сыпайылық емес, көбінесе сыпайы көпшелік, не тіпті тек
қана көпшелік ұғымды білдірген. Сыпайы, көпше тұлғадағы
етістік пен есімдіктің формалық қиысуы әрдайым орын ал-
майды. Мысалы, Шортанбай: «Жалғанда досым сіз едің, Аяй
көрме ақылды» дейді. Мұнда есімдік сыпайы түрде келсе,
соған қатысты етістік анайы (-ңыз аффиксін жалғамай) түрде
берілген: сіз едіңіз, көрмеңіз деудің орнына сіз едің, көрме.
221
Алмажанда да солай: «Асықпай тұр тоғыз би, Сізге де ке-
лер бір кезек». Мұндағы сіз есімдігі көпшелікті ғана білдіру
үшін алынған, егер қазіргі нормамен берсек, сіздер асықпай
тұрыңыздар болар еді.
Жалғыз есімдік емес, контекст бойынша бір тұлғада қиысып
келуге тиісті өзге сөздер мен етістіктің арасында тұлғалық
жағынан қиыспаушылық бары байқалады. Мысалы, «қартайған
соң халқыңа Елеусіз болды сөзіңіз» (Алмажан). Мұнда сөзіңіз
бен халқыңа деген сөздер екеуі де не сыпайы (халқыңызға,
сөзіңіз), не анайы (сөзің, халқың) болса керек еді.
Жекелік-көпшелік, анайы-сыпайылық жағынан қиыстыр-
маушылық бұл кезеңдегі барлық үлгілерде кездеседі. Мысалы,
« Сіз біл деген бала жоқ» (Сіз біліңіз деудің орнына), « Аузыңа
харам салмаңыз» (Шортанбай)), бұл сөйлемнің қиыстырылған
түрі: « Аузыңызға харам салмаңыз» немесе « Аузыңа харам сал-
ма» болуы керек еді.
Осы кезеңнен бастап II жақтағы жіктеулі етістіктерге көптік
жалғауын қосып қолдану фактісі орын ала бастаған: «Қызмет
етіп жүріңдер» (Алмажан), «Аузыңа харам салмаңдар» (Шор-
танбай). Бірақ бұл өте сирек. Көпше мағына көбінесе сыпайы
Достарыңызбен бөлісу: |