222
төгілтіп» (Махамбет) дегенде де
аққан қанды төгілтіп... болуға
тиісті. Бұл құбылысты, бір жағынан, өлең тіліне тән стильдік
тәсіл деуге де болады. Өйткені септік жалғауынсыз келген
сөйлем бөлігі өз алдына атаулы сөйлем тәрізді болып, өзіне
назар аудартады:
Ханның кірген ақ орда/сы/. Соның бұзуын
ойлап кеңестік деген сияқты конструкцияны құруға болар
еді. Толғамалы
ақ мылтық (сол мылтықты) толғап ұстар күн
қайда! Еңсесі биік
ақ орда. Сол ордаға еріксіз кірсем деп едім.
Әрине, проза тілінде болса,
Еңсесі биік ақ ордаға еріксіз кірсем
деп едім түрінде құрылар еді. Бірақ бұл жағдайда «еңсесі биік
ақ орда» дегенге назар аударып алу мотиві болмаған болар еді.
Ал «
Малың бер де,
басың қос» (Махамбет) деген сияқты
өлең жолдарындағы түсірілген жалғаулар
(малыңды, басыңды
болуы керек еді) мұндай стильдік жүкті арқаламайды. Бұлар
өлең
өлшемі көтермегендіктен, ықшамдалған сәттер.
Өлең шарттарынан туатын және бір ерекшелікті атауға бо-
лады. Ол – тиісті жіктік жалғауының түсірілуі. Махамбеттің:
«Мен тауда ойнаған
қарт марал...»
, «Түбін қазған мен
бәйтерек»
дегендерінде I жақтағы бастауыш пен
(мен) ба-
яндауыш қиыспаған, яғни
бәйтерекпін, қарт маралмын деп
айтылуға тиіс. Осы зандылық сақталмаған. Бұл да – таза
өлең шарттарына қатысты синтаксистік ауытқу
(Базарбайдың
Төлеген дегендегі тәуелдік көрсеткішінің түсіріліп айтылғаны
сияқты).
Етістіктердің белгілі бір септік жалғаулы сөздерді мең-
геруіңде осы күнгі нормаға сәйкеспейтін сәттер жоққа тән.
Сол кездегі де, қазіргі де қазақ тіліне норма емес морфо-
логиялық тұлғалардан
-ғаш /-геш, -қаш /-кеш қосымшалы
етістікті атауға болады. Мысалы, бұл кездегі өлендердің
бірінде: «Бейішке
кіргеш мақтансын» деген жол бар. Бірақ
ескеретін нәрсе – бұл өте сирек, бірер жерде ғана кездеседі.
Тегі, бұл «қыпшақтық» тұлға ертеректегі қазақ тіліне де жат
болмағанға ұқсайды, ол ноғайлы-қазақ цикліндегі батырлар
жырларында сирек болса да орын алған. Мысалы, «Едіге»
жырындағы: «қызға жақын
жеткен... »
деген жолдарға на-
зар аударыңыз. Махамбет, Шортанбайларда кездесетін
нешік
тұлғасын да осы қатардан іздеу керек сияқты. «Кетпей де
нешік
223
етермін?» (Махамбет), «Амалым
нешік Құдайға? »
(Шортан-
бай). Бұл да – кейін қосылған татарлық кірме сөз емес, байырғы
ноғайлы-қазақтық тұлға. Алдыңғы дәуірлердегі әдебиет
үлгілеріндегідей, бұл кезең қаламгерлерінде де
-ған жұрнақты
есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау
тәсілі өте актив:
ел қонбаған көл,
соғып кеткен жел,
қайғы
ойлаған жамандар т.т.
Достарыңызбен бөлісу: