146
метафораланып, қанның саулап ағуымен салыстырылған. Әрі қанның басқа
заттарға емес, тек жусанға салыстырылуында үлкен менталды мән жатса керек.
Яғни қазақтың туған жерге деген сағынышының, дарқан даласының баламасына
айналған жусан – киелі ұғым. Жусанның исі мен қасиеті қазақ баласының,
әсіресе ел үшін еңіреген ерлердің жүрегіне терең сіңген. Сондықтан бұл
салыстыру «туған жер үшін қан кешу» ұғымын да білдіріп тұрғандай.
Деректі зат есімдермен қатар, кейбір дерексіз заттық ұғымдар да
мөлшерленеді. Дерексіз ұғымдар немесе дерексіз зат есімдер атауыштық
мағынамен қатар, сол заттық ұғымға тән қасиеттерді, сапаларды түгел
жинақтаған категориялы ұғым саналады. Мысалы,
ерлік десек, белгілі тарихи
кезеңде қандай істер ерлік саналса, бұл сөз соның бәрін қамтиды. Ал осы сөз
арқылы көрініс тапқан «ерлік» ұғымының да түрліше сипаттары болады. Сол
сипаттар қажетіне қарай табиғаттағы оған ұқсас заттармен теңестіріледі,
салыстырылады. Нәтижесінде дерексіз ұғымдардың сапалық мөлшері, деңгейі
көз алдыға елестеп, нақты, бейнелі шама қалыптасады. Жыраулар поэзиясында
бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Мысалы:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Достарыңызбен бөлісу: