Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет116/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

теңеулер де үш түрлі болады: 1) Заттар мен заттарды теңеу; 2) Қимыл-құбылыс 
пен заттарды теңеу; 3) Қимыл-құбылысты қимыл-құбылысқа теңеу. Мысалы:  
1. Ай, Абылай, Абылай, 
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің. 


148 
 
Түркістанда жүр едің 
(Бұқар жырау

Ал, тілімді алмасаң, 91-92 б.);
 
 
2. Алтын тақтың үстінде 
Ақ сұңқардай түледің 
(Бұқар жырау

Ал, тілімді алмасаң, 91-92 б.).
 
Бұл үзіндіде тұрымтай құс пен болашақ хан Абылай салыстырмалы түрде 
алынып, Абылай «дәрежесі де, дене кесімі де кішкене, жай ғана адам» ретінде 
сипатталған.  Тұрымтай  сұңқар  тұқымына  жататын  жыртқыш  құс  болғанымен, 
денесі көгершіннен сәл ғана үлкен, шағын құс. Халық танымында ол ұдайы «кіші, 
шағын»  деген  ұғымдармен  байланысты  көрініс  табады.  Бұл  туралы  өткен 
тарихымызда мынадай дерек кездеседі: «Жәнібек тұсында Хан Кеңесі екі түрге 
бөлінетін.  Бірін  «Тағанақ  кеңесі»  деп  атайтын,  екіншісін  «Тұрымтай  кеңесі» 
дейтін.  Біріншісі  үлкен  Хан  Кеңесі  деген  мағынада,  екіншісі  кіші  Хан  Кеңесі 
деген түсінікте. Біріншісіне елеулі рудың басты адамдары тегіс жиналады. Онда 
хан сайлау, соғыс ашу тәрізді күрделі істер ғана қаралуға тиісті. Сондықтан бұл 
кеңесті кейде үш жүзге бөлінерде бас қосқан жерінің атымен «Қаратұз кеңесі» 
деп те атаған. Ал Тұрымтай кеңесінде басқа жұртқа елші жіберу, қонысқа жер 
бөлу  тәрізді  жеңілдеу  мәселелер  шешілген»  [213,  289  б.]. Бұл  тарихи  дерек 
сипаттағандай, тұрымтай құстың сыртқы пішіні ғана емес, ішкі қасиеті, айырым 
белгілері  де  халық  танымында  терең  менталды  мазмұнға  ие  болған.  Халық 
жадындағы  білімдер  жүйесінде  тұрымтай  құстың  тағы  бір  ерекше  қасиеті 
сақталған,  ол  –  оның  адамға  ерекше  үйірсектігі.  Осындай  қасиеті  үшін  қазақ 
құсбегілері  тұрымтайды  сүйікті  құсы  ретінде  жақсы  көрген.  Осыған  сәйкес, 
Бұқар  толғауында  Абылайдың  тұрымтай  ретінде  сипатталуында  да  болашақ 
ханның  не  істесе  де  өз  ортасына  сыйымды,  сүйкімді  қасиеті  де  сипатталып 
отырған болса керек.  
Ал толғаудың екінші бөлігінде тұғыр мен алтын тақАбылай мен ақсұңқар 
өзара салыстырылады. Мұнда  да салыстырулар заттардың сыртқы пішіні мен 
ішкі қасиетіне байланысты. Бір қарағанда, параллелизм болып көрінеді. Тұғыр 
үстінде  сұңқар  құстың  серкесі,  ірісі  ақсұңқар  түлесе,  соған  ұқсас,  қасиетті, 
қымбатты алтын тақ үстінде Абылайдай асыл ер де түлейді. Мұны, бір жағынан, 
сапалық  салыстыру  десе  де  болатындай.  Жыраулар  поэзиясында  сапалық 
белгілерді айшықтап, әйгілеп көрсету көптеп кездеседі. Бұл тіпті ең өріс алған 
көркемдік тәсілдердің бірі. Мысалы:  
Ер өзіңден соңратын 
Емен салдай батар ол
 (Шалкиіз, Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны, 40 б.).
 
Заттардың  ішкі  сапалық  қасиетін  айшықтау  көбіне  эпитеттерде  жиі 
кездеседі. Бірақ теңеулерде де аз кездеспейді. Мұнда батыр мен емен ағашының 
беріктігі  деңгейлес,  шамалас  ұғымдар  ретінде  берілген.  Заттардың  мұндай 
салыстырмалы  беріктік  дәрежесі  де  «дәрежелі  мөлшер»  ұғымына  жатады. 
Заттарсыз құбылыс та, қимыл да жоқ. Сондықтан кез келген «мөлшер» ұғымы 
әуелі заттық ұғымнан туады. Содан кейінгі кезекте оның ішкі қасиеті,  қимыл-
қозғалысы  түрлі  заттармен  салыстырмалы  негізде  анықталады.  Сонда  ғана 
ойдағы ұғым біртұтас образды мөлшерлік ұғымға айналады. Мысалы: 
Бұзылып қалмақ кеткен соң
Өңкей батыр жиыл деп, 
Хан Абылай шақырды, 


149 
 
Бір төбеге жиылды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет