Маралбек ермұхамет


 «Сапалық мөлшер» ұғымының тілдік парадигмасы



Pdf көрінісі
бет143/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
10. «Сапалық мөлшер» ұғымының тілдік парадигмасы 
Болмыстағы  заттар  мен  қимыл-әрекеттің  сындық,  сапалық  белгілері  бір 
деңгейде  болмайды.  Тіпті,  бір  типтегі  заттардың  өзінің  сындық,  сапалық 
дәрежесі әртүрлі болады. Ұқсас немесе ұқсамаған заттардың әртүрлі дәрежедегі 
сапалық қасиеті сапа мөлшерін қалыптастырады. Олай болса, «сапалық мөлшер» 
дегеніміз  –  заттар  мен  құбылыстардың  әртүрлі  қасиеттерінің,  сапалық 
белгілерінің, сындық дәрежесінің ұқсамаған мөлшерінің жиынтығы.  
Қазақ  тілінде  сапалық  мөлшер  семантикасы  морфологиялық  және 
синтаксистік деңгейде кездеседі: 
Морфологиялық деңгейде: 
 -  сапалық  мөлшер  семантикасы  түр-түске  байланысты  сапалық  сын 
есімдерге  -рақ, -рек, -ырақ, -ірек-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу салыстырмалы 
шырай қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, қызылырақ, семізірек, 
жуасырақ, әдемірек, арығырақ, қаралау, қоңырлау, арықтау,  т.б. Мұнда қызыл 
мен қызылырақ сөзінің арасында түс деңгейінің белгілі мөлшері бар. 
- сапалық мөлшер семантикасы сапалық сын есімдерге -ғыл, -гіл, -ғылт    (-
ым), -қылт, -кілт, -ғылтым, -қылтым, -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім, -ілдір, -
қай,  -қан,  -кей,  -аң,  ғыш,  гіш,  -ша,  -ше,  -ақ,  -ек  жұрнақтары  жалғану  арқылы 


191 
 
беріледі. Мысалы, тарғыл, қызғылт, ақшыл, көкшіл, қоңырқай, сарғыш, көгілдір, 
жолақ, сұрғылт, сұрша т.б. 
- сапалық мөлшер семантикасы -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау,        -
деу,  -тау,  -теу  шырай  қосымшаларының  қатыстық  сын  есімдерге,  сын  есім 
тудырушы  кейбір  жұрнақтардың  үстіне  қабаттаса  жалғануы  арқылы  беріледі 
(арықшалау, семізшелеу, жүргіштеу, ашушаңдау, кіршеңірек т.б.). Мысалы:   
1) Семізшелеу қараторы ханзу жігіт таза қазақ тілімен күбірлеп, мені 
ерте кетті жиынға (Қ.Шабдан, Қылмыс); 
2) Ол үшін Сопытай бұдан гөрі қаталдау, қытымырлау,  ашушаңдау болу 
керек (Д.Исабек, Ескі үйдегі жаңа қоныс).  
Сапалық 
мөлшер 
семантикасын 
білдіретін 
тілдік 
бірліктердің 
морфологиялық  деңгейде  синтетикалық  тәсіл  арқылы  жасалуында  шырай 
қосымшаларының қызметі зор. Олар көбінде сапалық сын есімдерге жалғанып, 
олардан  түрлі  сындық  дәреже  мағынасын  тудырады.  Осы  сындық  дәреженің 
ұқсамаған мөлшері сын мөлшерін тудырады.  
Сапалық  мөлшер  семантикасы  синтаксистік  деңгейде  тіркесім  тәсілдері 
арқылы беріледі:  
-  сапалық  мөлшер  семантикасы  күшейткіш  буынды  қос  сөздер  арқылы 
беріледі (қып-қызыл, сұп-суық, ып-ыстық т.б.).  
- сапалық мөлшер семантикасы күшейткіш үстеулердің (өте, тым, ерекше, 
айрықша  т.б.)  сын  есім  сөздерімен  қабыса  тіркесуі  арқылы  беріледі.  Мысалы,  
өте қызыл, тым жақсы, өте ақылды, ерекше әдемі т.б. 
-  сапалық  мөлшер  семантикасы  әлдеғайда,  анағұрлым,  біршама,  біраз, 
едәуір, әжептәуір т.б. мөлшер үстеулер мен сын есім сөздерінің тіркесі арқылы 
беріледі.  Мысалы,  әлдеғайда  жақсы,  анағұрлым  төмен,  біршама  арзан,  біраз 
қымбат, едәуір мықты, әжептәуір ыстық т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет