29
4) Функционалды (жұмсалымды) тілтанымдық бағыттағы зерттеулер.
Тіл бірліктерін жұмсалым барысында, сөйлеу актісінде, тілдесім үдерісінде,
мәтін ішінде тану соңғы жылдары әлемдік лингвистикада етек алған бағытқа
айналды. Еуропа ғылымында бұл өткен ғасырдың ортасынан бастау алса, қазақ
лингвистикасында соңғы он-он бес жыл көлемінде туып, қарқынды дами
бастады. Тілді мағынадан формаға қарай зерттеуді нысан еткен бұл бағыт тіл
табиғатын тануда бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер тудырды. Қазақ
лингвистикасында функционалды бағыттың тууы М.М.Копыленко және бүгінгі
қазақ лингвистикасының жетекші ғалымдарының бірі З.Қ.Ахметжанованың
есімімен байланысты. Ғалымның жетекшілігінде бір топ шәкірттері бір-бір
категорияны арнайы қарастырып, осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Мөлшер категориясы
функционалды бағытта да зерттеу нысаны етілді.
Қазақ тіл білімінде мөлшер мәнді сөздер жайлы тұңғыш рет ғылыми тұжырым
айтушы – А.Байтұрсынұлы. Ғалым мөлшер семантикалы сөздерді көбіне үстеудің
қатарына жатқызады. Бұларды
өлшеулік үстеулер деп атай келіп, былай дейді:
«Сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді өлшеулік үстеу дейміз. Өлшеулік
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың да
үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: Қанша?
Неше есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды» [19,
116 б.]. Ғалым кейбір сан есім, сын есім, есімдік сөздер мен синтетикалық
формалардың да мөлшер семантикасын білдіретінін айтады.
Бұл сөздер тобын
үстеу орнына жүретін сөздер дей келіп, олардың мәнмәтіндік қолданысына,
функционалды ерекшелігіне қарай семантикасы ауысатынын айтады. Сондай-ақ
есептік, реттік сан есімдерді сипаттай келіп: «Нәрсенің бүтінін емес, бөлімінің
санын көрсететін сөздер бар: олар «темілдік» деп аталады. Темілдік сан:
жарты,
жарым, ширек. Қазақтың тілінде темілдік санның есімі тіпті аз», – дейді
[137, 38
б.]. Ал «Тіл – құралдың» кейінгі басылымдарында (1923-1924) мұны «жарнақ
сан» деп өзгертеді
[138, 42 б.]. Бұл тұжырымдардан
функционалды
семантиканың алғашқы негіздері айқын танылады.
Қазақ тіл білімінде
функционалды грамматика категорияларын ғылыми
деңгейде алғаш сөз еткен А.Д.Данияров болды. Зерттеуші 1965 жылы
«Категория множественности в современном казахском языке» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғап, қазақ тіліндегі көптік категориясын ғылыми
деңгейде қарастырды. Көптік категориясы мөлшер категориясына ең жақын
категориялардың бірі саналады. Тіпті кей зерттеушілер көптік категориясы мен
мөлшер категориясын сан-мөлшер категориясы деп атап, бір категория ретінде
таниды. А.Д.Данияров аталған диссертациясында көптік семантикасының берілу
жолдарын лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлерге бөліп, оны
түрлі мысалдар арқылы дәйектейді. Зерттеуші көптік семантикасының
лексикалық деңгейдегі берілуін тоғыз топқа бөліп, оған халық, ұлт атауларын,
мал-жан, жануарлардың атаулары, «сандық» ұғымды білдіретін сын есім
сөздерді, есептік сан есімдер, күшейткіш үстеулер мен мөлшер үстеулерді
жатқызады. Морфологиялық
деңгейдегі көрінісіне -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -
дер көптік жалғауы мен басқа да көптеген қосымшаларды жатқызады. Сонымен
қатар жақ, шақ қосымшаларын да морфологиялық деңгейдегі көптік семантика
беруші формалар деп таниды. Ал синтаксистік деңгейдегі көрінісіне сөздердің
30
бірігу, кірігу, қайталану, тіркесу тәсілдері арқылы жасалған әртүрлі мөлшер
семантикалы сөздерді жатқызады. Зерттеушінің тағы бір ерекшелігі зерттеу
жұмысында көптік семантикалы өзге түркі тілдерінің материалдарын да
салыстыра беріп отырады [21]. Қалай дегенмен де бұл алғашқы зерттеулердің
бірі болғандықтан, аздаған олқылықтар да бар. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік
бірліктерді тек көптік категория аясында ғана қарастырған. Сондықтан жалпы
«мөлшер» ұғымының өзге де берілу жолдары назардан тыс қалады. Алайда
жұмыстың олқылығынан гөрі, жетістіктері, нәтижелері көп.
Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінде өзгеше ұстанымдарымен
ерекшеленетін белгілі ғалым Ы.Маманов бұл тақырыпты арнайы қарастырмаса
да, тіл білімінің әртүрлі мәселелеріне байланысты зерттеулерінде жанамалай сөз
етеді. Сын есім, сын есімнің шырай қосымшалары, қос сөздер туралы
тұжырымдары
мөлшер
семантикасының
Достарыңызбен бөлісу: