23
зерттелу тарихына тоқтала отырып, былай дейді: «Есептік сөздер (счетные слова)
заттың өзін немесе оның санын білдірмейді, оның саналуымен байланысты
ұғымдарды білдіреді». Бұл пікірді ары қарай жалғастыра келіп, есептік сөздерді
мынадай үш топқа бөледі: 1) зат немесе нәрсе бірліктерінің есебі:
бас, тал, түп,
т.б.; 2) адамдар тобының есебі:
тайпа, топ, қауым, т.б.; 3) малдар тобының есебі:
үйір, табын, қора, т.б. [16, 148 б.].
Қазақ тілі синтаксисінің білікті мамандарының бірі Т.Сайрамбаев бұл
сөздерді, зат есімді күрделі сөз тіркестері құрамында қарастырып, «өлшем мәнді
нумератив тіркестер» деп атайды. Бұларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай:
мезгіл-мерзімге байланысты өлшем, қашықтық өлшемі, көлем өлшемі, салмақ
өлшемі, баға қою, даналап санау, аудан өлшемі, сұйықтық өлшемі, жылдамдық
өлшемі сияқты мағыналық топтарға бөліп қарастырады [17, 39б.]. Сонымен қатар
«мөлшер» ұғымын білдіретін сөздердің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемде
атқаратын қызметі, байланысу тәсілдері, жалғаулықсыз байланысқан сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары сияқты құрылымдық грамматиканың өзекті,
күрделі мәселелерімен айналысты [103, 162 б.].
Ә.Хасенов мөлшер мәнді тілдік бірліктерді сан есімдермен байланыстыра
қарап, «сан есім мағыналы сөздер» деп береді де, құрылымдық-семантикалық
ерекшелігіне қарай екі топқа бөледі:
Бірінші: сан есімнің тура мағынасындағы, яғни белгілі бір дәл сан
мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер:
егіз, қос,
жарты,
жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалғыз, некен-саяқ, дара, т.б.;
Екінші: 1) абстрактілі сан ұғымды сөздер:
бір үйір жылқы, бір келе түйе,
Достарыңызбен бөлісу: