83
– Тар // тар – тар нәрсе: тар еб // тар үй, басқаларға да сондай (МҚ, Т
3
-
207).
Мысалда
кең, тар сөздері қазіргі қазақ тіліндегідей заттардың ішкі бөлігінің
аумағын білдіру үшін қолданылған. Кез келген заттың ішкі бөлігінің ауқымы
белгілі межемен салыстырмалы түрде анықталады. «Сыйымдылық» ұғымы
көбіне
тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ секілді заттарға тән.
М.Қашқаридың сөздігінде мөлшер семантикалы тағы біралуан сөздер
кездеседі. Аталған сөздер бір бүтін заттың толықтығы мен кемістігін, бүтіндігі
мен жартылығын білдіреді. Бұларды семантикалық ерекшелігіне қарай
жоғарыдағы ұғымдардың ешқайсысына жатқызуға келмейді. Сондықтан бұл
сөздерді «бүтін/бөлшектік» семантикалы сөздер деуге болады. Бұлардың реті
төмендегідей:
–
Бүтүн // бүтүн, бірегей: бүтүн иармақ // бүтін ақша (МҚ, Т
1
-457);
–
Иап // бүтін, тұтас – бір нәрсенің бүтіндігі: Иап иармақ иоқ // бүтін ақша
жоқ; жанымда тұтас ақша жоқ (МҚ, Т
1
-11);
–
Иарым – екіге айырылған нәрсенің әрқайсысы, әр бөлегі, (жартысы,
жарымы – А.Е.): бұтақ иарымы // бұтақтың жарты бөлегі. Мұның негізі
«жарылмақ» болады.
Иарым // жарты, (жарым – А.Е.): алмыла иарымы //
алманың жартысы. Басқаларға да сондай (МҚ, Т
3
-30);
–
Бөлүк // бөлік – хайуанаттардың бір тобы, бөлігі: бір бөлүк қой // бір бөлік
қой, бір бөлүк кіші // бір топ кісі. Бұл – жалпы есім, «халық, түйе» деген секілді
(МҚ, T
1
-443);
–
Пұшғақ // пұшпақ, бөлік; пұшғақ // пұшпақ, тарап: иер пұшғақы // жердің
тараптары (МҚ, Т
1
-524-525);
–
Кесек – бір нәрсенің кесегі, бөлігі: бір кесек етмек // бір кесек нан, бір тілім
нан (МҚ, T
1
-450);
Мысалдағы
бүтүн // бүтүн, иап // бүтін сөздері кез келген заттың
толықтығы, өзіне тиесілі барлық бөлшектерінің бүтіндігі, ешқандай ақау,
кемістік жоқтығы семантикасын білдіреді. Ал
иарым // жарты, бөлүк // бөлік,
пұшғақ // пұшпақ сөздері бір бүтін нәрсенің кемістік, толық еместік
семантикасын білдіреді. Мұнда
иарым // жарты сөздері бүтін нәрсенің екі
бөлікке бөлінгендегі бір бөлігін, тіптен тең жартысын білдіреді. Бұл туралы
С.Боранбаев былай дейді: «Сөздің түбірі –
йар (рассекать, расщеплять, 239).
Бұл өзі – көне түркі сөзі. Ол сондықтан көп тарап, кең жайылып кеткен лексема
болып есептеледі» [190, 99 б.]. Ал
пұшғақ // пұшпақ сөзі бүтін нәрсенің тең жарты
бөлігі емес, аз ғана бөлігі, шеткі кішкене бөлігі семантикасын білдіреді.
Бөлүк //
бөлік, кесек // кесек сөздері
қанша бөлікке бөлінгені белгісіз, әйтеуір бір бүтін
заттың бір бөлігі семантикасын білдіреді. Бүтін мен бөлшек арасындағы шамалар
жиынтығы мөлшер семантикасын қалыптастырады. Қазіргі қазақ тілі
теориясында бұл сөздер «семантикалық жағынан сан есімдерге жақын сөздер
тобы» ретінде танылады [166, 470 б.]. Ал А.Байтұрсынұлы «Тіл – құрал»
еңбегінің алғашқы басылымдарында (1915–1922) бұл типтес сөздерді
телімдік
деп атайды да, оны былайша түсіндіреді: «Нәрсенің бүтіні емес, бөлімтігінің
санын көрсететін сөздер бар; олар
телімдік деп аталады. Телімдік сан:
жарты,
жарым, ширек. Қазақтың тілінде
телімдік санның есімі тіпті аз»
[137, 38 б.].
Аталған еңбектің одан кейінгі басылымдарында (1923–1924) мұны «жарнақ сан»
деп өзгертеді [138, 42 б.]. Бұл сөздер ғалым айтқандай «бөлімтік» семантикасын
84
білдіргенімен, біздіңше, сан есімдерге жатқызуға болмайды. Бұл типтес
сөздерден сандық семантиканы ұғынуға болғанымен, олар белгілі заттың
мөлшерін, мөлшерлік сынын білдіретін сөздер. Сондықтан оны сын есімнің не
мөлшер семантикасы шеңберінде қарастыру керек.
Заттар бүтін немесе бөлшек болумен қатар, олар белгілі сандық мәнге ие
болады. Заттардағы осы
белгілі/белгісіз сандық мән «көптік» ұғымын
қалыптастырады. Тілде көптік семантика лексикалық деңгейде түрлі жолдар
арқылы беріледі: кейде нақты сандар арқылы, кейде көлемін сипаттау арқылы, ал
кейде орналасу тығыздығын, қозғалыс деңгейін сипаттау арқылы. Көптік
семантикалы сөздердің кейбірі барлық заттарға бірдей қолданылса, ал кей
лексемалар арнайылық сипат алады.
М.Қашқари сөздігінде мұндай көптік
семантикалы сөздер жиі кездеседі және оның семантикалық айырым белгілері
мен қолданылу ерекшелігі түсіндірілген. «Көптік» ұғымы
көп/аз тіресімі арқылы
сипатталады. Сөздікте барлық заттарға ортақ қолданылатын көптік
семантикасы
Достарыңызбен бөлісу: