146
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
тұрысының мазмұнын сыртқы тітіркендірулер емес әуестіктер анықтайды;
әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, қарпайым қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы ж әне басқа да ерік бостандығына
сүйенген р еакц и ял ы қ теориялар м ар кси зм -л ен и н и зм класси ктерін ің
еңбектерінде көрініс тапты және жаратылыстану ғылымының мәліметтерімен
теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды
болжауды жауапсыз және мүмкін емес етеді.
«Бостандық — табиғат завддрынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, осы
завд;ылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асыру және осы білімге сүйеніп,
табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» деп жазған Ф. Энгельс.
Ерік қызметі, ең алдымен, қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс
пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана
актісі, оның мазмұны мен бағыты — адам өмір сүретін нақты әлеуметтік-тарихи
жағдайлармен детерминирленген ж әне адамның сеніміне, көзқарастарына,
қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді.
Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады:
1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы;
2) қабылданған шешімді орындау.
Бірінші фаза таңдауға қатысты акт — саналы баға беру және таңдау. Бұл
фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуалдық ж әне т.б.)
сәйкес эмоционалды қ күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті
қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек
түрінде көрініс беруі мүмкін.
Әуестік — нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс.
Тілек — нақты объектіге саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну үрдісінде
тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу
мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып бағаланады.
Егер тілектердің орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға
ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған
болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы уәждер
күресінен өтеді. Уәж тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады.
Екінші фаза — қабылданған шешімді орындау адамның тәжірибелік қызметіне
тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М. Сеченов кез келген
психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимылы арқылы іске аса-
тынын көрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз қозғалыс
шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде қолды тартып
алу); еріксіз қозғалысқа, сонымен қатар, эмоциямен байланысты мимикалық
қимылдар және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті қозғалыс негізінде,
И.П. Павлов анықтағандай, шартты рефлекстік үрдіс жатыр. Еріктік әрекетті
іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау
ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл
Достарыңызбен бөлісу: