Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
145
уақыттық бұзылуларының эмоциогенді дамуын айтамыз, осы уақытта адам
өзінің істеріне жетекшілік ете алмайды, өз істерінің қателігін түсінбейді, арты-
нан осы жағдайда жасаған заңға қайшы әрекеттеріне жауап бере алмайды (кісі
өлтіруге дейін). Бас-ми жарақатымен, эпилепсиямен, алкоголизммен, нарко-
маниямен зардап шегетін адамдар аффективті реакцияларға бейім болып келеді.
Дисфориялық реакция — дисфория жағдайындағы науқас адам реакциясы.
Бұл эмоциялық пароксизм, ол тек сырттай қоршаған орта тітіркендіргіштеріне
жауапты ызалы-агрессивті реакция ретінде көрінеді, бірақ өзінің мәні жағынан
мидағы алмасу үрдістерінің тербелісінің салдары болып табылады. Қатал кею-
мен күйрететін реакция болмашы себептен, кейде онсыз да пайда болады, ол
науқастың өзіне немесе жансыз заттарға бағытталуы мүмкін. Дисф ория
жағдайындағы адамның қозуы брутальдылықпен, бірбеткейлікпен сипатталады
және оны шақырушы тітіркендіргіш ликвидациясынан кейін де тоқтамайды.
Өзінің типті түрінде эпилепсия кезінде көрініс береді.
Эмоциялыц цатынастар — эмоциялық таңдамалылық, эмоцияның белгілі
бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тұрақты байланысы. Біз өзімізді
қандай да бір заттармен қоршаймыз, тек нақты адамдармен байланыс жасаймыз,
бір нәрсеге талпынамыз және бір нәрседен қашқақтаймыз, симпатия және
антипатия сезінеміз — осының барлығы эмоциялық қатынастарымыздың белгісі
болып табылады. Эмоциялы қатынастардың күрт өзгеруі мысалы, жақын ада-
мын жоғалту дертті күйлер — невроздар және реактивті психоздарды тудыруы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: