Бірінші бөлім. Психиатрияға кіріспе
15
біртекті емес және әрқайсысының өзінің табиғаты, клиникалық ерекшеліктері,
болжамы бар.
Психикалық науқастардың сырқаттарының ерекшеліктерін ескере отырып,
олардың жағдайын ажыратып, анықтау маңызды орын алады. Осы мәселеге
көп зерттеулер арналған, олардың негізінде психикалық аурулардың әр түрлі
жіктеулері ұсынылған. Этиологиялық принцип бойынша құрылған бұл жіктеулер
барынша ғылыми негізделген деп айтуға болады. Бірақ, психикалық аурулардың
шығу тегі әлі жеткілікті аны қ емес ж әне психикалық аурулардың жүйесі
этиологиялық, клиникалық және басқа принциптерден құралады. Психикалық
аурулардың жіктелу жүйесіне психиатрия дамуының әр түрлі кезеңінде орын
алған жалпы теориялық ұстанымдар да ықпал етеді. Кеңес психиатрларының
көптеген шетелдік психиатрлардан айырмашылығы — олар психикалық ауру-
ларды соматикалық аурулар тәрізді этиологиясын, патогенезі мен клиникасын
топтай келе, жүйелендіру мүмкін деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: