Байланысты: tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural
«Ов» туралы Газет-журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің
орнына «-ов, -ва» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа
тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар» жалғыз-ақ орыс қалқында бар деп
айтуға болады, басқа Еуропа қалықтарында да жоқ. Бұларды орыстан
көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын әкеліп өз
сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «-овтарды» орысша жазғанда
қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме?
Мұнан былай жұртқа өнеге беретін газет-журналдарымыз мұны ескерсе,
қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді.
Студент Ыдырыс Оразалыұғлы.
Басқарма. Біз Ыдырыс мырзаның бұл пікірін мақұл көреміз, мұны
елеусіз тастамасқа ықтиқад етерміз. Бұл туралы айтарлық бірер сөз бар.
Біздің қазақ памилиа орнына өз әкесін атаса, «-ов, -ин, -ва, -на» орнына
«ұғлы, қызы» деп жазуда ыңғайсыздық жоқ, «Ыдырыс Оразалыұғлы»
деген секілді. Ал жұрттың көбі памилиа орнына үлкен әкесінің иә
бабасының атын жазады, мысалы, «Ғалиқан Нұр Мұқамедұғлы
Бөкейқанов» деген секілді. Мұндайда «Нұр Мұқамедұғлы» деу ыңғайлы
болса да, «Бөкейқанұғлы» деп атасының ұлы қылып жазудың реті келмесе
керек. «Ғалиқан Бөкейқан» делінсе, ретке келіңкірер еді: «Бөкей қан»
деген руын атағандай болар еді, «Атығай, Қарауыл, Айдабол, Қаракесек»
деген секілді. Қазақтың руының өзі орыстың памилиасына тура келді ғой.
Енді бір әйел атын алайық: «Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанова» дегенде,
«Құлжан» деуіміз әм «Нұрғали Құлжанов» дегенде де «Құлжан» деуіміз,
иағни әйелдің де, еркектің де памилиасын бір қалыпта атауымыздың
ыңғайсыздығы болмас па? Және де, мұндайда «ұғлы, қызы» делінбей,
әкесінің атын қалдырып, «Нұрғали Құлжан» иә «Нәзипа Құлжан» деп
жазсақ, жай екі кісі аталып тұрған секілді болады әмілгері-кейін
тұрғанынан байқалмаса, араласқанда қайсысы өз аты, қайсысы памилиасы
екендігі білінбей қалса керек.
Памилианы жоғарғы айтқандай қылып қалдырамыз ба, жоқ басқа бір
ыңғайлысын табуға бола ма, оқушылар, не айтасыздар?