2
тіршілік ете алмайды. Барлық тірі ағзалар ауадағы оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл
газын бөліп шығарады. Жасыл өсімдіктер қоректенгенде ауаға үнемі
оттегін бөліп
шығарады, көмірқышқыл газын сіңіреді. Сол оттегімен өсімдіктердің өздері де, басқа
ағзалар да тыныс алады. Жануарлардың көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенеді.
Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады.
Ауаны шаң мен
улы газдан тазартады. Ауру тудыратын майда ағзаларды жояды. Аптап ыстықты, қақаған
аязды бәсеңдетеді. Осының бәрі бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін
аса маңызды жағдайлар.
Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар
топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар
өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар
өсімдік тұқымдары мен
жемістерін таратады.
Микроағзалар өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлексесін шірітіп, топырақты
қарашірікпен байытады. Адам өміріне қажетті киімді, тағамды, дәріні, құрылыс
материалдарының көпшілігін өсімдіктер мен жануарлардан алады.
Достарыңызбен бөлісу: