4
жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж. Күдерин. Биология ғылымдарының
докторы, академик Н. В. Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді.
Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл
кітабын» В.П. Голоскоков, М.С. Байтенов жазған, А.Ы. Жандеркин, Б.М. Мусин, К.
Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х. Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А. Бекенов, В.А. Грачев, М.И.
Исмагилов, А.Ф. Ковшарь, А.А. Слудский, К. Ысқақова және басқа да ғалымдар еліміздің
жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың таралуы, биологиясы, арнайы
шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен
және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдардан С.Г. Навашин (өсімдіктің
ұрықтануын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған),
т.б. атауға болады.
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин
(1905-1983)
Зоотехник, биология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.Қазақтың
арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің
бірі.
Бағрам Мұсаұлы Мусин
(1906-1978)
Зоотехник, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген
зоотехнигі. Малдың жаңа қолтұқымы қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған.
Достарыңызбен бөлісу: