Тыңайтқыштар
Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады.
Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты
құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.
Тыңайтқыштар органикалық және минералды болып 2 топқа бөлінеді.
1. Органикалық тыңайтқыштарға қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы жатады.
Микроорганизмдер қиды әбден шіріткен соң ғана өсімдіктер оңай сіңіреді. Қиды
топыраққа күзде шашса, келесі көктемге дейін шіріп үлгереді. Өсімдіктер мен
22
жануарлардың қалдықтары шіріп, қарашірік түзеді. Қарашірік топырақтың үстіңгі
қабатында болады. Қарашірігі мол топырақта өсімдіктер жақсы өседі.
2. Минералды тыңайтқыштарға азот, фосфор, калий (күл) жатады. Тыңайтқыштарды
белгілі мерзімде, өсімдіктердің өсуі мен дамуының әр кезеңінде шашады.
СҰРАҚТАР
1. Өсімдіктерде қорек:
2. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін:
3. Минералды қоректену -
4. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін:
5. Егер өсімдікте азот жетіспесе:
6. Өсімдікке фосфор жетіспесе:
7. Калий жеткіліксіз болса:
8. Тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін:
9. Өсімдіктердің тіршілігі үшін:
10. Минералды тыңайтқыштарға:
11. Тыңайтқыштар:
II ТАРАУ. ТАМЫРДЫҢ ТҮРӨЗГЕРІСТЕРІ
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі
ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі
жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Жемтамырлар. Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында
қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан және
т. б. Жемтамырлар дағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде
пайдаланады. Жемтамырлар асханалық(қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква),
ақжелкек және техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар
шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті
тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екі жылдық өсімдіктерге жатады,
шалғамнан (редиска) басқасы. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол
жемтамырдан сабақ, гүл шығып, жеміс береді (1-сурет).
Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні,
түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің
сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ
өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп,
емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды.
Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла, арамсояу).
Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп
шығаруынан басталады. Қышқыл – жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит
өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші
өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл – паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына
бейімделгендігінің айғағы.
23
Асқана қызылшасының жемтамыры Қант қызылшасының жемтамыры
Достарыңызбен бөлісу: |