Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 1т., Алматы: Рауан, 1994 ж.
2. Ғабитов Т. Мәдени – философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Раритет, 2004 ж.
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969 ж.
4. Ақышев Қ. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы: Өнер, 1976 ж.
Резюме
В данной статье затрагиваются проблемы эстетического воспитания учащихся в свете
национально-культурных ценностей.
Summary
The problems of aesthetic education of pupils are mentioned in the light of national and cultural
values in the given article.
ӘОК 373
САПАЛЫ МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ
Е.С. Абилдаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Егемен елімізде білім беру барысында жасөспірімдердің жеке қасиетін, тұлға ретінде
қалыптасуын және оның танымдық әрекеті мен ой санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Өйткені,
жасөспірім – бұл болашақ маман. Жоғары білімді, өз ісінің шебері маман даярлау мәселесі қай кездеде
өзекті шаралардың бірі болып келеді, солай болып қала да бермек. Қай саланы алсақ та, оның
дамуына кемелді деңгейіне көтерілуіне, өскелең де өзгергіш өмірден өз орнын алуына басты себеп,
сол саладағы маман кадрлардың жеткілікті болуы. Сонымен қатар, кадрлардың өз саласындағы
шешімін күтіп тұрған өзекті мәселесі дер кезінде, керекті деңгейде көтере біліп, оны жүзеге асыруда
өзі де үлес қоса білуінде.
Республикамызда соңғы жылдары жарық көрген мемлекеттік құжаттарда болашақ қоғам
мүшесі, келешекте оның белсенді қайраткер болатын жастармен олардың білім алып, дамуымен
айналысатын мамандарды білімді де парасатты, шебер де іскер етіп даярлауға баса көңіл керектігі
атап айтылған. Осы тұрғыдан алғанда, мектепте оқушыларға тәрбие мен білім беретін маман
дайындау мәселесі қай кезде де ең өзекті істің бірі.
100
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйытқысы, мәйегі осы
мектепте құрылытандығы педагогтардың да, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді.
Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға-
мұғалім. Мұғалімнің білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы әр түрлі
іс-әрекеттер негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады. Болашақ мамандардың мектеп
оқушыларымен тіл табысып, бірден іске кірісіп кетуі оңай мәселе емес. Ондай икемділік үздіксіз
жүргізілетін, ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған педагогикалық білім мен дағдының негізінде жүзеге
асады. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарындағы педагогикалық
практиканың алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі,
осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш
сыныптарда жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып
оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттейді, болашақ маман дайындау
ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр. Білім мен
тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамытуда және бір-бірімен байланыста түсініп,
осы күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық
практика негізінде қалыптасады.
Педагогикалық практика студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз икемдігі мен талантын
анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда педагогтар алдына қойылып отырған талаптардың
басты бір саласы – мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі.
Педагогикалық практика мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын жұмыс
түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп
мұғалімдерінің іс-тәжірибесін оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға, бағалауға,
талдауға, қорытынды жасауға да төселтеді. Басқа педагогтың жұмысындағы жақсы жақтарын көре
білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы, мәдениеттілікті, білімділікті қажет етеді.
Студенттер практика кезінде өмірде байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау,
талдау, жинақтау және тағы басқа да педагогикалық жағдайларды басынан кешіреді.
Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі
ғылыми әдебиеттерде танымның концепциясын әр түрлі түсіндіруі кездеседі. Кейбір зерттеушілердің
айтуынша ғылымда ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспар жасалып, теориямен
бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң тәжірибе тексеріледі. Басқа бағытты жақтаушылардың
тұжырымдары бойынша «Тәжірибе теорияны өмірге әкеледі» яғни тәжірибеден алынғандар бұрынғы
теория мен қақтығысып, оны жоққа шығарып, жаңаларды дүниеге әкеледі.
Студент танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға деректі ғылыми білімдер
алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ жоғары оқу орнында алған білімдері мен қоршаған ортадан
әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтежиелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын
кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс-жүзінде қолдану арқылы
шеберлікке төселудің бірден-бір жолы педагогикалық практика.
Студент мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде
өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс
жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал,
педагогикалық практика болашақ педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік
факторлардың ара-қатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және
танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды.
Педагогикалық
практиканы студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын
қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес,
сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде қарастыруға болады.
Педагогикалық практика бірнеше мәселелерді шешеді: біріншіден, студенттердің оқыту-
тәрбиелеу туралы алған білімдерінің педагогикалық, психологиялық деңгейін көтереді. Екіншіден,
болашақ мұғалімнің ғылыми көзқарасының тиімді және дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, себебі,
практика теориялық білімді оқу-тәрбие мәселесіне қолдануға мүмкіндік береді, оны бағалауға
үйретеді. Үшіншіден, педагогикалық - психологиялық пәндер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге төселтеді. Практика кезінде болашақ маман өзін-өзі бағалауға мүмкіндік алып, сапалық
дәрежесін көтеруге тырысады. Педагогика, психология және жеке пәндер бойынша өткізілетін
әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалар жасап, білім берудің дидактикасы мен теориясы
бойынша алған ұғымдары тиянақтала түседі. Педагогикалық практика барысында болашақ маман тек
оқушылармен ғана қарым-қатынасқа түсіп қоймай, мектеп ұжымы, сынып жетекшісі, институт
педагогтары мен тікелей және тығыз байланыста жұмыс атқарады. Бұл оның болашақта
коммуникативті жақтарының нығая түсуіне жағдай жасайды.
101
Мұғалімдерге кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық практиканың алатын орны ерекше.
Ол болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын, олардың мектептегі оқу-тәрбие процесі
барысындағы практикалық қызметімен ұштастыру болады.
Педагогикалық практика – студенттерді ұстаздық мамандыққа дайындаудың ең күрделі бөлігі.
Сондықтан да мектепте студент – практиканттар бірінші күннен бастап мұғалімдер ұжымының мүшесі
екендігін іштей сезініп, соның жұмысына бар ынтасымен араласып кетуіне көңіл бөлу керек. Осындай
қамқорлық арқасында ғана болашақ мұғалімде педагогтік сезім, нағыз мамандық ерекшеліктері
қалыптасады..
Педагогикалық практика барысында студенттердің теориялық дәріс алу кезінде алған білімдері
нақтыланып тереңдей түседі, оқу-тәрбиелік тапсырмаларды орындау кезінде психологиялық-
педагогикалық және арнаулы білімі одан әрі тереңдетіле түседі. Студент-практиканттарға мектеп
өміріндегі негізгі педагогикалық заңдылықтарды қадағалауға жағдай туғызылып, жан-жақты оқу-
тәрбие барысында оқушының білімін тереңдету концепциясын (тұжырымдамасын) жүзеге асыруды
қадағалауға мүмкіндік туады және де оны жүзеге асыруға ат салысуға жағдай жасалады.
Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер, болашақ мамандардың өсіп-жетілуін жақсартуға
ықпал етеді, бұл тек рухани дамыған жан-жақты мамандарды әзірлеу емес, сондай-ақ ғылымның және
техниканың жаңалықтарын шеберлікпен пайдалана алатын мамандар даярлау.
Сондықтан да мектепте өткізілетін педагогикалық практика барысында бүгінгі студент – ертеңгі
ұстаздың белсенділігін арттыру, интелектуалдығын қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,
оқытудың тиімділігін арттыру, тәрбие мәселелерін шешетін әдістерді талдап керекті жолдарын табу
көңіл бөлетін маңызды мәселе болып табылады.
Педагогикалық практиканы талапқа сәйкес өткізіп, негізгі әдістемелік нұсқауларын орындау
сапалы маман дайындауға үлкен септігін тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама , Заң актілерінің жиынтығы, - Алматы;
«Юрист» 2007 ж.
2. Юсупов Б.Ю., Абилдаев Е.С., Машенбаев Т.Б., Педагогикалық практика (Оқу-әдістемелік құрал)
Алматы 2005 ж.
3. Юсупов Б.Ю., Мұғалімге тән педагогикалық қасиеттер Алматы., 2000 ж.
Резюме
В
статье
рассматривается
значимость
педагогической
практики
при
подготовки
педагогических кадров.
Summary
In this article ane considerea the importante of the pedagogical praktike at the preparation of the
pedagogic specialists.
ӘОК 373
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ОРНЫ
Қ.Сыздықов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ізденушісі
Қай заманда болмасын қоғамның өзегі-ұрпақ тәрбиесі қашанда бірінші кезекке қойылады.
Халық болашақ толқындарды өзіне дейінгі қоғамда сұрыпталған тәрбиелік мәні зор халықтық
педагогиканы жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді
мақсат еткен. Осылайша қоғамда бірде-бір ұлт ата-баба тағылымын, тәрбиелік тәжірибесін үлгі етпей
ғұмыр кешкен емес.
М.Жұмабаевтың: “Тәрбиеден мақсұт-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес,
келешек өз заманына лайық қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы- ұлт тәрбиесі... Өз
ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады”[1;8] -деген жан тебіренісі,
ұлттық тәлім-тәрбие мектебінің мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндетіне
айналып отырғанын көрсетеді.
Келешекте қазақ елінің аманатын арқалайтын жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу тәрбиенің ең
басты міндеттерінің бірі. Осы мақсаттағы күш-жігер алдымен бүлдіршіндердің санасына отаншылдық
сезім қалыптастыруға бағытталуы керек. Отан деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі,
мәпелеп өсірген ата-анасы, ағайын-туыстары, туған жері, кең байтақ даласы, тау-тасы, сылдырап
102
аққан өзен-көлі, кәусар бұлағы баланың санасында құдіретті әрі қасиетті алтын бесігі ретінде орнығуы
тиіс. Отан, ана, тіл, достық, ынтымақ- отансүйгіштіктің асыл көрінісі.
Қазақ халқының тереңнен тамыр тартқан, сан ғасырлық болмысының, дүниетану
көзқарасының, ақыл-парасатының жемісі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сөз мәйегі мақал-
мәтелдер адам бойына қуат беретін- жол көрсетер дара да сара жол. Осы кәусар бұлақтарымызды
бүлдіршіндердің бойына дарытып, келер ұрпақты патриоттық-отансүйгіштік сапалы тәлім тәрбие
беріп, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және ұлы мақсат жолында бар күш-жігері мен
ақыл-қайратын жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриот тұлғаларды тәрбиелеп өсіру
жолында мәдени мұраларымызға, ұлттық құндылықтарымызға ерекше назар аударуымыз керек.
Міне осындай терең мазмұнға, озық идеяға толы мақал-мәтелдеріміз, ел халқын отаншылдық
рухында тәрбиелеуге орасан зор ықпалын тигізіп келеді. Осы кәусар сөздер жоңғар
шапқыншылығында, кейінгі азамат соғысының аласапыран асуларында, қаһарлы отты сұрапыл
майданда да халқымыздың жан азығы, рухани серігі болды. Қиын-қыстау кезеңдерде
батырларымызды ерлікке, елдікке, табандылыққа, қайсарлыққа жігерлендіріп, жақсылыққа
тәрбиеледі. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылығымыз фольклор жанрлары
арқылы жеткіншектерімізді отаншылдық сезімде тәрбиелеуде соның ішінде мақал-мәтелдердің қазіргі
жастардың бойына ұлтжандылық және елжандылық белсенділігін арттыруға, олардың Отансүйгіштік
қабілеттерін қалыптастыруға молынан демеу болары хақ. Яғни ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиет
табылса еліміздің алға жаңа қадам басуына тірек болмақ.
Көптеген ағартушылар, кемеңгер педагогтар әрқашан да халық мақсаты мен қажетін жоғары
бағалап, тәрбиенің үлгілерін әр халықтың бай тәжірибесіне негізделген ауыз әдебиетінен қарастыру
қажет екеніне тоқталған. Жастарды ауыз әдебиеті асылдарын пайдалана отырып тәрбиелеуге ден
қояды.
Тәрбиенiң адамзаттың аса құнды игiлiктерiнiң бiрi деп санап, оның табиғи құбылысының себеп-
салдарын ғылыми тұрғыда айқындауды мақсат еткен Я.А.Коменский болды. Коменскийдiң ойынша
ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары –
бабалар ұлағатын негіз еткенде ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн
қажеттiлiгi арта түседi деп санаған. Коменский өзінің тәлім-тәрбие жөніндегі күрделі ой-толғамдар
жиынтығын айтпас бұрын, көтеріп отырған мәселенің түп-төркінін іс-жүзінде көз жеткізу үшін негізгі
тәлімдік ойларын қарапайым тәсілдер арқылы тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуді мақсат еткен [2;
234-284]. Осындай пікірді ұстанған Ж.Ж.Руссо да тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған. Ол
жөнiнде Руссоның: “ ...әр бала әкесінің діни салты негізінде тәрбиеленуі керек... ” ,- деген тұжырымы
арқылы отбасы дәстүрiнiң ұлттық тәрбиеге қаншалықты жақын және қаншалықты қажет екенiн
түсiнемiз. [2;294].
Профессор Төлеген Тәжiбаев: “ ..Қазақтың мәдени өмiрiнде фольклор, музыка, қол өнерi және
халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты рөл атқарған. Халықтың сан ғасырлық тәжiрибесiн, ойы мен
мұң-мұқтажын бiлдiретiн мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп
жинақталған..”,–деп, халық педагогикасының негiздерiн терең зерттеу барысында мақал-мәтелдердiң
жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудегi маңыздылығына жете тоқталып өтедi. [3;144].
Қазақ тіл білімінің дамуына қомақты үлес қосқан ғалым А.Байтұрсынов өз еңбектерінде
мақал-мәтелдердің мәнін, оның тәлім-тәрбиелік астарларын қарастырып, «
Малым жанымның
садағасы, жаным арымның садағасы» деген мақал адамның ең жоғарғы рухани байлығы ар екенін
нақтылайды, «
Көппен көрген ұлы той» деп жастарды тәубашылыққа, бірлікке, көпшілікке үндесе,
«
Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмадық» деп айту мылжыңдық, бос және көп
сөйлеу сияқгы қасиеттерден қашуға, үйір болмауға шақырады деп мақал-мәтелдердің тағылым
берелік тұстарын көрсетеді. [4; 249].
Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, халықтың
өмірден жасаған қорытындысы. Барлық халықтардың мақал-мәтелдерінің көлемі шағын, мазмұны бай,
тілі көркем.
Сөз маржаны тілдің ажарын кіргізіп, құдіретін арттыра түседі, көңілдегі көрікті ойды образдар
арқылы бейнелеп, мәнерлеп жеткізетін көркем сөз. Халық даналығы өмірдің сан алуан саласын
қамтиды. Ондағы ең үлкен тақырып адам, оның қоршаған ортасы, туған-туысқаны, өмірге көзқарасы,
шаруашылығы т.б. тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдер барлық халық тілінде көптеп кездеседі.
Қазақ мақал-мәтелдері туралы деректер өз бастауын V-VIII ғасырлардан сақталған Орхон-
Енисей, Талас түркі жазба ескерткіштерінен алады. Орхон жазуында (Күлтегеннен) «
Жырақ болса
жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сышіық берер»; «Басты еңкейткен, тізені бүктірген» деген,
ал Тоныкөктен «
Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай»; «Өлімнен ұят күшті» т.б. мақал-мәтелдер
кездеседі [5; 18]. VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт бабамыздан қалған "Китаби Коркут" атты еңбек
тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл түркі халықгарына ортақ қазына. "Китаби Коркутты" алғаш
зерттеген Б.Бартрольд өзінің қолжазбасын "Аталар сөзі" деп атап, онда бірнеше мың мақал-
103
мәтелдердің бар екенін сипаттап жазып, одан 400 мақалды неміс тіліне аударып бастырды. «
Көрші
ақысы құдай ақысы»; «Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса»; «Тәкаппарлықты тәңір
сүймес»; «Ананың хақы - қүдайдың хақы» т.б. Қорқыт бабамыздың артында қалдырған кейінгі
ұрпаққа өсиет-өнеге, тәлім-тәрбие берер көптеген сөздері қазірге дейін қолданылып жүр [5;21].
Бүкіл түрік халықтарының ортақ қазынасы саналатын "Диуани луғат ат-түрік" атты Махмуд
Қашқаридың еңбегінде 300-ге жуық мақал-мәтелдер кездеседі. Бұл кітапқа енген 60 мақал қазіргі
қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді. «
Көсеу ұзын болса қол күймес» мақалы - қолғабыс
жасайтын бала-шағасы көп жан рахат өмір сүреді деген мағында қолданылатынын, «
Қырдағы
қырғауылды аулаймын деп, үйдегі тауығыңды ұмытпа» мақалы жоқ нәрсені іздеп қолыңдағы
барыңнан айырылып қалма деген ойды насихаттайтынын айта келіп, осындай бірнеше мақал-
мәтелдердің мағынасына, шығу тарихына, қолдану аясына түсініктеме береді [6;54]. Махмуд
Қашқаридың сөздігінен осы күні тілімізде қолданылып жүрген «
Ұлық болсаң кішік бол»; «Аш не
жемес, тоқ не демес»; «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында»; «Бес саусақ бірдей емес»; «Тесік
моншақ жерде қалмас» т.б. көптеген мақалдарды оқимыз. Бұл еңбектегі мақал-мәтелдердің
мағынасында түркі халықтарының тілі, тағлым-тәрбиесі, салт-дәстүрі, наным-сенімдері т.б. жайлы мол
мағлұмат берумен қатар, "көненің көзі" болып саналатын мақал-мәтелдер түркі халықтары
даналығының өзара ұқсас, байланысты екендігін көрсетеді.
Мақал-мәтелдер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін халық мұрасы. Бұл шағын
шығарма адамды жақсылық істеуге, бірлікке, еңбекқорлыққа, туған жерді, туған елді сүюге т.б.
шақырады, жаманшылықтан, жалқаулықтан, қорқақтықтан, алауыздықтан қашық болуды үйретеді.
XIX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ мақал-мәтелдерін жинақгап, жүйелеп
жариялап келген әдебиетші ғалым Өтебай Тұрманжанов мақал-мәтелдер жайлы: "Мақал мен
мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі; ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап
келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл-арманының арнасы, өмір
тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын
өмірлік өшпес мұрасы" [7;3]- деген пікір білдіреді.
Зерттеуші Б.Адамбаев: Фольклордың басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер – халық оқулығы,
өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан сақтандырады. Ең алдымен қарпайымдылыққа,
қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа шақырады, еңбекке, ерлікке дәріптейді. Адалдықты, адамгершілікті
мақтап, насихаттай отырып, оған қарама-қарсы арамдық, сатқындық, өтірік-өсек, жалқаулық, ұрлық,
екі жүзділік секілді жағымсыз мінез-құлықтыр сыналады [8; 12-13 б.] – деп тұжырымдайды.
Халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген-білгендері бейнеленген сөз өнері,
тырнақтап жиып шаң жуытпай сақтап атадан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл
қазынасының бірі мақал мен мәтел өзін жасаушы халықпен бірге жасайды. Олар жай сөз емес, ол сөз
атасы, сөз көркі, тоқсан ауыз сөздің тобықгай түйіні, қысқа болса да нұсқа сөз.
Мақал-мәтелдер қай тілде болмасын тіл байлығының ең құнарлы тармағына жатады, көркем
сөз қорының мәйегі болып табылады. Мақал-мәтелдер жекелеген өмір құбылысына нақты баға
беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықгың тарихынан,
өмірінен, мәдениетінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық даналығы, халық мұрасы.
Халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр
халықтың мақал-мәтелдерінде көрініс табады. Сондықтан да, олардың құрылым- жүйесінің,
мағынасының, бейнелігінің, яғни этнолингвистикалық сипатының әр тілде өзіндік ерекшеліктері
болатындығы белгілі.
Резюме
В этой статье рассматривается роль которую играют пословицы и поговорки в формировании
и укреплении чувства патриотизма у подрастающего поколения. Aвтор пытается провести анализ,
обращаясь, с одной стороны к народной мудрости, а с другой, к этико-эстетической мысли казахского
народа. Пословицы олицетворяют собой народную мудрость и на протяжении веков употребляются
как в устной, так и в письменной литературе, а также в искусстве и популярной культуре всех
народов.
Summary
The author touches upon the topic “instilling and creating a sense of young generation’s patriotism
by the means of proverbs” trying to make an analysis appealing to the wisdom of Kazakh nation on the one
hand and ethical-aesthetic thought on the other hand. Proverbs offer a concise record of folk wisdom and
have appeared in oral tradition, literature, art, and popular culture for centuries.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы:Ана-тілі, 1992.
104
2. Педагогическое наследие: Я.О.Коменский, Д.Локк, Ж-Ж.Руссо, И.Г. Песталоцци., сост.В.М.Кларин,
А.Н.Джуринский,М:Педагогика, 1987,с. 411
3. Тажибаев Т.,- Вопросы казахских детей в аулах и школы Казахстана // В кн. Очерки истории школы
и педагогических мысли народов СССР, ХҮIII в.первая половина ХIХ века, М:Педагогика,1973,с.365
4. Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. -249 б
5. Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. -270 б
6. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. –Алматы: Ана тілі, 1993. -192 б
7. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы: Ана тілі, 1997. -181 б
8. Адамбаев Б. Халық қазынасы. Алматы, Мектеп, 1976. -160 б
Достарыңызбен бөлісу: |