№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата17.01.2017
өлшемі14,19 Mb.
#2082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер:  
1. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (АОММ) 597- қ., 1-т., 8- іс, 14- п. 
2. АОММ 597 - қ., 1- т., 211- іс, 95 - п. 
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты (ҚР ПМ) 708-қ., 16/1-т., 633-іс, 84-85- п.п. 
4. ҚР ПМ 708-қ., 16/1-т., 645-іс, 107-п. 
5 Баспасөз – партиямыздың өткір құралы // Сталин туы. – 1953. – 31 қаңтар. 
6. Ізімов М. Көктем егісіне үлгілі әзірлікпен барайық. // Сталин туы. – 1953. – 31 қаңтар. 
7. Жаңа газеттер. // Социалистік құрылыс. – 1953. – 27 ақпан. 
 
Резюме 
В  данной  статье  повествуется история  газеты  Кызылкогинского  района.  Газета  «Сталин  туы» 
внесла большой вклад в экономико-социальное и культурное развитие района. В статье речь идет об 
организаторской работе первого редактора А. Жангазиева. 
 
Summary  
In  given  article  the  history  of  the  newspaper  of  Kyzylkoginsky  area  is  narrated.  The  newspaper 
“Stalin tuy” has brought the big contribution to economic- social and cultural development of area. In article 
speech is of organizing work of first editor A. Zhangazieva. 
 
 
ӘОК 316.75 
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ 
 
С.Құсниденов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.к. 
  
Саяси  сананың  құрамдас  бөлігі  және  өзегі  –  саяси идеология.  «Идеология»  деген  ұғым  гректің 
идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізген 
француз ғалымы Дестют де Гресси болды. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай болғандығы және 
әрекет ететіндігі туралы ғылым деп түсіндірді. 
Идеология  терминін  алғашқы  қолданған  Гресси  болғанмен,  оның  теориясын  жасаушылар 
К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың пікірінше идеология қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінен, 
әр түрлі таптық, топтық мүдделерді қорғау үшін пайда болған, яғни оның таптық сипаты бар. 
Саясаттың  да,  идеологияның  да  негізінде  белгілі  бір  мүдде  жатады.  Ал  таптық,  топтық, 
партиялық  тағы  басқа  мүдделерді  іске  асыру  үшін  билікке  қол  жеткізу  керек.  Биліксіз  мүдде  іске 
аспайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда көптеген ғалымдар идеологияны белгілі бір адамдар тобының 
өз  идеяларына  қоғамдық  пікірді  бағындыратындай  билік  жүйесін  қалыптастыратын  белгілі  доктрина 
деп анықтайды [1]. 
Қандай  идеология  болмасын  саясатпен  тығыз  байланысты  және  саяси  сипаты  болады.  Саяси 
идеологияға  белгілі  бір  адамдар  тобының  қоғам  құрылысы  және  дамуы,  ондағы  қатынастарды 
орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. 
Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді 
және  оны  сақтауға  немесе  өзгертуге  іс-әрекетті  бағыттайды.  Саяси  идеологияның  негізгі  мақсаты: 
қоғамдық  сананы  меңгеруі;  оған  өзінің  құндылық  бағалауын  енгізу,  саяси  дамудың  мақсаттарын, 
идеалдарын дамыту; солардың негізінде азаматтардың тәртібін реттеу тағы басқа. 
Саяси  идеологияда  оның  үш  дәрежесі  көрсетіледі:  теориялық-концептуалдық,  бағдарламалық-
директивтік,  тәртіптік  [2].  Теориялық-концептуалдық  дәрежесінде  идеологияны  негіздейтін 
идеялардың, 
құндылықтардың 
жалпы 
теориясы 
қалыптасады. 
Бағдарламалық-директивтік 
дәрежесінде  сол  идеялар,  құндылықтар,  принциптер  күресуші  таптардың,  топтардың,  партиялардың 
бағдарламаларына,  ұрандарына,  яғни  саяси  күрестің  стратегиясы  мен  тактикасына  айналады. 
Тәртіптік дәрежесінде сол идеологиялық бағдар, ұрандар таптар мен топтардың, партиялардың белгілі 
бір саяси тәртібінің типіне айналады. 
Қоғам өмірінде идеология маңызды рол атқарады. Оның негізгі атқаратын қызметі (функциясы) 
төмендегідей: 
1.  Идеологиялық қызметі. Ол саяси өмірді, саяси жүйені суреттеп түсіндіреді. 

 
16
2.  Бағдарламалық  қызметі.  Ол  қоғам,  әлеуметтік  прогресс,  тұлға  және  билік  тағы  басқа 
негізгі  түсініктер  туралы  мағлұматтар  беріп,  адамның  іс-әрекетіне  бағыт-бағдар 
көрсетеді. 
3.  Жұмылдыру,  іске  тарту  қызметі.  Қоғамның  жоғары,  құнды  идеяларын  алға  тартып, 
мақсат-мүдделерді  айқындап,  саяси  іс-әрекетке  түрткі  болып,  соларды  іске  асыруға 
қоғамдық күштерді жұмылдырады, рухтандырады. 
4.  Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік 
шиеленістерді  бәсеңдетеді.  Ұсынылған  мұраттар  орындалмаса,  күш  жинап  қайта 
серпілуге шақырады. 
5.  Бағалау  қызметі.  Идеология  халық  санасына,  қоғамның  қазіргі  және  болашақтағы 
дамуына  өлшемдік  баға  берерлік  жағдай  жасайды,  үстемдік  етіп  отырған  қоғамдық 
тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады [3].  
Бір  сөзбен  айтқанда  саяси  идеология  саяси  субъектілердің  іс-әрекетіне  белсенділік, 
мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді. 
Саяси  идеологиялық  күрестің  нақтылы  мақсаттарын,  оларды  жүзеге  асырудың  құралдары  мен 
жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы таптар, топтар өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие 
болады. Идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Ол адамдардың іс-әрекетіне мән-мағына 
беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлт үшін, халқы үшін, туған жері үшін адамдар ерен 
ерлікке барып, өз-өзін сол жолда құрбан етуге дейін барады. 
Жүйеленген 
түрінде 
саяси  идеология  партия 
бағдарламаларында, 
декларацияларда, 
манифестерде,  жарғыларда,  насихаттық  құжаттарда  қалыптасады  және  солар  арқылы  халықтың 
санасына  сіңіріледі.  Сондықтан  К.Маркс  идеялар  халық  санасына  сіңгенде  ғана  материалдық  күшке 
айналады  деп  тегін  айтпаған.  Ол  бос  жерде  пайда  болмайды.  Кез-келген  жаңа  идея  пісіп-жетілген 
тарихи міндеттерді ғана қояды. Оған жағдай болмаған кезде, жаңа идеялардың тууы да мүмкін емес. 
Саяси  идеология  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  тығыз  байланысты  .  БАҚ  азаматтар  мен 
билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар береді, таратады, оларға баға береді. 
Солардың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени дамуы туралы, үкіметтің, 
парламенттің,  партиялардың,  қоғамдық  бірлестіктердің  жұмыстары  туралы  оқырмандардың, 
тыңдаушылардың пікірлері, көзқарастары қалыптасады. 
Қазіргі  заманда  саяси  идеологияның  көптеген  түрлері  бар.  Олардың  негізгілеріне  либералдық, 
консервативтік,  коммунистік,  социал-демократиялық, 
фашистік  идеологиялар  жатады.  Бұл 
идеологиялық бағыттардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі олар белгілі бір таптың, 
топтың, ұлттың, партияның мүдделерін көздеп пайда болған идеологиялық доктрииналар. Сондықтан 
олар сол мүдделерді іске асыруға қызмет жасайды.  
XXғасырдың  орта  кезінде  американдық  ғалым  Д.Белл  «Идеологияның  ақыры»  деген  еңбегінде 
ғылыми-техникалық  прогресс  заманында  оның  дәуірі  өтті,  қоғамды  «Идеологиясыздандыру» 
(деидеологизация)  керек  деген  еді.  Ал  екінші  бір  американ  әлеуметтанушы  У.Ростоу  қоғамды 
дамытушы  негізгі  қорғаушы  күш  идеология  дегенді  айтты,  яғни  «қайтадан  идеологиялану» 
(реидеологизация) теориясын ұсынды. 
Осыдан келіп жалпы қоғамға идеология керек пе? Қоғам идеологиясыз өмір сүре ала ма? деген 
сұрақ  туады.  Адамдардың  идеологияға  көзқарасы  үнемі  бірқалыпты  болмайды.  Ол  үнемі  өзгеріп 
отырады. Оның дәлелі ретінде КСРО-дағы идеологиялық көзқарасты айтуға болады. Одақ тарағаннан 
кейін халықтың үмітін ақтамаған коммунистік идеологияға теріс көзқарас, олардың жалпы идеологияға 
деген  сенімін  жойды.  Бірақ  қоғамда  идеологиялық  вакуум  болмау  керек.  Жайылған  коммунистік 
идеологияның  орнына  әр  түрлі  либералдық,  шовинистік,  ұлтшылдық,  діни  идеялар  кеңінен  тарай 
бастады.  Оның  себебі  адам  үнемі  өздері  сенетіндей,  оларды  ілгері  жетелейтіндей  құндылықтарды, 
идеяларды  қажет  етеді.  Олай  болса  коммунистік  идеология  жойылғаннан  кейін  тәуелсіз  Қазақстанға 
жаңа идеология керек болды. Жаңа идеологияның керектігі шындық, оған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ ол 
қандай идеология болу керек, ол мемлекеттік пе, ұлттық па? Ұлттық идеология мен ұлттық идеяның 
қандай  айырмашылығы  бар?  деген  мәселенің  төңірегінде  қазақстан  ғалымдарының  арасында 
тәуелсіздік  алғаннан  бері  айтыс  жүріп  жатыр.  Бірақ  бір  тұжырымға  келген  жоқ.  БАҚ  беттерінде 
жарияланған  пікірлерге  қарасаң,  көзқарастар  бір-бірінен  алшақ,  кей  жағдайда  қарама-қайшы. 
Мысалы,  кейбіреулер  идеологияның  негізі  Абайдың  еңбекке,  білімге,  ғылымға,  адамгершілікке, 
әділеттілікке  шақырған  қағидалары  болу  керек  десе,  екіншілері  –  Қазақстандық  отан  сүйгіштік, 
үшіншілері – плюралистік, төртіншілері – тіл, бесіншілері – ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық тағы 
басқа  дегендерді  айтады.  Біздің  ойымызша  Елбасының  көпұлтты  Қазақстанда  идеялық  топтасу  мен 
жалпыұлттық  мүдделерді  жүзеге  асырудың  бір  ғана  жолы  бар,  ол:  «Қазақ  ұлтының  біріктіруші  ролі 
жағдайында  барлық  халықтардың  теңдігін  қамтамасыз  ету...  осыған  байланысты  біз  үшін  өзекті 
идеологиялық міндет  –  ұлтаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  болып  табылады»,  [4]  –  деген  қағидасы 
қазіргі Қазақстанның идеологиясының негізі болуы керек. 

 
17
Әдебиеттер: 
1.  Пугачев В.П., Соловьева А.И. Введение в политологию. М., 1995, с.223-224. 
2.  Радугин А.А. Политологиия. М., Изд.Центр.2001, с.271. 
3.  Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы, «Жеті жарға». 2003, 156 б. 
4.  Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996, 166 б. 
 
 
Резюме 
В  статье  раскрываются  понятие,  сущность,  функции  и  виды  политической  идеологии.  В  ней 
также показаны различные взгляды на современное состояние этой тематики в Республике Казахстан.  
 
Summary 
In  the  article  of  S.Kusnidenov  are  opening  up  the  idea,  essence,  function  and  types  of  political 
ideology. There are also different views of the modern condition of such issue in Republic of Kazakhstan. 
 
 
ӘОК 94(574) 
 
Н.БИЧУРИН ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР ТАРИХЫ 
 
Ж.К. Жұмабаева, т.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті 
 
Ресейдегі  қытайтану  ғылымының  негізін  қалаған,Қытай,  Орталық  ,  Орта  Азия,  Оңтүстік  Сібір 
және  Қиыр  Шығыс  халықтары  тарихы  ,  географиясы  мен  мәдениетінен  іргелі  еңбектер  қалдырған 
Никита  Яковлевич  Бичуриннің  (монах  Иакинф)  шығармашылық  қызметі  түркі  халықтарының  және 
ежелгі тарихын, қазақ халқының этногенезін зерттеуде тарихнамалық құнды дерек боп табылады.  
 
Н.Я.Бичурин  Ресейдегі  Шығыстану  ғылымының  қалыптасуы  мен  дамуына  сүбелі  үлес  қосқан 
ғалым.  Ол  ХІХ-ғасырдың  І-жартысында  Ресейдің  Орта  Азияға  бағытталған  отарлық  саясатының 
қажеттілігі  тудырған  шығыстану  ғылымының  іргетасын  қаласқан  алғашқы  ғалымдарының  бірі  болды. 
Зерттеуші Л. И. Думанның сөзімен айтсақ, Бичуриннің Қытайдың және Орталық Азияның тарихшысы 
ретінде өзінен бұрынғы және замандастары арасында шоқтығы биік тұрды. Ол орыс, тіпті европалық 
ғылымда алғашқылардың бірі боп, қытай мәдениетінің өзіндік ерекшелігі мен даралығы туралы мәселе 
көтеріп, Европада  сол  кезеңде танымал  болған «Қытайдың  египет  немесе  вавилондық негізде пайда 
болуы»  туралы  теорияның  жалғандығын  дәлелдеп,  қытай  мәдениетінің  өз  жерінде  қалыптасқанын 
тұжырымдады.  Н.Я.Бичурин  «қытай  аңыздарындағы  оқиғалардан  ежелгі  библиялық  сарындарды» 
іздеген  католик  миссионерлерін  де  сынға  алды.  Оның  еңбектерінің  маңызы  күні  бүгінге  дейін  мәнін 
жойған жоқ, оны ХІХ ғасырдағы Қытай тарихын оқытуда пайдалануға болады. Қазіргі кезде маңызды, 
бағалы  еңбектердің  бірі-  "Всеобщее  зерцало,  помогающее  управлению"деп  аталатын  Қытайдың 
көптомдық  жинақ  тарихы  -Цзы-чжи-тун-тзянь-ган-му  болып  табылады.  Бұл  аударма  қазіргі 
зерттеушілерге  Қытайдың  ежелгі  және  ортағасырлық  тарихынан  үлкен  көмек  болады.  Бұл  еңбектің 
дүниежүзінде тек манчъжур тілінен французшаға аударылған нұсқасы ғана бар.  
 
Бичуриннің  ағартушылық  қызметі  сол  кезеңде  Европада  таратылған  Қытай  туралы  теріс 
көзқарастармен  пікірталаста  өтті.  Ғалым  Қытай  туралы  батыстық  қате  бағытқа  қарсы  шығып,  оны 
тоқырау  мен  ұлтшылдықтың  символы  ретінде  қарастыруға  қарсы  болып,  батысевропалық 
қоғамдық  ойдың  евроцентристік  стандарттарын  Шығыс  мәдениетіне  қолдануға  қарсы 
болды.  Сондықтан  Бичуриннің  Шығысты  дәріптеуі  орыс  монархистерімен  қатар,  демократиялық-
либералдық  ойшылдары  ғана  емес,  тіпті  революционер-демократ  Белинский  тарапынан  да  сынға 
ұшырады. Ғалым Ресей мен Қытайдың өткені мен болашағы туралы көрегендік мына пікірі ХХ-ХХІ-ғғ. 
орыс-қытай  қатынастары  дәлелдеп  берді:  «Өткен  оқиғаларды  ойша  қорытсам,  ұлы  халықтардың 
бауырластық келісімін ешкім жоя алмайды».  
Оның  іргелі  еңбектері  1828-1834жж.  жазылды:  "Описание  Тибета"  (1826),  "Записки  о 
Монголии" (1827), "Описание Чжунгарии" (1828), "Описание Пекина" (1828), "История первых четырех 
ханов из дома Чингисова" (1829), "Троесловие" (Саньцзянцзин") (1829), "История Тибета и Хухунора 
(с  2282  года  до  нашей  эры по  1227  год  нашей  эры)"  (1830),  "Историческое  обозрение  ойратов, или 
калмыков, с XV столетия до настоящего времени" (1834)" . 
Бичуринннің  ғылымға  сіңірген  еңбегі  көзі  тірісінде  мойындалды.  1828  жылы  ол  Ресей  Ғылым 
Академиясының(РАН)  мүше-корреспонденті  боп  сайланды.  1831–жылы  Париждің  Азия  қоғамына 
мүшелікке  алынды.  1834,  1839,  1843,  1849  жж.  4  рет  Ресейде  ғылым  саласындағы  Демидов 
сыйлығымен  марапатталды.  ХХ  ғасырдың  көрнекті  шығыстанушы,  тарихшылары  А.Н.Бернштам, 
П.Е.Скачков, Л.Н.Гумилев, В.Д. Дмитриев, П.В.Денисовтар Бичуриннің ресейлік синология ғылымының 

 
18
негізін  салғанын  және  Ресей,  Орталық  Азия  мен  Қытайдың  көптеген  халықтарының  тарихын,тілін 
зерттеуге қосқан үлесін атап көрсетті [1].  
 
Ресей өкіметі Н.Бичуриннің баға жетпес еңбектерінен қажетін алса да, оның түркі халықтары, 
жалпы  азия  халықтары  туралы  евроцентристік  көзқарасқа  соққы  берген  ғылыми  жаңалықтарына 
немқұрайлықпен  қарады,  өйткені  ғалымның  тұжырымдары  синология  ғылымы  шеңберінен  шығып 
кетіп, еңбектері ХІХ-ғасырдағы қоғамдық ойға қозғау салды.  
Иакинф  Шығыс  халықтарының  тарихы,  әдет-ғұрпы  «көзі  ашық»  ұлттар  тарихы  сияқты  назар 
аударуға  лайықты  екендігін  дәлелдеді.  Сонысымен  отарлаудың  заңдылығын  дәлелдегісі  келетін 
евроценртистік  және  ұлыорыстық  идеологияға  соққы  берді.  Ол  қытай  деректерінен  түркі 
халықтарының  тарихы  туралы  ерекше  құнды  мәліметтерді  жинақтап,  "Собрание  сведений  о 
народах,  обитавших  в  Средней  Азии  в  древние  времена"  атты  еңбегін  жариялады  [2]. 
Н.Я.Бичуриннің 
аудармалары 
нәтижесінде 
тарих 
ғылымы 
Орта 
Азия 
халықтарының 
этногенезі,этникалық  және  саяси  тарихының,  тарихи  географиясының  күрделі  проблемаларын 
зерттеуге мүмкіндік алды.  
  
Орталық  және  Орта  Азия,  Оңтүстік  Сібір  халықтарының  ортағасырлық  тарихын  зерттеуші 
бірде-бір  ғалым  Н.Я.Бичуриннің  тарихи-этнографиялық  еңбектерінен  айналып  кете  алмайды.  Оның 
еңбектеріне  орыс  және  шетелдік  шығыстанушылар  үлкен  сеніммен  қарады.  Оның  отандық 
шығыстану  ғылымына  қосқан  үлесін  көрсете  келіп,  орыс  қытайтанушысы  В.П.Васильев  :  «Марқұм 
біздің  синологтың  сіңірген  қызметі  мен  ұланғайыр  еңбектерін  сыйлаймыз,  өз  тарапымыздан  оның 
жарияланған еңбектеріндегі кемшіліктерін көрсетуге жүрегіміз дуаламайды» деген. Ғалымның бай ғылыми 
мұрасы  жөнінде  белгілі  орыс  шығыстанушылары  В.В.Григорьев,  О.МКовалевский,  А.К.Казембек  және 
басқалардың құнды пікірлері бар. 
  
Н.Я.Бичурин зерттеуші Шмидтпен ХІІІ – ғасырдағы жазуларды оқуға байланысты пікірталаста 
европалық  зерттеушілерге  табынушылар  туралы  былай  деді:  "деректерді  сол  өз  тілінде  оқып, 
талдамасаң, мәселеге өзіндік қөзқарас болмайды. Бізде өзгенің дайын пікірін басшылыққа алу, өзіне-
өзі  сенбеу,  қайдағы  бір  европалық  беделдіге,  шетелдік  жазушыға  сүйенуге  дайын  тұру  бар,  ал  сол 
шетелдіктің  ол  мәселе  жөнінде  түсінігі  жоқ.  Бичурин  Европа  ғалымдарының  еңбектерінің  Қытай 
жазбаларына қарама – қайшы келетінін, өйткені « европалықтар өз мемлекетінің , ұлтының мүддесіне 
сай  өзге  халықтардың  тарихын  өзгертетінін  жазған.  Ол  орыс  ғалымдарының  ішінде  бірінші  боп, 
евроцентристік  методологиялық  концепцияны  анықтап,  европалықтар  өз  тарихының  бастауы  еткен 
ежелгі грек тарихнамасының объективтілігіне, шыншылдығына күмәнданған" [3]. 
  
Н.Я.Бичурин  еңбектерінің,  өзі  айтқандай,  нақтылығы,  құжаттық  негізі  бар.  Ол  беделділерге 
сүйенбейді, сондықтан оның зерттеулері ғылыми пікірталас емес, өзіндік түпдеректер ролін атқарады. 
Ол қытайлық кітаптардың аудармасына, өзі сипаттаған халықтық дәстүрлер мен тұрмыс көріністеріне 
сүйенеді. Бұл жағынан Иакинф еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған тарихи және мәдени 
құндылық. 
  
Оның  Орта  Азия  мен  Алтайдың  көптеген  халықтарының  пайда  болуы  мен  дамуын  зерттеуде 
сол  кездегі  методологиялық  евроцентристік  принциптерге  қарамастан  Н.Я.Бичурин  шынайы 
ғылымилықтан  аттап  кете  алмады,  көзімен  көрген,  қытай  хроникасы  іспетті  деректерде  жазылғанды 
сол  күйінде  жеткізуге  тырысты.  Бұл  тұрғыдан  Н.Бичуриннің  объективтілік  принциптерін  жете 
меңгерген кемел тарихшы екендігін көруге болады.  
  
Қазіргі  кезде  Ресейдің  түркі  тілдес  халықтарының  ұлттық  санасы  оянып,  олардың  тарихы 
қазақ, өзбек, қырғыз, әзербайжан,түркмен сияқты түркі халықтарының тарихымен тығыз байланыста , 
кешендік  бағытта  қарастырыла  бастады.  Бұл  жағынан  Н.Я.  Бичуриннің  еңбектері  мен  көзқарастары 
түркі  халықтарының  да  этногенезі  үшін  ерекше  маңызды.  Бұл  еңбек  әлі  толық  бағаланған  жоқ.  Ол 
туралы  зерттеуші  Л.И.  Думан  "...бұл  еңбек  Орта  және  Орталық  Азияның,  Маньчжурия,  Шығыс 
Түркістанның, Оңтүстік Сібір мен Орта Шығыстың халықтары жөнінде өзінің көлемі мен аудармасының 
дәлдігі, қытай текстілерінің толықтығымен әлемдік синологиядағы теңдесі жоқ еңбек боп қала береді. 
Барлық  елдер  ғалымдары  бұл  тамаша  еңбекті  пайдаланып  келді  және  пайдалана  береді"-деді  .  Бұл 
атаулы  еңбектен  басқа  И.  Бичуриннің  Орта  Азия  туралы,  «Историческое  обозрение  ойратов  или 
калмыков" (Санкт-Петербург, 1834 год)деген еңбегі бар. Н.Я.Бичуриннің татар және түркі халықтары 
тарихына қатысты қытай деректері 1950-1960жж. Жарияланды [4]. 
  
Алайда Бичуриннің еңбектерінің маңызы кеңестік кезеңде де аз зерттелді, Ғалым еңбектерінде 
кеңес  өкіметіне  қатысты  ешқандай  идеологиялық  мәселелер  болмағанына  қарамастан,  оның 
еңбектеріне  оң  көзқарас  болмады.  Ғалымның  әлемдік  деңгейдегі  синолог  екендігі  ғана  мойындалып, 
шығармашылығы  жүйелі  түрде  зерттелген  жоқ.  Оның  ғылыми  өмірбаяны  туралы  мәліметтер  толық 
емес. 
  
Н.Бичуриннің  ғылыми  зерттеулері  мен  тарихи  көзқарастары  әлемдік  синология  мен  орыс 
ориеталистикасында жеке бір дәуір болып қана қойған жоқ, оның өмірі мен қызметі халыққа , отанға 
жан  аямай  қызмет  етудің  үлгісі  болды.  Түп  тегі  түркілік(чуваш)  Н.Бичуриннің  ғылымдағы  жолы 

 
19
орыстандырылған, православиелік  христиандықты қабылдап,  ассимиляцияға ұшыраған туған  халқы  - 
чуваштармен  тағдырлас  болды.  Қытайтанушы  ғалымның  түркілер  тарихына  бетбұруының  негізінде 
тегін  іздегендік  жатқаны  да  белгілі.  Ол  Ресей  тәжі  үшін  қызмет  атқарғанына  қарамастан,  өмірінің 
ақырында ешкімге керек болмай, монастырьде өлді. Оның қабірі үстіндегі ескерткіш тақтаға мынадай 
сөздер  жазылды:  "Труженик  ревностный  и  неудачник,  свет  он  пролил  на  анналы  истории". 
Замандастары  оның  елінің  қажетіне  жарауды  өзі  үшін  ең  жоғары  маңыз  санағанын,  ғалымдағы 
жауапкершілікті,  шынайылықты  жоғары  қойғанын  бағалады.  Н.Бичурин  Шығыс  мәдениетінің 
жалпыадамзаттық маңызын ашты. Иакинфтің назарын, әсіресе, Қытай және оның халқы, олардың ұлы 
еңбегі арқасында жасалған ежелгі өркениеті қызықтырды. 
Ол Қытай жылнамасында кездесетін Орта Азияны мекендеген халықтардың өмірі, салт-санасы, 
тарихы  туралы  мәліметтердің  объективтілігіне  күмән  келтірмейді:  «Ондағы  мәтіндер  ешқандай 
билеушілердің  көзқарасына  байланысты  өзгертілмеген.  Бұл,  негізінен,  хаттама  сияқты  жазбалар  - 
болған болғанынша, барынша әділ жазылған қолжазбалар». 
Никита 
Яковлевич 
түркі 
халықтарының 
тарихының, 
оның 
мемлекетерінің 
өзіндік 
ерекшеліктерін  дәлдікпен  көре  білген:  «  Орта  Азияны  мекендеген  халықтардың  сол  көне  заманнан 
келе  жатқан  бұлжымайтын  дәстүрі  бар.  Мемлекеттер  хандыққа,  хандықтар  жеке-жеке  биліктерге 
бөлініп,  бұлар  кейде  бірігіп,  кейде  соғысып,  алшақтап  кететін  болған»  дей  келіп,  гректер,  кейінгі 
европалықтар  бұл  ерекшеліктерді  ескермей,  халық  аттарын,  шатыстырып, теріс  жазған»  деген  пікірі 
[5] қазіргі қазақстандық тарихнамадағы пікірталасқа жауап бермей ме?  
 
Ғалымның  «Шығыс  теңізінен  Каспий  теңізі  аралығындағы  көшіп-қонып,  бір-бірімен  қатынас 
жасаған  мемлекеттер,халықтар  қазір  өмір  сүріп  жатқан  мемлекеттер  мен  халықтардың  арғы  атасы 
екендігіне көзіміз жетеді» деген пікірімен [6] кейінгі орыс шығыстанушы, тарихшылары, соның ішінде, 
Л.Н.Гумилев  та  келіспейді.  Десек  те,  бұл  тереңірек  зерттеуді  қажет  ететін,  мәселе  сияқты.  Жалпы 
қазіргі  тарихнамада  да  кезінде  Бичурин  сынаған  өзгенің  пікіріне  сенушілік  әлі  де  бар.  Қазақстандық 
ғалымдар ел тарихын зерттеуде түпнұсқаларды қайта қараса деген ой мазалайды.  
 
Иакинф көшпелі халықтарды «монғол» деп атап, оның тарихының қытай жазбаларында б.э.д. 
1864  жыл  мен  1115  жылға  дейін  қамтылып,  31  ?  жыл  үзілістен  кейін  қайта  жалғасқанын  айтады. 
Бұның  б.э.  ҮІІІ  ғасырына  дейінгі  көшпелілер  туралы  қытай  тарихшыларының  мәліметтері  мен  бұл 
халықтардың  өздерінің  шежіре,  аңыз  әңгімелерінің  дәлме-дәл  келіп  отырғандығын  атап  көрсетеді. 
Жазушы  Әкім  Таразидің  Н.Я.Бичурин  еңбегінің  аудармасында  «б.э.д.  1800-200  жж.  созылған  һұн 
тарихында  ,  олардың  арасынан  қазіргі  қазақ  руларының  кейбіреулерін(Табын,  Ысты,  Екей,  Суан, 
Албан  рулары  қазақ  руларымен  сәйкес  келеді)  тануға  болады»  –дейді.  Л.Гумилевтің  теориясы 
бойынша бұл мүмкін емес. Бірақ Левшин, Рычков, Востров , Мұқанов сынды зерттеушілер жекелеген 
қазақ руларының тарихын,этногенезін түсіндіруде ежелгі мәліметтерді де қолданады емес пе? Сонда 
кімдікі  дұрыс?  Осының  бәрі  қазақ  этногенезін  әлі  де  қайта  қарауды  талап  ететін  жаңа 
проблемаларды шығарады.  
 
Пірадар  ғалым  еңбектеріндегі  Орталық,  Орта  Азия  мен  Оңтүстік  Сібірдің  ұлан-байтақ 
территориясын  мекендеген  ежелгі  тайпалардың  этникалық  тарихын  анықтауда  көптеген  бағалы 
фактілік  материалды  қайта  сараптау  қажеттілігі  туып  отыр.  Оның  биік  ғылыми  өресіне  қарамастан 
ол  түркі  тілді  және  монғол  тілді  халықтардың  шығу  тегі  туралы  қате  тұжырымдар  жасады  деген 
пікірлермен  келісу  қажет  пе?  Мысалы,орыс  тарихшылары  оны  Монғолия  территориясында  болған 
маңызды  өзгерістерді  есепке  алмай,  ежелгі  тайпалар  мен  қазіргі  халықтардың  бір  халық  екендігі 
туралы қате тұжырым жасады дейді.  
 
Этногенез  процесінің  жаратылыстық,пассионарлық  теориясын  жасаған  Л.Гумилевтің  өзі 
этнос, ұлт – халық өзгергенмен, оның құрамына кіретін адамдар өзгермейді, жаңа атаумен шыққан 
халықтың  құрамына  кіреді  дегені  [7]  Орталық  Азияны  мекендеген  ежелгі  халықтар  мен  қазіргі 
халықтардың байланыстылығының дәлелі емес пе? 
 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  тарихшылар  арасында  қазақ  халқының  этногенезі  туралы  ортақ 
пікір жоқ. Кейбіреулері ХІІІ-ғасырдағы монғол мемлекетін құраған халықтар мен ХҮ-ғасырдағы қазақ 
хандығы  құрамындағы  халықтар  арасын  ажыратса,  екіншілері  монғол  атауын  халық  атауы  ретінде 
қарастырмай,  Шыңғыс  ханды  қазақ  ханы  етіп  көрсетеді.  Осыған  орай  «қазақ  тарихнамасындағы 
мифтер»  деген  тақырыпта  дау-дамай  басталып  кетті  [8].  Осы  пікірталастың  өзі  қазақ  тарихының 
методологиялық  негіздерінің  осалдығын  дәлелдемей  ме?  Бұл  халқымыздың  этногенезі  мәселесіне 
тың зерттеулер қажеттігін дәлелдейді. Сонау ежелгі замандардағы һұндардан бастап, әр замандарда 
бой  көтерген  әртүрлі  түркі  тайпаларын  монғол  немесе  түркі  текті  деп  ажыратудың  қашан 
басталғанын,  оның  себептерін  іздеуге  көңіл  бөлінсе,  талай  беймәлім  нәрсе  ашылар  еді.  Алайда 
мұндай іргелі зерттеулер университеттерде мардымсыз жалақыға ертеден кешке дейін дәріс оқитын 
оқытушылар қауымы атқарар іс емес. Орыс ориенталистикасы монғол тектес деп бағалаған ғұндар, 
ұйғырлар,  найман,  қоңыраттардың  кейінгі  түркілік  халықтардың  құрамында  болуы,  тілдік 
ұқсастықтары - жауабы жоқ сұрақтарды туғызады. Ата тегі монғол хандарынан шыққан, Үндістанды 

 
20
билеген  моғолдардың  түркілік  әулеті  мен  монғол  термині  арасында  қандай  байланыс  бар?  Осы 
сұрақтарға  әлі  нақты  жауап  берілген  жоқ.  Ал  Н.Бичурин  һұн,сяньби,жужан,  түркі-тугю  және 
басқаларды  монғол  тайпалары  деп  көрсетіп,  әу  бастан  монғол  терминін  түркілер  атауының 
синонимы ретінде қолдануы мүмкін. Сол кезеңде этногенезді зерттейтін арнайы ғылымдар болмаса да, 
археология  и  антропология  ғылымдары  қалыптасу  жағдайында  болғанына  қарамастан  Н.Бичурин 
азиялық  Шығыс  халықтарының  этногенезі  мен  этникалық  тарихына  баса  –көктеп  кіріп,  қазіргі 
заманғы ориенталистиканың алтын қорына енген іргелі еңбектер шоғырын жасады. Біздің міндетіміз- 
Н.Я.Бичуриннің  ғылыми  мұрасына  үлкен  құрметпен  қарап,  оны  біздің  елдің  ежелгі  және 
ортағасырлық тарихын зерттеуде пайдалану болып табылады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет