Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ҚАТТЫБӨГЕН, Ү л к е н  Б ө г е н – Бөген өз-
нің оң саласы. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. 
жерімен ағады. Ұз. 60 км, су жиналатын алабы 543 
км
2
. Бастауын Қаратау жотасының оңт. беткейінен 
алып,  Жарықбас  а.  тұсында  Бөген  өз-не  құяды. 
өзен арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен 
ағады. суы егістікке пайдаланылады.
ҚАТТЫ  ЖАПЫРАҚТЫ  ШИСАБАҚ  (Koeleria 
sclerophylla)  –  астық  тұқымдасына  жататын  көп 
жылдық өсімдік. Биікт. 50 см. сабағы бұтақталған, 
мықты, гүлі орналасқан жоғ. бөлігін аздап түк басқан. 
Жапырағы жалпақ, ені 3,5 мм, көкшіл сұр түсті, екі 
жағы жалаң, ұшы мен жиегі бұдырлы. Жапырақ 
қынабы жалаң. Цилиндр тәрізді сыпыртқыгүл шо-
ғыры ірі, ұз. 10 см-дей. Масақшасының ұз. 7 мм, 
сағағы қысқа. тұқымынан көбейеді. Мамыр–мау-
сымда гүлдейді. Қиыршықтасты ұсақ шоқыларда 
және  тау  баурайында  өседі.  Қуаң  жер  өсімдігі. 
Қазақстанда Ақтөбе обл-ның солт. аудандарында 
және  Жалпы  сырт  сілемдерінде  өте  сирек  кезде-
седі.  сондықтан  қорғауға  алынып,  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАТТЫ ЗАТТЕКТІ АҒЫНДЫ – өзен ағысы  ар-
қылы  оның  қимасынан,  белгілі  бір  уақыт  мер-
зімінде,  әдетте,  ұзақ  мерзімде  (онкүндік,  айлық, 
жыл ішіндегі) ағып өткен қатты заттардың судағы 
салынды  және  ілеспе  еріген  мөлшері  (тоннамен 
өлшенеді). Қ. з. а. ілеспе тасындылар ағысы және 
еріген заттектердің ағысы болып бөлінеді.
ҚАТТЫ КӨБЕНҚҰЙРЫҚ (Cousinia rigida)  –  күр-
делігүлділер  тұқымдасына  жататын  көп  жыл-
дық  өсімдік,  сирек  кездесетін  эндемик.  Биікт.  
30 см. Көп тармақты тамырының ақ түк басқан мой-
ны  болады.  Қазақстанда  Қырғыз  Алатауы  жота-
сының солт. беткейлерінде, қар басқан таулардың 
қиыршықтасты  баурайларында  кездеседі.  сабағы 
қарапайым,  сыртын  без,  төм.  жағын  жіңішке  түк 
басқан.  Қабықшалы  жапырағы  жасыл,  тамыр 
жапырақтары мен төм. сабақтарында орналасқан 
саябақ аумағындағы Мұзтау тауы
Қаттыбөген өзені

384
сағақты жапырақтары қандауыр тәрізді. төбе жа-
пырақтары  сағақсыз  сабаққа  бекіген.  Ұз.  25  мм-
дей  болатын  гүлсебеті  домалақ  цилиндр  тәрізді, 
орама жапырақтарының жиегі ирек тісті-тікенекті, 
күлтесі  ашық  сары  түсті.  тозаңдық  түтікшесі 
қара  қошқыл.  тұқымынан  көбейеді.  Шілде–та-
мыз  айларында  гүлдеп,  тамыз–қыркүйекте  же-
міс салады. тұқымының ұз. 6 мм-дей, сырты тегіс. 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАТТЫКӨЛ, А п п а қ – Ойыл алабындағы көл. 
Атырау  обл.  Қызылқоға  ауд.  тасшағыл  а-ның 
солт.-шығысында  2  км  жерде,  теңіз  деңгейінен 
13  м  биіктікте  жатыр.  Күрделі  пішінді  көлдің 
аум. 3,8 км
2
, ұз. 13 км, енді жері 3,1 км, жағалау 
бойының ұз. 17,2 км. Қ-дің оңт-н ала бірімен-бірі 
тармақтармен  жалғасқан  бірнеше  көл  тізбектері 
жатыр.  Көктем  айларында  Ойылдың  тармағы  –  
Көздіқара өз-нің тасуынан бұл көлдер Қ-мен бірі-
гіп кетеді. суын шабындықты суландыруға және 
мал суаруға пайдаланады.
ҚАТУТАУ  –  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  оңт. 
сілеміндегі  жота.  Алматы  обл.  Кербұлақ  және 
Панфилов  аудандары  жерінде  орналасқан.  солт. 
Қоғалы  тауаралық  аңғарына,  оңт.  достар  және 
Ақтау таулары арқылы Іле аңғарына ұласады. Абс. 
биікт. 1630 м. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 
45 км-ге созылып жатыр, енді жері 10–20 км. Қ. жоғ. 
палеозой  және  мезо-кайнозойдың  құмтас,  конг-
ломерат,  мергель,  әктас  шөгінділерінен  түзілген. 
делювийлі-пролювийлі  тауаралық  жазығының 
бозғылт  қоңыр  топырағында  бұта  аралас  тасбұ-
йырғын, бұйырғын, жусан, ши, т.б. өсімдіктер өседі. 
таудың тектоник. көтерілуге ұшыраған орта бөлі-
гінде бұлақтар көп.
ҚАТЫН, Қ о т а н – Об алабындағы өзен. Қазақстан 
және ресей Федерациясы жерімен ағады. Ұз. 688 
км, су жиналатын алабы 60,9 мың км
2
, жалпы ұз. 
700  км-ден  асатын  250-ден  астам  саласы  бар.  су 
жиналатын алабында жалпы ауд. 137 км
2
 болатын 
2649  көл  бар.  Бастауынан  сәрсембай  жайлауы-
на  дейін  Қазақстан  шекарасын  17  км-дей  бойлай 
ағады. Бастауын Мұзтау (Ақтау, 4506 м) тауының 
оңт.-батысындағы мұздықтардан алады. Жоғ. ағы-
сында  Қазақстан  аумағынан  бірнеше  өзен  (сала) 
құяды. 
Қаттыкөл
ҚАТЫН (ҚАТОН) ЖОТАСЫ  Алтай тау жүйе-
сінің орт. бөлігіндегі жота. Қатын, Аргун (Арғын) 
және  Берел  (Бергіел)  өзендерінің  суайрығы  бо-
лып  табылады.  Қ.  ж.  ресей  (Алтай  республика- 
сы)  мен  Қазақстан  жерінің  шектесетін  жерінде 
жатыр.  Шығыс  Қазақстан  обл-на  Қ.  ж-ның  оңт.-
батыс бөлігі созыла орналасқан. Алтай тау жүйе-
сінің ең биік жері (Мұзтау, 4506 м) осы жотаның 
орт.  бөлігінде  орналасқан.  Жотаның  ұз.  150  км. 
Метаморфтанған  тақтатас  және  граниттен  тұ-
рады.  тектоник.  құрылымы  жағынан  гер-цин  қат-
парлығында көтерілген. Кен байлықтарынан по-
лиметалл  кентастарына  және  алтын  қорына  бай. 
Беткейінде жалпы ауд. 279 км
2
 болатын 386 мұз-
дық  бар.  Жотаның  батыс  етегінде  емдік  қасиеті 
бар  рахманов  қайнары  орналасқан.  Климаты 
тым  континенттік,  қысы  суық.  Қыс  ортасын-
да  тау  аңғарларында  темп-ра  –50–52°с-қа  дейін 
төмендейді.  Жазы  қоңыржай  жылы,  шілдеде 
10–14°с, тау бастарындағы темп-ра –6–8°с бо-
лады.  Жауын-шашын  500–1000  мм  шамасында. 
Беткейлерінде таулы орманның сұр топырағы мен 
таудың  күлгінді  топырағы  қалыптасқан.  2000–
2200 м биіктікте қарағай, самырсын, одан жоғары 
альпілік шалғын мен қорымтас, ал жартасты бет-
кейлерінде қына, мүк өседі. Жануарлар дүниесіне 
бай. Қоңыр аю, росомаха, бұғы, елік, тиін, ақкіс, 
түлкі, бұлғын, теңбіл бұғы, ондатр, т.б. кездеседі. 
Жотаның батыс етегі егіншілікке қолайлы.
Қатутау тауы
Қатын өзені
Қатын (Қатон) жотасы

385
Қауынды
ҚАТЫНКӨЛ  –  Қарағанды  обл.  Қарқаралы  ауд-
ның  солт.  бөлігінде,  Қарасор  көлінен  6  км  жерде 
орналасқан көл. Аум. 9,5 км
2
, ұз. 5,5 км, енді жері 2,2 
км, жағалауының ұз. 16,3 км, ең терең жері 3,2 м, 
су жиналатын алабы 364 км
2
. су көл. 17,04 млн. м
3
.  
Жағалаулары  тік  жарлы,  бетеге,  жусан,  қызыл 
мия, ши өсетін жайылмалық және одан жоғары 2 
террасадан тұрады (су деңгейінен2–5 м биік). Жер 
асты,  қар  суларымен  толысады.  Көлге  оңт-тен 
Жарым өз. құяды. суы тұзды, кермек татиды, сіл-
тілігі төмен. Көлдегі тұз қоры 500 мың т-ға жетеді 
(негізінен натрий мен магний хлоридтері).
ҚАТЫНҚҰМ – Мойынқұм құмының оңт.-шығы-
сындағы құмды алқап. Қарағанды обл. Ұлытау ауд-
нда орналасқан. Аум. 125 км
2
. Ең биік жері 231 м.  
солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 20 км-ге созы-
лып жатыр, енді жері 10 км. Жонды-қырқалы құм-
ның биікт. 5–10 м шамасында. Құмда теріскен, еркек 
шөп,  жүзгін,  қаңбақ,  құмаршық,  ақ  сексеуіл,  т.б. 
өсімдіктер өседі. тұщы грунт суы құм массивінің 
жиек жағында 1–2 м тереңдікте кездеседі, кейбір 
бөлігінде жер бетіне жақын жатады. Қ. қысқы мал 
жайылымы ретінде пайдаланылады.
ҚАТЫНСУ  –  Алакөл  алабындағы  өзен.  Шығыс 
Қазақстан  обл.  Үржар  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз. 
155  км,  су  жиналатын  алабы  1650  км
2
.  Бастауын 
тарбағатай  жотасындағы  тастау,  Жалаулы  тау-
ларынан алып, Көктал а-нан төменде Алакөл көліне 
құяды. Аңғары ортаңғы, төм. бөлігінде кең (0,5–0,6 
км),  жағасы  тік  жарлы,  биікт.  1–3  м.  суының  40–
50%-ы қар, 10–12%-ы жаңбыр және жер асты су-
ларымен  толығады.  Жылдық  орташа  су  ағымы 
Қызылжұлдыз  а.  тұсында  4,67  м
3
/с.  суы  ауыз 
суға, жер суғаруға пайдаланылады. Қ-дан 8 канал 
тартылған. 
ҚАТЫНШОҚАЙ – Қаратау жотасының солт.-ба-
тысындағы құмды алқап. Қызылорда обл. Шиелі 
ауд. Алғабас а-ның солт.-шығысында 77 км жерде 
орналасқан. Ең биік жері 130 м шамасында. солт.-
батыстан оңт.-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, 
енді жері 17 км. Жер бедері бұйратты келген. солт-
нде  Ащыкөл,  шығысында  саумалкөл  сорлары, 
батысында  Киікатқан,  Қарақазған, оңт-нде Шейіт, 
Қатынқұдық құдықтары бар. Ойыстарда грунт су-
лары  жер  бетіне  жақын  жатыр.  Құмда  сексеуіл, 
жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер 
өседі. Мал жайылымына қолайлы.
ҚАУ (Stіpa), б о з – астық тұқымдасына жататын 
көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Қазақстанның 
шал-ғынды  дала  белдемінде  және  тау  бөктер-
лерінде  өсетін  32  түрі  бар.  Ең  көп  тарағандары:  
қ ы л т а н  с е л е у (S. capіllata), т а л а с Қ-ы (S. ta-
lassіca), т о р ғ а й Қ-ы (S. turgaіca). Олардың биікт. 
10– 120 см-дей. сабағы тік, тегіс болады. Гүлдері 
сыпыртқы гүлшоғырына топталған. сәуір–шілде 
айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – 
дәнек. Гүлдену сатысында құрамында 10,5% про-
теин, 32% клетчатка, 3,5% май, 7% күл, 46% азот-
сыз  экстратитті  заттар  болады.  Қаудың  төм.  гүл 
қабыршақтарының астыңғы жағы ұзын (15 см-дей), 
қылқанды  келеді.  Олар  төмен  қарай  шашақталып 
иіліп  тұрады.  Осы  белгісіне  қарай  Қ.  өскен  ал- 
қап – күмістей жалтырап жатқан кілемге ұқсайды. 
Ауаның ылғалдылығы өзгергенде гүл қылқаны жа-
зылады  да,  дәнекті  орнынан  қозғайды.  Орнынан 
қозғалған  дәнек  қылқанның  төм.  үшкір  жағымен 
жерге түседі. Осылай, қылқаны арқылы өсімдіктің 
дәнегі өздігінен топыраққа көміліп қалады. Ал кей 
жағдайда,  дәнек  жерге  түспей,  қой  мен  ешкінің 
жүніне  жабысып  қалады.  Бұл  кезде  олар  мал 
терісінің  астыңғы  қабатына  өтіп,  үшкір  ұшы 
малдың  денесіне  батып,  қатты  ауыртады.  Қ-
ды  түйе  мен  қой  сүйсініп  жейді.  Күнгей  Қ-ы  (S. 
kungeіca),  Қаратау  Қ-ы  және  ауыспалы  Қ.  –  си-
рек  кездесетін  өсімдіктер.  Олардың  таралу  ай-
мағының  жылдан-жылға  азаюына  байланысты 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАУЫЛЖЫР  –  Шалқар  алабындағы  өзен.  Ақ- 
төбе  обл-ның  Шалқар  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз. 
142  км,  су  жиналатын  алабы  1810  км
2
.  Бастауын 
Мұғалжар  тауының  шығыс  беткейіндегі  бұ-
лақтардан  алып,  Шалқар  көліне  құяды.  өзенге 
ондаған шағын жылғалар қосылады. Ірі салалары: 
Алабассай,  Қарабұлақсай,  сарысай,  Қорғанжар, 
т.б.  Арнасының  жоғ.  бөлігі  төбелер  аралығымен 
ағып, қалған бөлігі үстірттің сортаңды ойыстары 
арқылы  өтеді.  су  жайылмасы  сағасында  8  км-ге 
дейін  кеңейеді.  Арнасының  ені  50–150  м.  Көбіне 
қар,  аздап  жер  асты  суларымен  толығады.  Жазда 
арнасындағы  ағыс  қарасуларға  бөлініп  қалады. 
Арна бойындағы құдық суымен мал суарылады.
ҚАУЫНБАЙМОЛДА  ЖОТАСЫ,  Шардара  бө-
генінің солт-нде оңт.-шығыстан солт.-батысқа қа- 
рай созыла орналасқан. Оңт. Қазақстан обл. Шарда- 
ра ауд. жерінде. Ұз. 40 км, ені 5–10 км. Абс. биікт.   
321  м,  оңт.  бөлігі  ортаңғы  және  жоғ.  төрттік  ке- 
зеңнің жыныстарынан, солт. олигоцен шөгінділе-
рінен түзілген. Жер бедері адырлы, оңт.-шығысы 
тегістеу келген. Шығысы сай-жыралармен тілім-
денген. сұр топырағында өлеңшөпті-қоңырбасты, 
эфемерлі өсімдіктер өседі.
ҚАУЫНДЫ  –  Маңғыстау  үстіртінің  оңт-ндегі 
ойыс. Маңғыстау обл. Қарақия ауд. жерінде орна- 
ласқан.  Ауд.  390  км
2
.  Каспий  т-нен  30  км  жерде 
солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  37  км-ге  со-
Қауылжыр өзені

386
зылған,  ені  17  км.  Ойыс  табаны  теңіз  деңгейінен  
57 м төмен жатыр. Кемері көбіне әктастан түзілген 
және сай-жыралармен терең тілімденген. Ойыстың 
солт.-шығыс  бөлігінде  абс.  биікт.  115  м  қалдық 
төбе бар, шет жақтарында суы тұзды сарышоқы, 
т.б.  құдықтар  кездеседі.  Мұнда  су  6–10  м  те-
реңдікте  жатыр.  Ойыс  табанында  жусан,  сораң 
шөптер өседі. Қ-ның солт.-батысынан мұнай, газ 
құбырлары өтеді.
ҚАШАҒАН МҰНАЙ КЕНІ, Каспий т-нің солт-
нде, Атырау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 75 км жер-
де  орналасқан.  Болжамдық  геол.  қоры  бойынша 
(7  млрд.  т)  дүние  жүзіндегі  аса  ірі  5  мұнай  кен 
орнының  қатарына  кіреді.  теңіз  қайраңындағы 
құрылым «Қазақстанкаспийшельф» компаниясы- 
ның  сейсмобарлау  жұмыстарының  нәтижесінде 
1995–97 ж. анықталды. өнімді шоғыр девон, тас 
көмір қабаттарында орналасқан. Шығыс Қашаған 
теліміндегі алғашқы барлау ұңғымасы 1999 ж. 12 
тамызда «сұңқар» бұрғылау қондырғысымен са-
лынып 2000 ж. маусымда мұнай қабатына (тереңд. 
5170 м) жетті. Қ. м. к-н 2000 ж.  шілде айында Қр 
Президенті н.ә.назарбаев ресми ашты. Үлкен те-
реңдікте  жатқандықтан  қабаттың  бастапқы  қы-
сымы  зор,  мұнайдың  тұтқырлығы  және  күкірт 
мөлшері төмен. 
ҚАШАР  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Қостанай  обл. 
Қостанай ауд. Қашар кентінен солт.-шығысқа қарай 
5 км жерде орналасқан. Кен орны эоцен, бор және па-
леозой шөгінділерінің сулы қабатында шоғырлан-
ған. Эоцен шөгіндісіндегі сулы қабат кен орнының 
барлық  бөлігінде  кездеседі.  су  сыйыстырғыш 
тау  жыныстары  опокадан,  құмнан,  құмтастардан 
тұрады.  Олардың  қалыңдығы  тобыл  өз.  аңға-
рында 5–15 м, ал әйет пен тобыл өзендері аралы-
ғында 50 м-ге дейін жетеді. өзен аңғарындағы су 
грунтты, суайрықтарда – арынды. Ұңғымалардан 
шығатын  су  дебиті  0,1–2,3  л/с.  Жер  асты  суы 
ашқылтым және ащы, минералд. 3–5 г/л-ден 10 г/
л-ге дейін. Жоғ. бор кезеңіндегі шөгіндіде қалың-
дығы бірнеше метрден 60 м-ге дейін жетеді. суы 
мол  қабат  құм  және  құмтастарда  шоғырланған. 
Ұңғымалардан шығатын су мөлш. 0,3-тен 10 л/с-
қа  дейін.  Минералд.  3  г/л-ге  дейінгі  тұщы  және 
сәл  ашқылтым  жер  асты  суы  тобыл  және  әйет 
өзендері  аралығында  шоғырланған.  Палеозой 
шөгіндісінде  жер  асты  сулары  100  м  тереңдікке 
Қашаған
жетеді және олар жарықшақтар белдемінде жатыр. 
әйет  өз.  аңғарында  сулы  кешен  төрттік  шөгінді-
лермен жабылған және ұңғымалардағы су шығымы 
2–15 л/с. Жер асты суының жоғ. жарықшақты бел-
сенді белдеміндегі минералд. 5–10 г/л, тереңдеген 
сайын ол 66 г/л-ге жетеді. Кен орны Қашар темір 
кенішін салуға байланысты барланған.
ҚАШАР ТЕМІР КЕНІ, Қостанай қ-нан солт.-ба-
тысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Бұл аймақта 
Қашар  антиклинорийінің  шығыс  қанатындағы 
визе-серпухов  ярусының  жанартаутекті-шөгінді 
жыныстары  мен  қышқыл  құрамды  интрузиялар 
түйіскен. Кен орны 1950 ж. ашылған. Қ. т. к. – мезо-
зой-кайнозой қабаттарындағы (қалыңд. 114– 170 м)  
төм.  визенің  гранит-порфирлері  мен  төм.  тас  кө-
мірдің шөгінді-жанартаутекті жыныстарының тү- 
йісуінен және тектоник. жарылым белдеміне маг- 
ма  ерітінділерінің  әсер  етуінен  түзілген  жапсар- 
лық-метасоматоздық кен. Метасоматозға ұшыра-
ған  Қоржынкөл  шоғыры  кен  аумағы  базальтты-
порфиритті  туфтар  вулканомиктілі  құмтастар, 
әктастар  және  доломиттер  арасында  орналасқан. 
Кен  денелері  қабат,  линза,  штокверк,  діңгек  пі-
шінді, ұз. 7000 м-ге, қалыңд. 300 м-ге жетеді. Мұн- 
дағы  кентас  минералдары,  негізінен,  магнетиттен 
тұрады.  сонымен  қатар  мартит,  борнит,  пирро-
тин, халькозин, галенит, металсыз минералдардан 
скаполит,  кейде  гранат,  кальцит,  эпидот,  актино-
лит кездеседі. темірдің мөлш. 30–72%, титан 0,6–
1,5%,  фосфор  0,3%,  күкірт  0,15%.  Мұндағы  темір 
кентасының барланған қоры 1,4–1,6 млрд. т. Қазіргі 
кезде карьерлік әдіспен игерілуде. соның негізінде 
Қашар кен байыту ф-касы жұмыс істейді. 
ҚАШҚАНСУ – Арал т-нің шығыс бөлігіндегі шы-
ғанақ.  сырдария  атырауының  оңт.  жағалауында, 
Қызылорда  обл-ның  Арал  ауд.  жерінде.  Кезінде 
(1980 жылдарға дейін) құрлыққа 20 км сұғына еніп 
жатқан. теңізге шыға берісіндегі жалпақтығы 7 км, 
ауд. 160 км
2
, солт.-батыс жағасы жарлауытты (5 м)  
келген.  Шығысын  сырдарияның  ескі  атырауы 
тілімдеген. Аласа құмды, құмайтты жағалауында 
қамыс  және  шөлге  төзімді  аласа  бұталар  өскен. 
Кейіннен Арал т. суының тартылуына байланыс-
ты Қ. өңірі шөл далаға айналған.
ҚАШҚАНСУ  КАНАЛЫ,  Қызылорда  обл.  Қар- 
мақшы  ауд.  жерінде.  сырдария  өз-нің  сол  жаға-
лауында,  Жосалы  кентінен  оңт.-батысқа  қарай 
созылып жатқан Жусанды дала жазығында. Қ. к. 
ауданның 3-интернационал а-ның ауыспалы егіс 
алқабы  тұсынан  басталып,  15,7  км-ге  созылады. 
су өткізгіштігі 4 м
3
/с. Канал 1988 ж. іске қосылды. 
Көне заманда сырдарияның орт. атырауынан бас-
талатын  Қашқансу  өз.  Жусанды  далаға  жеткен. 
сол  өзектің  құрғақ  арнасын  Қармақшы  ауд-ның 
шаруашылықтары күріштік алқаптардан шығатын 
тастанды  (ақаба)  су  ағызу  үшін  қашыртқыға 
(каналға) айналдырған.
ҚАШҚАНТЕҢІЗ – Балқаш көлінің батысындағы 
көл.  Жамбыл  обл.  Мойынқұм  ауд.  жерінде  орна-
ласқан.  Ертеде  Қашқантеңіз  шығанағымен  қо- 
сылып  жатқан.  Аум.  18,5  км
2
  (жауын-шашынға 
байланысты  өзгеріп  отырады).  Ұз.  22,5  км,  енді 
жері 4,3 км, тереңд. 1,4 км. солт.-шығыстан соқ-
қан күшті желдің әсерінен толқын айдаған Балқаш 
Қауынды ойысы

387
Қиғаш
суы кейде Қ. көліне құяды. суы тұзды, жағалауы 
сортаң, батпақты.
ҚАШҚАНТЕҢІЗ  –  Балқаш  көлінің  батысын-
дағы  шығанақ.  Жамбыл  обл.  Мойынқұм  ауд.  ау-
мағында.  Шығанақ  құрлыққа  14  км  сұғына  еніп 
жатыр, ені 9,5 км, ауд. 71 км
2
, тереңд. 5 м-ге же-
теді.  Бірнеше  ұсақ  аралдары  бар.  тік  жарлы  жа-
ғасы  девон  және  тас  көмірдің  тақтатас,  мергель, 
конгломерат,  құмтас  жыныстарынан  түзілген. 
Жағалауында шағылды жусан өседі. Шығанақтан 
7–9 км батысында Қашқантеңіз көлі жатыр.
ҚАШҚАНТӨБЕ, Қ а ш қ ы н т ө б е – Балқаш кө-
лінің шығыс бөлігіндегі арал. Алматы обл. Алакөл 
ауд-нда орналасқан. Кеңтүбек түбегінің батысында 
8  км  жерде  жатыр.  Ең  биік  жері  теңіз  деңгейінен  
358  м  биіктікте.  солт.-шығыстан  оңт.-батысқа  қа-
рай 9 км-ге созылған, енді жері 2 км. солт. жаға-
лауы тастақты, қалған бөліктері құмдақты келген.
ҚАШЫР  АУДАНЫ  –  Павлодар  обл.  құрамын-
дағы әкімш. бөлініс. 1963 ж. құрылған. Жер аум. 
6,8 мың км
2
. тұрғыны 23,2 мың адам, орташа ты-
ғызд. 1 км
2
-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді (2010). 
Аудандағы 46 елді мекен 14 ауылдық округке бірік-
тірілген.  Аудан  орт.  –  Қашыр  а.  Қ.  а.  облыстың 
солт-нде, Ертіс өз-нен шығысқа қарай, Барабы жа-
зығында  орналасқан.  Аудан  жері  түгелдей  дерлік 
жазық және Ертіс өз-не қарай еңістеу келеді. Оңт.-
шығысы  көл  қазаншұңқырларымен  ойдымдалған. 
Кен  байлықтары  құрылыс  материалдарынан  тұ-
рады.  Климаты  тым  континенттік.  Жазы  қоңыр-
жай  жылы,  қысы  суық  ызғарлы.  Қаңтар  айының 
жылдық орташа темп-расы –18–19°с, шілдеде 20°с. 
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250–
300  мм.  Аязсыз  кезеңнің  ұзақт.  120  күн.  Ұсақ 
тұзды көлдер көп. Қоры мол жер асты сулары тү-
гелдей дерлік құмнан, саздан және құмдақтан тұ-
ратын неоген мен төрттік шөгінділерінде тараған, 
құрамы  гидрокарбонатты натрийлі болып келеді. 
Ертіс өз-нен су құбырлары тартылған. Аудан жері-
нің топырағы Ертістің жайылмасында шалғынды 
топырақ,  солт.  бөлігінде  сортаң  қара  топырақ, 
оңт-нде қызғылт қоңыр сортаң топырақ тараған. 
Ертіс жайылмасында астық тұқымдас әр түрлі шөп-
тесін өсімдіктер (бетегелі-селеулі), бірен-саран қа-
йың  шоқтары  кездеседі.  Жануарлар  дүниесінен 
қасқыр,  түлкі,  қоян,  сарышұнақ,  егеуқұйрық,  су 
тышқаны,  Ертіс  өз.  мен  көлдерде  жазда  қаз,  үй-
рек, аққу, қасқалдақ, шағала, өзен мен көл бойла-
рында қызғыш, тауқұдірет, далада бозторғай, т.б. 
мекендейді. Ірі елді мекендері: Қашыр, Песчаное, 
Жаңабет, Байқоныс, Береговое, Федоровка а-дары. 
А. ш-на жарамды жерінің жалпы аум. 181,6 мың га, 
оның ішінде 26,2 мың га шабындық, жыртылған 
жері 85,3 мың га (2010) және 56 мың га-сы жайы-
лым.  Ауданның  батысынан  халықар.  маңызы  бар 
Павлодар – Қашыр – Омбы автомоб. жолы өтеді.
ҚАШЫРЛЫ – Желдіадыр тауларының солт.-шы-
ғысындағы  шоқылар.  Қарағанды  обл.  нұра  ауд. 
Жанбөбек а-ның оңт.-батысында 9 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 528 м. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 
км. Беткейі тіктеу, 10-нан астам тізбектелген шоқы-
лардан тұрады. Оңт. беткейіндегі таудың түпкі жы-
ныстары жер бетіне шығып жатыр. силур кезеңінің 
жыныстарынан  түзілген.  Қ.  тауларының  бойында 
әбілда, Бижан, Қойтас, т.б. қыстаулар орналасқан. 
Баурайындағы бұлақтардан Керей өз-нің салалары 
бастау алады. Бозғылт қоңыр топырағында жусан, 
бетеге, селеу, ажырық, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚАЯЗ (Barbus) – балық, тұқы тұқымдасының бір 
туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы және болат- 
май  Қ-ы  (шырман)  (Barbus  capіto)  бар.  Болатмай  
Қ-ы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңт. Каспий 
т-нде  (Қазақстан  бөлігінде  кездеспейді);  екінші- 
сі  –  түркістан  қаязы.  Арал  Қ-ынан  ерекшелігі  –  
ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қа- 
быршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және 
аумақты келген. Қазақстанда сырдария су алабын-
да,  Шардара  бөгенінен  сырдария  өз-нің  сағасына 
дейін өрістейді. Қаратау жотасының оңт.-батысын-
дағы  өзендер  мен  Шу  өз-нің  жазық  телімдерінде 
кездеседі. Шу өз-нде, Қордай ауд-ндағы өзендерде 
Қ-дың қара балықпен буданы бары белгілі. Оның 
түсі  сарғышқа  жақын  –  алтын  сияқты.  әдетте, 
Қ-дың  арқасы  бауырына  қарағанда  қоңырлау. 
Шабақтарында  қоңыр  дақ  болады.  Ұз.  70  см-ге, 
салм.  5,3  кг-ға  дейін  жетеді.  Жыныстық  жетілуі 
мекен ететін су айдынына байланысты 2–7, көбіне 
4–6 жас. уылдырығын (113 мыңнан – 195 мыңға де-
йін) судың темп-расы 16–23°с болғанда өзендерге 
және суқоймалардағы құмды, майда тасты жерлер-
ге шашады. Қорегі барлық су өсімдіктері, көпшілік 
омыртқасыздардың дернәсілдері, моллюскілер, т.б. 
ҚИҒАШ – Еділ атырауындағы өзен. Атырау обл. 
Құрманғазы  ауд-ның  батыс  бөлігімен  ағады.  Ұз. 
Қашқантеңіз шығанағы
Аудандағы шоқ орманды жазық дала

388
100  км.  Шортанбай  а.  тұсында  бірнеше  тармақ- 
тарға  бөлінеді.  Ірісі  –  Шарын  (Шарон)  тармағы. 
Жағалауында шілік талы, қамыс, құрақ өскен. Ма- 
ңында д.нұрпейісова, Жыланды, Шортанды, Жа- 
ңаауыл, т.б. елді мекендер орналасқан. Арнасында 
жыл бойы су болады және оның деңгейі Еділ өз-мен 
тығыз байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет