Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата19.01.2017
өлшемі1,43 Mb.
#2189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Тіленшіұлы болды. Ол 1465 жылдар шамасында Жайық 
өзені 
нің шығыс жағында, аса ірі ақсүйектер тұқымынан 
тараған, текті феодалдың үйінде дүниеге келеді. Оның 
нағашы жұрты да өте беделді, елді билеген адамдар болған. 
Шалкиіз анасынан сәби кезінде айырылып, нағашыларының 
қолында тәрбиеленеді. Екі жағы да текті тұқым болған соң, 
әрі мұсылманша терең білім алған Шалкиіз биік парасатты, 
тәкаппар мінезді болып өседі. Ол ұзақ, бір ғасырға жуық 
тіршілігінде алуан түрлі тағдырды бастан кешіреді, Ноғай­
лының әміршісі Би Темірдің ардақтаған жырауы болады, содан 
кейін оның қаһарына ұшырайды. Өмірінің соңғы жылдарын 
Шалкиіз жырау Қазақ хандығында өткізіп, шамамен 1560 
жылдарда қайтыс болған деп саналады.
Шалкиіздің әдеби мұрасы сол дәуірдегі басқа жыраулардан 
гөрі молырақ сақталған (оның 30­ға жуық толғау­жырлары 
жарық көрді). Оның бізге жеткен толғаулары Шалкиіздің 
кең тынысты, әрі сөзге ұста, аса дарынды жы рау екенін және 
оның шығармашылығы өз заманындағы жыраулық поэзияға 
тән барлық қасиеттерді бойына сіңіргенін айғақтайды. Атап 
айтқанда, мұнда әміршіге тікелей сөз арнап, оны мадақтау, 
қоғам мен дәуір, билеуші мен жырау туралы пәлсапалық 
ойланыстар, жақсылық пен зұлымдық, достық пен қастық, 
әділдік пен арамдық жөніндегі ғақлиялық тұжырымдар, 
дидактикалық толғаныстар, яғни жырау көтеретін мәселелер 
мен тақырыптар түгел бар деуге бола ды. Мұның бәрі жоғары 
көркем поэзия тілімен, әр алуан теңеулер, метафора мен 
синтаксистік, психологиялық параллелизмдер арқылы айты­
лады.
Шалкиіздің толғаулары әрі лирикалық, әрі эпикалық са­
рында болып келеді. Лирикалық сарындағылары этика, 
мораль, дидактика, жалпы адамгершілік мәселелерін сөз етсе, 
эпикалық сарындағылары мемлекеттік, халықтық, елдік проб­
лемаларына арналып, қаһармандық мәнге ие. Лирикалық 

[
  214  
]
толғаулардың басым көпшілігі адам туралы, оның қасиеттері 
жөнінде, адамдардың өзара қатынасы мен олардың өмір, 
достық, имандылық жайындағы түсінік пайымы, адамның 
қоғамдағы орны жөнінде сөз қозғайды. Жаугершілік пен 
жорықтар заманында өмір сүрген Шалкиіздің жас шағындағы 
идеалы арғымақ атқа мінген, үстіне сауыт, басына дулыға 
киген, қолына алдаспан ұстаған, сұлу жарды құшақтаған 
ержүрек батыр. Өзі талай ұрысқа қатысып, жолдастарын 
қарумен де, жалынды жыр­толғаумен де жігерлендіре білген 
Шалкиізге «батыршылық сүру» – басты мұрат, сондықтан да 
ол:
Батыр болмақ сойдан-дүр, 
Жалаңаш барып жауға ти. 
Тәңірі өзі біледі 
Ажалымыз қайдан-дүр!
12
 –
деп айтады.
Жалпы, Шалкиіз толғауларының мазмұнына қараған 
да, 
оның өмірінің үш кезеңі аңғарылады:
а) арманға толы, албырт жастық шақ;
ә) атақ­даңқы артып, үлкен жырау деңгейіне көтерілген тұс;
б) содан кейін бағы тайып, әміршіден де, сарайдан да алас­
талған кезең.
Алғашқы, келешегіне сенімі мол, тауы шағылмаған Шал­
киіздің шығармалары өте аз жеткен, бірақ сол бізге мәлім­
дерінің өзі жас жігіттің ақындық қүдіретін таныта алады. 
Жастыққа тән өрмінездік, алдына жоғары мақсат қою, биік 
талаптың мүддесінен шығу, әйтпесе өмір сүрудің қажеті жоқ 
деп кесіп­түю ашық айтылады:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан ат та сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе салып кимен-ді! 
Күмістен екі қолтық жоқ болса, 
Сыпайшылық сүрмен-ді! 
Алғаным ару болмаса, 

[
 
 215  
]
Алдыма алып сүймен-ді! 
Дулығамның төбесі 
Туған айдай болмаса, 
Батыршылық сүрмен-ді!
13
Шалкиіз поэзиясының ішінде нағыз жыраулық үлгіде ту­
ғандары, негізінен, пәлсапалы мазмұнда болып келеді де, эпи­
калық толғау түрінде айтылады. Бұл, көбінесе, Шалкиіздің 
мол тәжірибе жинақтап, елге дүлдүл жырау ретінде танылып, 
хан ордасында ақылгөй, кеңесші болып жүргенде және 
содан кейін қарт абызға айналып, тіршілікке өзінің ұзақ та 
қызықты, әрі мағыналы өмірінің биігінен қарап, өткен­кет­
кенді ойлап, келешекті болжай алатын шақта шығарылған 
жыр­толғауларында анық көрінеді.
Жұлдызы жанып, Би Темірдің жанында жүрген кезде 
айтылған толғаулардың дені елдік, ерлік мәселеге бағыш­
талған, өзінің әміршісін дәріптеуге арналған. Мысалы, осын­
дай шығармалар қатарына «Арық хан», «Көгерген көк сынулар 
жайқалса», «Жел, жел есер, жел есер», «Көктеп мінген еріңіз», 
«Шағырмақ бұлт жайтастар», «Жапалақ ұшпас жасыл тау», 
«Айырдан туған жампоз бар», «Ағынды сулар, аймақ көл», 
«Жайыңды білген қарындас», «Асқар, асқар, асқар тау», 
«Қатынасы биік көлдерден» атты өлең­толғауларды жатқызуға 
болады.
Шалкиіздің біраз толғауы оның әмірші қаһарына ұшырап, 
ордадан қуылып, өмірдің, әсіресе қуғындықтың кермек дәмін 
татып, жалғыздық көрген тұсында шығарылғаны аңғарылады. 
Кеше ғана Би Темірдің ақылшысы болып, айтқаны іске асып 
тұрған жырау бүгін ешкімге қажет болмай, бұрын қасында 
жүрген серіктерінің де сатқындығын көріп, адамдардың іштар­
лығын, күншілдігін басынан кешіріп, ашына да, ойлана да, 
күңірене де, түңіле де толғайды. Дүниеде жақсылықтың бәрі 
өтпелі екенін ашық айтып, тіршілікте адам тәрізді өмір сүріп, 
қызықты қызықтап, жоқты жоқтап өту қажет екенін ескертеді:
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған!
14
 – 

[
  216  
]
деп үлкен түйін жасайды. Орда мен хан маңайынан алшақ 
жүрген кезде туған толғауларында Шалкиіз көпті көрген, 
небір нәрсені басы нан өткерген, мол тәжірибе жинақтаған дана 
болып көрінеді. Бұл тұста ол өмірдің мәні неде, адамға дүниеде 
не керек, жақсылық деген не сияқты аса маңызды сауалдарға 
жауап береді, тіпті «тұлға мен тобыр» секілді философиялық 
мәндегі мәселені де көтереді:
Көрінгеннің бәрін де кісі демеңіз, 
Күпе-күндіз тал түсте 
Тарандап түзге жетер кісі бар. 
Ау, бөрілер, бөрілер, 
Бөрімін деп жүрерлер. 
һәр бірінің баласы 
Алтау болар, бес болар, 
Ішінде абаданы бір болар. 
Абаданынан айырылса, 
Олардың һәр бірлеуі 
Һәрбір итке жем болар
15
.
Шалкиіз шығармаларының ішінде оны нағыз жырау етіп 
көрсететін екі толғауы бар: «Би Темірге бірінші толғау» және 
«Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны». Екі толғау 
да Шалкиіздің атақты жырау болып, халыққа, елге беделі, 
бірақ әміршінің қасынан аласталған шақта айтылған керек 
деп есептеледі. Сол себепті бірінші толғауында жырау үлкен 
шеберлік көрсетіп, алдымен Би Темірді мақтап алады да, 
содан соң өзін қорлағанын ашық айтып салады және оның 
кейбір кемшілігін көрсетіп, оған жырау дәстүріне сай нақыл 
айтады, кеңес береді. Ал екінші толғауда Шалкиіз басқа бір 
қырынан көрінеді. Мұнда ол жеке басының өкпесін емес, елдің 
жағдайын сөз етеді, сөйтіп, Би Темірді қажыға барудан бас 
тартуға шақырады. Меккеге барудан бас тартудың қажеттігін 
жырау ұтымды әдісті пайдаланып дәлелдейді: әміршісін 
дәріптеп, оны өте әділ төре етіп суреттейді де, содан кейін оған: 
«Егер кетер болсаң, мына халқың бассыз, иесіз қалады», – деп 
айтады және имандылықтың шарттарын алға тартады: 

[
 
 217  
]
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең, 
Тәңірінің үйі бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдында жасапты
16
.
Жалпы, Би Темірге қарата айтылған осы екі толғауда өте 
дарынды жыраудың қайсар бейнесі мен текті батырдың алып 
тұлғасы айқын көрінеді. Шалкиіздің ақындық талантты 
қайтпас батыр­жыраудың образын айшықтаған. Мұндағы ба­
тыр­жырау өзінің тектілігі мен кемеңгерлігі жағынан әмір­
шіден асып түспесе, кем түспейді, ол ержүректілік пен қа­
һармандылықтың, парасаттылықтың эталоны, көркемделген 
шыңы болып көрінеді. Сырттай қарағанда Би Темірді мақтап­
марапаттаған болып көрінетін жолдар, шынтуайтына үңілсек, 
әміршіні дәріптеуден гөрі жыраудың өз бейнесін аша түседі, 
оны толығырақ сипаттайды. Бұл жолдарда әмірші қаншалықты 
жоғары көтеріле көрсетілсе, жырау да өзін соншалықты 
биіктете түседі, сөйтіп, жасырын тұрған «әмірші мен жырау» 
деген оппозициялық ой өте шебер, көркем, әрі нәзік айтылады. 
Алайда, осының бәріне қарамастан, Шалкиіз өз заманының 
перзенті, сол дәуірдің жырауы ретінде өз уақытында үстем 
болған этатикалық көзқарасты ұстанған да, мемлекет күшті 
болу үшін елді әділ басқаратын, иманжүзді әмірші керек деп 
ойлаған, сондай әмірші болады деп сенген. Міне, осы сенім оған 
«Би Темірге адалмын» деген сөзді айтқызған.
XVI ғасырда өмір сүрген аса талантты жыраудың бірі – 
Аймадет Доспамбет жырау. Ол XV ғасырдың соңында Кіші 
Орданың билеушісі болған әскери шонжарлар отбасында 
дүниеге келген. Болашақ жырау сол дәуірге және өзінің 
тегіне сай тәлім­тәрбие мен білім алады. Есейген шағында ол 
Ыстамбұл мен Қырымда, Бақшасарайда болады және Дешті­ 
Қыпшақтың біраз жерін аралайды. Ресейге қарсы бірнеше 
жорыққа қатысады, сондай­ақ өз отанындағы билеушілердің 
өзара ұрыс­жанжалдарына да араласып жүреді. Сондай бір 
қырқыста ауыр жарақаттанып, қаза табады. Бұл шамамен, 
1540­1545 жылдар болуға тиіс, өйткені ол өзінің соңғы 

[
  218  
]
өлеңінде: «Ер Мамайдың алдында шаһид кештім, өкінбен!» 
– дейді. Ал Мамайдың 1549 жылы опат болғаны белгілі.
Доспамбет ұзақ жасамағандықтан классикалық типтегі 
жырау деңгейіне көтеріле алмады, яғни ол әрі мемлекеттің 
идеологі, әрі ханның ақылшысы, әрі дана абыз болған жоқ. 
Дей тұрғанмен, оның бізге жеткен әдеби мұрасы Доспамбеттің 
талантты жауынгер­ақын болғанын көрсетеді. Өзінің шығар­
маларында ол басынан өткен аласапыран өмірді, басты­басты 
оқиғалар мен ой­сезімдерді таза поэзиялық үлгіде бейнелей 
білген. Оның өлең­жырларында жыраулық дәстүрге тән әсіре 
нақылдылық пен пәлсапашылдық жоқ. Рас, ол да, бұрынғы 
жыраулар сияқты, өмір мен өлім туралы жырлаған, бірақ 
көп жасаған қарт тәрізді салмақтап, байсалды толғамайды, 
келешекті де болжамайды. Доспамбет жалындап жанады, 
үміттенеді, қайраттанады. Өмірден ерте кеттім деп өкінбейді. 
Керісінше, өзіне лайықты, жақсы өмір сүрдім деп есептейді, 
өйткені оның идеалы – Сарыарқа үшін шай қаста шәйіт болған 
жауынгер. Доспамбеттің ойынша, ең бақытты адам – арғымақ 
мінген, көбе киген, жұпар аруды құшқан, той тойлап, армансыз 
қымыз ішкен, жау келсе, қарсы шапқан жаужүрек жігіт. Міне, 
Доспамбет өзін осындай өмір сүрген кісі ретінде көрсетеді. Ол 
өз дәуірінің қоғамына, болмысына, тіршілігіне дән риза. Оны 
жалған дүниедей, қайта дәріптей жырлайды. Оған құштарлық 
танытады. Өмірден түңілу атымен жоқ.
Доспамбет жырау көбінесе бірінші жақтан сөйлейді, оның 
«мені» лирикалық кейіпкір емес, жыраудың өзі, сондықтан 
жырау өзі туралы айтады, өзін қалың жаудан қайтпайтын, 
нағыз қаһарман етіп сипаттайды:
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жолдап жүргей ме,
Қатарланып, қырланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!
Қабырғадан қараған
Достым менен дұспаным:
«Апырым, ер Доспамбет! – дегей ме
17
 ?

[
 
 219  
]
Осы  шумақтың кілең «қ» дыбысынан басталуы, көп сөз­
дің де «қ» дыбысымен үндесуі – автордың «қаһармандық, 
қаһарлық» күй­жайды беру үшін пайдаланған көркемдік тәсілі 
(аллитерация). Мұндай толғау мазмұны мен сарынына үндес 
дыбыстарды қатарлата пайдалану – жалпы ауыз әдебиетінің, 
әсіресе жыраулар поэзиясының кең тараған дәстүрі.
Доспамбет жырау шығармаларының ішінде біршама ғұмыр­
намалық сипаты бар, оның өмірінің кейбір кезеңдерінен хабар 
беретін толғауы ерекшеленіп тұратынын айтпасқа болмайды. 
Негізінде, бұл – жыраудың жарық дүниемен қоштасу жыры. 
Өзінің рухы мен көңіл­күйі жағынан бұл толғау басқа жы­
раулардың туындыларынан өзгеше. Әдеттегі қоштасу жыр ла­
рында ұшырасатын сентиментальдық әрі қайшылық сезім де 
кездеспейді. Бұл толғауда жыраудың өмірі мен тағдыр­талайы 
жинақы да шымыр баяндалған. Құрылысы жағынан толғау 
даралықтан жалпылыққа қарай баспалдақтап өріледі: әуелі 
автор өзіне сипаттама береді, қалай жараланғанын әңгімелейді, 
содан соң әйелі мен балаларын мінездеп суреттейді, ең соңында 
туып­өскен жерімен, отанымен қоштасады. Осының бәрі көркем 
тілмен, әр алуан поэтикалық тәсілдерді, параллелизмдерді 
пайдалану арқылы айтылып, жыраудың ақындық таланты 
мен импровизаторлық қуатын танытады. Толғаудағы жайттар­
ды жырау біресе еске түсіру түрінде, біресе орындалмай 
қалған армандар мен істерді санамалау формасында баян етеді. 
Ойындағы көп арманның жүзеге аспағанына Доспамбет еш 
өкінбейді, себебі оған тіршілігінің өзі арман­аңсардың іске 
асқаны болып көрінеді.
Доспамбет шығармаларының тағы бір ерекшелігі – тарихи 
тұлғалардың арнайы аталып, олар туралы дерек беруі. Ай­
талық, Мамай, Қосай, Есақай, Кетбұға, Әл­Ғұсман паша, 
Досай, Әли. Осылардың ішінде жырау айрықша бағалағанда­
ры – Кетбұға мен Мамай. Ал, Қосай, Есақай – автордың екі ұлы, 
оларға батыр жырау үлкен үміт артады. Жалпы, Доспамбет 
поэзиясы жауынгерлік және тарихилық сипатымен басқа 
жыраулар туындыларынан ерекшеленіп тұрады.
Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілі – 
Жиембет Бортоғашұлы. Ол XVI ғасырдың 70­75 жылдары өте 
ірі феодалдардың ортасында дүниеге келген. Оның аталары 

[
  220  
]
Кі ші жүздегі Он екі ата Байұлына кіретін Тана руының көсем­
дері болған. Жиембеттің өзі де сол кездегі қазақ ханы Есімнің 
өкілі ретінде бүкіл Кіші жүзді билеген. Өзі би, батыр Жиембет 
мемлекет тіршілігінде үлкен роль атқарған және ханға да зор 
ықпал етіп отырған. Аса беделді билердің қатарында Есім 
ханды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызу рәсіміне қатынасқан. 
Жиембет қазақ пен жоңғарлықтардың қақтығыстарында, 
әсіресе 1620 жылғы шайқаста, сондай­ақ 1627 жылы Ташкент 
шаһарының билеушісі Қатаған Тұрсынның бүліншілігін басуда 
айрықша қызмет етіп, көзге түскен. Зор даңққа және беделге 
ие болған Жиембет өзіне қараған Кіші жүзді жеке мемлекет 
етуге тырысады. Оның мұндай сепаратистік ниетін сезген Есім 
хан Жиембетті ойраттар тұратын жаққа жер аударып жібереді. 
Айдаудан 1645 жылы Есім хан қайтыс болған соң оралып, көп 
ұзамай дүниеден өтеді.
Жиембет жыраудың мұрасынан бізге әзірше белгілері – 
ханға арнап айтқан үш толғауы және жыраудың айдаудағы 
хал­жағдайын баян ететін екі лирикалық өлеңі. Алайда, осы 
аз дүниенің өзі­ақ Жиембеттің айтулы жырау болғанын, сөздің 
де, істің де парқын білетін қайраткер, биік парасатты, дана, 
даналыққа жеткен абыз екенін толық дәлелдейді.
Жиембеттің Есім ханға арнап айтқан толғауларында оның 
нағыз классик жырау екені көрінеді: ханмен бірге мемлекеттің 
күшеюіне көп күш салған би, ханның кеңесшісі әрі хандықтың 
идеологі бола білген Жиембет бірте­бірте ханға қарсылық 
білдіріп, оппозицияға көшеді, сөйтіп, қуғынға түседі.
Оның қуғынға ұшырауының себебі, сөз жоқ, бидің се­
паратистік ниеті. Алайда, жыраудың толғауында бұл себеп 
басқа болып көрінеді: Жиембеттің інісі Жолымбет жол торып 
жүріп, қалмақ елінен Есім ханға келе жатқан алым мен сый­
сияпатты қолға түсіріп, алып кетеді. Сол үшін хан Кіші жүзге 
«Жолымбеттің басын беріңдер!» – деп бұйырады. Бірақ, Он 
екі ата Байұлы ханға басу айтқалы Жиембетті бас етіп, аяққа 
жығыла барады. Хан көнбейді, керісінше, Жолымбеттің ісін 
сылтау етіп, Жиембеттің өзін қуғындайды.
Бізге жеткен Жиембеттің шығармаларында екі кезең, 
екі кейіпкер, екі процесс қатар көрініп отырады. Бірінші ке­

[
 
 221  
]
зең – Жиембеттің хан ордасындағы дәуірі де, екінші кезең – 
жыраудың айдаудағы шағы. Екі кейіпкердің бірі – жыраудың 
өзі, екіншісі – Есім хан. Бірінші процесс – ханның Жиембетпен 
санасып, онымен жақсы тұстағы жағдайы, ал екінші процесс – 
Жиембет сарайдан аласталғаннан кейінгі ханның жай­күйі. 
Осындай қарама­қарсы қою арқылы Жиембет өзін және Есім 
ханды бұрын, яғни екеуі араз болмай тұрғанда, қандай еді, 
енді қалай болды деп суреттеуге тырысқан. Әрине, жырау 
өзін асқақтата, ал қарсыласын тұқырта бейнелейді. «Бұрын 
сен кім едің?» – деп жырау Есім ханға өткен дәуірді, елге жау 
шапқанда нендей халде болғанын есіне түсіреді:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, 
Соқыр бурыл байталға 
Сонда бір жайдақ мінгенсің
18
 ... 
Ал бұрын мен кім едім? 
деп жырау өзінің хан сарайындағы жағдайын былайша баян­
дайды:
Еңсегей бойлы ер Есім, 
Есім, сені есірткен 
Есіл де менің кеңесім! 
Ес білгеннен, Есім хан, 
Қолыңа болдым сүйесін, 
Қолтығыңа болдым демесін... 
...Менім ер екемді көргенсің, 
Әуелден бірге жүргенсің, 
Дегенімді қылғансың, 
Қайратымды білгенсің.
Жиембет жырау хан алдында бас имейді, өктем сөйлейді, 
өзінің кім екенін, өзі кетсе, ханның «ит түрткі көретінін», 
«Жием бет қайда?» – деп сұраған елге жауап бере алмай, мас­
қара болатынын айтады. Қыза­қыза келе Жиембет кешегі 
әміршісіне айбат шегіп, айбар көрсетеді. Осы тұста Жием бет 
өзінің батыр бейнесін сомдайды, «менің ерлігімді сұрасаң, 
жолбарыс пенен аюдай, өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау 

[
  222  
]
тайыңдай, зорлығымды сұрасаң, бекіре менен жайындай, 
беріктігімді сұрасаң, қарағай менен қайыңдай», – деп өзін 
жан­жақты мінездейді.
Есім ханға бас ұрмайтынын білдіріп: «Тасқан екен мына хан, 
сенсіз де күнімді көрермін», – деп ашу шақырып, ат құйрығын 
кесіскен Жиембет жырау айдауда жүріп те қайсарлық көр­
сетеді:
Керегеге ілінген 
Шабылмаған семсер тұр. 
Жаудан алмай кегімді 
Есіл де өмір өткен құр!
20 

деп, жырау айдаудағы амалсыздыққа налиды, бірақ өзінің 
жолынан, ниетінен айнымайды, өрмінез қалпында кала ды.
XVIІ­XVIІІ ғасырдағы қазақ поэзиясын тағы бір биікке 
көтеріп, жыраулық дәстүрді ары қарай дамыта түскен үлкен 
талант иесі Ақтамберді Сарыұлы болды. Ол 1675 жылы 
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан әйгілі Қаратаудың 
қойнауында, ауқатты феодалдар үйінде туған. Ата­анасынан 
ерте айырылған ол жамағайын туысы Бердіке деген батырдың 
қолында өседі. Бердіке болашақ жырауды жастайынан соғыс 
өнеріне баулып, оның мінез­құлқына ерлік, қайсарлық қасиет 
дарытады. Ақындық таланты ерте білінген Ақтамберді 10­
11 жасында­ақ өлең шығара бастайды, ал 17­ге толғаннан 
соң қазақтардың Моғолстанға, Жоңғарияға жасаған жо­
рықтарына қатысып, ұрыстарда қаһармандық көрсетіп жү­
реді. «Ақтабан шұбырынды» уағында Ақтамберді атақты 
батыр, әрі жырау, Орта жүзге қарайтын руларды басқарушы 
ретінде көрінеді. Батыр жырау қазақтардың жоңғарлықтарға 
қарсы күресін ұйымдастырғандардың бірі болады, өзі қазақ 
жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті 
күйрегеннен кейін Ақтамберді өзінің зор беделі мен жыраулық 
сөзі арқасында елді соңына ертіп, жаудан азат етілген 
атамекенге орнықтыруда орасан еңбек етеді. Өзі солармен бірге 
Қазақстанның шығысына көшіп келеді. Ақтамберді жырау 
93 жасында, яғни 1768 жылы қайтыс болады. Оның күмбезі 

[
 
 223  
]
Шыңғыстаудың «Құндызды» деген жерінде, «Жүрекжота» деп 
аталатын төбенің басында.
Ақтамберді жыраудың әзірше бізге мәлім 26 шығармасы 
бар, олар тақырыбы жағынан үш топ құрайды да, осы үш 
топ жырау өмірінің үш кезеңін бейнелеп, содан хабар береді: 
жастық шағы, кемеліне келіп, даңққа бөленген кезі және 
қартайған уақыты. Осыдан болу керек, Ақтамберді поэ зия­
сында қаһармандық пен лирикаға тән нәзіктік, қатал шындық 
пен сағым қиял қатар өріліп, аралас жүреді.
Бірінші топқа жататын шығармалар Ақтамбердінің жас 
кезінде, жетімдік көріп, көңілі жүдеп жүрген шақта туған 
болу керек. Ол өлеңдері мен толғауларында тағдырға налу, 
жал ғыздық пен кедейшіліктен тарығу, өзінің нашарлығына 
қорлану, өкіну­өксу бар. Автордың өзі де оның лирикалық 
кейіпкері де жалғызілікті, қорғансыз, барлық жерде өзінің 
әлсіздігін сезеді, зорлық­зомбылық көреді. Ол осындай халін 
уайымдайды, бірақ келешектен үмітін үзбейді. Жылдамырақ 
есейгісі, елдің қатарына қосылып, дұшпандарынан кек алғысы 
келеді, соны армандайды.
Дұшпаннан көрген қорлығым 
Сары су болды жүрекке, 
Он жетіде құрсанып, 
Қылыш ілдім білекке, 
Жауға қарай аттандым 
Жеткіз деп, Құдай, тілекке
21
.
Міне, бұл – Ақтамбердінің кәмелетке жетіп, өзін­өзі қорғай 
алатын шаққа келгендегі көңіл­күйі, арманына жеткен сәті. 
Осыдан бастап Ақтамбердінің тасы өрге домалап, ол атақ­
даңққа ие болады.
Ақтамберді өмірінің көбін жорықта, ат үстінде, жортуылда 
өткізген. Ол өз маңайы ғана емес, алыстағы шет елдерге де сапар 
шеккен, оларға шабуыл жасаған жасақтардың ішінде болған. 
Ең бастысы және Ақтамберді үшін ең қиыны сол – қазақтардың 
жаудан басым түсіп, тізесін бүктіргенін ғана емес, ойраттардан 
ойсырай жеңілгенін көзімен көріп, басынан өткерген, өз 

[
  224  
]
ағайындарының ерлігімен бірге сужүрек қорқақтығының да 
куәсі болған...
Қалай болғанда да Ақтамберді қорықпай­үрікпей, қалың 
шайқастың ортасында болып, қазақ қолын жеке қаһар­
мандығымен де, жалынды жырымен де жігерлендіріп, қайрат­
тандырған, оларды ерлікке шақырған, жасақтардың жеңіске 
деген, өз күшіне деген сенімдерін арттырған, оларды жауға 
тойтарыс беруге жұмылдырған:
Балпаң, балпаң кім баспас, 
Басарға балтыр шыдамас. 
Батырмын деп кім айтпас, 
Барарға жүрек шыдамас.
Жалтара шапсаң, жау қашпас, 
Жауды аяған бет таппас. 
Уа, жігіттер, жандарың 
Жаудан аяй көрмеңіз, 
Ғазырейіл тура келмей жан алмас!
22
Қасындағы жасақшыларға арналып айтылған осы шу мақ­
та Ақтамберді шайқасқа кірер алдындағы жігіттерді қай­
раттандыру үшін «батыр­жау» деген оппозициялық ұғым­
аллитерация әдісін пайдаланып, алғашқы төрт жолды «б» 
дыбысынан бастап, «батырлық» деген не, «батыр» қандай 
болады деп айтса, шумақтың екінші жартысындағы бес жолдың 
үшеуін «ж» дыбысымен бастап «жау», «жасқаншақ», «жаман» 
деген ұғымдарды беріп тұр. Міне, жорықта айтылатын жырау 
толғаулары осы іспеттес болып келеді.
Осындай ерлік пен табандылықты жырлайтын толғаулар 
Ақтамберді шығармаларының екінші тобын құрайды. Қарсы 
топтағы өлеңдерде Ақтамберді жыраудың арман­аңсары, 
дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы айқын көрінеді. 
Оның лирикалық кейіпкері көп нәрсені армандайды. Бірде 
ол «омырауы есіктей, ойында еті бесіктей, табаны жалпақ 
Тар 
ланды мініп», «аңдысып жүрген дұшпанын айттырса 
бермес сұлуын тегін олжа қылуды» армандаса, енді бірде елде 
тыныштық орнап, жұрттың көңілі өсіп, бейбіт өмір сүруді, 
алқалы жиын өткізіп, билермен кеңес құруды арман етеді. Осы 

[
 
 225  
]
тектес армандар тізбегінен тұратын «Күлдір­күлдір кісінетіп» 
деп аталатын толғаудың орны ерекше, мұнда Ақтамберді 
жауынгер жырау ғана емес, Асан тәрізді ел қамын жеген, 
халықтың халін жақсартуды көксеген абыз жырау деңгейіне 
көтерілген. Егер Асан Қайғы елге құтты қоныс іздеп, жер 
шарласа, Ақтамберді ондай Жерұйықты өзінің поэзиясында 
бейнелеп, ырысқа кенелген, бақытты елдің утопиялық өмірін 
арман арқылы суреттейді. Ол «құрап, жанды көп жиып, 
өз алдына ел қылуды» армандап, сол елдің бақытты, рахат 
тіршілігін мынадай күйде көреді:
Асқар бір тауды жайласам,
Желілеп бие байласам,
Күнде жиын, күнде той,
Қыз-бозбала ойнатсам.
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам.
Құлым бір ұлдай киінсе, 
Көркемін көрген сүйінсе, 
Атымтай Жомарт секілді 
Атағым жұртқа білінсе! 
Өзім бір бөлек жайласам, 
Жігіттен нөкер сайласам, 
Ойпаң жерге он отау, 
Қыраң жерге қырық шатыр, 
Қонағымды жайғасам! 
Пышақтан малым кетпесе, 
Қазаным оттан түспесе, 
Ауылдан топыр үзілмей, 
Ошақтың оты өшпесе. 
Май жемесе қонағым, 
Қан жемесе барағым, 
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым
23
.
Бұл толғауда Ақтамберді бірінші жақтан сөйлегенмен, 
жеке өз басының емес, ел арманын, жұрттың көкейіндегі ойын 
«мен» арқылы жалпылық мәнде айтып тұр. Сөйтіп, жыраудың 
15­279

[
  226  
]
өзі емес, оның лирикалық геройы «мен» деп тұр. Бұл – кәдімгі 
реалистік әдебиетке тән әдіс екені белгілі. Абайдың «Болыс 
болдым, мінеки!» – деп, бірінші жақтан сөйлейтін лирикалық 
кейіпкері сияқты, Ақтамбердінің бұл толғауындағы «мен» – 
автордан белектенген кейіпкер, ал оның арманы – автордың 
идеалы.
Аталған толғауында Ақтамберді утопиялық өмірді армандау 
арқылы сол замандағы қазақ тіршілігінің, тұрмыс­салтының 
әр саласын бейнелеген. Айталық, жорық пен жортуыл, жауға 
мінер тарлан ат, ұрысқа киер ақ сауыт, сауытты соғатын 
зергер, жаудан қыз олжалау, кек қайыру – бұл жаугершілік 
көріністері болса, бейбіт өмірдегі жайлауға қону, өзенді 
жайлау, үй тігіп, бие байлау, той­жиын өткізу, билер кеңесін 
құру, қонақ күту, балуан күрестіру, аң аулау, мергендік қылу 
сияқты алуан түрлі тіршілік көрсетілген. Бұл – Ақтамбердінің 
жыраулық поэзияны байытқан тағы бір тәсілі.
Ақтамберді, жауынгер жырау бола тұра, жыраулық поэ­
зияға тұңғыш рет қыздың келбет­көркін және аттың сынын 
сипаттауды енгізген. Оның суреттеуіндегі қыз «бұлттан 
шыққан ай бетті, мұнардан шыққан күн бетті, маңдайы ап­
пақ, қастары қиылған, шаштары төгілген» болып келеді. 
Ал аттың сыны мынадай: ор қояндай қабақты, қиған қамыс 
құлақты, сары мысықтай азулы, сапты аяқтай ерінді, қидасын 
кәрі жілікті, омырауы есіктей, ойынды еті бесіктей, табаны 
жалпақ...
Ақтамберді тоқсан үш жыл жасаған. Оның біраз өлең­
толғаулары егде тартқан тұста дүниеге келген сияқты. Мұнда 
абыздыққа жеткен жыраудың дидактикалық және афористік 
ойлары өмірдің қызығы мен шыжығын, тағдырдың талай 
тауқыметін көрген, арқалы сөздің құдіретіне көзі жеткен 
Ақтамберді өзінің асқаралы ғұмырының биігінен тіршілікке 
көз тастайды, өмірдегі жақсы мен жаман туралы, достық 
пен қастық, адал жар мен азамат жөнінде, парасатты адам 
мен аяр кісі жайында сөз қозғайды. Сол себепті оның кейбір 
сөздері шешендік афоризм тәрізді, болмыстағы құбылыстарды 
салыстыра бағалап, констатация жасайды. Мысалы, «кәрі 
ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан», «қыздың көркі – 
құлпыда, жігіттің көркі – жылқыда», «түйе мойынын тұз 

[
 
 227  
]
кесер, жігіт мойынын қыз кесер, жомарт қолын жоқ кесер», 
т.б. Осы үшінші топтағы толғаулар Ақтамбердіні ақылгөй, 
дана қарт етіп көрсетеді. Бұл шығармалар жыраулар дәстүріне 
сай ғақлиялық, әрі болмыс құбылыстарын жиынтықтап, 
оларды бірде салыстыра, бірде қарсы қоя отырып, сөз етіп 
отырған мәселесін түйіндеп айтады. Оларда жеке адамның 
мінез­құлқына, іс­әрекетіне байланысты да, сондай­ақ бүкіл 
қауымның, халықтың тіршілігіне, этика­моральдық мәсе­
лесіне қатысты да ойлар қозғалып, адам белгілі бір жағдайда 
өзін қалай ұстауы керек, достық пен дұшпандыққа, әйеліне, 
маңайындағы жандар мен ағайын­туыстарға қалай қарауы 
қажет деген сияқты ақыл­кеңес беріледі. Осы өлең­жырларын­
да Ақтамберді өз дәуірі үшін өзекті деген проблемаларды 
көтерген. Бірақ оның ерекшелігі – мемлекеттік идеологияға 
қызмет етпегені. Ол өз поэзиясын адамның сезімін ашуға, 
кісінің тіршілігін көрсеткен, оны қауым, ел үшін күреске 
шақыруға пайдаланған, сол арқылы әдебиетті қоғамға қызмет 
еткізген.
Ақтамбердінің өзіне дейінгі жыраулардан өзгешелігі осын­
да. Алайда, сол замандағы өте маңызды тақырыпты жырлау­
да, яғни қазақтардың тәуелсіздік үшін жоңғарлармен соғы­
суы қажеттігін толғауда Ақтамберді толығымен жыраулық 
үрдістен көрінеді.
Қазақ хандығы заманында жасаған жыраулардың ішінен 
әдеби мұрасы өте аз көлемде жеткен ірі дарынның бірі – Тәті-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет