Қасқабасов С. Таңдамалы


Сілтемелер мен ескертпелер



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата19.01.2017
өлшемі1,43 Mb.
#2189
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сілтемелер мен ескертпелер
1. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса. Бес тарих. 2­басы­
луы. – А., 1992. – 111­бет.
2. Мұхтар ӘуезовӘдебиет тарихы. 2­басылуы. – А., 1991. – 
200­бет.
3. Бес ғасыр жырлайды. Т.1. – А., 1984. – 25­бет.
4. Сонда, 25­бет.
5. Сонда, 28­бет.
6. ХV­ХVШ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. – А., 1982. – 21­
бет.
7. Мұхтар МағауинҒасырлар бедері. – А., 1991. – 17­бет.
8. Бес ғасыр жырлайды. Т.1. – А., 1984. – 32­бет.
9. Сонда.
10. Сонда, 31­бет.
11. Сонда, 32­33­беттер 
12. Сонда, 41­42­беттер
13. Сонда, 41­бет. 
14. Сонда, 48­бет 
16­279

[
  242  
]
15. Сонда, 49­бет. 
16. Сонда, 47­бет. 
17. Сонда, 35­бет. 
18. Сонда, 60­бет.
19. Сонда, 59­60­беттер
20. Сонда, 61­бет.
21. Сонда, 67­бет.
22. Сонда, 69­бет.
23. Сонда, 71­бет. 
24. Қараңыз: Мұхтар Мағауин. Ғасырлар бедері. – А., 1991. – 
73­бет. 
25. Бес ғасыр жырлайды. Т. 1. – А., 1984. – 80­бет.
26. Мұхтар Мағауин. Ғасырлар бедері. – А.,1991. – 75­бет
27.Бес ғасыр жырлайды. Т. 1. – 85­бет. 
28. Бес ғасыр жырлайды. Т. 1. – 99­бет.
29. Сонда, 102­бет.
30. Сонда, 118­бет.
31. Сонда, 104­бет.

[
 
 243  
]
АБАЙ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР 
Беташар
Күллі адамзат мәдениетіне, әлемдік әдебиетке айтарлық­
тай үлес қосқан, абайтану ғылымының негізін салған, ұлты­
мыз дың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов өзінің 
Абай туралы монографиясында: «Дана ақынның өз халқынан 
және жалпы адам баласының өнер­ой байлығынан алған үш 
үлкен салалы түп төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі – қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан 
жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет 
қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз 
өлеңін көп көркейтті»
1
, – деп жазған еді.
Мұқаңның осы ойы, өкінішке қарай, қазақ әдебиеті туралы 
ғылымда, абайтануда арнайы зерттелмей қалды, жан­жақты 
қарастырылмады, ары қарай жалғасын таппады.
Абай шығармашылығын зерттеген оқымыстылар мен 
әдебиет тарихшылары бұл мәселеге қатысты тек жалпылама 
түрде айтып, нақты талдау жасамай келеді. Мысалы, Абай 
поэмаларын алайық. Олардың сюжеттік түп төркінін, негізін 
айқындау ісі де сол Мұқаң кезінен алға жылжыған жоқ. 
Көп жағдайда осыдан жарты ғасыр бұрын айтылған ой­
пікірлерді қайталау орын алып жүр. Ол замандағы жағдай мен 
ғылымның деңгейі басқа болды. Қазіргі шақта Абайдың халық 
мәдениетіне, философиясына, этнографиясына қатысы, оның 
ұлттық фольклорымыз бен Шығыс сюжеттерін пайдалануы 
жайында зерттеу жүргізу мүмкіндігі туып отыр. Ғылымда 
тоқтау болмайды, ізденістер үнемі жүріп жатады. Осы процесте 
алуан түрлі ойлар айтылуы мүмкін, олардың арасында қате 
айтылғандары да болуы ықтимал. Соңғы уақытта Абайды жеке 
бір ақынның шәкірті, бір аймақтың ғана ақындық мектебінен 
нәр алған деген сөздер де айтылып жүр. Бұл пікірдің теріс 
екенін айтпасқа болмайды. Абай бүкіл қазақ фольклорын, өзіне 
дейінгі ақын­жыраулар поэзиясын толық меңгерген, қорытқан, 
сөйтіп қазақ әдебиетін жаңа сапаға көтерген, сондықтан оны 
бір ақынға ғана теліп қою жөн емес. Бұл – мәселенің бір ғана 
жағы. Сонымен катар Абай тек ұлт фольклорын емес, күллі 
әлем, әсіресе шығыс халықтары фольклоры мен классикалық 

[
  244  
]
әдебиетін «игерген, әрі оны өз шығармашылығына пайда­
ланған. Ол Еуропа мен Ресей халықтарының мәдениетін, әде­
биетін, ғылымын меңгергенімен, олардың сюжеттерін өз шы­
ғармаларына арқау етпеген, тек қара сөзінде кейбіреулерін 
мысалға келтіріп, ара­арасында талдап отырған. Неге? 
Мұның басты себебі – қазақ пен шығыс елдерінің ежелден 
жақындығы, рухани туыстығы, тұрмыс ұқсастығы. Олардың 
фольклорындағы ежелден келе жатқан ортақ сюжеттер мен 
дастандарды, қиссалар мен жырларды, ертегілерді Абай өз 
өлеңдері мен поэмаларына негіз етіп алған. Ал орыс пен Еуропа 
елдерінің тұрмысы мен мәдениеті қазақ жұртына жат еді, 
олардың әдебиеті де түсініксіз болатын. Осыны ескерген Абай 
орыс әдебиетін аударғанымен, сюжеттерін пайдаланбаған. 
Оның бұл бағыттағы мақсаты: өзгеріп жатқ ан өмірге лайық 
жаңа ой, соны идея іздеу, сөйтіп қоғамдық пікірді байыту, оны 
дамыту және өзгеше өлең өрнектерін табу, қазақ әдебиетіне 
тың тақырып енгізу, ұлттық мәдениетке жаңа сарын қосу, т.т. 
болатын. Ұлы ақын бұл мақсатына жетті.
Ол қазақ өміріне, оның рухани дүниесіне сын көзбен 
қарап, олардың заман ағымына сай емес екенін анықтады, 
жаңа ізгіліктерге ұмтылу қажеттігін айтып, оларды халық­
қа айқындап берді. Бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың шығар­
машылығы, ой­пікірлері ренессанстық сипатта болады, ол 
Адамды, оның рухани азаттығын, білімділігін барлық мә се­
леден биік қойды, қоғамдағы адам роліне айрықша мән берді. 
Сөйтіп, толымды адам туралы өз концепциясын ұсынды, 
өмірдегі барлық проблеманың кілті Адам деп тапты, яғни 
гуманистік пайымды өз философиясының негізі етіп алды. 
Әдебиетті де осы тұрғыдан бағалады, оны бұрынғы жы­
раулардан келе жатқан мемлекеттік қызметтен азат етіп, 
адамның ішкі дүниесіне, тіршілік­түсінігіне, көңіл күйіне 
бұрды, оның бейнелік әрі көркемдік сапасына ерекше мән беріп, 
әдебиеттің эстетикалық мән­маңызын арттырды. Осы шартты 
данышпан ақынның фольклорға деген көзқарасынан да, оны 
пайдалану принципінен де көруге болады. Фольклорлық мате­
риалды көркемдеп баяндағанда да, саралап талдағанда да 
темірқазық етіп ұстаған басты идеясы Адам болды. Ал Адамды 
жетілдіретін бірден­бір нәрсе ғылым мен еңбек деп, кемеңгер 

[
 
 245  
]
ақын өзінің гуманистік, ағартушылық жөне демократиялық 
дүниетанымын жария етті.
Абай өлеңдеріндегі фольклорлық
 жанрлар мен поэзиялық көріністер
Абайдың фольклорлық дүниемен танысуы өте ерте баста­
лып, ақын оны барынша терең игерген. Мұның мәнісі, 
біріншіден, ақынның қазақ ертегі­аңыздарын, мақал­мәтел­
дері мен жұмбақтарын, өлең­жырларын бала кезден естіп, 
бойына сіңіріп өскендігінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр 
ортасында болғандығында. Екіншіден, сол кезде әр түрлі 
мақсат­себептермен жарық көрген фольклорлық жинақтарда 
жарияланған ауыз әдебиеті үлгілерін оқыды, оларға айтар­
лықтай көңіл аударып отырды. Үшіншіден, араб, парсы, түркі 
тілдерінде жазылған шығыс әдебиеті классиктерінің шы­
ғармалары мен алуан түрлі қисса­хикаяттарға, дастандар мен 
тәмсіл­мысалдарға ден қойды. Олардың дені фольклорлық 
екені аян. Төртіншіден, орыс тілінде жарияланған орыс және 
Еуропа халықтарының классикалық әдебиетімен қатар, 
олардың фольклорлық үлгілерімен де жақсы таныс болды, 
тіпті олардың кейбіреулерін қазақшаға аударды. Бесін­
шіден, Абай өз бетінше орысша білім алып, ғылымның пай­
далы екенін түсінгендігінің арқасында ел ішінен қолөнер 
бұйымдарын жинастырып, Семей музейіне тапсырып отырды, 
маңайындағы ақын­жыршыларға халық арасына кең тараған 
жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктеп, 
міндеттеп жүрді. Міне, осының бәрі ұлы ақынның фольклорға 
деген көзқарасын қалыптастырғаны күмәнсіз және оның 
фольклористік еңбегін мінездейтіні де даусыз.
Абайдың фольклорға, ауыз әдебиетіне қатынасы бірнеше 
тараптан байқалады. Ең біріншісі – қазақтың төл халық поэ­
зиясының бүкіл поэтикасы мен сюжеттік элементтерін асқан 
шеберлікпен пайдалануы. Екіншісі – қазақтан басқа елдің 
де фольклорлық сюжетін өз шығармаларына арқау етуі. 
Үшіншісі – қазақ халқының кейбір мақал­мәтелдері мен на­
қыл сөздерінің мән­мағынасын ашуы. Абайдың ұлы ақын 
болуы алдымен оның туа біткен дарынына байланысты болса, 
содан соң өскен ортасына, бала кезден алған тәрбиесі мен оқып­

[
  246  
]
тоқығанына байланысты. Бұл ретте, ол көпті көрген дана әжесі 
Зере мен ақындық, өнерпаздық дарыған шешесі Ұлжанның 
кестелі сөздерін құлағына құйып, шаршы топта жаңылмай 
сөйлейтін әкесі Құнанбай мен басқа да рубасылардың билік 
сөздеріне ден қойып өсті. Соның нәтижесінде Абай он жасынан 
бастап өлең шығарды, әзіл­оспаққа, қолма­қол өлең шығаруға 
төселді. Демек, медресеге дейін­ақ Абай халық тілі мен ауыз 
әдебиетін меңгеріп алған деуге болады, бірақ, әрине, ол бүкіл 
фольклорды әлі толық игеріп үлгермеген еді: алда қазақтың 
төл әдебиетімен бірге шығыс поэзиясы, орыс және Еуропа 
мәдениеті бар болатын. Сонымен ауылда еркін өсіп, халық 
поэзиясынан мол сусындаған Абай он екі жасында қала мед­
ресесіне түсіп, мұсылман дінінің қағидаларымен қатар жырақ 
елдердің көркем дүниесіне енеді, философияға толы ғақлия, 
дидактика әлемін шарлайды.
Аса дарынды болған Абайға медресенің оқу бағдарламасын 
меңгеру еш қиындыққа соқпайды. Оқылатын дәріс, ис 
лам 
кітаптары мен хикаяттары оның көп уақытын да алмайды. 
«Сондықтан барлық артылған уақытты Абай өз бетімен өзі 
сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. 
Өз бетімен оқитындары – шығыс ақындары. Одан соң – араб, 
иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, 
қис са сияқты әдебиет мұралары»
2
.
Аз да болса қалада оқуы жас Абайдың ерте есеюіне, көп 
нәрсені көңіліне түюіне, дүние­танымын кеңейтуге зор әсер 
етеді. Ауылға ол балалықпен қоштасып қайтады. Ұлы ақынның 
тұңғыш биографы Кәкітай Ысқақұлының сөзімен айтсақ: 
«Жиырма жасында Абай халық орта сында маңдай басы шешен 
болады. Халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі білікті 
билердің қиын іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. 
Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі мақалдарды, неше түрлі 
қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелердің бірін 
ұмытпай біліп алған»
3
. Міне, осындай молынан меңгерілген 
рухани мұра Абайдың болашақ туындыларында, бүкіл 
шығармашылығында көрініс таппай қалған жоқ. Осы тұста 
бірінші кезекте айтылатын нәрсе – халық тілі, оның лексика­
лық байлығы, алуан түрлі идиомалық тіркестер, бір қалыпқа 
түскен, дәстүрге айналған формулалар мен нақыл сөздер, 
мақал­мәтелдер, афоризмдер. Бұл, әсіресе, ақынның алғашқы 

[
 
 247  
]
өлеңдерінде көбірек кездеседі. Мысалы, жырау толғауларының 
үлгісінде жазылған «Сап, сап, көңілім, сап көңілім» өлеңінде 
«не күн туды басыңа», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру 
да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп», «қатыны мен 
қалашын», «қарсақ жортпас қара адыр» деген тіркестер – 
халықтың ежелден келе жатқан образдық сөздері, фольклор 
үлгілері мен жыраулардың, ақындардың шығармаларында 
ескі заманнан қолданылып келген сөйлемдер. Сондай­ақ мына 
тұрақты тіркестер мен нақыл сөздерді де көрсетуге болады: 
«аузымен орақ орған», «талапты ерге нұр жауар», «мал­жан 
аман ба?», «аума­төкпе заман», «қайта келер есікті катты 
серіппе», «айдаһардай ысқырып», «алты бақан ала ауыз», 
«садаға кеткір», т.б.
Шынын айту ерек, мұндай қалыпқа түсіп, ел арасында 
жаттанды болған сөздер мен тіркестер Абай поэзиясында ете 
аз. Рас, Абайдың кейбір шығармаларында ауыз әдебиетіне, 
әсіресе жыраулық поэзияға тән формулалық және біреуге 
қарата сөз айту кездеседі, адамды фольклор (кейде дастан) 
үлгісінде сипаттау және халық поэзиясының басқа да әдіс­
тері ұшырасады. Айталық, «Қақтаған ақ күмістей кең маң­
дайлыда» халық әдебиетінде ежелден қолданылып келген 
адамның пішінін суреттеу тәсілін көруге болады:
Жіңішке қара қасы сызып қойған, 
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, алқызыл бет, тіл байлайды.
...................................................................
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік, 
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
...................................................................
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
...................................................................
Қолаң қара шашы бар жібек талды.
Кісіні осылайша кейіптеу мен мінездеу тәсілі Абайдың 
білектей арқасында өрген бұрым», «Көзімнің қарасы», «Ос­
панға» өлеңдерінде де байқалады. Әрине, данышпан Абай 
мұнда фольклорлық тәсілге еліктемейді, керісінше, оны ба­

[
  248  
]
рынша жанды, сөлді, мәнді етіп пайдаланады, соның ар­
қасында халық поэзиясындағы «ай десе аузы бар, күн десе көзі 
бар» немесе «Бұқар барсаң қолаң бар, қолаң көр де – шашым 
көр, наурызда жауған қарды көр, қарды көр де – етім көр, 
қарға тамған қанды көр, қанды көр де – бетім көр» сияқты 
жалпылама суреттерді нақтылап, жалпы сұлу қыздың емес, бір 
ғана қыздың портретін жасайды, сол сұлуда ғана бар белгілерді 
сипаттайды. Осы ретте оның өз бойына ана сүтімен енген 
елге белгілі сөздер мен тіркестерді, образдар мен түсініктерді 
пайдалануы еш таңданарлық нәрсе емес екенін айту керек.
Абайдың ұлттық фольклормен байланысы тек тіл 
материалынан ғана емес, әр сипатта көрінеді. Мәселен, ол 
халық өлеңінің 11 буындық, 7­8 буындық үлгілерін кең 
қолданған, халық поэзиясына тән ұйқастың түрлерін де пай­
даланған. Сонымен қатар Абай шығармашылығынан фольк­
лорлық жанрларды (арнау, толғау, жоқтау, жұбату, мақал), 
тақырыпты (бақытсыз ғашықтар, жастық пен кәрілік, жақсы 
адам – жаман адам, жақсы әйел – жаман әйел), сюжет пен 
көркемдеу құралдарын да кездестіруге болады. «Сондай қыз­
ғылықты өрнектің бірі ұлы ақынның өлеңдеріндегі кездесетін 
ырғақ, дыбыс қуалау – аллитерация, ассонанстардан да 
аңғарылады. Ертедегі түркі тілдес өлеңдерде мұндай құбылыс 
кездесетін»
4
, – деп Р. Бердібаев өте орынды айта ды. Сол тәсіл 
Абай туындыларында да дәстүр жалғастығы ретінде көрінеді.
Самородный сары алтын 
Саудасыз берсең алмайды 
Саудыраған жезіне. 
Саудырсыз сары қамқаны
Саудаға кеткір сұрайды 
Самарқанның бөзіне.
Немесе:
Жайнаған туың жығылмай, 
Жасқанып жаудан тығылмай, 
Жасаулы жаудан бұрылмай, 
Жаужүрек жомарт құбылмай, 
Жақсы өмірің бұзылмай, 
Жас қуатың тозылмай, 

[
 
 249  
]
Жалын жүрек суынбай, 
Жан біткеннен түңілмей, 
Жағалай жайлау дәулетің 
Жасыл шөбі қуармай, 
Жарқырап жатқан өзенің 
Жайдақ тартып суалмай, 
Жайдары жүзің жабылмай, 
Жайдақтап кашып сабылмай, 
Жан біткенге жалынбай, 
Жақсы өліпсің, япырмай!
Бұл өлең жолдарының басқы сөздерінің бір дыбыстан бас­
талуы – ежелгі поэзиядан келе жатқан дәстүр. Ол халық өлең­
дерінде де, жыраулар толғауларында да, Абайдың өзімен 
заман дас ақындар поэзиясында да мол. Абай бұл жерде ал­
литерацияны өлеңдегі идея мен тақырыпқа, өлеңнің сипаты 
мен мазмұнына қатысты етіп алып отыр. Мысалға келтірілген 
алғашқы өлеңде әңгіме сөзді түсінбейтін кісілер жайында 
және сөз негізгі объект болғандықтан әр жол «с» дыбысынан 
басталып отыр. Екінші шумақ – сүйікті інісі Оспанға арналған 
жоқтау, жылау. Осы мағынаға сәйкес әр тармақ «ж» дыбысымен 
басталып, «жоқтау», «жылау» сөздерімен үндес естіледі.
Ақын шығармаларында ежелден қанықты, орнықты, фор­
мулалы тіркестер де орын алған. Бұл, әсіресе, Абайдың қа­
мыққан тұста шығарған өлеңдері мен Әбдірахманға, Оспанға 
арнаған жоқтауларында байқалады. Мысалы: 
Патша құдай, сыйындым, 
Тура баста өзіңе. 
Жау жағадан алғанда, 
Жан көрінбес көзіме.
Немесе:
Я, Құдай, бере көр, 
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр 
Шошыған жүректі.
Абай інісі мен баласына шығарған жоқтауларында ежелден 
келе жатқан дәстүрді бұзбай, фольклорлық жоқтаудың заң­

[
  250  
]
дылықтарын сақтаған. Әсіресе, оның Оспанға шығарған үш 
жоқтауының екеуі, Әбдірахманға арнаған сегіз жоқтауы ның 
төртеуі фольклор поэтикасына негізделіп жазылған. Мы­
салы, «Әбдірахман өлгенде» деген жоқтаулары әдеттегі халық 
поэзиясындағы жоқтауға ұқсас: алдымен марқұмның арғы 
атасы жайлы, онан соң өзі туралы баяндай келіп, аяғында 
дәстүр бойынша жұбату сөзін де айтады:
Олар да тірі қалған жоқ, 
Тірлік арты өлмек-ті. 
Оны да алды бұл өлім, 
Сабырлық қылсақ керек-ті.
Фольклорлық жоқтаудың сипаты, әсіресе, «Баласы өлген 
анаға Абай шығарып берген жоқтауда» айқын сезіледі: 
Ата тегі мұндағы – 
Орта жүздің ұлығы. 
Ана тегі ондағы – 
Өзен судың тұнығы. 
Екі асылдан қосылған 
Сом алтынның сынығы. 
Өлгенше естен қалмайды 
Өзгеше біткен қылығы. 
Қызыл балақ қыранның 
Балапанын дерт алды. 
Жеміс ағаш бәйтерек 
Балдырғанын өрт алды. 
Артына белгі тастамай, 
Жал-құйрығын келте алды. 
Ағайынды тойғызбай, 
Аз күн қоймай, ерте алды...
Абайдың айтыс түрінде жазған өлеңдері де бар. Оның 
«Жі гіт сөзі» мен «Қыз сөзі» – осындай шығармалар. «Бұл 
өлеңдерде, – деп жазады Мұхтар Әуезов, – ішкі сырларын сәлем 
хатпен, делдал арқылы айтысып отырған жастар көрінеді... 
Бұл өлеңдердегі асықтар – қазақтың анық Абай тұсындағы 
ауыл жастары. Солардың ішінде құда мен құдаша, бозбала 

[
 
 251  
]
мен бикеш сәлемдемесі. Екеуі де жалын жеңістерін анық­ақ 
ынтық­ынтық сезіммен айтпақ болады. Сол көңіл талаптарына 
арналған нелер шебер теңеулерді ақын табады және тапқанда 
қазақ халқының өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы болмыстан, 
натурадан мысалдар алады»
5
.
Осы орайда арнайы айтатын нәрсе – Мұхтар Әуезовтің 
бұл өлеңдерде дәстүр белгісінің болуын қазақ болмысымен 
байланысты деп түсіндіруі. Жазушы­ғалымның бұл пікірі, 
біздің ойымызша, кеңірек мағынаға ие. Мұнда байқалаты­
ны – ұлы Абай фольклорлық поэтикаға көп жағдайда қазақтың 
өз топырағына байланысты жайттарды айтқанда көңіл 
бөледі, ал жалпы адамзатық немесе өзге жұрттардың өміріне 
қатысты мәселені сөз қылғанда, фольклорлық сюжетті ғана 
пайдаланады да, поэтика саласында өзіндік, соны, тың жолмен 
кетеді. Бірақ, бұдан Абай қазақ өміріне байланысты сюжеттерді 
өз шығармаларына арқау етпеген деген ұғым тумауы керек.
Абай поэмаларында фольклорлық 
сюжеттердің пайдаланылуы
Абай Құнанбаев өз туындысында қазақ фольклорында ер­
теден жырланып келген жорық пен ғашықтық тақырыбына 
қатысты екі сюжетті пайдаланған. Оның бірі – жас жігіт 
қосылғалы тұрған қалыңдығын ауылда қалдырып, өзі жо­
рыққа кетеді. Жаудан өледі. Ауылда күтіп отырған қыз сүйікті 
жігітінің опат болғанын естіп, өмірмен қоштасады. Екінші 
сюжет: қартайған хан күші мен билігін пайдаланып, бір сұлу 
қызды сарайына алдырады. Соны алмақ. Бірақ қыз кәрі шалға 
тигісі келмей, жартастан суға құлап өледі.
Бұл екі сюжет те дәстүрлі, ауыз әдебиетінде кең етек 
алған. Алайда, Абай екеуін де өзінше баяндаған. Алғашқы 
сю 
жет бұрын көбінесе қаһармандық эпоста жырланып, ба­
тырдың орасан ерлігі мен әйелінің (немесе қалыңдығының) 
ақылдылығын дәріптейтін. Ал ұлы ақын бұл сюжетті мүлде 
басқаша, жаңа сипатта баяндаған. Ең алдымен, ол дәстүрлі 
сюжетті қаһармандық сипаттан арылтып, идеализациялық, 
фольклорлық сарыннан тазартқан да, өмір, тұрмыс шынды­
ғына сәйкестендірген. Абай шығармасында эпикалық пафос 
пен шайқас фоны көрінбейді, керісінше, оқиға барынша реа­

[
  252  
]
листік түрғыда көрсетіледі. Бұрынғы эпоста орын алып кел­
ген көтеріңкі көңілді күй қайғыға, трагедияға ауысады. 
Соның нәтижесінде Абай шығармасы жаңа жанр, дәлірек 
айтқанда – баллада болып шыққан. Мұнда баллада жанрына 
тән негізгі белгілер түгелдей бар десе де болады: драмаланған 
мазмұн, оқиға – белгілі бір тарихи фактімен байланысты 
емес, халықтың күнделікті өмірінде жиі кездесетін құбылыс, 
әлеуметтік маңызды ойдың бір отбасы немесе жеке адам 
тағдыры арқылы берілуі, әңгіме желісінің күрт үзілуі, автор 
позициясының айтылуы, т.б. Не­бары он шумақтан тұратын 
өлеңнің сегізінде ғана баяндалған сол кез үшін аса мәнді, 
актуальды идеяны ұстап тұрған сюжет егер бұрын эпоста ұзақ, 
көлемді жыр ретінде жырланса, бұл өлеңде өте тұжырымды 
баяндалып, оқиға күрт тоқталады да, түгел айтылып шығады. 
Сол сегіз шумақтың ішінде бесеуі айрықша – адамдардың бүкіл 
іс­әрекеті, тағдыры сонда. Міне, сол бес шумақ:
Қозғады жау батыр ерді 
Жауға сойқан салғалы. 
Қалыңдығы қала берді. 
Жатыр еді алғалы.
Қалыңдық құшып сүюге, 
Күйеуіне ынтызар. 
Келісімен тиюге 
Дайындалған ойы бар.
Көйлегін ақтап тіккіштеп, 
Күні-түні демалмай, 
Бітіруге жүр күштеп, 
Асыққансып, тоқталмай.
Жара басты кеудені, 
Жаудан өлді ар үшін. 
Ескермей өзге дүниені, 
«Аһ» деп өтті жар үшін.
Жамандық тұрмас күттіріп, 
Ел есітті, қыз білді. 
Ақ көйлекті бітіріп, 
Кебінім деп киді, өлді...

[
 
 253  
]
Өлеңдегі 1, 6, 9, 10 шумақтар автордың кейіпкерлерге, 
олар 
дың тағдырына деген өз пікірін, қатынасын білдіреді. 
Осы шығармада сюжет дәстүрлі болғанмен, фольклорда кез­
деспейтін адам әрекеттері, психологиясы көрсетілген, қай­
таланбас сипаттағы мінездер бейнеленген.
Жоғарыда айтылған екінші сюжет ақынның атақты «Бір 
сұлу қыз...» өлеңінде баяндалады. Бұл шығарма да баллада 
үлгісінде жазылған.
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, 
Хан да жанын қияды қыз жолында. 
Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын, 
Күтуші қыз-келіншек жүр соңында.
Деген сөз: «Бұқа буға, азбан дуға», 
Хан қарық боп, түсіп жүр айғай-шуға, 
Етімді шал сипаған құрт жесін деп, 
Жартастан қыз құлапты терең суға...
Міне, бүкіл сюжет, қайғылы оқиға екі­ақ шумақта айтыл­
ған, мазмұны драмаланған. Сайып келгенде, бұл сюжет те 
ежелден халық әдебиетінде бар, онда ұзын­сонар баянда­
лады. Мәселен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды», «Қыз 
Жібекті» немесе «Хал бибі» тәрізді әпсананы атауға болады. 
Бұлардың бәрін дегі коллизия – біреу: жас қыз бен сүймейтін 
ер адамның арасын 
дағы қайшылық; тақырыптың идеясы 
да біреу; махаббат еркіндігі үшін күрес. Алайда, дәстүрлі 
ға шықтық жырларда немесе аңыздауларда бұл идея өте кө­
лемді, кең планда, эпикалық масштабта жырланса, Абай 
екі шумақпен жырланып отырған мәселеге қатысты өзінің 
ой­пікірін, авторлық позициясын білдіреді. Бұл өлеңде де 
баллада жанрының негізгі сипаттары бар: баяндау, оқиғаны 
драмаландыру, лирикалық сырласу, сюжет қақтығысының 
күтпеген жерден шешім табуы т.б.
Атап айтуға тұратын нәрсе сол – біріншіден, Абай осы 
екі шығармасы арқылы қазақ әдебиетінде баллада жанрын 
туғызды, екіншіден, екі балладасын да дәстүрлі сюжетке 
негіздегенімен, оны жаңаша, өзінің гуманистік позициясынан 
баяндап, оқиғаға, кейіпкердің іс­қимылына деген көзқарасын 

[
  254  
]
ашық айтты. Мұнда да ұлы ақынның гуманистік және де­
мократтық дүниетанымы, көзқарасы бой көрсетеді.
Жалпы, Абай шығармашылығына көз жүгіртсек, оның 
өмір ге деген көзқарасы қалай өзгеріп отырса, поэзияға, қазақ 
әдебиетіне, бүкіл шығыс мәдениетіне деген көзқарасы да солай 
өзгеріске ұшырап отырғанын байқауға болады. Айталық, ол 
жас шағында шығыс классикасы мен қазақ халық әдебиетіне, 
жырау мен ақындар поэзиясына үйір болып, соларға еліктесе, 
есейген тұста, керісінше, «ескі билерше бос мақалдағысы» 
келмейді, шығыс поэзиясынан да алшақтайды, тіпті жалпы 
фольклор мен орта ғасыр әдебиетіне тән стереотиптіліктен жә­
не эпосқа хас дәріптеу мен әсірелеуден қашады. «Ол кездегі 
Абай арапшыламақ, фарсыламақты теріс нәрсе деп түсін­
ген»
6
, – деп жазады М. Әуезов.
Ал 80­жылдардан, яғни кемеліне келген кезден бастап 
Абай бұл райынан қайтады. Бұл тұста ол Шығыспен қайта 
табысады, бірақ енді орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетін 
меңгеріп алып, үлкен білім биігінен Шығыс поэзиясына, 
әсіресе фольклоры на жаңаша назар салады. Бұл жолы ұлы 
ақын Шығысқа басқа өре де, басқа мақсатта қарайды. Сөйтіп, 
ол енді Шығыс пен Батысты ұштастыра, бірлікте, екеуін 
бүкіл адамзат цивилизациясының екі тармағы деп түсінеді, 
бір бүтіннің екі бөлшегі деп пайымдайды. Міне, осы себептен 
ақын шығыс фольклорының сюжетіне үш поэма жаза 
ды 
(«Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»). Ол шығыстық 
сю 
жетті бөтенсімейді, қазақтікі емес деп қорықпайды. 
Себебі, біріншіден, бұл сюжеттің ва 
рианттары қазақ еліне 
ежел ден таныс болған, екіншіден, дәл осы сюжеттерді Абай 
орыс әдебиетінен де табады. Ал ол сюжеттер орыс әдебиетіне 
Батыстан келген еді, өйткені XVII ғасырдың аяғынан бас­
тап Батыс Еуропада Шығыс тарихына, мәдениетіне, этног­
рафиясына, фольклорына зор көңіл бөлініп, көптеген клас­
сикалық туындылар, оның ішінде ұлы Фирдоуси, Низами 
жаратындыларымен «Мың бір түн», «Махабхарата», «Пан­
ча тантра» сияқты фольклорлық жинақтар, ондағы жеке шы­
ғармалар Еуропа тілдеріне аударыла бастағанды. Олар орыс 
тілінде де тәржімаланған болатын. Міне, Абай үш поэмасына 
негіз етіп алған фольклорлық сюжеттер түп негізінде Шығыстан 
екені осыдан да көрінеді. Олай болса, Абайдың Батыс Еуропа 

[
 
 255  
]
арқылы орыс әдебиетіне келген шығыстық сюжеттерді 
жатсынбай, қазаққа белгілі, тума дүниелер деп табуы – өте 
заңды. Сондықтан да ол бұл сюжеттерді өз шығармашылығына, 
өзінің идеялық­эстетикалық, демократтық және гуманистік 
ойларын айтуға пайдаланған. Осы орайда Мұхтар Әуезовтің 
мына сөзін еске алуға болады. Ұлы ақын шығармашылығының 
үш қайнар көзі, үш қазынасы жайлы айта келіп, ол былай деп 
жазады: «Абайдың ақындық бітіміндегі ең бір ірі жағы осы 
айтқан үш қазынаның қайсысына барса да құр ғана үйренуші, 
еліктеуші боп қалған жоқ. Қайдан алсын, нені алсын – 
баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақындық 
ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен мық­
тап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым­табысы 
етіп ала білді...
Сондайлық басқаша тың жаңалықты Абай шығыс әдебие­
тінің қорына қол артқан кезде де мол тауып отырды. Абай 
өзінің жас шағынан жақсы білген классик ақындарды: 
Фирдоуси, Низами, Шейх, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фи­
зули, Бабурлерді өмір бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде 
оларға еліктеп жазған шығармалары да болған. Кейін Низа ми, 
Науаи жырлаған Ескендір жайын, Аристотель жайын батыс 
әңгімелерден алып қосқан жаңа сарындармен көркейтіп, жыр, 
дастан етеді»
7
.
Мұхаңның бұл сөздерінен шығатын қорытынды – Абай 
Шығыс сюжетіне негізделген поэмаларын жас кезінде емес, 
әбден кемеліне келіп, ақындық, ойшылдық қуаты толыс­
қан шақта жазған және өз заманының өте актуальды пробле­
маларымен ұштастырған. Сондай­ақ Мұхтар Омарханұлы атап 
көрсеткендей, Абай бұл сюжеттерді поэма етіп жазғанда тек 
Шығыс емес, сонымен бірге орыс, тіпті аударма арқылы жеткен 
Батыс әдебиетінен, тарихи және басқа да шығармалардан 
оқып білген жайттарды орныменен кірістіріп отырған. Бұл 
жағдайды, әсіресе, «Ескендір» поэмасынан айқын аңғаруға 
болады.
Ескендір жайында неше түрлі аңыздар, әпсаналар, хикаят­
тар өте ерте заманда пайда болып, бүкіл Шығыс пен батыс 
елдеріне жайылып кеткені аян. Солардың негізінде қадым 
дәуірде, кейін орта ғасырларда және бертінгі уақытта да сан 
алуан әдеби, тарихи шығармалар жазылып, атақты қолбасшы­

[
  256  
]
жиһангер барынша дәріптелген болатын. Ол туралы әпсана мен 
хикаяттар қазақ арасына да кең тараған еді.
Қазақ арасына тараған Ескендір жайындағы шығарма­
лардың сюжеті үш түрлі болатын.  Бірінші сюжеті мынадай: 
Ескендір патшаның басында мүйізі бар.  Мүйізі  бар  екенін 
ешкімге білдірмеу үшін ол шашын алдырған кісілердің бәрін 
өлтіріп отырған. Сондай шаштаразшылардың ішінен біреу тірі 
қалады. Күндердің бір күнінде әлгі шаштаразшы құпиясын 
жасыра алмай, құдыққа барып: «Ескендірдің мүйізі бар!» – 
деп  айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шығады да,  желмен 
шайқалып, ән салады. Сөйтсе, қамыстан шыққан дыбыс: 
«Ескендірдің мүйізі бар!» – деген сөз болады да, елге тарап 
кетеді
8
. Әрине, фольклор болғандықтан бұл сю жет әр вариантта 
айтылған. Мысалы, Ескендірдің мүйізі кейде есек құлағы болып 
келеді  немесе  оның мүйізін жария  етуші қамыстан жасалған 
сыбызғы деп айтылады я болмаса оның мүйізі қасиетті болған 
деп те баяндалады.
Екінші сюжет бойынша, Ескендір өзінің Қызыр және Ілияс 
деген  жолдастарын ертіп, Зұлматқа өлмес суды іздей келеді. 
Бірақ ол суды алға қарай озып кеткен Қызыр мен Ілияс тауып 
ішеді де, соңынан Ескендір келіп жеткенде әлгі су ғайып бо­
лып кетеді (немесе  қарғалар ішіп қояды, кейде патшаның 
тамағынан судың өзі жүрмей қалады)
9
.
Абай өз шығармасына бұл сюжеттердің екеуін де алмайды. 
Оның қалаған сюжеті басқа: Ескендір патша әскерімен жо­
рықта жүріп, жұмаққа тап болады,  бірақ оның ішіне кіре 
алмайды. Жұмақтың күзетшісі оған адамның бас сүйегін сыйға 
тартады. Патшаның қасындағы данышпан бұл сыйлықтың 
мәнісін түсіндіреді
10
.
Алғашқы сюжеттің қазақ жеріне Низамидің «Ескен­
дірнамасынан», ал екінші сюжеттің Рабғузидің «Қисса су­
л­әнбиясынан» тарағаны белгілі, ал «үшінші сюжеттің түп 
төркіні қайда?» деген сауалға Низамидің дастанын атап жүрдік. 
Алайда, олай емес. Кейінгі жылдарда табылған материал мен 
зерттеулерге қарағанда, бұл сюжет көне заманғы Талмудта бар 
болып шықты. Талмудқа бұл сюжет өте ерте уақытта Таяу және 
Орта Шығыс жұртында тәмсіл­мисал түрінде айтылып жүрген 
шақта енген. Талмудтан көне дәуір мен орта ғасырлардың 
авторлары оны өз шығармаларында пайдаланған. Мысалы, 

[
 
 257  
]
антика мезгілінің «Александр туралы романында», XII ға­
сырда өмір сүрген неміс ақыны Лампрехтің «Александр» 
атты шығармасында бұл сюжет сәл өзгертілген түрінде орын 
алған. Жаңа заманда, яғни XIX ғасырда, аталмыш сюжетке 
Батыс Еуропа әдебиеті қайтадан көңіл бөлген. Мысалы, неміс 
романтикалық әдебиетінің көрнекті өкілі болған француз 
Альберт фон Шамиссо (1781­1830) Талмудтың осы сюжеті 
бойынша «Александр туралы аңыз» деген көлемді өлең жазған 
және бұл әңгімені Талмудтан алғанын хабарлап, өлеңге «Тал­
муд бойынша» деп анықтама берген. Мұнда сюжет толық 
сақталған, бірақ біршама кеңейтілген, әрі өлеңнің басында 
автор өзінің ескі мұраға және аңыздар мен әңгімеге құмар 
екенін айтады. Бұл түсінікті, өйткені Шамиссо ақындық 
жолды романтик ретінде бастаған. Ал романтиктер фольклорға, 
ежелгі заман әдебиеті мен мәдениетіне аса қатты көңіл бөліп, 
оларды тәржімалаған, дәріптеген, жырлаған, сөйтіп өздерінің 
идеялық мақсаттарына пайдаланған.
Орыс әдебиетіндегі романтизмнің аса көрнекті өкілі В.А. 
Жуковский (1783­1852) Шамиссоның осы «Александр туралы 
аңызын» 1844 жылы еркін аударып, «Моековитиянин» 
журналының 1845 жылғы №1 санында жариялаған (кейін 
бұл шығарма ақынның барлық толық жинақтарына енді). 
В.А. Жу ковский Шамиссо өлеңіндегі сюжетті толық сақтаған, 
ал Ескендірді суреттеуде сәл ауытқыған, оның психологиялық 
сезімін тереңдете көрсеткен, жаулағыш патшаның тойымсыз­
дығын аша түскен.
Сонымен, Ескендірдің жұмаққа барып, қу бас алып қайт­
қаны туралы Талмаудтағы сюжет XIX ғасырда орыс әде­
биетінде де жырланғанын көріп отырмыз. Бұл сюжетті Абай 
да пайдаланған. Қолда бар деректерге қарағанда, қазақтың 
ұлы ақыны Ескендір туралы бұл әңгімені Талмудтан да, В. 
Жуковскийден де оқыған сияқты. Талмудтың орыс тіліндегі 
толық аудармалары 1897 және 1902 жылдары жарық көр­
генін, ал В. Жуковский шығармаларының өткен ғасырда он 
шақты рет шығып, бүкіл Ресейде тарағанын еске алсақ, Абай 
оларды оқыған деуге толық негіз бар. Мәселен, В. Жуковский 
шығармаларының 1849 жылғы бесінші басылымы мен 1885 жыл­
ғы сегізінші басылымы бұрынғы Вер 
ный кітапханасында 
болған. Демек, бұл кітаптар, әсіресе 1885 жылғы басылым 
17­279

[
  258  
]
Семей қаласында да болуы әбден ықтимал және оны Абайдың 
оқымауы да мүмкін емес, өйткені ұлы ақынның орыс клас­
сиктеріне зор көңіл бөлген кезі – 80 жылдардан кейінгі шақ 
екені белгілі. Олай болса, өзі сүйіп оқитын Пушкиннің ұстазы 
Жуковскийді Абайдың білуі – еш таңғаларлық нәрсе емес. 
Керісінше, білмесе – таңдануға керек.
Сөйтіп, Абай «Ескендір» поэмасын жазбас бұрын В. Жу­
ковскийдің «Две повести» деген өлеңін және Талмудты 
оқыған. Соған қоса ол Шығыс елдерінде айтылатын аңыз­
әңгімелерді де, Фирдоуси, Низами поэмаларын да, қазақ 
арасындағы Зұлқарнайын туралы діни хикаяттарды да жақсы 
білген. Зерттеушілердің пікірі бойынша Абай «Ескендірді» 
1900­1902 жылдары жазған. Бұл тұста қазақ тілінде көптеген 
фольклорлық, әдеби, діни шығармалар жарық көрген­ді. 
Ескендір Зұлқарнайын жайында да жарыққа шыққан қисса, 
хикаят, аңыздар болды. Ол шығармаларда Ескендір пайғамбар 
ретінде, өте әділ патша бейнесінде көрсетіліп, мейлінше 
дәріптеле жырланған болатын (Тіпті Ыбырай Алтынсариннің 
өлеңінде де Ескендір Құрандағы мәнде көрсетілген еді). 
Міне, осыларды оқыған Абай халыққа шын Ескендірдің кім 
екенін ашып беру ниетімен «Ескендір» по 
эмасын жазған 
тәрізді. Ел арасында айтылып жүрген хикаяттар мен жазба 
шығармалардағы данышпан патша, әулие, пайғамбар, ал­
ланың сүйікті адамы, Әжуд­Мәжудтерді тоқтатқан Ескендір 
Зұлқарнайынды әшкерелеу, оның қайда, қай уақытта өмір 
сүргенін айту, өмірде қандай адам болға 
нын көрсету, сөй­
тіп Ескендір есіміне байланысты қате пікірді жоққа шы ғару 
Абайдың басты мақсаты болған. Бұл ұлы ақынның өмірге 
демократтық­гуманистік көзқарасынан, әдебиетке реа 
лис­
тік тұрғыдағы позициясынан туған мұрат еді. Біздің бол­
жауымызша, Абай бұл ойын жүзеге асыру үшін алдымен өзіне 
белгілі сюжетті қара сөз түрінде «Дала уәлаяты» газетінің 
бетінде жариялайды. Олай дейтін себебіміз, газетте басылған 
тексі мен «Ескендір» поэмасын салыстырғанда, сюжеттік қана 
емес, сондай­ақ Ескендір патшаға бұрын еш уақытта берілмеген 
мінездеме, сөздер мен сөз тіркестері, кейіпкерлердің сөздері 
бірдей екендігі көзге түседі. Айталық, бұрын ешқандай авторда 
немесе фольклорлық шығармада айтылмайтын Ескендірдің 
отаны Македония екенін хабарлау және кейіпкерге мінездеме 

[
 
 259  
]
беру газет тексінде де, Абай «Ескендірінде» де бірдей. Мысалы, 
газетте: «Бұрынғы заманда Македонияда Ескендір патша 
болыпты. Мәртебені бұл жақсы көреді екен, һәм қызғаншақ 
екен... Соғыс болып, қандар судай ақты... хандардың ханы, 
патшалардың патшасы... Ескендір қисабсыз көп әскер жинап 
алып... Ескендір ашуланып, қызметкерін ұрып өлтіруге 
ойланған еді... жетіп барса, жіңішке таспадай болып... Патша 
қақпаны қағып «аш» деп айғай салады... Тым болмаса, менің 
мұнда келгенімнің белгісі үшін белгі қылып бір нәрсе бер, – 
дейді... лақтырып жібереді...» сияқты көптеген сөздер мен 
тіркестер, сөйлемдер кейде сол күйінде, кейде сәл өзгерген 
түрде Абайдың поэмасында кездеседі. Дәлел үшін Абай 
тексі 
нен бір­екі мысал келтірейік: «Македония шаһары... 
қызғаншақ адам екен... Дарияның суындай қандар ақты... 
Ханның ханы, патшаның патшасы деп... Есепсіз әскер 
ертіп... Қызметкердің бәрін де өлтірмекші... таспадай бейне... 
Қақпаңды аш деп барынша айғай салды... Ең болмаса... белгі 
болар бір нәрсе бер... лақтырып жіберді...»

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет