ұлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ
толық денелі кісі болған. Салқам Жәңгірді тарихшыларымыз – «Билік құрған
келеді.
қалған еді делінеді.
Түйін
отыр.
ТаҒзым
5
// «Жамбыл - Тараз» // №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл //
g
23 сәуір - қазақстанның Халық
қаһарманы, Халықаралық Фадеев
атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті
жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек
батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде
аты аңызға айналған халқымыздың
қайталанбас біртуар даңқты перзенті
қасым қайсенов дүниеге келген күн.
қаСым!..
Алаштың ақиығы – Қасым
Қайсеновтың әке-шешесі
Қайса мен Бижамал құбатөбел
тірліктеріне шүкіршілік еткен,
жеті бірдей балаларын арқалап
жүріп өсірген, олардың ойына
азаматтық намыс дарытқан
ордалы отбасының иелері еді.
Ана жүрегі әрқашанда ізгі, бар
баласына да мейірімі, шапағаты
молынан жетеді. Алайда, Би-
жамал анаға Қасымының,
«қара тентегінің» орны бөлек.
Оның да өзіндік себебі бо-
лыпты. Бижамал ана Қасымы
туып, қалжасын жегенде ны-
саналы нәрестесіне бір ғана
тілеуін білдірген екен: «Осы
бір ұлым ер болса екен-ау.
Қайса екеуміз Ер Қаптағайдың
ұрпағы емеспіз бе? Қолдай гөр!
Ер қайратын бере гөр!..» Ана
біткеннің үлкені – алтын Алтай,
ол бәріне ана. Ол да Қасым
атаның толағай тұлғасын сомда-
уда ешқашан өгейлік танытқан
емес. Небір асыл қасиеттер
тоғысқан Алтай өңірі, асқар
таулары, қалың орманы, желпи
соққан жұпар самалы, қайнар
бұлағы мен тұнық тұмалары
– кілең асыл қоспаларынан
іріктеп, Ер Қасымның бойына
сіңірген, бәйгеге қосардай жа-
ратып, шарболаттай шыңдаған.
Шын жұрты нағашыларының:
«Қасым ба? Бұл отқа салсаң
күймейді, суға салсаң батпай-
ды», - дейтін баталы сөздері
шындыққа айнала бастады.
Кейінгі өмір кезеңдері –
Асубұлақ бойындағы туған ауы-
лы, алтын ұя мектебі, техникум,
Мәскеуде дайындықтан өткен
екі жылдық арнайы әскери
мектеп, партизан жасағындағы
қауіп-қатерге толы сансыз
жорықтар... Ұлы Отан соғысы
кезінде партизандардың жау
тылында көрсеткен ерлік
қимылдары Отан соғысы та-
рихында алтын әріппен жа-
зылып қалған. Түн қатып,
түсі қашып жортатындар да
– сол партизан жасақтары.
Өздері – күтпеген жерден
киліге кетіп, жер соқтырып
кететін кілең жүрек жұтқандар.
Ел кегін арқалаған партизан
жасақтарына жүктелген міндет
ол жылдары аз болды ма?!
Кейде жиырма, кейде қырықтан
топтанып алып, үлкен-үлкен
жорықтарға аттанып, аз күнде-
ақ мың қаралы қосын ертіп
алып, көбейіп қайта оралатын.
Қасым атаның кейде қасына
жалғыз ғана серік ертіп, жарты
ай ішінде бес жүз болып шыға
келетін кездері де аз болмаған
көрінеді.
...Теңеуін толғап-ойлап таба
алмай да,
Тегінен іздемесем барам
қайда!
Оллаһи, осындай-ақ болған
шығар,
Бабасы Қаракерей Қабанбай
да,-деп 1937 жылдары Мұзафар
Ә л і м б а е в ж ы рл а ғ а н д а й ,
б а т ы р л ы ң е р л і г і а л д а -
спан замандағы бабалардың
ерлігінен асып түспесе, кем
болған жоқ. Мәскеуден арнайы
тапсырма алып, он жігіттің бас-
шысы ретінде жау қолындағы
Украина жеріне аттанған сәті
кейінгі жорықтарына өшпес із
қалдырғаны әлі елдің есінде.
Жылауық жаңбырлы күз ай-
ында небәрі он бес күннің
ішінде басынан өткерген он бес
жылға татырлық қиын-қыстау
шақтарын, ұрпақ ұмытқан жоқ.
Жан қиыспас қарулас серіктері
де өңшең сайдың тасындай
іріктелген көзсіз ерлер еді-ау!
Қанша арпалысқанымен, үсті-
үстіне толығып жатқан қалың
жау қойсын ба, оны да қаза
тапты. Енді, міне, жападан
жалғыз, он күн бойы орман кезіп
жүргені... Қасым батыр бастаған
партизан жасақтарының ерлікке
толы қисапсыз жорықтарын
бір мақаланың аясына сыйғызу
мүмкін емес. Қарша бораған
оқтың өтінде жүрген сұрапыл
сында да ұлы денесіне бірде-
бір дақ түспепті. Тек бір рет
қана, Днепрден өту жорығында
қара жерден кеме жүргізген
қайратына көңілі толған Жер-
Ананың, бір мезет, алқалап
аспанға атқаны бар. Қасиетті
қара жердің ниеті таза болатын,
қайдан білсін, жанталасқан
жаудың бомба жасырып кетерін.
Бір кездері нағашыларының
«отқа салса күймес, суға салса
батпас» деген сөздері шыны-
мен сәуегейлік болғаны ма?!
Тәңір жарылқап, бір көзді беріп,
бұл дүмпуден де аман қалды.
Қасым атаның «менің бір көзім,
қазақтың екі көзіндей көреді»
дейтін әзіл-шыны аралас сөзі
де ел жадында. Көзкөргендердің
айтуынша батыр отырған
жердің көңіл ажары – күлкіден
арылған емес. Кәрілікке де,
соғыс салған жараға да мой-
ымай жүретіні – сондықтан
шығар. Алтайға ұқсас Карпат-
ты қақ жарып өткен жорықта
құрама командирі Александр
Тканконың Қасым батырға
қарата айтқан: «Сенің бұл
ерлігің Карпат шыңының та-
сына жазылуға тиіс» дейтін сөзі
– Алтай ақиығына берілген шы-
найы баға. Дала даналығына,
бабалардың нақыл сөздеріне
ерте бастан қанығып өскен
Қасым Қайсенов аман-есен елге
оралысымен, қаруын қаламға
айырбастап, жазушылыққа
бет бұрды. Оннан астам
кітабы жарық көрді. Осы
орайда, жоғарыдағы өлеңін
М.Әлімбаев «Қасым ол қазақ
емес қатардағы... Халықтың
қастер тұтар қаһарманы» деп
бар алаштың бағасын берген
болатын.
Отты жылдар естелігінен
Ол 1935 жылы 17 жасында
Өскеменге келіп саяси-ағарту
техникумын жұбайы Асыл
«бір қарасаң, жаны нәзік жауқазын, бір қарасаң, балқымайтын қорғасын».
екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы
отбасын құрған болатын. Асыл
әжеміз сол жылы небәрі 16 жаста
болған. Ол өзінің қиын қыстау
өмірін қасиетті Кереку жерінен
бастаған. 1938 жылы Павлодар
облыстық оқу бөлімінде инспек-
тор болып қызмет істеген.1941
жылы Қасым Қайсенов Украина
жерінде партизан отрядын құру
үшін жау тылына аттанады. Ол
жерде Чапаев атындағы партизан
құрамасының үшінші отрядын
басқарады. Одан кейін 1944
жылдың аяғына дейін Молдавия,
Украинаның Закарпатье, Чехос-
ловакия, Румыния жеріндегі пар-
тизан қозғалыстарына қатысады.
Отряд командирі болып жүріп,
жау тылында жүздеген жорықты
басынан өткереді. 1944 жылы
Украинаның Закарпат, Карпатты
азат етуге қатысқан. Ол Киев
және Полтава облыстарындағы
партизандар қозғалысын алғаш
рет ұйымдастырушылардың
бірі ретінде тарихта қалды.
Партизандардың қалың қолын
басқара отырып, жаутылында
жүздеген жорықты басынан
өткеріп, фашистерді сан рет тізе
бүктірді. Майдан даласында
украин жауынгерлері Қасымды
бауырларындай көріп, өз атта-
рымен «Вася» деп атапты. Батыр
бір естелігінде «Украина - менің
екінші Отаным. Украиндіктер -
мәңгі ұмытылмас бауырларым.
Осылай ұлы украин халқын
шексіз сүйіп, бауыр басып кет-
кен адаммын. Әлі де шығатын,
жазбақ кітаптарым да сол Укра-
ина жеріндегі жойқын айқасқа
арналған. Сол үшін де өзімді
украин жазушыларының бірімін
деп есептеймін. Өзімді укра-
ин жазушыларының осындағы
елшісіндей сезінемін», - деген
екен.
Соғыстан кейін бейбіт еңбекке
араласып, Қазақстан Жазушы-
лар одағында, баспа орын-
дарында жауапты қызметтер
атқарды. Қан майданда етігімен
су кешкен Қасым батырға
бейбіт өмірге бейімделу оңайға
түскен жоқ. Осы ретте ағалық
ақылын, қамқорлығын көрсеткен
Жұмағали Саин болды. Қасым
ата Сәбит Мұқанов, Бауыр-
жан Момышұлы, Рақымжан
Қошқарбаев, Мұқан Иманжанов,
Мәлік Ғабдуллин, Әди Шәріпов,
Ғабит Мүсірепов, Қасым Аман-
жолов сынды қазақ зиялыла-
рымен жақсы қарым-қатынаста
болған. Майданнан оралғаннан
кейін, аз уақыт Қазақ ССР
Жоғарғы Советі Президиумының
аппаратында қызмет атқарған.
1945 жылдың орта шенінде
партия қатарына алынып,
білімін жетілдіру үшін Лениндік
курстың совет бөлімінде оқыған.
1945-70 жылдары Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінде, Жамбыл
облысындағы Жуалы және
Свердлов аудандарының атқару
комитеттерінде төраға орынба-
сары ретінде соғыстан кейінгі
ауылшаруашылығын қалпына
келтіру науқанына белсене
араласқан, 1953-1970 жылдар
аралығында Қазақстан Жазушы-
лар одағында және «Жазушы»,
«Қайнар» баспаларында қызмет
істеген. Қанды көйлек қарулас
жолдастарының қаһармандығын
бейнелейтін «Жас партизан-
дар» (1954)», «Ажал аузында»
( 1959), «Жау тылындағы бала»
( 1961), «Жау тылында» (1973),
«Партизан соқпақтары» ( 1978)
, «Переяслав партизандары»
секілді көптеген шығармалар
жазды. Аталмыш туындылар-
да А.В.Тканко, Е.Д.Ломако,
И.К.Примак тәрізді партизан
отрядында бірге болған жау-
ынгер достары жайында ыстық
көңілмен әңгімелейді. Қасым
кітабының тамаша бір тарау-
ын Украин партизандарының
ардақ тұтар ақсақалы, халық
соғысының қаһарман басшы-
сы, әрі ақылды, әрі қатал —
генерал-майор Сидор Арте-
мьевич Ковпакқа арнайды.Бұл
шығармалары орыс, украин,
басқа да көптеген тілдерге
аударылған. Кейінгі кездері
«Елімнің ертеңіне сенемін»,
«Естеліктер мен жазбалар», тағы
да басқа кітаптары жарық көрді.
Қ.Қайсенов «Богдан Хмель-
ницкий», «Отан соғысы»,
«Чехословакия партизанда-
ры», Украинаның «За заслу-
гу» ордендерімен, Кеңестер
Одағының көптеген орден, ме-
дальдарымен марапатталған. Ол
Қазақстан Жазушылар одағының
Бауыржан Момышұлы атындағы
әдеби сыйлығының лауреаты.
Қазақстанның халық қаһарманы.
2006 жылы 30 желтоқсан күні
89 жасқа қараған шағында ауыр
науқастан дүние салды.
Көзсіз ерлікті сомдаған
көркем фильм
Қасымым көп, мына Қасым –
бір Қасым,
Ажалмен де ойын-сауық
құрғасын...
Бір қарасаң, жаны нәзік
жауқазын,
Бір қарасаң, балқымайтын
қорғасын,- деп қазақтың
қабырғалы ақыны Хамит
Ерғалиев айтқандай, бірер жыл
бұрын даңқты партизан, жау-
ынгер жазушы Қасым Қайсенов
туралы 4 бөлімдік фильм
жарыққа шықты. Ол фильм
жарыққа шыға салысымен-
ақ жауынгердің жауқазын
мінезі мен қорғасындай зілді
болмысын нақты сомдап,
көрермендердің көңілінен
ойып тұрып орын алып үлгерді.
«Қасым» фильмінің түсіріліміне
Қазақстанмен қоса, Ресей, Укра-
ина мемлекеттері де мұрындық
болды. Шет елдік мамандар
Қасым атамыздың ерліктері
баяндалатын бұл туындыға
ерекше қызығушылықпен ат-
салысты. Себебі бұған дейін
фашизмге қарсы күрестегі
Қазақстанның рөлі кинофиль-
мдерде бейнеленіп көрмеген
еді.Айта өтсек, Қайсеновты
Чапаевтың партизандық отряды
соғысқан Украина елі «тыңшы
Вася» атымен жақсы таниды.
Фильмде Украина фронтындағы
соғыстың нәтижесіне себеп
болған Қайсеновтың ерлігі
суреттеледі. Сюжет бойынша,
ол неміс тыңшысына қарсы
тұрады.Фильм авторларының
айтуынша, лента арнайы
эффектілерге, романтикалық
сәттерге толы. Кино кең
аудиторияға негізделген.
Қайсеновтың рөлін танымал
актер Қуандық Қыстақбаев сом-
дап шыққан. Картина режиссері
«Ақкиімдер», «Агент Блейктің
таңдауы» ленталарымен жұмыс
жасаған Леноид Белозорович.
Кино Қазақстаннан бөлек,
Ресейде және Украинада да
көрсетіліп жүр.
Өткен жылы туындыдағы
б а с т ы р ө л д і с о м д а ғ а н
Қ.Қуанышбаев атындағы
Мемлекеттік академиялық қазақ
музыкалық драма театрының
актеры Қуандық Қыстақбаев
Ресейдің бас наградаларының
бірі - «Почетный орден Кузбас-
са» орденімен марапатталды.
Қ.Қуанышбаев театрында 16
жылдан астам уақыт қызмет етіп
келе жатқан Қ.Қыстақбаев сах-
на төрінде 30-ға жуық, кинода
10-ға жуық рөлді сомдады. ҚР
Президенті степендиясының,
Астана қаласы әкімінің «Ең үздік
актер» номинациясы бойынша
грант иегері.
Дайындаған
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
зЕрДЕ
6
// «Жамбыл - Тараз» // №17 (1252), 22 сәуір 2015 Жыл //
бейбіт ғұмыр аясында.
g
маңдайында «бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген жаз-
басы бар шаңыраққа бас сұқтым. 1941-1945 жылдары майданда қан кешкен
соғыс ардагері Назарқұл Елемесов ақсақалдың табалдырығын аттағанымда
қарт солдат демалып жатыр екен. атайдың тыныштығын бұзғаныма қанша
ыңғайсыздансам да, оятып алдық. сәлден соң қарсы алдымда аққұба жүзді,
нәзік денелі, шоқша сақалды, ширақ қимылды ақсақал отырды.
17 жаСыНда от КЕшКЕН
Ия,
біз еске алып отырған
майдангер–педагог Жұмахан
Төленов 1925 жылы 5 мамырда
Оңтүстік қазақстан облысында
туылған. Ол Жамбыл
облысының Талас ауданында 48
жыл педагогтық қызмет атқарды.
Жұмахан Төленов 1942 жылы
соғысқа аттанып, №93 атқыштар
бөлімінің бригадасында
зеңбірек командирі болады.
соғыс майданынан елге 1945
жылы оралып, 1946-1948
жылдары аудан орталығындағы
ақкөл орта мектебінде
оқушыларға тарих пәнінен дәріс
береді.
Еңбек майданында
да еленген жан
Жеңіс ЕГЕМБЕРДИЕВ,
саясаттанушы, зейнеткер
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын
бітірген Ж.Төленов Алғабас жеті жылдық мектебінде оқу
ісінің меңгерушісі болып екі жыл істейді. Содан соң осы
мектептің директоры болып 4 жыл қызмет атқарады, ал
1954 жылдан 1964 жылға дейін Жамбыл ауданындағы
«Қызыл Октябрь» жеті жылдық мектебінде директор
болды. Кейін екі жыл Талас аудандық оқу бөлімінде
мектеп инспекторы қызметін атқарды. 1966 жылдан
бастап қайтадан 9 жыл бойы Ақкөл орта мектебінің
ұжымын басқарады. 1974 жылдан бастап зейнетке
шыққанға дейін аудандық сырттай оқыту орта мектебіне
жетекшілік етті. Зейнетке шықса да, Ж.Төленов үйде
отыра алмады. 4 жыл Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына ұстаздық етті.
Майдангер Ж.Төленов Ақкөл орта мектебін басқарған
жылдары өзінің білімді, тәжірибелі, жоғарғы санатты
педагог екенін көрсете білді. Ол басқарған орта мектеп
ұжымы биік асуларды бағындырды. 1966 жылы мектеп
бітірушілер арасынан 10 медалист мектеп бітірді. Тоғыз
жылда мектеп қабырғасынан 37 медалист шықты.
Мектепті үздік бітірген оқушылардың бір қатары
ғылым жолына түсті. А.Сатыбалдин Ұлттық ғылым
академиясының академигі, Б.Әбдиев, С.Шилібеков,
Ғ.Қартабаев, М.Алдашов докторлық диссертацияла-
рын сәтті қорғап, әр салада жемісті еңбек етуде. Осы
мектептің оқушысы Олимпиада жеңімпазы Мұхит Бай-
маханов Жәутіков атындағы Республикалық физика-ма-
тематика мектебін үздік бітіріп М.Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады.
Жұмахан Төленов өзінің педагогтық еңбек жолын-
да өз шәкірт-ұстаздарына «Ұстаз болу білімділікті,
іздемпаздық пен табандылықты қажет етеді, жас
ұрпақтың қалыптасып келе жатқан тұлғасын заман
талабына сай дамытуға, тәрбиелеуге көп еңбек сіңіру
керек», деп ақыл-кеңесін беріп, осыны олардан та-
лап етті. Соның нәтижесі болар шәкірт-ұстаздары
Ш.Жылқайдарова, Р.Көсембекова ұстазының ізін
басып, Ақкөл орта мектебінің басшысы болып сол
жерден зейнеткерлікке шықты. Ал осы мектептің түлегі
Б.Егемдердиева Тараз қалалық, Жамбыл облыстық білім
басқармаларын басқарды.
Майдангер-педагог Ж.Төленов журналистерге бер-
ген бір сұхбатында: «Бақыт дегенің - бір ғана нәрсемен
шектеліп қалмайды. Оның ұғымы кең. Өмірдегі көрген
қызықтарым, жанұядағы қуаныш, қыздарым мен
ұлдарымның, сондай-ақ немерелерімнің жүзіндегі
шаттық қана емес, жақсы шәкірттерім үшін де өзімді
бақыттымын деп есептеймін. Бәрі де ауданымыздың,
облысымыздың, республикамыздың түкпір-түкпірінде
әртүрлі салада қызмет істеп жүр. Солардың ішінде
Ө.Байгелді, М.Жолдасбеков, Б.Байқошқаров, С.Әбілеков,
Б.Әбілдаев, А.Көбесов Ғ.Тәшімбаевтар қоғам, мемлекет
қайраткерлері болып бүкіл қазақ еліне танымал бол-
ды» - деп өз ойын түйіндеген еді. Майдангер-педагог
Жұмахан Төленовтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Ұлы
Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін ІІ-дәрежелі Ұлы
Отан соғысы орденімен және 8 медальмен марапатта-
лады. Ал еңбек майданында аудандық, облыстық және
Министрліктің грамоталарымен және «Қазақстан білім
беру ісінің үздігі» деген төсбелгісімен марапатталды.
Аяулы жары Кеншімкүл Серікбайқызымен 48 жыл бірге
ғұмыр кешіп, 9 баланы дүниеге алып келіп өсірді. Бәріне
жоғары білім берді. Барлығы жанұялы болып, әр салада
еңбек етіп жүр. Егер тірі болғанда, 2015 жылдың 5-ші
мамырында 90 жасқа толар еді.
Достарыңызбен бөлісу: