Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

5. Ерік сапалары
Əрбір  адамның  ерік  əрекеті  өзіндік  ерекшелікке  ие, 
себебі ол жеке түлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің 
саналы  ұйымдастырылуы  мен  ретке  келуі  адамға  өзінің 
сезімдерін, 
қылығын, 
танымдық 
процестерін 
басқаруға 
мүмкіндік  береді.  Ерік  аймағындағы  жеке-дара  ерекшеліктер 
адам  еркінің  тұтастай  да  сипатын  не  ерік  процесіндегі  жеке 
бөліктердің  мазмұнын  құрауы  мүмкін.  Ерік  сипаттарының 
жалпы  бірігімін  (интегрирование)  танытатын  құбылыс  -ерік 
күші. 
Ерік  күші  еріктік  əрекеттің  барша  кезеіндерінде  қажет,  
əсіресе  оның  айқын    көрінісі  кедерілерді  жеңу  мен  қажетті 
нəтижеге  жетуде  көрінеді.  Осы  игерілген  кедергілер  сипатын 
талдай  отырып,    адамның  ерік  күшінің  обьектив  бағасын 

 
58
пайымдаймыз.  Адамың  өз  құмарлығы  мен  көрсе  қызарлығын 
бұғаулауы,    өз  сезімдерінің  шектен  тыс  шарпуына  жол  бермей, 
ақылмен  сараланбаған қылықтар  жетегіне  түспеуі  -  бəрі  де  осы 
ерік күшіне байланысты. 
Еріктік əрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта 
(целеустремленностъ)  көрінеді.  Мүдделі  мақсат  -  бұл  жеке 
тұлғаның өз іс-əрекетін белгілі бір нəтижеге бағыттай алуы. Осы 
қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен 
даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер 
мен мұраттарды көздеген, стратегиялық, не жақын, бөлектенген 
əрекеттерді 
орындауға 
бағытталған 
нақты 
қызметтік, 
оперативтік болып  бөлінеді. Мүдделі  мақсаты  бар  адам  алдына 
анықта  нақ  меже  белгілеп,  майда-шүйдеге  өлеңдей  бермейді. 
Мұндай  адамдар  не қалайтынына, қай бағытта  қадам  атқанына, 
не  үшін  күресетініне  ешуақыт  күмəнданбайды.  Бұл  тұлғалар  - 
қоғамның нағыз жетекшілері. 
 Ерік  əрекетінің  бастапқы,  іске  қосылу  кезеңі  көбіне 
ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты. 
БІнталылық  (инициативностъ)  -  мол  да  жарқын 
идеяларға, байыпты жоспар мен үшқыр қиялга негізделеді. Көп 
адамдар  үшін  ең  қиыны  өз  енжарлығын  жеңу,  қалыптасқан  іс-
əрекет  тəсілін  өзгерту.  Мұндайлар  өз  бетінше  ешбір  іске  кірісе 
алмай,  тысқы  ықпал,  нұсқауларды  күтумен  болады.  Осыдан 
ынталылық  дербестікпен  тікелей  байланысты.  Дербестік  - 
еріктік  əрекет  барысында  адамның  əрқандай  себептер  жетекке 
түспей,  басқалардың  кеңестері  мен  ұсыныстарына  сындарлы 
баға  берумен,  өз  наным,  сенімдері  негізінде  іс-əрекетке  келу 
қасиеті. 
Дербестікке  ие  адам  басқаның  жəрдемінсіз-ақ  мəселе 
таңдай алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен 
сыбырына алаңдамайды. Əдетте мұндай түлғалар өз көзқарасын 
белсенді  қорғап  мақсат,  əдіс  пен  тəсілдерін  саналы  бағалаумен 
жалпақсыз  іске  қоса  алады.  Ынталылық  пен  дербестік  жеке 
адамның  еріктік  сапасы  ретінде,  бір  жағынан,  сенгіштік,  биі 
бостық,  енжарлық  сияқты  қасиеттерге  қарсы;  өкінші  тараптан, 
басқаның  ой-пікірін,  көзқарасын  түгелдей  жоққа  шығарудан 
(позитивизм) аулақ қасиет, 

 
59
Іс-əрекетке  ниеттелу  кезеңінде  еріктің  ұстамдылық 
қасиеті  процеске  қосылады.  Ұстамдылық  əрекеті  -  сезім,  ой-
пікір,  қалыптан  тыс  көңіл-күйді  тоқтамға  келтіріп,  біраз 
тежейді.  Ұстамды  адам  орындалатын  істің  түріне  қарап,  оған 
қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады. Сонымен, ол 
көздеген  мақсатына  асығып,  ырықсыз  əрекеттерге  ұшырамай, 
байыппен жетеді. 
Іс-əрекеттің  сан  алуан  сеп-түрткілерінің  ішінен  қажетті 
болғанын  таңдау  мен  шешім  қабылдау  кезеңінде  еріктің 
батылдық  қасиеті  бой  көрсетеді.  Батылдық  -  бұл  əрқандай  іске 
байланысты еріктің жылдам, орынды əрі берік шешім қабылдау 
мен  оны  жүзеге  келтіре  алу  қасиеті.  Сырттай  қарағанға, 
батылдық ешбір толғаныссыз өтетіндей, батыл адамның мақсат 
таңдауы  жеңіл  де  оңай  болатын  сияқты.  Əдетте,  олай  емес. 
Батыл  адамдар  өз  іс-əрекеттерінің  мақсатын  терең  де  жан-
жақты, үлкен толғанысқа түсіп, ойластырады, жоспарлайды. Ал 
іске  кірісу  кезеңі  келгенде  баягы  толғаныстың  бəрін  ысырып 
тастап, жедел шешім қабылдауға қабілетті. 
Батыл  қимылды  адамдар  іс  шешімін  қабылдаудан  істің 
өзін  орындауға  жылдам  ауыса  алады.  Кейде  адам  қандай  да 
шешімге  бел  байлағанымен,  істің  өзіне  келгенде  босбелбеулік 
танытады,  осыдан  жүмыс,  басталмай  қалады.  Мұндайда 
батылдыққа  тірек  -  ержүректік  (смелостъ)  корқыныштың  бəрін 
басып,  адамды  тəуекелге  келтіруші  қасиет.  Іс-əрекеттең 
батылдық  көзсіздікке  (безрас-судство)  тікелей  қарсы.  Егер  іс-
жағдайлары  болымсыздық  танытса,  батыл  адам  əрекетін 
кідіртіп, кейін қалдыра алады. 
Іс-əрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичностъ) 
пен  табандылық  үлкен  маңызға  ие.  ІІІалт  адамдар  өздерінің 
барша  күшін  көзделген  мақсатқа  тез  шоғырландыра  алады. 
Бірақ  көптеген  жағдайларда  шалт  əрекет  істің  бастапқы 
кезеңінде  өте  қарқынды  болып,    кейін  іс  неғұрлым  ұзаққа 
созылған  сайын  ол  үдемелі  кеми  бастайды  да  тіпті 
байқалмайтындай 
деңгейге 
түседі. 
Осыдан, 
шалттық 
табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары 
көрсеткішіне  айналады.  Табандылық  бұл  адамның  ұдайы,  шалт  
əрекеттерін  бірде  төмендетпей,  көрінген  қиыншылықтарға  төзе 

 
60
білуі.  Өз  табандылығынан  адам  қоршаган  жағдайлар  ішінен 
қажетін  табуға  шебер.  Сəтсіздікте  мүдіру,  күмəнға  берілу  - 
табанды адамға жат қасиеттер, басқалардың қарсылығын, мінеп 
- шенегенін бұл өткір мінезді тұлғалар елей бермейді. 
Табандылық  та  батылдық  сияқты  əртүрлі  деңгейде 
көрініс  береді,  бірақ  бұл  екеуінің  шектен  тыс  дамуы  кері 
сипатқа  соқтыруы  мүмкін.  Мысалы,  кейде  ақылды,  тіпті 
дарынды  адамдар  өз  шешімін  цоргай  алмай,  алғашқы 
кедергіден-ақ  сескеніп,  оны  жеңудің  амалына  көзін  жеткізе 
алмай,  жалғастырайын  десе,  ерік  күші  жетпей,  істөн  бас 
тартатыны да болады. Бұл жағдайда адамда қара басынық тəндік 
мүддесі  басымдау  болып  ақыл,  ой  мен  сыртқы  жағдай 
талаптары  далада  қалады.  Кейде  адам  бастаган  ісініц  тізінін 
қолдан  жаздырып  алып,  əрекет  нəтижесініц  болымсыздығына 
көзі  жетіп  тұрса  да,      "болғаны  болар"  деумен,    илеуге 
келмейтін,  ақыл  қонымдылығы  жоқ  ерік  сапасы  -  өжеттік  пен 
қиқарлықты қару етеді. 
Қабылданған 
шешімнің 
орындалуы 
үшін 
өзіндік 
бақылау  мен  өзіндік  баға  үлкен  маңызга  ие.  Егер  адам  өз  іс-
əрекетіне  орынды  бақылау  жүргізе  алса  ғана,  көзделген  мақсат 
іске  асады.  Олай  болмаса,  алға  қойылған  міндет  пен  оған 
қажетті  қылық-əрекет  арасында  сəйкессіздік  туады.  Мақсатқа 
жету 
процесінде 
өзіндік 
бақылау 
жоғары 
мүдделердің    
қарапайым ниеттерден,    жалпы    принциптердіц мезеттік қалау 
мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ал өзіндік бағаға 
байланысты  бақылау  сипаты  мен  дəлдігі  өзгеріске  келеді. 
Қандай  да  теріс  бағадан  адам  өзінің  кері  мінез  бітістерін 
орынсыз,  ұлғайта  танып,  осыдан  өзіне  деген  сенімін  жойып, 
істен бас  тартады.     Өзіндік  ұнамды  бағаның  да  зиянды  тарапы 
бар.  Мұндайда  адам  объектив  бақылауды  өзіндік  əсіре 
мадақтауға айналдырып жібереді. 
 
6. Жеке адам жəне ерік тəрбиесі. 
Қандай  да  еріктік  əрекетке  араласа  отырып,  адам  оның 
ізгі  нəтижесіне  байланысты  өзіне  жауапкершілік  жүктейді.  Іс-
əрекеттің  əлеуметтік  мəнді  нəтижесі  алғашқы  ниет  шеңберінен 
толастап қоғамдық іс (деяние) сипатын алады. Субъектінің осы 

 
61
іске  болған  жеке  жауапкершілік  өз  əрекеттерінің  салдарын 
қоғамдық-тарихи 
талаптар 
тұрғысынан 
сараптай 
білу 
қабілетінен  көрінеді.  Əлеумет  ортасында  қалыптасқан  заң, 
мораль,  əдет-ғұрып  пен  дəстүрлерге  орай  іс  жақсылық 
(благодеяние) не жамандық (злодеяние) болып бағаланады. 
Адамдар  өзара  атқаратын  бірдей  ісінің  көп  түрлі 
орындалу  дəрежесімен  ғана  емес,  өз  ісінің  жауапкерлігін  кімге 
артатынына  да  байланысты.  Əдетте,  іс  нəтижесі  сəтсіз  келсе, 
адам  жауапкершілікті  біреуге  не  сыртқы  жағдайларға  ысыра 
салуға  бейім  келеді,  ал  жұмыс  нəтижесі  мақтауға  тұрарлық 
болса, ол нəтижеге өзінен басқа бірде біреуді жолатқысы жоқ. 
Психологияда  бақылау  локусы  (локус-орын,  Д.Роттер) 
деген  ұғым  қабылданған.  Осыған  орай  өз  қылықтары  мен 
істерінің  себебін  тыстан  іздеушілер  сыртқы  бақылаулы 
(экстерналды) 
ал 
себеп-салдардың 
көзін 
өзінен 
табуға 
тырысатындар  ішкі  бақылаулы  (интерналды)  болып  бөлінеді. 
Экстерналды, яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер əрдайым өз 
қабілеттеріне  сенімсіздікпен  қарайды,  тұрақсыздық  көрсетеді, 
мензегенін  кейінге  қалдыруға  бейім,  жауапкершілік  кем, 
төңірегіндегілердің 
бəрі 
оны 
қобалжытады, 
осыдан 
ол 
күмəншіл,  шамданғыш,  ызақор.  Ал  интерналды  адамдар  өз 
қылықтары  мен  істерінің  жауапкершілігін  өздері  көтеруге 
қабілетті. Мұндай тұлғалардың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа 
жету  жолында  бұлар  бір  ізгілік  пен  табандылық  танытады,  өз 
ісіне  талдау  жасай  алады,  мінезі  байсалды,  қайырымды, 
қауымшыл əрі тəуелсіз келеді. 
Ерік əрекеттерінің ішкі не сыртқы бақылауда болуының 
ұнамды  да  кері  əлеуметтік  салдары   бар,      сонымен    бірге олар 
тəрбие  барысында  қалыптасып,  тұлғаның  тұрақты  қасиеттеріне 
өтеді. 
Адам еркі басқа да көптеген қасиеттермен ерекшеленеді.  
Олардың  ішінде  аса  маңыздылары:  ерлік,    тəртіптілік,  іскерлік 
т.с.с.  -  бұлардың  бəрі  де  жоғарыда  аталған  ерік  сапа, 
қасиеттерімен 
тығыз 
байланысты. 
Еріктің 
ұнамсыз 
тараптарының 
бəрі 
тұрмыстағы 
кəдімгі 
еріншектікпен 
ұштасады.  Еріншекте  іске  деген  қулық,  ниет,  оны  орындауға 
талпыныс  болмайды.  Қызығы,  көп  адамдар  еріншектігін  бетіне 

 
62
басқанға      "бауыр  еті  жарылып"  өкпелегенімен,  бұл  қасиетін 
"қайтейін  осылаймын"  деп  жеп-жеңіл  мойындай  салады,  өзінің 
тұрмыстық  ебедейсіздігі  мен  əлжуаздығын  ақтау  үшін  оны 
психологиялық  қорғаныс  құралығып  пайдаланады.  Барлық  ерік 
сапалары  мен  қасиеттері  адамның  өмір  барысында,      іс  - 
əрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда əсіресе балалық 
шақ  үлкен  маңызға  ие.  Əрқандай  психикалық  процесс  сияқты 
ерік  те  өз  бетінен  болмай,  жеке  адамның  жан-жақты 
кемелденуімен  бірге  өрістейді.  Балалық  шақта  өрбитін  ерік 
қасиеттері  көптеген  əлеуметтік-қоғамдық  ықпалдарға  тəуелді, 
солардың  ішінде  отбасының  орыны  ерекше.  Балалардағы  ерік 
қылықтарына 
байланысты 
кемшіліктер: 
өжеттік 
пен 
тентектіктің  кезі  ата-аналардың  қате  тəрбиесінен:  уақытында 
ұстамдылыққа 
үйретпеген, 
тілегенінің 
 
 
бəрін   
қанағаттандыруға      тырысқан,        белгілі      тежеулерге 
үйретілмеген,  тс.с.  Ал  қандай  да  бір  əрекетте  күш  сала  білуге 
дайындық өздігінен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиісті 
əдеттерге  баулудан  сəби  ерік  күшін  дұрыс  та  қажет  бағытта 
жұмсауға дағдыланады. 
Отбасы  тəрбиесінің  жəне  бір  болымсыз  қыры-баланы, 
əдетте      орындалмайтын,  əл  мүмкіндігінен  тыс  жүктеме 
тапсырмаға  жегу.  Осыдан  белі  бекімеген  жас  тұлғада  бастаған 
ісін аяқтамау əдеті қалыптасады, жұмыс нəтижесінен қандай да 
лəззат  қуанышына  бөлене  алмай,  бала  түңіледі,  бұдан  былайғы 
тапсырыстарға бет бақпайды. 
Бала  əрекеті  негізінен  еліктеуден  болады.  Осыдан  ерік 
қасиеттерінің  қалыптасуында  ата-ана,    тəрбиеші  ж.т.б.    өнеге-
үлгісі  маңызды  келеді.  Көркем  əдебиет  пен  кинофильмдердегі 
санқилы  кедергілерді  өз  батылдығы  мен  табандылығының 
арқасында  жеңе  білген  кейіпкерлер  де  баланың  ерік  күшін 
тəрбиелеуде орасан жəрдем береді. 
Балада  ерік  тəрбиелеудің  жəне  бір  жағдайы  оны 
қалтқысыз  тəртіпке  үйрету:  жүріс-тұрыста,  сабақ  дайындауда, 
үй 
жұмысын 
орындауда 
ж.т.б. 
Ерік 

бұл 
дұрыс 
ұйымдастырылған  еңбек  деуіміз  осыдан.  Балалық  шағынан 
қалыптаспаса,  ерік  күші  болымсыз  адам    дұрыс  еңбектене  де 

 
63
алмайды;  шаршаса,  дем  алып,  қанағат  та  еңбекке  қосу-  басты 
шарт  таппайды. 
Ерік 
қасиеттерін 
қалыптастыруда 
баланың 
дене 
тəрбиесіне  мəн  беру  қажет.  Себебі  тəн  əлжуаздығынан  жас 
өспірім  өмірдің  қай  саласында  да  қалаған  жүктемені  көтере 
алмайды,  əйтеуір  бір  кедергіден  өтуге  шамасы  жетпей,  көңіл 
күйзелісіне түседі. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш 
сынасуға  дағдыланған  бала  өз  ерік  күшін  ұстамға  алып,  оны 
қажетіне бағыттау қабілетін игереді. 
Жас  шақта  бала  өмірі  -  негізінен  ойынмен  тікелей 
байланысты.  Ал  ойын  -  бұл  белгілі  қалып,  ерекше  талап. 
Осыларды  ырьқсыз,  ойын  мазмұнына  қызығумен  орындай 
жүріп,  кандай  да  еріктік  сапаларға  дағдыланғанын  бала  сезбей 
де қалады. Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады. 
Ойынға үлкен мəн берудің қажеттігі осыдан. 
Ерік 
тəрбиесінде 
балалар 
ұжымының 
маңызы 
айтарлықтай. 
Ұжымдық  өмірге  араласа  отырып,  бала  өз  қылығын 
басқалардың  талғамына  көндіріп,  икемділікке  үйренеді.  Өз 
қатарына қарай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық 
қалыптастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, 
оны жасыруға  не  тіпті жоюға  тырысып  бағады,  ал  бұл  тырысу- 
ерік күшін керек етеді. 
 
Бала еркінің даму көзі - бұл еңбек. Əрқандай еңбектік іс-
əрекет  ерік  қатысынсыз  орындалуы  мүмкін  емес.  Сондықтан 
бала белі қажетті дəрежеде бекігеннен, оны өнімді. 
 
 
 
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Ерік дегеніміз не? 
2.
 
Еріктің  физиологиялық  негізін  қалай  түсінуге 
болады? 

 
64
3.
 
Еріктік  амал  қандай  кезеңдерге  бөлінеді?  Мақсат 
қою,  тілек,  қалау,  түрткілер  күресі,  тоқтамға  келу 
ұғымдарын жеке-жеке қалай түсіндіруге болады?  
4.
 
Адамның негізгі ерік сапалары қандай? 
5.
 
Балаларда ерік қалайша дамып жетіледі? 
 
 
III – бөлім. Адамның даралық, психологиялық 
сипаттары

   12-дəріс 
Темперамент

 
Жоспар:  
1.
 
Темперамент туралы түсінік. 
2.
 
Темперамент туралы теориялар. 
3.
 
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
 
 
      1.Темперамент  туралы  түсінік.
 
Темперамент  –  жеке 
адамның əлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, 
яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген 
əрекет  –  қылығының  ұдайы  қозғалыстағы  сипатын  белгілейді. 
Сондықтан,  темпераменттік  қасиеттер  басқа  психикалық 
құбылыстарға  қарағанда  тұрақтанған,  өзгеріске  келе  бермейді. 
Назар  аударарлықтай  ерекшелік,  темпераменттің  əрқилы 
қасиеттері  бір  –  бірімен  кездейсоқ  қосылмай,  заңдылықтар 
негізінде  түрлі  темпераменттің  белгілі  құрылымын  түзеді. 
Сонымен, темперамент – адамның психикалық əрекетінің нақты 
динамикасын  айқындайтын  психиканың  дара  қасиеттерінің 
жиынтығы.  Бұл  психикалық  ерекшеліктер  адамның  барша  іс  - 
əрекетінде  оның  мазмұны,  мақсаты  жəне  себеп  –  салдарына 
тəуелсіз  бір  қалыпты  көрінеді.  Есейген  шақта  да,  өзгеріске 
түспей,  өзара  байланыста  темперамент  кейпін  өрнектейді. 
Темперамент  түрінің  жақсы  не  жаманы  болмайды.  Олардың 
əрқайсысы  өзінің  ұнамды  тараптарына  ие,  сондықтан  басты 

 
65
назар  темпераментті  реттеп,  түзетуге  қаратылмай,  нақты  іс  - 
əрекетте  оның  тиімді  жақтарын  саналы  əрі  өз  орнымен 
пайдаланудың  жолдарын  табуға  бағытталғаны  жөн.  Адам 
ежелден – ақ əрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра 
танумен,  олардың  барлығын  жалпыланған  аз  санды  саналық 
бейнелер 
бірігін 
психология 
тарихында 
алғашқыдан 
темперамент  типтері  деп  аталады.  Темпераменттің  бұл 
бірігімдік  жүйесі  өмірлік  іс-əрекет  тұрғысынан  өте  тиімді, 
себебі  оны  пайдалана  отырып,  нақты  тұрмыстық  жағдайларда 
белгілі  темперамент  типіне  жататын  адамның  болашақ  əрекет–
қылығын күні ілгері пайымдауға болады.  
 
5.
 
Темперамент
 туралы теориялар.  
 
      Темперамент жөніндегі ғылымның іргетасын қалаған ежелгі 
грек  дəрігері  –  Гиппократ.Оның   тұжырымы  бойынша,  адамдар 
төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара 
қатынасымен  ажыратылады.  Осы  психологиялық  тағылымды 
арқау ете отырып, ежелгі дүние дəрігері Клавдий Гален алғашқы 
рет  темперамент  түрлеріне  ғылымдық  сипат  берді.  Гален 
темперамент  түрін  жоғарыда  аталған  шырындардың  бірінің 
басымдылығымен байланыстырды.  
      Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын 
белгіледі:  сангвиник  (sangius  –  қан),  флегматик  (phlegma  – 
шырыш),  холерик(  chole  -  өт),  меланхолик  (melaschole  – 
запыран).  Гален  ендірген  бұл  ғажайып  жаңалық  кейінгі  
жүзжылдықтар  желісінде  көптеген  ғалымдар  ізденісіне  күшті 
ықпалын 
тигізді. 
Ежелгі  дəуірлерден  бастап  зерттеушілер  адамдардың  дене 
құрылымы  жəне  физиологиялық  қызметінің  ерекшеліктерімен 
сай  келетін  көп  түрлі  əрекет  –  қылықтарды  тастап,  ретке 
келтіруге  ат  салысты.  Осыған  орай  темпераменттің  көп  түрлі 
типологиясы  қалыптасты.  Бұлардың  ішінде  назар  саларлықтай 
тип  –  адамның  дене  құрылымына  байланысты  дараланып,  тума 
темперамент  қасиеттеріне  негізделген  –  конституциялық 
типология  (Э.  Кречмер).  Бұл  теорияның  мəні:  əр  адам  өз  дене 
құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, 

 
66
дене  мүшелерінің  сырттай  өлшемдеріне  байланысты  төрт 
конституционалды психикалық тип белгіленген:  
    1.  Лептосоматик  -  бойшаң,  нəзік  денелі,  тар  иықты,  қол-аяғы 
ұзын, сыйдиған.  
    2.  Пикник  -  мығым,  сезімшең,  кіші  не  орта  бойлы,  қарны 
қампиған, домалақ бас. 
    3.  Атлетик  -  бұлшық  еттері  күшті  дамыған,  денесі  мығым, 
берік,  ұзынша  не  орта  бойлы,  кең  иықты,  жамбас  сүйектері 
тартылған. 
    4.  Диспластик  -  дене  бітімі  қисынсыз.  Бұл  адамдар  əрқилы 
мүшелік зақымдарға ұшырағандар. 
      Жоғарыда 
баяндалған 
конституциялық 
типология 
теориясының  негізін  қалаған  -  Э.  Кречмер.  Бұл  теория  Батыс 
Европада  кең  қолдауын  тапты.  Ал  осы  теорияны  ары  қарай 
жалғастырған  У.  Шелден  болды.  Сонымен,  əр  адамның 
темпераменті  əртүрлі,  соған  байланысты  адамдар  да  əртүрлі. 
 
3. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.  
 
Сангвиник
. 
      Бұл  тип  өкілі  -  еті  тірі,  қабілетті,  қозғалғыш  оқушы.  Ондай 
оқушы ақкөңіл жəне қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып 
кетеді,  сəтсіздігін  жеңіл  өткізеді.  Ұжым  арасында  жүргенді 
ұнатады,  басқа  оқушылармен  тез  тіл  табысады.  Қысылып- 
қымтырылмайды,  кісіге  қайырымды.  Сангвиниктерді   оқу 
үрдісінде  бақылаған  жақсы,  яғни  оқу  үстінде  олар  қасиеттерін 
айқын  көрсетеді.  Егер  оқу  материалы  қызықты  жəне  жас 
ерекшелігіне  сай  болса,  онда  кіші  оқушы  жаңа  берілген 
материалды  тез  қабылдайды,  жеңіл  есте  сақтайды.  Ал  егер 
материал  қызықсыз жəне оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, 
онда  оқушы  оны  есте  ұзақ  уақытқа  сақтай  алмайды. 
Сангвиниктерді  дұрыс  тəрбиелегенде,  оны  жоғары  дəрежеде 
жетілген  бірлік  жəне  қайырымдылық  сезімі  оқуға  деген 
белсенділігі  ерекшелендіріп  тұрады.  Жағымсыз  жағдайларда, 
жүйелілік  пен  бірізділік  жоқ  кезде,  сангвиникте  жеңілтектік, 
бейбастық,  шашыраңқылық  байқалады.  Осындайда  олар  кейде 
оқуға  жауапкершіліксіз  қарайды.    3-ші  сыныпта  оқитын 

 
67
сангвиник  типінің  өкілін  алатын  болсақ,  олар  еті  тірі,  белсенді 
болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта 
достарымен  көп  сөйлеседі.  Сыныпта  өтіп  жатқан  барлық 
жағдайларға мəн беріп отырады. Достарының арасында ылғи да 
сыйлы  жəне  оларға  көптеген  қызық  əңгімелер  айтады.  Осы 
оқушы  жаңа  ортаға  тез  бейімделеді.  Егер  берілген  жұмыс 
немесе  тапсырма  жеңіл  болса,  оқушы  оны  тез  орындайды,  ал 
жұмыс  қиын,  қытымыр, ұзақ  болса,  жұмысқа  суып  кетеді.  Егер 
математика  сабағында   есеп  беріле  сала  сол  оқушы  жауабын 
айтса,  жəне  бұл  жауабы  қате  болса,  ол  ары  қарай  шығарып, 
дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. 
 
Флегматик
. 
      Бұл  типтің  өкілі  баяу,  байсалды,  асықпайды.  Істі  ойланып, 
төзімділікпен  істейді.  Жинақылықты,  қалыпты  жағдайды 
ұнатады.  Өзгерістерді  ұнатпайды.  Бастаған  ісін  аяғына  дейін 
жеткізеді.  Психикалық  процесстер  флегматикте  баяу  жүреді. 
Бұл  баяулық  оған  оқу  жолында  кедергі  келтіреді,  ең  кедергі 
келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде 
флегматиктер   жамандықты  есте  сақтап  қалады  жəне  ұзақ 
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, 
байыпты,  керек  жерде  тіл  табысады,  ал  орынсыз  сөйлемейді. 
Көңіл-күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы 
өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру 
немесе  эмоционалды  əрекет  жасау  оңай  емес,  ол  ұрыс-керістен 
аулақ  жүреді,  оны  əртүрлі  қиыншылықтар  тепе-теңдігінен 
шығармайды.  Флегматикті  дұрыс  тəрбиелегенде  іскерлікті, 
талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда 
оларда əлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы, 2-ші сынып 
оқушысы  – флегматик,  ол  барлық  істі  баяу,  байыппен,  асықпай 
істейді.  Одан  сабақ  сұраған  кезде,  ол  баяу  орнынан  тұрып, 
азғана  үндемей  тұрады  да,   сабақты  үйден  қараған  болса, 
бірқалыпты  дауыспен  сабақ  айта  бастайды;  ал  егер  үйде 
оқымаған  болса,  мұғалімнің  қойған  сұрақтарына  жауап 
қайтармай  үнсіз  тұрады.  Кейде  ондай  оқушылар  мұғалімді 
ызаландырады,  ал  достары  оның  баяулығына  күледі.  Бірақ, 
флегматик  оқушы  –  жақсы  дос,  ашық  жəне  өте  ұстамды,  оны 

 
68
ренжітіп 
алу 
немесе 
күлдіру 
өте 
қиын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет