Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата20.01.2017
өлшемі5,35 Mb.
#2282
1   2   3   4   5   6   7
кәсіптік

және  техникалық мекемелерде  оқытылатын  кәсіптер  мен  мамандықтардың

алуандануына, мектеппен байланысқа аса көңіл аударып отыр.

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің №  1211  2009  жылғы  11  тамыздағы

қаулысымен Қазақстан Үкіметі  жанындағы  Кадрлар  даярлау  мен  техникалық

және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған  болатын.

Қазақстан  Республикасы

Президентінің  2010

жылғы  7  желтоқсандағы

№ 1118 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, онда техникалық

және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін  дамытудың көрсеткіштері  мен  жолдары

көрсетілген.

2009  жылдың  қараша  айында Қазақстан  Республикасы  Білім  және ғылым,

Энергетика  және  минералдық ресурстар  министрліктері  мен  «Атамекен»

Қазақстанның  ұлттық экономикалық палатасы  арасында  техникалық және

кәсіптік  білім  беруді қолдау Қорын құру  туралы  Меморандумға қол қойылған

болатын.

Әлемдік  тәжірибенің прогрессивті  дамуын  зерттеу  мақсатында  келесідей

халықаралық ұйымдармен маңызды жобалар іске асырылуда:

Герман  техникалық

жәрдем

ұйымымен


куррикуллум,  модульдік

бағдарламалар жасау;

Европалық комиссиямен - әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша;

Білім  және  біліктілікті  көтеру  орталығымен  (RKK,  Норвегия) – мұнай-газ

саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауға ықпал ету бойынша;

ИнВентпен  (Германия) – оқытушылар  мен өндірістік  оқыту  шеберлерінің

біліктілігін көтеру бойынша;

Британдық кеңеспен – бітірушілердің жұмысқа  орналасуы  мен  дайындалу

сапасын қамтамасыз ету бойынша;

Европа  білім  беру Қорымен – Қазақстанда  кәсіптік  білім  беру өкілеттілігін

жоғарылату  негізінде  бағдарламаны  жаусауды әдіснамасын  енгізуді  дамыту,

туризм  секторында  кәсіби  стандарттарды құру,  Европалық біліктілік  аясын

енгізуді зерттеу бойынша.

Техникалық және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  24 алдыңғы қатарлы  оқу

орындары Ұлыбританияның  әлемге  белгілі  колледждерімен,  соның ішінде

14 колледж Кембридж аймақтық колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге

қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және

кәсіптік  білім  беру  сферасында  ынтымақтастық туралы  «UCPMI»  Конкорд

Консалтинтік  тобы  (Франция)  мен  GEMCO  INTERNATIONAL  BV  арасында,

FONTYS қолданбалы ғылымдар университеті (Голландия) арасында 2 хаттамаға

қол қойды.

2010  жылы Қазақстанның техникалық және  кәсіптік  білім  беру  жүйесі

Европаның  29 елімен  бірге  Турин  процесінің  қатысушысы  болды,  яғни

Европалық

білім

қорымен 


(Турин, 

Италия)


өткізілетін 

халықаралық

салыстырмалы зерттеулерлер жүргізуге қатысты.


22

2010-2014  жылға  арналған  жеделдетілген  индустриялық-инновациялық

мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  мемлекеттік  органдармен

кадрлардың  қажеттілігі  бойынша  талдау  жасалынған.  Жалпы қажеттілік

287  мың

адамды


құрайды,  оның

ішінде  жеделдетілген  индустриялық-

инновациялық даму үшін  108  мың адам.  Техникалық және  кәсіптік  білім

мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды, оларды дайындауды 543

техникалық және кәсіптік білім мекемелері қамтамасыз етеді.

13  сала  бойынша  индустриалдық жобалар  және  барлық аймақтар  бойынша

кадрмен қатамасыз  ету  карталары  жасалынған, әкімдіктермен  бірге  жобаларға

базалық оқу  орындары  анықталған  және қазіргі уақытта қайта  ашылған

өнеркәсіптермен  кадрларды  даярлауға  61  келісім  шарттаға қол қойылған.

(Мысалы:  «Тараз  металлургия  заводы»,  «Электролиз  заводы»,  «Тері өндеу

өндірісі»  және  т.б.,нәтижесінде  831  адам  оқытылған  және  жұмысқа

орналастырылған).

Кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарына қабылдау

Оқу ұйымдарына келесілер қабылданады

Негізгі  орта  (негізгі  жалпы),  жалпы  орта  (орта  жалпы),  техникалық және

кәсіби  (бастапқы  кәсіби  және  орта  кәсіби),  жоғарғы  (жоғарғы  кәсіби)  білімі бар

Қазақстан Республикасы азаматтары,

Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар.

Шетел  азаматтары  және Қазақстан  Республикасы  заңнамасымен  бекітілген

тәртіпте азаматтығы жоқ адамдар.

Тегін  техникалық және  кәсіби  білім  мемлекеттік  білім  грантына  сәйкес

конкурстық негізде  бұл  деңгейдегі  білімді  лоар  бірінші  рет  алып  тұрған  болса

Қазақстан  Республикасының азаматтарына  және  азаматтығы  жоқ адамдарға

беріледі.

Тегін  техникалық және  кәсіби  білім  мемлекеттік  білім  грантына  сәйкес

конкурстық

негізде 

азаматтығы 

жок 

тұлғалардың



алуы

Қазақстан

республикасының халықаралық келісім шарттарынмен айқындалады.

Техникалық және  кәсіптік  білім  оқу  бағдарламалары бойынша  жалпы

кәсіптер  мен қиын  (ұйқас)  кәсіптер  бойынша  мамандарды  даярлауды  көздейтін

білім  мекемелеріне  оқуға  түсушілер үшін  түсу  емтихандары әңгімелесу түрінде

жүргізіледі.

Үшінші саты – бакалавриат дайындайтын педагогикалық институт.

Біздің институт  биыл  екінші  жыл    несиелік  оқыту  жүйесіне  көшіп,

бакалавриат  даярлайтын  стандарттармен  жұмыс  жасауда. Өткен  оқу  жылы

арнайы  бағдарлама  жасалып,  студенттердің жалпы  және  педагогикалық мәдени

тұлғасын қалыптастыру  мақсатында  зерттеулер  жүргізілді,  кадр  дайындаудағы

сапалық


бетбұрыстың 

өзекті 


мәселелері 

анықталды. 

Басты 

мәселе


2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламада    белгіленгендей,  білім

беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын

білім  берудің білім үстемдігі үлгісінен  “құзыретті” үлгісіне  көшу  арқылы

өзгерту,  білім  беру  деңгейлерінің  құрылымын  ЮНЕСКО-ның білім  беру

халықаралық стандарттық жіктеуішіне  сәйкестендіру  талаптарына  сай  жұмыс

жасау болып отыр.



23

Мектептен, колледжден кейінгі саты-жоғары оқу орны (1-4 курстар).

Оқыту ұзақтығы – 3 жыл колледжден кейін немесе 4 жыл мектептен кейін.

Білім әлемнің барлық дамыған  мемлекеттерінде  негізгі  басымдықты  бағыты

және  дамудың негізгі  индикаторы  болып  табылады.  Жоғарғы  білім  алу  адам

өмірінде  ең маңызды  межелердің бірі  болған  және  болып қала  береді, әсіресе

қазіргі  кездегі  еңбек  нарығындағы өте  жоғары  бәсеке  кезінде.  Бұған  ересек

халықтың  35% -ы  жоғарғы  білімді  болып  табылатын  біздің мемлекетіміз  де

мысал  бола  алады- бұл  көрсеткіш  (30-35%  деңгейінде)  экономикасы  дамыған

мемлекеттерге де тән болып табылады.

Жоғарғы  білім  білім  деңгейінің көрсеткіші  ретінде  кәсіптік  білімнің үш

деңгейлі  жүйесінде  (жалпы  орта  және  кәсіптік  білімнен  соң) жоғарғы  деңгей

болып  табылады  және  кәсіптік қапталдан  теориялық және  тәжірибелік

мақсаттарды  шешуге  мүмкіндік  беретін  жүйелендірілген  білім  мен  тәжірибелік

дағдылардың жиынтығынан тұрады.

2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына

қосылып,  Европалық жоғарғы  білім  аймағының  47-нші  толыққұқықты  мүшесі

атанды. Осылай мамандарды даярлаудың Болондық декларация ұстанымдарына

негізделген  (сонымен қатар Ұлы  университеттер  Хартиясы  ретінде  де  танымал,

1999  жыл  19  маусым) үш  деңгейлі  моделіне өту  жүзеге  асырылды: бакалавр -

магистр - Ph.D докторы.

Болондық декларация 7 негізгі бағыттан тұрады:

1.  Сәйкес  дәрежелердің жүйесін қабылдау, сонымен қатар,  дипломға

қосымша  енгізу  арқылы

европалық

азаматтардың

жұмысқа  орналасуын

қамтамасыз  ету  арқылы  және  жоғарғы  білімнің

европалық

жүйесінің

халықаралық бәсекелестігін жоғарылату.

2. Екі циклды оқуды енгізу: алдын ала (pregraduate) және бітіруші (graduate).

Бірінші  цикл үш  жылдан  кем  емес жалғасады.  Екіншісі  магистр  немесе  доктор

дәрежесін алуға әкелуі тиіс.

3.  Жоғарғы масштабты  студенттік  мобильділікті қолдау үшін  еңбек

ауқымының сынақ бірліктерінің европалық  қайтадан  сынақталу  жүйесін  енгізу

(кредиттер жүйесі, немесе оқудың кредиттік технологиясы). Ол сонымен қатар

студенттерге оқитын пәндерді таңдау құқығын береді. «Өмір бойы оқу».

4 тұжырымдамасының шегінде жұмыс істейтін, жинақтау жүйесіне айналған

ECTS  (European  Credit  Transfer  System)  жүйесі  негізге  алынған. Оқушылардың

мобильділігін

дамыту  мүмкін  (жоғарыдағы  екеуін  орындау  арқылы).

Оқытушылар  мен  басқа  да  персоналдың мобильділігін  олардың европалық

аймақта жұмысқа кеткен уақытын есептеу жолымен кеңейту. Трансұлттық білім

беру стандарттарын енгізу.

5. Сапаны қамтамасыз ету үшін сәйкес келетін өлшемдер мен әдістерді ойлап

табу мақсатына бағытталған европалық ынтымақтастыққа ықпал ету.

6.  ЖОО  ішіндегі  білім  сапасын  бақылауды  енгізу  мен  ЖОО-нын қызметін

ішкі бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.

7. Жоғарғы білімде қажетті европалық көзқарасқа, әсіресе оқу жоспарларын

дамыту облысында, институционаларалық ынтымақтастық, мобильділік сызбасы


24

және  біріккен  бағдарламалар,тәжірибелік  дайындық пен ғылыми  зерттеулер

өткізуге ықпал жасау.

Болондық декларация аясында бірыңғай европалық жоғарғы білім кеңістігін

қалыптастыру  мақсатында  Европа  мемлекеттерінің білім  жүйелерін  жақындату

мен үйлестіру үрдісі қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысатын Болондық

үрдіс атағын алды.

Қазақстандық университеттердің қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол

қойған Ұлы  университеттер  хартиясына қосылуы  отандық білім  беруді

европалық стандарттарға жақындатуға мүмкіндк береді.

ЖОО-ның оқу үрдістеріне үдемелі  технологиялар  және  оқу  жүйелері

енгізілген:  135  ЖОО-да  оқудың кредиттік  технологиясы  енгізілген,  38 – екі

дипломдық білім беру жүзеге асырылады, ал 42 – қашықтықтан оқыту.

16  ЖОО-да  шетелдік  алдыңғы  ЖОО-мен

әріптестік  жолымен  PhD

докторларын дайындау жүргізілуде.

Дегенмен Қазақстан  медициналық, ветеринарлық,  әскери  мамандықтар

бойынша  кеңестік  (дәстүрлі)  жоғарғы  білім  алу  жүйесін  сақтап қалған,  яғни

бітірушілер бакалавр емес, маман біліктілігін алады.

Жоғары білім алудың формалары

Қазақстанда  жоғарғы  білімді  жалпы  орта  білім  (11-сынып),  бастапқы  және

орта  кәсіптік  білім  (орта  білімнен  соң) және  жоғары  білім  негізінде  алуға

болады;  күндізгі,  сырттай,  кешкі, қашықтықтан  оқыту  және  экстернат;  ақылы

және ақысыз және т.б.

Оқу  орындарында  жоғары  білім  алуға  болатын  оқу  формаларының

алуантүрлілігін қарастырып көрейік.

Жалпы  орта  білім  мен  бастапқы  кәсіби  білімнен  кейін  жоғары  білім  алу

әдепкі  ретпен  жүргізіледі,  яғни  оқу  мерзімі – бакалавриат үшін  4  жыл  және

маман үшін 4-5-6 жыл.

Орта  кәсіби  білім  негізінде  егерде  жоғарғы  білімді  туыстас  мамандық

(мысалы  колледжде  де  ЖОО-да  да  заң білімі)  бойынша  және  жоғары  білімнен

(бір  жоғарғы  білім  бар  болғандықтан,  кез  келген  басқаға  түсуге  болады)  соң

алатын  болса,  жоғарғы  білімнің оқу  мерзімі қысқартылады  (ережеге  сәйкес

колледжден  кейін -3  жыл,жоғарғы  білімі  бар  болса – 2  жыл  ).  Бұл  орта  кәсіби

білімнен  (медициналық колледжде  оқып,  экономикалық мамандыққа  түссе)

кейін  туыстас  емес  мамандықтарға  түсетіндерге  және  екінші  жоғарғы  білім

(бірінші  техникалық мамандықтан  соң медициналық ЖОО-на  түссе)  алуда

мерзімді қысқатру қарастырылмаған мамандықтарға қатысты емес.

Күндізгі  оқу  түрі – бірінші  жоғарғы  білім үшін  ең кең таралған  және

дәстүрлі  болып  табылады.  «Күндізгі»  термині  көрсетіп  тұрғандай  студент

оқытушылар мен деканның 4/5 жыл көз алдында жүреді, яғни оқу процесі –оқу

кезінде студенттің айналысатын бірден бір әрекеті болып табылады.



Сырттай  оқу  түрінде студент  жылына  2  рет ұзақтығы  1  айға  созылатын

интенсивті оқуға келеді және аяқталысымен емтихан тапсырады.

Орта  кәсіптік  жіне  жоғарғы  білім  негізінде ғана  сырттай  оқуға  болады

(2 немесе 3 жыл).



25

Оқудың кешкі түрін күндізгі-сырттай деп те атайды, яғни оқу процесі кешке

қалдырылған,  яғни  студент  күндіз  жұмыс  жасап,  ал  18.00  сағаттан  соң

университетте дәріске қатыса алады.

Қашықтан  оқыту – оқушыға  негізгі  оқу  материалдарын  жеткізіп  беру,  оқу

процесі  кезінде  оқушы  мен  оқытушылардың интерактивті  іс-әрекет  етуіне,  оқу

материалдарын  игеру  кезінде  сонымен қатар  оқу  процесінде  оқушыларға  жеке

жұмыс жасау мүмкіндігін беретін технологиялар жиынтығы.



Экстернат оқу  түрі  ретінде  жоғарғы  білімнің  (сонымен қатар  жалпы  орта

білімге де қолданылады)  жалпы  білім  беретін  бағдарламаларын  аралық және

мемлекеттік  (қорытынды)  аттестация  арқылы өзіндік  игеру  түрі  болып

табылады.

Экстернат  мәні  орта  немесе  жоғары  білімді  мектепке,  университетке  күнде

бармай  жеке  білім  жолы  арқылы  оқу  немесе  жұмыспен,  екі  оқу  орнында  білім

алуды үйлестіру  арқылалуға  болады.  Екі  жылдық  (немесе  одан  да  көп)

бағдаламаны аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация тапсыру арқылы

бір жылда өтуге болады.

Осы тұрғыдан келгенде қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру жүйесі

жаңаша ойлайтын, ой өрісі кең, тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан өзіне

баға  бере  алатын,  тек қана өзінің емес, қоғамдық мәселелерді  шеше  алатын

адамды қалыптастыру керек. Ол үшін  едәуір уақыт керек екені сөзсіз.

Үздіксіз  білім  беру  жағдайында  тұлға қалыптастыру  оның барлық

кезеңдерінде өтеді. Бұл қағида оның негізгі мәнісі болып табылады. Олай болса,

үздіксіз білім беру жағдайында сабақтастық мәселесі жаңа мәнге ие болады.

Сабақтастықтың  әлеуметтік,  психологиялық, педагогикалық мазмұндық

сипатта болатыны анықталды.

Өзге  де  философиялық категориялар  сияқты,  сабақтастықтың объективті

және  жалпы  сипаты  бар  болғандықтан  ол қоғамдағы,  танымдағы  және

табиғаттағы өзгерістердің барлығын қамтиды. Осындай себеппен ғылымның бар

саласында сабақтастықтың  әдіснамалық мәні бар.

В.Я.Ельмеев

,

Г.Н.Исаенко, 



К.Мороз 

және 


басқалары

мынадай


философиялық ойларға  көп  көңіл  аударады:  терістеуді  терістеу  заңдылығы

кезеңдерінен  жаңада  тек қана  жақсы  жақтары  сақталып қалмай,  көңілге

қонымсыз  жақтары

қалып


қоятындығында.  Дамудың

прогрессивті

өсуі

жақсының тез  жетіліп,  біліктене  түсуімен  және  ескінің



дамымай қалып

қоюымен айқындала түседі.

Э.А.Баллер

,

М.М.Гуренко өздерінің еңбектерінде  мәдениетті  дамытудағы



сабақтастықтың мәнін ашып көрсетті.

Э.А.Баллердің сабақтастыққа    тікелей  анықтама  беруіне қарасақ, ол

дамудың сатылары мен буындары арасындағы байланыс бар екендігін көрсетеді.

Даму үдерісі өткенде қажетті жақтары бүтін болып қалыптасады. Сонымен қатар

мәдениеттің  өсуіндегі  сабақтастықтың көрінуі  оның шексіз  екенін  айтады. Өлі

табиғат пен тірі табиғат өсуінің арасындағы және дүниетаным мен материалдық

өмірдегі сабақтастық арасындағы ерекшеліктің бар екенін дәлелдейді

.

Педагогика  саласындағы  сабақтастықтың да  атқаратын  ролі  ерекше.  Ол



педагогикалық жұмыста  тәрбиелік,  психологиялық және  басқа  деңгейде

26

кездеседі.  Білім  жүйесіндегі  сабақтастықтың негізін қалау үшін  жалпы

сабақтастық деген ұғымға талдау жасалды.

XVII ғ. Европа  педагогикасының негізін  салушы  чех  педагогы  Ян  Амос

Коменский  сабақтастықты  адам  дамуының жас  ерекшелігінен,  оның танымдық

әрекетінен туындайтын оқыту ұстанымы ретінде қарастырады.

XIX ғ. неміс педагогы  Фридрих Вильгельм Адольф Дистервег оқыту дидак-

тикасын  баяндады.  Оқыту үдерісінде әртүрлі  ережелерді қолдана  білуді  атап

көрсетті:  көрнекілік, еліктіргіштік,  жігерлілік,  оқушылардың дербес  ерек-

шеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу және т.б.

Орыс ғалымдарының педагогикалық ойларында  оқытудағы  сабақтастық

мәселелері  жан-жақты қарастырылады. Ұлы  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский

сабақтастық мәселесін шешуге үлкен үлес қосты.

1930  жылдары    П.Н.Груздевтің редакциялық басшылығымен  жарық көрген

«Педагогика» оқу құралында сабақтастық «бірізділік пен жүйеліліктің мағынасы

ұқсас ұғымы»  ретінде  сипатталады

.

Ал  40-жылдары  білім  алу  процесінде  жаңа



меңгерілген  материалдың бұрын  оқылған  материалмен өз-ара  байланысы  бар

екенін  анықтауға  арналған ғылыми  еңбектер  де  пайда  бола  бастады.  Мысалы,

Б.Е.Райковтың  қарастырған  бірнеше ғылыми  еңбегі  осы  мәселеге  арналады.

Оның пікірінше,  «...білім  бұрын  алған  біліммен  байланыста  болады, үнемі  оны

толықтырып,  дамытып  отырады, өз  кезегінде  келесі  сабақтарда  берілетін  білім

үшін негіз бола алады».

Кеңес педагогикасында сабақтастық мәселесінің белгілі бір тарихы бар. Бұл

мәселемен   шұғылданған ғалымдар арасында көптеген, кейбір жағдайда қарама-

қарсы,  пікір қалыптасты.  Кейбір ғалымдар  оны  дидактикалық  ұстаным  ретінде,

кейбіреулері  жалпы  педагогикалық

заңдылық

ретінде,    кейбіреулері

әдіснамалық ұстаным ретінде қарастырады.

Мәселен  А.А.Кыверялг,  Ю.К.Бабанский    сабақтастықты    оқыту-тәрбиелеу

үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық ұстанымы деп атап көрсетті.

Жалпы 


педагогикалық 

ұстаным 


оқытудың 

әртүрлі 


жақтарының,

бөліктерінің, кезеңдерінің, сатыларының арасында үзілмес байланыстың болуын

талап етеді, сонымен қатар оқыту үдерісі жұмыс мазмұнына, формаларына және

әдістеріне қарай  шиыршық бағытымен ұлғайюы  керек.  Мұндай  көзқарасты

қолдайтындар арасында С.М.Годник, Ю.А.Кустов және басқалар бар.

Сабақтастықты  жалпы  педагогикалық заңдылық ретінде қарастыратын

ғалымдар өз позициясын түсіндергенде мынаған назар  аударады: бұл заңдылық

оқыту-тәрбиелеу үдерісінің біртұтастығында  білінеді,  ал  табысты  оқыту  мен

тәрбиелеудің

маңызды  шарты - сабақтастық сипаттағы  байланыс  болып

табылады,  бұл  байланыс  оқыту  кезеңдері,  жұмыс

әдістері  арасында

болатындығы дәлелденді.

И.А.Кайровтың  ғылыми  зерттеулерінде және оның редакциясымен  шыққан

оқу

құралында  сабақтастықты  «білім  негіздерін  белгілі  бір  логикалық



байланыста,  оқыту  материалдарын  бірізділік  жүйемен  оқыту»  деп  сипаттайды.

М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтастықты зерттей келіп, «сабақтастық - оқыту

сатысының мәні, оның алға қарай қозғалысы, жүйелілік, білім сабақтастығының

шарты» деген қорытынды жасады.



27

Сабақтастықтың күрделі мәселелеріне  арналған педагогикалық құбылыстар

мен үдерістерді  зерттеу  жұмыстары  жалпы  философиялық көзқарастан  да

бұрынырақ туындауы  да  тегін  емес.  Бұл  тұрғыдан қарасақ, сабақтастықтың

категориясын  оқу ұстанымдарына  жатқызудың негізгі  екендігін  көруге  болады.

Бұған  дәлел  ретінде  1960 – жылдардың басында  шыққан  Б.Г.Ананьев,

А.К.Бушля, 

Ш.И.Ганелин 

сынды  педагогтардың

және 


психологтардың

оқытудағы  сабақтастықтың мәселелеріне  арналған  еңбектерін  атап  айтуға

болады.  Ш.И.Ганелин  сабақтастықты  дидактикалық  ұстанымдар қатарына

жатқызып,  оны  жүйелелік  пен  бірізділік ұстанымдарымен  байланыстырады.

Көптеген  педагогтар  сабақтастық  ұстанымдарының мәнін  оқыту үдерісін

ұйымдастырудағы үздіксіздікке әкеліп  тірейді.  Сабақтастық

мәселесінің

дамуындағы елеулі кезең – оны Ш.И.Ганелиннің жалпы педагогикалық тұрғыда

зерттеуі болып табылады. Оның пікірінше, «Білім беру жүйесіндегі сабақтастық

оқушының ойлау әрекетінің дамуындағы  ең маңызды  шартының бірі  ретінде

қарастырылады.  Сонымен  бірге қарапайым ұғымдар  мен  түсініктердің күрделі

ұғымдар жүйесіне бірігуін қамтамасыз етеді

».

Сабақтастық түсінігі – дедукцияның өнімі деп ұғынып, педагогика біліміне



жақын  психология,  философия,  мәдениеттану, әлеуметтану ғылымдарының

интеграциясы деп білуге болады.

Бастауыш  сыныптағы  оқу әрекетінің мазмұны  мен  формаларындағы

сабақтастық мәселесін  психолог ғалым  И.Я.Лернер  зерттеді.  Ол  оқытудағы

сабақтастықты  жүйелілік  пен  көзқарас  тұрғысынан  талдай  келіп,  кез  келген

жүйедегі ұстанымдардың бірі – оның жекелеген  сатылары  арасындағы

сабақтастық байланысы  болып  табылады  деген қорытындыға  келеді.  Зерттеу

нәтижесінде  И.Я.Лернер  сабақтастыққа  төмендегідей  анықтама  береді:



«Сабақтастық дегеніміз - оқу  тәрбие үдерісіндегі әрбір  келесі  жаңа  буында

өткен  сатыда  алынған  білім  мазмұнын  бекітіп,  кеңейтіп,  күрделендіріп  және

тереңдетіп отырудағы жүйелілік»

.

Оқытудағы  сабақтастық мәселесі  көптеген  еңбектерде  талданса  да,  бүгінгі

таңда  дидактикада  аталмыш  мәселе  бойынша  бірегей  көзқарас  жоқ. Бұл  ең

алдымен  сабақтастықтың аса  маңызды  педагогикалық категория  ретіндегі

статусына байланысты.

М.И.Махмутов  сабақтастықты  оқытудағы ғылыми ұстанымдардың бірі

ретінде қарастыра отырып, оны таным теориясының ұстанымы деп есептейді.

В.В.Давыдов  сабақтастықты  психологиялық - педагогикалық  ұстаным

ретінде қарастыра  отырып, әр  нәрседе  байланыс  және  сабақтастық сақталуы

керектігін атап көрсетеді.

С.Л.Рубинштейн сабақтастықтың психологиялық негізін анықтауға зор үлес

қосты.  Ол  сабақтастықтың мәнін, үдерістің  әрбір  келесі  кезеңі  алдыңғысының

ішкі  шарты  болып  табылатындықтан  содан  дамитындығын,  сондықтан  барлық

сатылар өзара тығыз байланысты екендігін көре білді

.

Сабақтастық



мәселесін  зерттеуде  Л.С.Выготскийдің

еңбектері

үлкен

қызығушылық туғызады. Ол «қарым-қатынас дамуының кез келген жаңа сатысы



өткен  сатыларды  жинақтай  түсуге  негізделген.  Жинақтап қорытудың жаңа

сатысы  алдыңғы  сатылар  негізінде  пайда  болатындығы  рас»  деп  санайды.  Ол



28

алдыңғы  ойлау қызметі  «босқа»  кетпей,  жаңа  тұрғыдағы қызметтің жұмысына

қосылатындығын сараптау арқылы анықтады

.

Е.Н.Илиянов  сабақтастық жоғарыда  көрсетілген  ерекшеліктерімен қатар



оқушының оқып  жатқан  материалды  зерделеуінде  сабақтастық байланыстарды

есепке алу қажеттігін де ашып көрсетті. Ол зерделеуді ұғымдар арсеналында оқу

материалдарының элементтерін  мағыналы  оймен  толықтыру  деп  және  оның

нәтижесі ұғымдар  арасында  байланыс орнатуға қажетті  түсініктердің жеткілікті

болуына байланысты деп нақтылайды.

М.М.Гуренко  еңбектерінен  жоғары  және  орта  оқу  орындары  арасындағы

сабақтастық

үдерісінің

мәнін 

анықтау 


мысалын 

келтірейік. 

Біздің

пайымдауымызша,  сабақтастық  ұғымында  орта  буын  оқу  орындарының



түлектерін  жоғары

оқу  орындарының

жүйесі  бойынша  диалектикалық

байланысты  сақтай  отырып,  студентті  білім  алушы  нысан  етіп қалыптастыру

болып табылады.

А.А.Кыверялгтың анықтамасына  байланысты  айтар  болсақ, онда  ол

сабақтастықты жанама түрде емес, тікелей орта және жоғары кәсіби дайындыққа

қолдануға  тиімді  екенін  көрсетеді.  Орта  және  жоғары  кәсіби  дайындықтағы

сабақтастықты оқып білім алудағы біліктілікті арттырудағы, білімді кеңейтудегі,

машықтанудағы  жоғары  деңгейдегі ғылыми,  жалпытехникалық және  ескі  мен

жаңаның өзара байланысы деп түсінуге болады.

Сабақтастық мәселесін  зерттеуде  А.Д.Ботвинников үлкен үлес қосты.

Графикалық ұғымдардың дамуын зерттей отырып, ол пайда болған ұғымдар тек

бұрын  оқылған ұғым  негізінде ғана  игерілуі  мүмкін  екендігінің  өзі  олардың

арасында міндетті түрде байланыс болуы қажеттігін көрсететінін атап өтті.

Сабақтастықтың танымдық сипатының қырларын ашып, тереңірек зерттеу

жүргізіп,  оның

білім  сапасын  жақсарту  жолында  ролі  орасан  зор  екендгіне

көптеген  дәлелдер  келтірген  отандық  ғалымдарды  атап  айтуға  болады.

Ж.А.Караев, 

С.Смаилов, 

С.М.Жакупов, 

Ю.К.Аманбаева, 

Н.А.Дарханов,

А.С.Мамбеталина және  басқа ғалымдар  педагогика  саласындағы  сабақтастыққа

ерекше мән беріп, оған жаңаша бір серпін берді.

Графикалық

білім 


берудегі 

сабақтастық

мәселесінің

жекелеген

аспектілерінің дамуына С.Смаилов, К.Өстеміров, Ә.Ә.Төлбаев елеулі үлес қосты.

С.Смаилов өзінің ғылыми зерттеу жұмысында сабақтастық мәселесіне көп көңіл

бөлді.  Сабақтастықты  философиялық категория  тұрғысынан

қарастырып,

сабақтастықтың

даму  заңдылығы  диалектиканың

заңдылығымен  сәйкес

келетіндігін дәлел ретінде келтірді.



Жоғарыда  айтылған ғылыми  еңбектер  авторларының көбісі оқу  тәрбие

үдерісіндегі әрбір  келесі  жаңа  буында, өткен  сатыда  алынған  білім  мазмұнын

бекітіп,  кеңейтіп,  күрделендіріп  және  тереңдетіп отырудағы  жүйелілік деп

түсінеді.

Сонымен  білім  берудің дамуын,  оның сапалық  өзгерістерін  болжау

мақсатында  және  болашаққа  бағытталған  кәсіби  сабақтастық негізінде  білім

беруді жоспарлау технолгиясын жасу үшін зерттеу моделі ұсынылады.



29

Модельдеу  педагогика ғылымының көп  тараған  зерттеу әдістерінің бірі

болып  табылады.  Модельдеу  деп  біз  нысанды  зерттеушіге қойылған  мақсатқа

сәйкес келетін ғана сипаттамаларын есепке алып зерттеу үдерісі деп түсіндік.

Модельдеу деп құбылысты, үдерісті немесе нысандар жүйесінің модельдерін

құрып,  сол  модельді  зерттеу үдерісі  деп  есептеледі. Ғылыми әдіс  ретінде

модельдеу нысан дамуының соңғы нәтижесін алдын ала білуге мүмкіндік береді,

себебі  модель  нысаның аналогы  ретінде құрылады.  Модель ғылыми ұғым

ретінде  математикалық, техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдарда,

өнерде,  бионикада,  кибернетикада  және  т.т.

қолданылады

.

Педагогтар



зерттеулерін  талдай  отырып,  сабақтастық – дидактика  категориясы  деп

тұжырымдағанбыз.  Бұл  категория  кәсіби  білім  беру  жүйесінің  құрылымы  мен

мазмұны  заңдылықтарын  бейнелейді;  мұнда  бір  кезеңнің

белгілі  бір

сипаттамалары  (әдістер,  формалар,  тәсілдер  және  т.т.)  басқа  кезеңге

ауыстырылады  да,  сол  кезеңде  жаңа  сапалық

деңгейде  дамиды.  Осы

айтылғанның негізінде «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінің сабақтастықтың

құрылымы түзілді.

«Мектеп



колледж



ЖОО»

жүйесінің

сабақтастығы 

 

төмендегідей

құрылады (6-сурет).

6-сурет – «Мектеп

колледж



ЖОО» жүйесінің сабақтастығы

Сонымен  түрлі  12  жылдық білім  беру  жүйесіне  бағытталған әдебиеттерді

ғылыми  педагогикалық-психологиялық теориялық талдауларымыз  бен  оның



30

практикадағы  жүзеге  асырылу  жағдайларын  саралау  нәтижесінде  «кәсіптік

бейіндеу» ұғымына  жаңаша  тұрғыда  анықтама  беруге  мүмкіндік  берді.

«Мектеп



колледж



ЖОО»

жүйесінің

сабақтасындағы

кәсіптік  бейіндеу»

дегеніміз – оқушыларадың танымдық  қызығушылық бағдары  мен әртүрлі

интеллектуалдық, жекетұлғалық іс-әрекет  сапаларынан  көрінетін қабілеттеріне

мотивациялық тұрғыда  басшылық жасай  отырып,  бағытты  сабақтастыққа

негізделген  оқыту әдістері  негізінде  жоғары  кәсіби  нәтижелерге  жетуге

бағытталған «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінде оқытуды ұйымдастыру.

Анықтаманың мазмұны  бізге «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінің моделін

жасауға мүмкіндік берді (кесте 1).

Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді  талдау  деңгейлерін

анықтауға мүмкіндік берді (1-кесте).

1-кесте – «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінің сабақтасындағында жоғары

сынып оқушыларын кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының сабақтастыру

моделі

Компоненттер



Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

кәсіби-бейіндеп 

оқыту

сабақтастығындағы  білім



мазмұнына

құндылық


бағдарының болуы

- кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығына

тұрақты танымдық қызығушылығы;

-

дербес кәсіби-бейіндеп оқыту



сабақтастығына тұрақты қажетсіну;

-

кәсіби-бейіндеп оқытудағы



сабақтастық нәтижесіне ұмтылу.

Танымдық


Кәсіби-бейіндік 

бағдары


бойынша  білімінің болуы

және 


кәсіби-

бейіндік


танымы  мен    дербестігінің

болуы.


- танымдық және кәсіби біліктілігінің

деңгейі;


-кәсіби-бейініне тән психологиялық

сапалары мен кәсіби-бейіндеп оқытудағы

сабақтастықтағы туралы білімінің іс-

әрекеттік деңгейі;

- кәсіби- бейіндік тапсырмаларды шешу

мүмкіндіктері.

Шығармашылық

Білім 


кәсіби-бейіндеп

оқытудағы 

білім

мазмұнының сабақтастыру



тұрғысын 

түсінуі 


және

кәсіби  бағдары  бойынша

нәтижеге 

жетуде


біліктерін  жаңа  жағдайда

қолдана алуы

- кәсіби бағдары бойынша нәтижеге жету

бастамалары мен жаңа идеяларға ұмтылуы;

- нәтижеге жетуде кәсіби бағдар

бағытындағы білімдерді қолдануда

қорытындылар мен тұжырымдарға келуі;

- өз тәжірибесін негізге ала отырып, оны

сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеру

мүмкіндігі;

- нәтижелерге жетуді тұрақты қажетсіну.

Іс- әрекеттік

кәсіби-бейіндеп 

оқыту


сабақтастығында

рефлексиялық іс-әрекеттің

үйлесімділігі  мен өзін-өзі

реттеу,


өзін-өзі  бағалау

жүйесін меңгеруі

- кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығында

ой-өрісінің рефлексиялық сипаты;

- кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығында

ізденімпаздығының жоғары деңгейі;

- объективті бағалау және ішкі

рефлексиялық мүмкіндіктерінің дамуы;



31

Зерттеу  нәтижелері: «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінде кәсіби-бейіндеп

оқыту  сабақтастығында  3  деңгейін  көрсетті:  Шығармашылық

деңгей,


интегративті деңгей, когнитивті деңгей.

Шығармашылық деңгей - өзін-өзі  дамытуға,  жаңаны  ашуға,  іс-әрекетке

тұрақты кәсіби бейіндеу танымдық ынтасы болуымен сипатталады.

Жалпы  білім,  білік,  дағдыларының жоғары  деңгейін  көрсете  біледі.

Ұжымдық зерттеушілік қызметке  даяр,  түрлі  байқауларға,  олимпиадаларға

ұмтылыс тән. Рефлексия арқылы жаңа идеялар мен нәтижелерді көрсете біледі.

Интегративті  деңгей – шығармашылық  қызығушылықтың жеткілікті

деңгейі, белгілі кәсіби бейіндік оқытуда кәсіби бағыт бойынша шығармашылық,

зерттеушілік іс-әрекетке, сондай-ақ көрегендік жасау, жаңашылдыққа құмар. Кез

келген  оқу  жұмысын  жоғары  нәтижеге  жеткізуге ұмтылады,  ой-өрісінің

ұшқырлығын  көрсете  алады. Құндылықтар  жүйесінде  негізінен өзінің жеке

мүдделері басымдыққа ие (жоғары баға, жеке жетістіктер т.б.)



Когнитивті деңгей немесе танымдық – кәсіби бейіндік оқытуда танымдық

қызығушылықтары  басым  болғанмен, өзін-өзі үнемі  дамытуға ұмтылмайды,



бейіндік  оқытуда

іс-әрекетке

қабілеттілік    танытқанымен,  оны

үнемі


қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді. Ынталандырушы себептер болған

жағдайда ғана  бәсекелестік  танытады.  Танымдық процестерді  жүзеге  асыра

отырып,

өзін-өзі  дамытуға  бағдарланғанымен,  нәтиже  мен



қабылданған

шешімнің дұрыстығына  сенімсіз. Бейіндік  оқытуда белсенділігі  эпизодтық

сипатқа ие.

Сонымен, ұсынылып  отырған «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінде кәсіби-

бейіндеп 

оқыту 


сабақтастығының 

құрылымдық-мазмұндық

моделі

оқушылардың



танымдық және  тұлғалық дамуы  мен  олардың бейіндік

ерекшеліктерін,  айқын қабілеттерін,  шығармашылығын  арттырып,  кәсіби-бейіні

бар  оқыту  сабақтастығында  тұлғасының  қалыптасуына  негіз  болады  деп

есептейміз.



«Мектеп



колледж



ЖОО»

жүйесінде

кәсіби-бейіндеп 

оқыту

сабақтастығының мәселесі  бойынша  жасалған  теориялық талдаулар  негізінде



мына тұжырымға келдік:

1. ХХІ ғасырдың  әлеуметтік-экономикалық көзқарасы кәсіби-бейіні  бар

тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру. Кәсіби

– бейін  бағытында өрелік  сипатта әрекет  ететін  жас  адамдардың тәрбиеленуі,

оқуы  және  ой-өрісінің дамуы  мемлекеттік  сипат  және әлеуметтік  мән-мазмұнға

ие болуда.

2. «Мектеп



колледж



ЖОО» жүйесінде кәсіби бейіні қалыптасқан тұлғаны

қалыптастыру  бойынша  жұмысты ұйымдастыру  оқушының тұлғалық бағытын

белсенді  позициясына  бағыттауға  мүмкіндік  беретін  оқу  еңбегінің бейінді,

вариативті құрылымын талап етеді.

3. 12



жылдық білім  беру  жүйесінде  кәсіби- бейінді  оқытуды  зерттейтін



ғылыми ойдың дамуына өткенді шолу көзқарасы оны әлеуметтік мәселе ретінде

оқыту


қоғам 

дамуындағы 

постиндустриалды 

фазаның


басталуымен

ерекшеленетінін,  бүгінгі  күні  бүкіл әлемдік  білім  мен ғылым  саласында  осы

бейіндік оқыту жөнінде терең білімнің қажеттігін көрсетеді.


32

4. 12


жылдық білім  беру  жүйесінде  кәсіби- бейінді  оқыту  мәселелері

жөніндегі

ғылыми  ақпарат  көздерін  зерделеу  берілген  анықтамаларды

салыстырғанда  бірізділіктің

жоқтығы,


әртүрлі  пікірлердің

көп  екендігі

байқалады.

5. Кәсіби

бейінді  оқыту



ақыл-ой  және  мотивациялық

факторлар

ықпалдастығында  осы құбылыстың түсінігін  тұтастай  ашып  көрсететін  жаңа

бағдар ретінде қарастырылады.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге

үдеп  келе  жатқан  ақпараттар  ағымдары,  еңбек  нарығындағы  бәсекелестіктің

артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде.

Қазіргі  таңда Қазақстан  Республикасында  жаңа қоғам  сұранысына  сай

келетін  жаңа  12  жылдық білім  беру  реформасы  жүріп  жатыр. Ал,  елімізде

жалпылай көшу 2015 жылдан  жоспарлануда.

Еліміздегі 12 жылдық білім  беру мазмұнының дамуына қатысты мәселелер

ең алдымен нақтылы–тарихи келістер позициясы мәселенің шынайы жағдайына

толыққанды  талдау  жасалып,  осы  саладағы  жинақталған  жағымды  тәжірибені

сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын анықтауды талап етеді.

Қазіргі  кезеңде Қазақстан  Республикасында  104  мектеп  экспериментальды

түрде 12 жылдық оқытуға көшіп, нәтижелер алынуда: 12 жылдық оқытуға көшу

эксперименті 2003-2004 оқу жылы басталды.

Алғашқы  жылы  эксперименттік  алаң ретінде  Республикамыздың барлық

облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 51 мектеп белгіленді.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және ғылым  министрлігінің  2002 жылғы

1  шілдедегі  №  524  бұйрығын  іске  асыру  аясында  2004-2005  оқу  жылында

эксперимент  көрсеткіші  кеңейтіліп,  104  эксперименттік  мектепте қазақ және

орыс тілінде 12 жылдық білім берілуде.

Ал 

биылғы


2013-14 

оқу 


жылы 

эксперименттік 

мектептерде

11-12-сыныптары түзіліп, білім берудің бейіндік оқыту деңгейі жүзеге асады.

Білім берудің бейіндік оқыту деңгейінің 11-12 сыныбында оқытуда қандай

оқыту технологияларын қолдануға болады?

Жаңа  технологиялар  бойынша  оқыту  оқушының бастамашылдығын  оятып

және  білім құзіреттіліктерін қалыптастырып, әртүрлі  жағдайдағы  мәселелерді

сараптай  алатын,  соны  дербес  түрде  шешу  жолдарын  айқындау қабілетіне  ие

оқушы тұлғасын қалыптастыруы шарт.

Педагогикалық процесте    білім  беру  нәтижелеріне  табысты қол  жеткізуге

мүмкіндік беріп жүрген оқыту технологиялары жеткілікті.

Ал,  бейіндік  оқытуда  интерактивті,  инновациялық,

жобалық-зерттеу

технологиялар  мен  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайлану

ұсынылады:



1) Желілік бейіндік оқыту. Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері басқа

білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу

есебінен іске асырылады.

Бірінші нұсқада бірнеше  жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді,

неғұрлым  оқу-әдістемелік,  кадрлық және  материалдық  қорларымен қамтамасыз

етілген  оқу  орны,    оның орталығына  айналады.  Оқу  орны  желі  бойынша  іске


33

асырылатын,  білім  беру  мазмұны  тізбегін  және  механизімін өздері  анықтайды:

базалық мазмұндағы  жалпы  білім  беретін  пәндер,  бейіндік  жалпы  білім  беретін

пәндер  немесе  таңдау  бойынша  міндетті  пәндер,  таңдау  бойынша  оқу

материалдарымен қамтамасыз етілу мүмкіндігі туындайды.

Екінші  нұсқада оқу  орны  мекеменің  қосымша  техникалық және  кәсіптік,

жоғары білім беру қорларын қатыстырады. Оқушылар білім берудің мемлекеттік

стандарты  шеңберінде  желілік  мекемелерде қашықтықтан  оқыту  курстарын,

дәрістер тыңдау мүмкіндіктері болады.

2) Кредиттік оқыту технологиясы. Сондай- ақ, бүгінде Қазақстан әлемдік

білім  берудің

бейімделген  оқу  жүйесіне  енуге  байланысты  кредиттік

технологияны оқу процесіне ендіру ұсынылуда.

Еліміздегі 

білім 


берудің 

12

жылға 



негізделген 

бағдарламасында

қарастырылған  жаңа  талаптар,  кредиттік  технологияны  енгізу  білім  берудің

әлемдік стандарттарына сай ойластырылған жаңа қадам.

Білім  беру  саласында  кредиттік  жүйе әлемдік  білім  кеңістігінде  бірнеше

жылдық тарихы  бар үлкен  технологиялық бағдарлама  екені  белгілі.  Бұл  жүйе

америкалық, еуропалық, британдық және Азия мен Тынық мұқит жағалауындағы

елдер  университетінде қалыптасқан  білім  жүйесі жан-жақты  талданып, ұлттық

және мемлекеттік мүддемізге сай сарапталып енгізілуде.

Қазіргі таңда осы жүйені игеру мақсатында төмендегі бағдарлама бойынша

жұмыстар жүргізуге болады:

1. Кредиттік  оқыту  жүйесінің  әлемдік  тәжірибесі  мен  2004  жылдан  бері

эксперимент  ретінде Қазақстан  Республикасының жоғарғы  оқу  жүйесіне

ендірілген  кредиттік  технологияның  «қазақстандық

жүйесі»  тәжірибесін

бейіндік мектеп тәжірибесіне енгізу;

2. Кредиттік  окыту  жүйесінің негізгі үғымдары,  мәні  мен  ерекшеліктерін

ескере отырып, рейтинг ережелері мен  бағалау ережелерін енгізу;

3. Оқу процессін кредиттік жүйеде жоспарлау;

4. Кредиттік  жүйені  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларының

құрылымына  (Syllabus - оқытудың бағдарламасы,  оқушыға  берілетін  тапсырма

тізімдері,  оқушының  өзіндік  жұмысының

мазмұны,  дәріс  конспектері,

тәжірибелік  және  семинар  дәрістерінің жоспарлары,  мұғалімнің басшылығымен

өтетін оқушының өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін ұсыныстар мен жоспары,

есептер және ситуациялар, тестер, рейтингттік бақылау жүйесі және т.б.) енгізу;

5. Оқу бағдарламаларын құрастыру (мұғалімдер және оқушылар үшін);

6. Тапсырмаларды орнндауға әдістемелік ұсыныстар беру;

7. Оқушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесін енгізу т.б.

8. Мұғалім мен оқушы кабинетін ашу;

9. Мұғалімнен  оқу  тапсырмаларын  алу  мен өздік  жұмыстарын  тапсыруды

дистантты түрде (кейс технология) ұйымдастыру;

3) Дистанттық оқыту  технологиясы. Бейіндік    мектепке  кредиттік  оқыту

технологиясымен  бірге  дистанттық оқыту  технологиясын қоса  ендіру  тиімді.

Себебі, бұл технология түрі оқушылардың өз бетінше іздену, шығармашылықпен

жұмыс істеу, алған білімін іс- әрекетте пайдалана білу секілді қабілеттерін ұдайы

дамытып  отырады. Оқушы  тапсырма  алғанда өз  бетінше  ізденеді: әдебиеттерді,


34

ғылыми  журналдарды  оқиды,  интернеттен  керектісін  табады,  сөйтіп  берілген

тапсырманы орындап, тапсырманы мұғалімге электронды түрде қайтарады.

Дистанциялық оқытудың негізгі  жалпылау  технологиялық  құрамы үш

бөліктен  тұрады:  1 - кейс  технологиясы; 2 - интернет  технологиясы; 3 -

телекоммуникациялық технология;

Дистанциялық оқыту Интернет-тенология арқылы жүзеге асырылады: желіде

оқытушыларға қажет  дәріс кешендері, өзіндік  жұмысқа  арналған  тапсырмалар

орналастырылады  және  де  онлайн-кеңес-берулер  мен дәрістер өткізіледі,

сонымен

қатар  материалдарды  игеруді  тексеру  онлайн-тестілеу



арқылы

өткізіледі. оқыту



Кейс технология (ағылшынша case - жинақ) өз бетінше дербес ізденуге оқу -

әдістемелік  кешендердің арнайы  жинағы  түріндегі  ақпараттық білім  беру

көздерін қамтамасыз ету. Бұл технология дистанциялық оқытуда алғашқы болып

қолданылды.



Телекоммуникациялық технология – ғарыштық спутник құралдары  арқылы

мәліметтер  мен  телехабар,  сондай-ақ ақпараттық білім  ресурстарын  сандық

кітапхана,  видеолекция  т.б.  оқыту құралдары  негізіндегі  дистанциялық оқыту

технологиясы     болып     табылады. Бүгінгі күні     CD – ROM      дискісіндегі

ақпараттарды  түрлі  телекоммуникациялық  құралдар  арқылы  кез-келген

тұтынушыға жеткізуге болады.



Интернет – технология. Дистанциялық оқытуда  интернет  технология

Интернет  ақпараттық жүйесіне қосылу  нәтижесінде  мүмкін  болады.  Интернет

жүйесі арқылы оқушы дистанттық мұғаліммен (тьютор) өзара байланысқа түседі.

Бұл қарым-қатынас  синхронды  түрде  жүзеге  асуы  мүмкін  сол  мезеттегі  уақыт

режимінде  (онлайн),  немесе  асинхронды,  басқа  уақытқа қалдыру  (офлайн)

арқылы ақпараттың үлкен көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұл  дистандық жүйені  енгізу үшін  мектептерде  интернеттік- ресурстік

орталықтар жұмыс істеуі керек.

2013 

жылдың 


19

наурызында

Қарағанды

қаласында

Қарағанды

экономикалық

университет  базасында

«12  жылдық

білім  беруге

көшу

жағдайында бейіндік мектептерде дистанциялық- кредиттік технологияларды

ендіру» тақырыбында  республикалық семинар өтті.  Семинарда  республикадағы

эксперименттік  бейіндік  мектептер: Қарағанды қаласының №101  лицейі,  38

гимназиясы, Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4 мектебі өз тәжірибелерімен

алмасты.


Бейіндік  мектеп  тәжірибелерінде  дистанттық- кредиттік  технологияның

келесі  элементтері  аталған  мектептердің тәжірибесіне  енгізілген:  электронды

мектеп 

жүйесі, 


оқу 

жоспарына 

таңдау 

компоненттерін 



енгізу, 

оқу


бағдарламалары  (Syllabus)  енгізу,  оқытуда  оқушылардың  өздік  жұмыстары

(ОӨЖ)  мен  мұғалім  басшылығымен  сыныптық жағдайда  оқушылардың  өздік

жұмыстарын ұйымдастыру, кредиттік оқытудың бағалау жүйесі ендірілген.

Қазіргі  заман  талабы - білім  деңгейі  жоғары,  ойшыл,  болашақты  болжай

білетін  және

өзгерістерге  жылдам  бейімделе  алатын  талапты  жастар

қалыптастыру  керек,  аталған  технологиялар  бейіндік  мектеп  тәжірибесіне

толыққанды енсе, онда бұл талаптарға жауап бере аламыз.



35


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет