Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Инвазиялық  аурулар 
Бұл  топқа  мал  ағзасы  қоздырушы  болатын  жұқпалы  аурулар 
жатады(гельминттер,өрмекшітектестер,жәндіктер 
және 
қарапайымдар). 
Малдар бұл аурулармен алиментарлы жолмен (паразиттер ауызға қорек және 
су  арқылы  пассивті  түседі),  түйіспелі  (контактно)  (сау  малдың  аурумен 

88 
 
байланысуы  және  күтіп-бағу  құралдары  арқылы),  құрсақішілік  (ұрықтың 
аналықтың  буаздық  кезінде  жұқтыруы),  қан  сорушы  буынаяқтылар(клещ) 
арқылы ауырады.  
Қоздырушыға байланысты барлық инвазионды аурулар бірнеше топқа 
бөлінеді: гельминтоздар, протозооздар, арахноздар и энтомоздар. 
Малдардың  инвазионды  ауруларын  емдеу  және  профилактикасында 
қолданылатын  этиотропты  (спецификалық)  әдістерге  бірнеше  дәрі-
дәрмектердің топтары жатады. 
Антигельминтті  дәрілер  немесе  антигельментиктер  –  малдың  ағзасын 
гельминттерден  немесе  паразитті  құрттардан,  босатуға  қолданылатын 
препараттар. Оларды ішке қабылдайды.  
Инсектицидтер  –  паразитті  жәндіктерге  кері  әсер  ететін  және  оларды 
жою  үшін  қолданылатын  препараттар.  Олар:  акарицидтер  -    кенелерді 
жоятын  заттар,  репелленттер  –  зиянды  буынаяқтыларды  үркітетін  заттар  , 
аттрактанттар  –  жәндіктерді  еліктіретін  заттар,  хемостерилянттар  – 
жыныстық  стерилизаторлар.  Егер  препараттар  жәндіктерге  және  кенелерге 
әсер етсе, оларды инсектоакарицидтер деп атайды. Сыртқа қолданылады,тері 
жабынын өңдеу үшін 
Антипротозойлы,  немесе  протозойға  қарсы  дәрілер-  қарапайымдылар 
тудыратын  протозойлы  ауруларға  қолданылатын  препараттар.  Теріастына 
қолданылады. 
Гельминтоздар 
Бұл  паразитті  құрттар  немесе  ішек  құрттар  тудыратын  инвазионды 
аурулар.Аурудың  бұл  тобы  ең  кең  таралған(60  %)    және  барлық  жерде 
кездеседі. Бұған терматодоздар, цестодоздар және нематодоздар жатады.  
Трематодоздар 
Бұл  қоздырушысы  терматодтар  классына  жататын  құрттар  немесе 
сорғыштар болатын  аурулар.  
Трематодтың өмірлік циклі 
4.1 Фасциолез 
Бұл фасциол тобына жататын терматодтар арқылы туындайтын ірі қара 
немесе басқа малдың,сондай-ақ адамдардың ауруы,ол бауырдың өт қабында 
паразиттік  тіршілк  етеді.  Қоздырушысы  –  бауырлық  және  алып  фасциола. 
Олар  жапырақ  формалы,ашық-кір-жасыл  түсті.  Қоздырушының  дамуы 
жұмыртқадан адолескрийге дейін кіші тоған ұлуларының мекен орталарында 
2-2,5 айда өтеді. Инвазирленген малдардың бауырында  жыныстық жетілген 
фасциолдардың  қалыптасуы  3-4  айдан  кейін  аяқталады;  өт  жолында 
паразиттендіру жылдар бойы жүреді.  
Ауруды  жұқтыру  алиментарлы  жолмен,негізінде  жазда  жайылымдық 
жерде,  кіші  тоғанның  ұсақ  сулы  орталарының  көп  болған  жерінде  жүзеге 
асады.    Берілу  фауторлары  –  су,  су  айдынында,ылғалды  не  суармалы 
жерлерде  өсетін  шөптер,бұл  жерден  алынған  адолескариялармен  бүлінген 
пішен.  
Ірі  қара  малдың  жас  төлдері  арасында  инвазияның  күрделі  өтуі 
байқалады және ауру малдың жабырқаулы болуымен,көп жатумен, бауырдың 
үлкеюімен, ауырсынумен, атония және әлсіреумен білінеді. Ересек малдарда 

89 
 
ауру 
созылмалы 
болады,бұл 
сауым 
сүтке 
әсер 
етеді, 
мал 
жабырқаулы,шырышты 
қабық 
солғын 
болады,қабақтың,жақаралық 
кеңістіктің,кеуденің,қарынның  төменгі  бөлігінің  ісінуі,бауырдың  ұлғаюы 
байқалады. Малдардың өлімімен аяқталуы мүмкін.   
Диагнозды  фекалияларда  фасциола  жұмыртқаларын  анықтау  негізінде 
қояды (сары-ақшыл сарғыш түсті,сопақша формалы,қақпақшасы бар). 
Емдеу  үшін  антигельминтиктерді  қолданады:  гексихол  (0,3  г/кг  дене 
массының құрама азықтармен бір рет ), ацемидофен (15 г/кг бір рет). Емдеу 
дегельминтизациясы клиникалық көрсеткіштер бойынша жылдың кез келген 
кезінде 
жүргізіледі. 
Гельминтоздың 
инфнекциямен 
немесе 
басқа 
патологиямен асқынуы кезінде антигельминтиктермен емдеуге тек екіншілік 
аурудың  жазылуынан  кейін  кірісуге  болады.  Фасциолездің  алдын  алу  мен 
аурумен 
күресу 
жолдары 
жылына 

рет 
профилактикалық 
дегельминтизацияны  өткізуден(қорада  ұстаудан  бұрын  және  3  айдан  кейін) 
және    өрісті  қолдану  тәртібін  реттеуден  тұрады.  Ірі  қара  малды  жаппай 
дегельминтизациялауға  тек  15-20  малға  антгельминтиктерді  алдын-ала 
сынағаннан  кейін  ғана  кіріседі.  Төлдеуге  2  апта  қалған  және  төлдегеннен 
кейін  2  апта  өткен  аналықтар  және  әлсіреген  малдар  дегельминтизацияға 
жатпайды . 
4.2 Парамфистоматоз 
Бұл  аш  ішекте,  ұлтабарда  және  жалбыршақ  қарында,кейде  жұмыршақ 
қарында паразиттік тіршілік ететін   парамфистомат тобының трематодтары 
тудыратын ірі қара малдың, қойлардың және ешкілердің ауруы. 
Трематодтың  жұмыртқадан  адолескарийге  дейінгі  дамуы  1,5-3  айда 
аралық  иелерінің  биотоптары-  тұщы  су  ұлуларында  өтеді.  Жыныстық 
жетілуге  дейінгі  мерзім  (марита) дефинитивті  иесінің  ағзасында өтеді,  3,5-4 
айды құрайды.  
Ауруды  жұқтыру  алиментарлы  түрде    адолескариямен  ластанған(олар 
суықтарға  дейін  өміршеңдігін  сақтайды)  өзен,  көл,  суармалы  шабындық, 
шөбі,суы,пішені бар мелиоративті каналда жайылу кезінде жүреді. 
Парамфистоматоздың  асқынуы  қолайсыз  жайылымда  жайылғаннан 
кейін  2-3  апта  өткен  кезде  байқалады.  Ірі  қара  малда  жабырқау,әлсіздік, 
тәбеттің төмендеуі, дене температурасының аздап көтерілуі, іш өту(кейде қан 
аралас);  бүйірлері  ішке  кіреді,  құйрық  пен  жамбас  ұштары  фекалиямен 
бүлінеді,жақ  асты мен  кеуде  асты  аймағы ісінеді,  арықтау  көрінеді. Малдар 
ауру  басталғаннан  кейін  5-30  күнде  әлсіреуден  өледі.  Бұзаулар  мен  жас 
төлдерде  ауру  1,5  жылға  созылады.  Созылмалы  өтуі  сүт  өнімділігін  және 
малдың қоңдылығын төмендетеді, клиникалық белгілері болмайды. 
Тірі  кезінде  диагнозды  эпизоотологиялық  мәліметтер,  клиникалық 
белгілерге және фекалиядан алынған жұмыртқаларды овоскопиялық зерттеу 
нәтижелері негізінде қояды.  
Емдеу  дегельминтизациясы  аурудың  асқын  өтуі  кезінде  араға  10  күн  салып 
екі  рет  өткізіледі,  мысалы  битионолмен      дене  массасының  0,07  г/кг 
мөлшерінде,12  сағаттық  диетадан  кейін    құрама  жеммен  қосып  (1:10) 
жүргізіледі. Ірі қара малдың алдын алу дегельминтизациясы қорада ұстаудың 
бас кезіне жоспарланады (қажет болса 2 аптадан соң қайталанады). 2 жасқа 

90 
 
дейінгі  жас  төлдерді  жайылымға  шығарғаннан  кейі  3-4  апта  өткен  соң 
дегельминтизацияға  ұшыратады,  араға  10  күн  салып  екі  рет  ұлуларды  жою 
шаралары жүргізіледі.  
Дикроцелиоз 
Бұл  өт  жолында,  бауыр  мен  өт  қабында  паразиттік  тіршілік  ететін 
дикроцелла  трематоды  тудыратын  ірі  қара  мал  және  басқа  да  күйіс 
қайыратын малдардың ауруы. Ауру адам үшін қауіпті.  
Қоздырушысы-  ұсақ,  жіңішке,  ланцет  тәріздес  формалы  қара  түсті 
терматод.  Жұмыртқадан  инвазионды  уылдырыққа  дейін  аралық(  құрлық 
ұлулары)    және  қосымша(құмырсқалар)  иелерінің  қатысуымен  3,5-4  айда 
дамиды. Жыныстық жетілген дикроцелийдің қалыптсуы дефенитивті иесінің 
өт жолында 1,5-2 айдан кейін аяқталады. Паразиттену көп жылға созылады.  
Малдар жайылымда шөппен бірге инвазирленген құмырсқаларды жұту 
арқылы ауруды жұқтырады.  
Ауру белгілері білінбейді, бірақ тез жүдеумен және өліммен байқалуы 
мүмкін.  
Тірі кезінде диагнозды фекалийларды зерттеу негізінде қояды.  
Емдеу  үшін  антгельминтиктерді  қолданады,  мысалы    гексихол  дене 
массасының 0,3 г/кг 0,5–1 кг құрама жеммен бірге жекелеп беріледі, ал жас 
төлге  0,4  г/кг  массасында  азықпен  қосып  100-150  мал  басына(таңертен) 
беріледі. 
Қараша-желтоқсандағы  емдеу-профилактикалық  дегельминтизация 
дикроцелиоздың дамуын тежеуге қөмектеседі. Басқа трематоздардағы сияқты 
жалпы  іс-шаралар  мәдени  өрістерді  ұйымдастыруда,  оларды    5  %-дық 
түйіршіктелген  метальдегидпен(40-60  кг  1  га-ға)  көктемде,жаңбырдан  кейін 
өңдеуге негізделеді, ұлулар санын төмендету үшін.  
4.3 Цестодоздар 
Бұл  қоздырушылары  цестод  класының  құрттары  немесе  жылан 
құрттар,әсіресе  басы  немесе  сколексі  ілгекпен  қамтылған  эмбриональды 
дернәсілдер  болатын  аурулар.  Цестодтардың  даму  циклы  2  кестеде 
көрсетілген.  
Мониезиоз.  Бұл  малдардың  аш  ішегінде  паразиттік  тіршілік  ететін 
цестодтар тудыратын күйіс қайыратын малдардың ауруы.  
Қоздырушылары-  ақ  түсті,  ұзындығы  4-5  м,  олардың  сколексінің  4  емізігі 
бар,таспа  тәрізді  мониезиялар.  Жұмыртқадан  инвазионды  дернәсіл  -
цистоцеркоидқа  дейін  дамуы  аралық  иесі-оибатидті  кененің  ағзасында  2-3 
айда  өтеді.  Жыныстық  жетілуге  паразит  күйіс  қайыратын  малдардың 
ішегінде  47-50  күнде  жетеді,ол  жерде  2-7  ай  паразитті  тіршілік  етеді. 
Цестоданың өмірлік циклі.   
Негізінде ірі қара малдың және қойлардың жас төлі ауырады. Ауруды 
жұқтыру,  ылғалдылығы  жоғары  жайылымда  шөппен  бірге  инвазирленген 
кенелерді жұту кезінде жүреді.Көбінесе тамыз айында жиі таралады.  
Бұзауларда  ауру  ауыр  және  токсикалық,обтурациялық  және  жүйкелік 
түрде өтеді.Жабырқау,анемия,тәбеттің төмендеуі,көп жату,іш өту,ішті бостау 
кезінде  арқаның  бүгілуі,буынның  және  мониезий  үзіндіснің  шығуы,қатты 
шөлдеу,3-10  күні  өлім  байқалады.  Жүйкелік  түрі  қозғалыс  кординацияның 

91 
 
бұзылуымен,  басын  артқа  еңкейтумен,  айналмалы  қозғалумен,  көп  жатумен 
және тез өлумен өтеді. Обтурационды түрі сырттай сау бұзауларда кенеттен 
шаншудың пайда болуымен сипатталады: жерге кенеттен құлау, басты ішке 
қарай  қысу,  бір  орында  айналу.8  айдан  үлкен  ірі  қара  малда  ауру  айқын 
белгілерсіз өтеді 
Мониезиозға  диагнозды  клинико-эпизоотологиялық  мәліметтер, 
гельминтоскопиялық 
зерттеулер, 
диагностикалық 
дегельминтизация 
(буындар мен фрагменттерін табу)  және овоскопия негізінде қояды.  
Ауруды емдеу үшін антгельминттік заттарды пайдаланады: бұзауларға 
фенасал    0,15  г/кг  жекелеп,  10–12  бастан  тұратын  топқа  –  құрама  азықпен 
қосып  0,2  г/кг,  мыс  сульфаты  1  %  сулы  ерітінді  түрінде  қолданылады,  1  л 
қайнатылған  суға  1-4  мл  тұз  қышқылын  қосу  арқылы  шыны  ыдыста 
дайындалады, ерітіндіні резеңке түтік арқылы3-тен 6 айға дейінгі бұзауларға 
120-150 мл көлемде енгізеді.  
Алдын  алу  мақсатында  бұзауларды  екі  рет  дегильминтизациялайды: 
алғаш рет өріске шығарғаннан кейінгі 35-40 күнде, екінші рет- біріншіден 35-
40  күн  өткен  соң,  ал  1  жасқа  дейінгі  төлдерді-  жайылымға  шығарғаннан 
кейінгі  35-40  күннен  кейін.  Ағымдағы  жылы  туған  бұзауларды  жасанды 
жайылымда немесе лагерльлерде ұстау ұсынылады.  
Эхинококкоз 
Бұл 
ірі 
қара 
малдың, 
қойлардың,шошқалардың, 
басқа 
да 
сүтқоректілердің,  және  адамдардың  кең  таралған    созылмалы  түрде  өтетін 
ауруы.  Ол  эхинококктың  ет  қоректі  цестодтарының  дернәсілдердің  ішкі 
ағзаларында паразиттенуімен туындайды.  
Қоздырушысы- 
ларвальды 
(дернәсілді)эхинококк-сұйықтықпен 
толтырылған  және  екі  қабатты  қабықпен  қоршалған  біркамералы  көпіршік, 
өсуі  көп  жылға  созылады  және  көлемі  үлкен  болады  (5-10  см  диаметрде. 
Цестодтың жыныстық жетілген формасы иттердің аш ішегінде және басқа да 
ет қоректі жануарларда паразиттеніп өмір сүреді. 
Ауыл  шаруашылық  инвазияның  негізгі  көзі-иттер.  Жұмыртқалар 
сыртқы  ортаға  соңғы  буынмен  иттердің  фекалияларында  шығады.  Ауруды 
жұқтыру  оларды  су  мен  азықты  жұту  кезінде  болады.  Жұқтырудың  үлкен 
деңгейі ересек малдарда көп байқалады.  
Бастапқы 
кезеңі 
субклиникалық 
өтеді, 
алдағы 
уақытта 
ошақтануғв,көпіршіктердің 
санына 
және 
инвазияның 
ұзақтығына 
байланысты  әртүрлі  білінуі  мүмкін.  Көп  жағдайда  арықтау,  өнімділіктің 
төмендеуі пайда болады. Өлім кахексиядан (ағзаның жалпы әлсіреуі) болады. 
Диагноз  патологоанотомиялық  тілу  негізінде-  өкпеде,  бауырда,кейде 
жүректе,көк  бауыр  мен  бүйректе  эхинококкты  көпіршіктерді  табу  кезінде 
қойылады.  
Эхинококкозды емдеудің жолы жасалмаған.  
Алдын-алу  мен  күресу  шаралары  иттерді  шаруашылық  бөлмелеріне, 
азықтарды  сақтау  орындарына,  серуендеу  алаңдары  мен  жайылымға 
кіргізбеуге  негізделеді,  иттердің  санын  қысқартып,  цестод  дернәсілдерімен 
зақымдалған малдардың мүшелерін жегізбеу,иттерді кез-келген кең шоғырлы 
әсері бар антгельминтті заттармен дегельминтизациялау.  

92 
 
Ірі қара малдың  цистицеркозы (финноз)  
Ірі қара малдың  цистицеркозы  (бовисті)- адам цепені дернәсілдерінің 
жануар бұлшық етінде паразиттенуінен туатын ауру.   
Ірі қара мал гельминттің-бұқа цепенінің аралық иесі болып табылады. 
Жыныстық  жетілген  цепен  формасы  адамның  аш  ішегінде  жылдар  бойы 
празиттеніп(оның  ұзындығы  10м),сыртқы  ортаға    әр  қайсысында  100  мың 
жұмыртқасы  бар(  тәулігіне  1  млн  жұмыртқаға  дейін  бөлінеді)  члениктер 
шығарады(сур. 25). Сыртқы ортада жұмыртқалар инвазионды қасиеттерін 18 
айға  дейін  сақтайды.  Ірі  члениктарды  немесе  адамның  флекалияларымен 
бөлінетін  цепен  жұмыртқаларын  ,азық  немесе  сумен  жұту  нәтижесінде 
бұзаулар  ауруды  жұқтырады.  Аралық  иесінің  ағзасында  жұмыртқадан 
шыққан  ұрықтар  қанға  еніп,  одан  кейін  бұлшық  ет,  бауыр  және  т.б. 
мүшелерге ,соның ішінде жүреке еніп, инвазионды цистицерктерге айналады. 
Өндірістік  типтегі  семірту  шаруашылықтарында  жаппай  ауруды  жұқтыру 
мүмкін. 
Инвазияның 
таралуына 
шаруашылық 
объектілеріндегі 
антисанитарлы жағдай (дәретханалардың жоқтығы) әсер етеді.  
 
 
 
25Сурет-Ірі қара малдың  цистицеркозы қоздырғышы 
 
Финноз  клиникалық  білінбей  өтеді,  қалтырау,  миозиттер,  кенет 
жүдеу,қанды  зерттегенде  эозинофилияны  байқайды(  қанда  эозинфелдер 
санының өсуі). 
Ірі  қара  малдың  цистицеркозы  диагнозын  союдан  кейін  қояды, 
жүрек,тіл  және  шайнау  бұлшық  етінде,  көкет  аяқтарында  цистицерктерді 
анықтау жолымен.  
Емдеу жолы жасалмаған. 
Алдын-алу  мен  күресу  шаралары  ветеринарлық  және  медико-
санитарлық шаралардың кешенін ұйымдастыруға негізделеді. 
           4.4 Нематодоздар 
 
Бұл  тері,түк  және  мүйіз  ұлпаларынан  басқа  малдардың  барлық 
мүшелері мен ұлпаларын зақымдайтын нематод классының құрттары немесе 
дөңгелек құрттар қоздырушы болатын аурулар. Даму циклі әр гельминт үшін 

93 
 
жеке  және  аралық  иесінің  қатысуымен  (бірнешеуі  де  болуы  мүмкін)  және 
оларсыз-ақ болады.  
Ірі қара малдың диктиокаулезі. 
Ірі  қара  малдың  диктиокаулезі  –  бронхылар  мен  кеңірдекте 
паразиттенген диктиокал нематодтары тудыратын ауру.  
Қоздырушының  даму  циклы  мынадай:  :жыныстық  жетілген 
қоздырушы аналықтары  қалыптасқан дернәсілі бар жұмыртқаларды салады, 
олар  қақырық  шығарады,одан  кейін  қайтадан  жұтылады.  Ас  қорыту 
мүшелерінде  жұмыртқалардан  бірінші  кезең  дернәсілдері  шығады,  олар 
сыртқы ортаға флекалиямен түседі,ол жерде 16–25 °С екі реттей түлейді, 5-6 
күннен  кейін  инвазионды  түрге  айналады.  Қолайсыз  жағдайда  дернәсілдер 
топыраққа  ауысады,және  кейбіреуі  сонда  қыстайды.  Ішектен  Инвазионды 
түрлер  иесінің  ағзасында  шажырқайлық  лимфа  түйіндері,бауыр  және  жүрек 
арқылы  1-2  аптада  өкпеге  ауысады.Бұзаулардың  Кеңірдегі  мен 
бронхыларында  олар  20-30  тәул.  кейін  жыныстық  жетіледі  және  сонда  1 
жылға  дейін  өмір  сүреді.Бұл  ауруға  жас  төлдер  көп  шалдығады.  Ауруды 
жұқтыру  негізінен  жайылымда  азық  немесе  сумен  бірге  инвазионды 
дернәсілдерді жұту кезінде өтеді.  
Ірі  қара  малдың  диктиокаулезінің  негізгі  белгісі  жөтел  болып 
табылады.  Өту  ауырлығы  инвазия  деңгейіне  байланысты:  әлсіз  кезінде  тек 
қана жөтел болады, орташа кезінде тәбеттің төмендеуі,демікпе, жиі жөтелу, 
мұрыннан  ағу,  ал  ауыр  деңгейде  малдар  қимылсыз  жатады,ауыздары 
ашық,тыныс алуы қиын, мойны созылған, тілі салбыраған,ауыздың айналасы 
көбіктенген,  қатты  жөтел  болады.  Малдар  тұншығуданнемесе  катаральды-
іріңді пневмонияның асқынуынан өледі. 
Диагноздың  негізі  ретінде  клиникалық-эпизоотологиялық  мәліметтер, 
фекалийлерді  гельминтолярвоскопилық  зерттеудің  және  кеңірдек  пен 
бронхыда  нематодтар  анықталған    мал  өліктерінің  патолого-анатомиялық 
тілу  нәтижелері болады.  
Емдеу  үшін  малдарға  нилверм  0,01  г/кг  мөлшерінде    малдың  дене 
массасына  24  сағат  аралықпен  екі  рет    ішке  жекелеп  беру  кезінде    1  %-тік 
ерітінді түрінде немесе бір салмақтағы 10 малдан тұратын топқа дайындалған 
азықтық  дәрі  қоспасы  құрамында(1:  700),20%-тік    тетрамизол  түйіршігі:100 
кг салмаққа -0,75г/10кг ,100 кг-дан жоғары  болса -0,5г/10кг(максималды бір 
реттік  мөлшері  бір  басқа  15г),1-5  күн  аралықпен  екі  рет,концентраттармен 
қоспада  жекелеген  немесе  топтық  әдіспен(10  басқа  12  сағаттық  ашығу 
диетасынан кейін),мебенвет түріндегі мебендазол(10%-тік түйіршік) 0,02г/кг 
мөлшеріндегі  малдың  дене  салмағына  байланысты  азықпен  қосып,дивезид 
33,3% стерильді (су моншасы 5 мин)жаңа дайындалған сулы ерітінді түрінде 
-    1,5  мл/10  кг  дене  массасына(бір  басқа  20  мл  көп  емес)  қарай  енгізеді, 
мойын  аймағының  тері  астына  бір  рет  дитразин  цитратты    25  %  стерильді 
сулы ертінді түрінде - 2,0 мл/10 кг тері астылық немесе бұлшықетішілік 3 рет 
енгізеді(  1,2,4  күнде),  локсуран  (40  %-дық  дитразин  цитратының  сулы 
ерітіндісі) – дене массасының 1,25 мл/10 кг тері астына 3 рет енгізеді (1, 2,4 
күнде), йодтың сулы ерітіндісі (йод кристаллданған – 1,0 г, калий йоды – 1,5 
г,  қайнатылған  су  –  1  л)    0,6  мл/кг  әр  өкпеге  интратрахеалды  (емдік 

94 
 
дегельминтизация  үшін  ерітіндіні  бір  өкпеге  енгізіп,  1  тәуліктен  соң 
екіншісіне,  ал  профилактика  үшін-  біруақытта  енгізеді).  Диктиокаулездың 
секундарлы  инфекциясымен  асқынған  малдарға  антгельминтиктермен 
қатар,антибиотикер,сульфаниламидтерді 
және 
басқа 
да 
заттарды 
тағайындайды.  
Ірі  қара  малдың  диктиокаулезінің  алдын  алу  мен  күресу  шаралары 
диктиокаулез бойынша қолайсыз шаруашылықтардың мал басына таңдамалы  
гельминтолярвоскопиялық  зерттеу негізінде жасалады(20-25 басты зерттеу). 
Зақымдалған  малдарды  анықтаған  уақытта  барлық  басты  емдеу  кезінде 
қолданылған антгельминтиктермен дегельминтизация жүргізіледі.  
Гемонхоз 
Бұл  күйіс  қайыратын  малдардың  ұлтабарында  жіңішке  нематод 
гемонханың паразиттенуі әсерінен  туатын ауру.  
Бұл инвазионды ауру көп жағдайда жас малда тіркеледі. Көп ауру мен 
өлім  көктем  мен  күз  кезінде  жаңбыр  көп  жауғанда  байқалады,  себебі 
дернәсілдер құрғақ пен суыққа төзімді болғандықтан, олар шөп пен топырақ 
тереңдігіне  көше  алады.  Ауруды  жұқтыру  жайылымда  шөп  пен  су,немесе 
шалшық суларды ішу нәтижесінде дернәсілдерді жұту негізінде болады. Мал 
ағзасында нематодтар 17-20 тәуліктен кейін жыныстық жетіледі.  
Ірі  қара  малда  қарқынды  инвазия  кезінде  тәбет  пен  салмағының  төмендеуі, 
шырышты  қабықшалардың  бозаруы,  тері  асты  өзектін  ісінуі  де  болуы 
мүмкін.  
Диагноз  клиникалық-эпизоотологиялық  мәліметтер,  фекалиялар 
ларвоскопиясы  (  дернәсілдер  идентификациясы),  нематодтарды  анықтау 
негізінде қойылады.  
Емдеу  үшін  ветеринарлы  фенотиазинді  концентрленген  азықпен  бірге 
(жем,күнжара)дене массасының  0,5  г/кг  мөлшерінде,  ұннан  жасалған болюс 
немесе  ұн,  крахмал  қайнатпасы  су  ерітіндісі  түрінде    таңертенгі 
азықтандырудан  бұрын    беріледі.  Ірі  қара  малдың  гемонхоздан  алдын-алу 
дегельминтизациясы: көктемде жайылымға шығарғанға дейін-барлық ересек 
малдар  мен  жас  төлдер  өткен  жылы  өрістелген,  жазда-ағымдағы  жылы 
туылған  бұзаулар  (айырудан  кейін),  күзде-  қорада  ұстау  кезінде  барлық 
малдарды. 
Емдеу 
кезінде 
қолданылған 
сол 
антигельминтиктер 
пайдаланылады.  
Остертагиоз 
Бұл  ақнематод  остертагийдің  паразиттік  тіршілік  етуінен  туындайтын 
ауру.  
Ауру  көбінесе  2  жасқа  дейінгі  малдарда  кездеседі.Ауруды  жұқтыру 
жайылымда  және  су  ішу  кезінде  қоршаған  ортаға  шыққан  инвазионды 
дернәсілдерді  жұту  жолымен  жүреді.  Ірі  қара  малдың  ұлтабарында 
дернәсілдер 3 рет түлейді, одан кейін жыныстық жетілген паразиттер ауруды 
жұқтырғаннан  кейін  20  тәуліктен  соң  ішек  саңылауына  шығады.  Ірі  қара 
малда  остертагиоз  кезінде  әлсіздік,  шырышты  қабаттың  анемиясы, 
қоңдылығының  төмендеуі,  кейде  жақасты  аймағында  ісіну  байқалады. 
Бұзауларда  ауыр  түрде  өткенде  қатты  іш  өту  (  газ  көпіршіктері  бар  сұйық 
нәжіс), шөлдеу.Өлім іш өту басталған уақыттан 1 апта өткенде болуы мүмкін.  

95 
 
Диагнозды 
клиникалық-эпизоотологиялық 
мәліметтер 
мен 
флекалиядағы  остертагий дернәсілдерін сәйкестендіру негізінде қойылады. 
Емдеу  кезінде  ангельминтиктерді  келесі  мөлшерде  қолданады: 
фенотиазин  0,5  г/кг-нан  дене массасына,  концентрленген азықтармен  қосып 
(жем,күнжара),  ұннан  жасалған  болюс  немесе  ұн,крахмал  қайнатпасы  су 
ерітіндісі түрінде  таңертенгі азықтандырудан бұрын  беріледі, нилверм 0,01 
г/кг  мөлшерінде    малдың  дене  массасына  24  сағат  аралықпен  екі  рет    ішке 
жекелеп  беру  кезінде    1  %-тік  ерітінді  түрінде  немесе  бір  салмақтағы  10 
малдан тұратын топқа дайындалған азықтық дәрі қоспасы құрамында(1: 700).  
Алдын-алу  мақсатында  ағымдағы  жылдың  бұзауларын  жаздың  соңы 
немесе  күзде  дегельминтизациялайды,ал  1  жастан  үлкен  жас  төлдерді  –
көктем мен күзде.  
4.5 Стронгилоидоз 
Бұл  ірі  қара  мал  мен  басқа  да  жануарлардың  аш  ішектің  шырышты 
қабатында  паразиттік  тіршілік  ететін  стронгила  нематодтары  тудыратын 
гельминтоз.  Ауру  жаппай  таралады,  әсіресе  жас  төлдер  арасында.  Ересек 
малдар  ауруды  субклиникалық  түрде  өткізеді.  Қоздырушы  сыртқы  ортаға 
жұмыртқаларды  бөледі  де,  олардан  инфазионды  түрді  беретін  дернәсілдер 
шығып,  қоршаған  ортаның  жаппай  инвазирленуіне  әкеледі.  Ылғалдылық 
инвазияның таралуына әсер етеді. 
Ауруды  жұқтыру  алиментарлы  жолмен  немесе  дернәсілдерді 
теріастына қан тамырлары және олар арқылы барлық ағзалар мен ұлпаларға 
енгізу  арқылы  жүреді,ал  4-6  күннен  соң  олар  өкпеге  түседі.  Жөтелгенде 
дернәсілдер  сілекеймен  бронхыдан  ауыз  қуысына,одан  кейін    жұту  кезінде 
ішекке  түседі.  Ауру  көбінесе  туғаннан  кейінгі  алғашқы  айларда  білінеді. 
Негізгі берілу факторы- көң. Қоздырғыштың таралуына ылғалдық әсер етеді.  
Жас төлдерде стронгилоидоз  ауыр түрде өтеді, өлім де көп кездеседі. 
Мал дамымай, артта қалады. Дернәсілдер миграциясы кезінде тері қышынуы, 
жөтел,  мазасыздық,  пневмония,  ,плеврит  байқалады.  Жыныстық  жетілген 
гельминтті ошақтау кезінде асқазан-ішек қызметінің бұзылу белгілері пайда 
болады:  перистальтикада    өзгерістер,  іш  өту  немесе  іш  қату,  дене 
температурасының жоғарылауы, азықтан бас тарту, жалпы жабырқаңқылық.  
Диагнозды 
клиникалық-эпизоотологиялық 
мәліметтерді 
ескеріп,копрологиялық зерттеулер негізінде қояды.   
Ірі  қара  малдың  дегельминтизациясы  үшін    антгельминтиктер  мына 
тобын,мысалы  тиабендазол    0,01  г/кг-нан  азықпен  қосып  бір  рет,жекелеп 
немесе  топтық  әдіс  арқылы,  панакур  түріндегі    фенбендазол  –  0,01  г/кг-нан 
азықпен қосып бір рет, жекелеп немесе топтық әдіс арқылы қолданады.  
Алдын-алу  шараларына  мыналар:  көңді  күнделікті  жинау,  бөлмелер 
мен  малдарды  баптау  құралдарын  дезинвазиялау,  жас  төлдерді  туылғаннан 
кейінгі  2  айда  дегельминто-копроскопиялық  зерттеу,  ал  аналықтарды- 
буаздықтың 2-ші жартысында, алдын-алу дегельминтизациясын қорада ұстау 
алдында,зерттеу нәтижесінде бақылау.  
 
 
 

96 
 
 
4.6  Ірі қара малдың телязиозы 
Бұл ірі қара малдың көз жасы безінде,конъюктивті қапта, және үшінші 
қабақтың астында паразиттік тіршілік ететін телязия нематодтары тудыратын 
инвазионды ауруы (сур. 26). 
Телязийдің даму циклінде аралық ие –сиыр масасы немесе дала масасы 
болады.  Ауруды  жұқтыру  жайылымдық  кезеңде  жүреді.Масалар  жас 
ағынымен қоректеніп, гельминт дернәсілдерін жұтады. Инвазионды кезеңнің 
дернәсілдері  масаның  басында  шоғырланады,  және  жәндіктің  тұмсығының 
соңғы  иесінің  конъюктивімен  кезекті  байланысы  кезінде  көзге  түсіп,  ол 
жерде жыныстық жетіліп,10-11 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. 
 
 
26Сурет-Ірі қара малдың телязиозы даму механизмі 
 
Ауру негізінен шілде-қыркүйек айларында білінеді,бұл кезде малда жас 
ағу, жарықтан қорқу,конъюктивит,кератит, қасаң қабықтың бұлдырауы және 
көп  жағдайда  оның  алынуы  байқалады.  Ауру  5-8  апта  созылады  және  көру 
қабілетінің жоғалуымен аяқталады.  
Диагнозды  клиникалық  белгілер  мен  конъюктивті  қуыстағы  шайып  тастау 
кезінде жетілген телязий мен дернәсілдерді анықтау негізінде қояды.  
Клиникалық  белгілер  пайда  болған  кезде  емдеу  дегельминтизациясын 
жүргізеді.Телязиоздың 
секундарлы 
инфекциямен 
асқынуы 
кезінде 
пенициллин  және  сульфаниламидті    дәрілерді  қолданады..  Ірі  қара  малды 
телязиоз  кезінде  дегельминтизация  үшін  0,5  %-тік  йод  ерітіндісін  (йодтың 
сулы ерітіндісі жазылуы бойынша:кристалданған  йод– 1 г, йодты калий – 2 
г,  тазартылған  қайнатылған  су  –  200  мл,  конъюктивті  қуысты  сепкіш 
көмегімен жылы ерітіндімен жуады), 2–3 %-тік бор қышқылы немесе  балық 
майы негізінде 3 %-тік ихтиол немесе лизол  эмульсиясын 2-3мл мөлшерінде 
ушінші қабақ астына және қабақты уқалау арқылы конъюктивті қапқа сепкіш 

97 
 
көмегімен енгізеді. Малдарды ерітінділер мен эмульсиялар арқылы араға 2-3 
күн салып 3 рет өңдейді. 
Масалар 
санын 
төмендету 
және 
ірі 
қара 
малдың  
дегельминтизациясының  алдын  алу  қорада  ұстау  кезінде  немесе  көктемде 
масалар  жазының  пайда  болуына  дейін  жүргізіледі,бұл  малдардың  бұл 
инвазияны жұқтыру жағдайларын болдырмайды.  
Протозооздар 
Протозооздар,  немесе  протозойлы  аурулар  ,  –  малдардың  инвазионды 
аурулары,қоздырушылары 
қарапайымдылар 
болып 
табылады 
(микроскопиялық  көлемдегі  бір  жасушалылар).  Олар  қоздырушысына 
байланысты  пироплазмидоздар,  кокцидиоздар  және  мастигофороздар болып 
бөлінеді. 
Пироплазмидоздар 
Бұл  эритроциттер  мен  мононуклеарлы  фагоциттердің  (тірі  және  өлі 
бөлшектерді  ұстайтын  және  қорытатын  бір  ядросы  бар  торшалар) 
торшаларында  ошақтанатын  ,қарапайымдылар  тудыратын  инвазионды 
аурулардың 
үлкен 
тобы. 
Бұл 
инвазиялардың 
қоздырушыларын 
тасымалдаушылар 
кенелер 
болып 
табылады.Ауруға 
жоғары 
температура,бозару,шырышты  қабықтың  сарғыштығы,жүректің  және  тыныс 
алудың жиілігі,асқазан-ішек қызметінің бұзылуы тән.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет