Тематика проведённых коллективных проектов: «Нас влекут неведомые дали»,
«По секрету всему свету», «Хлеб – всему голова», «Наша школа юбиляр», «65-летию Ве-
ликой Победы посвящается», «Куклы», «Пою тебе, страна моя…».
В качестве примера, вот один из проведённых коллективных проектов.
Коллективный проект «Хлеб – всему голова» (К 70-летию Костанайской
области)
Педагогические цели: развитие деятельностных компетенций в работе с информа-
цией, формирование умения презентовать свою работу, развитие коммуникативных и
творческих способностей учащихся, воспитание гражданских качеств, формирование на-
выков сотрудничества, профориентационная работа.
Цели для учащихся: доказать ценность хлеба как основного продукта питания,
изучить производство хлеба с древних времён до наших дней, показать вклад земледель-
цев области в обеспечение населения РК хлебом, изучить основных производителей хле-
ба в городе.
В основе проекта – интеграция предметов (познание мира, словесность, культуро-
логия. математика)
Основные направления проекта
1. Из истории земледелия
2. Зерновые злаки. Пшеница.
3. Костанайская область как основной производитель зерна в Казахстане
4. «Хлебная» тема в произведениях устного народного творчества (мифы, леген-
ды, сказки, пословицы, загадки)
5. Хлеб – основной продукт питания человека.
6. Основные производители хлеба в нашем городе
Возможные подходы к раскрытию микротем
164
Формы презентации (интервью с руководителем хозяйства, рекламная акция ТОО
«Асыл нан», беседа с врачом-диетологом, экскурсия на предприятие, в музей земледе-
лия, инсценирование праздника последнего снопа и др.)
Анализ проведенных коллективных проектов показывает, что познавательная дея-
тельность только тогда дает положительный результат, когда учитываются движущие
факторы (интересная тема, включенность родителей и интерес окружающих), работа уча-
щихся носит творческий деятельностный характер, школьникам необходимо видеть ко-
нечный продукт своего труда.
Таким образом, использование проектного метода предоставляет учителю воз-
можность активизировать скрытые резервы для профессионального роста и вывести
свою работу на качественно новый уровень, а в своих учениках открыть активных и заин-
тересованных партнёров.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫҚПАЛЫ
Тұрсынбаева Ж. Қ.
С. Мəуленов атындағы гимназия
XX ғасырдың ұлы ғұламасы М.О. Əуезов айткандай, өткен ғасырлардағы қазақ мə-
дениетінің шыққан құз биігін еске алсақ «Көзге толық, көңілге медеу үш ұлы алып адамды
елестетеміз. Олар үшеуі үш мұнардай болған Шоқан, Ыбырай, Абай».
Бұл үшеуінің өмір сүрген ортасы, еңбек еткен майданы, ғылым мен мəдениет сала-
сындағы еңбектері əралуан болғанымен, олардың нəр алған арнасы, бастау бұлағы, алға
қойған мақсаты біреу-ақ. Атап айтсақ, олардың алға қойған мақсаты – қайткен күнде де
«қалын елі, қазағын» терезесі кең, көсегелі, көргенді, мəдениетті, өнері өркендеген ел қа-
тарына қосу болады. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп «мыңмен жалғыс алысып», аң-
саған арманға жету жолында бойындағы бар күш-қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен
Шоқан да, Ыбырай да, Абай да қалын бұқараның шынайы қамқоршылары бола білді. Сон-
дықтан да біз оларды туған халқының қамын ойлаған біртуар ағартушы-демократтар дей-
міз.
Бүгінгі егеменді елдің демократ-ағартушы аталарымыздың асыл арманы не еді? Ол
бүгінде қалай іске асып жатыр? сұрақтарға ой жүгіртіп, жыл сайын Шоқан, Ыбырай, Абай
оқуларын өткізіп отыруы дəстүрге айналды.
Ыбырай Алтынсарин – XIX ғасырдағы өте көрнекті халық ағартушысы, ақын, жазу-
шы, бүгінгі қазақстандық педагогикалық ғылымның негізін қалаушы ғалым, өз дəурінің бел-
гілі қоғам қайраткері, көрнекті этнограф-ғалым жəне тіл маманы ретінде Орыс (Россия)
императорлық география қоғамының мүшесі жəне қызметкері болған қоғамдық ірі тұлға.
Ұлы ұстаздың теңдесі жоқ ұйымдастырушылық жігері мен шығармашылық еңбектері
арқасында XIX ғасырдың соңғы ширегі мен
XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ халқының оқып, біліп алуының ғы-
лыми негізі қаланып, жазба əдебиеті мен оқулық жазу мəдениетінің қалыптасуына орасан
зор ықпалын тигізген тұлға.
Сондықтан да Алтынсарин бейнесіне деген біздің көңіліміз адал да таза. Оның іс-қи-
мылы, өмірінің кейбір сəттері, тұрмыстағы ұсақ-түйектері туралы əңгімелер ұрпақтан
ұрпаққа тарап келеді, мұның бəрі оны хрестоматиялық тұрғыдан емес, тірі пенде, нақтылы
адам ретінде таным-білуге мүмкіндік береді.
Ыбырай Алтынсарин өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуат-
тан, қазақ жерінде оқу-білімнің шам-шырағын жақты, педагогикалық-демократиялық көзқа-
растын негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматы болды. Бір жағынан, феодалдық-
патриархалды тұрмыс билеген, екінші жағынан, патша өкіметінің отарлау саясаты езген
қараңғы ортада Ыбырай ашқан мектептердің қоңырау сыңғырлап, ұлы ағартушы-педагог-
тың ой-пікірлері, өлең-жирлары мен əңгімелері халық санасына жаңалық болып сіңді.
«Мектеп – білім берудің басты құралы, халықтың келешегі тек осы мектептер» -деп
түсінген ұлы педагог осы мақсатпен қысы-жазы ел-елді аралап, халықты өнер- білімге ша-
қырып қана қоймай, мектеп ашуға қаржы жинау ісімен айналасты. Бұқара халық Ыбырай-
дың игілікті ісін ықыласпен қолдап, біраз қаржы жинап берді.
1864 жылы қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ балалары үшін мектеп ашып, 14 бала-
ны мектепке қабылдады. Балалар интернатта жатып оқитын болды. Мұндағы тəлім-тəр-
бие ісіне Ыбырайдың өзі тікелей басшылық етті.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық, педагогикалық көзқарасы негізінен, орыс
педагогтарының ықпалымен қалыптасты жəне қазақ халқының ұлттық тəрбиесінің негізіне
165
сүйеніп жүргізілді. Халық педагогикасының адамгершілікті, үлкенді сыйлауды, еңбекке,
өнерге үйретуді уағыздаған негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны басқа халықтардың озат
ой-пікірлерімен ьолықтырып дамытты.
Ол елдің надандыкқа қамап отырған феодалдық-патриархалдық, рушылық қоғам-
ның кертартпа жақтары мен патша үкіметің отаршылдық саясатын сынай отырып, туған
халқының келешегіне зор сеніммен қарады. «Өнер –білім бар жұрттар» атты өлеңінде
«тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» десе,
алдыңғы қатарлы өнерлі жұрттардың ғылыми-техникалық табыстарын сөз ете келіп:
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды, – деп жастарды өнер-білімді меңгеруге, оқуға үндейді.
Ы. Алтынсарин өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін миссионерлік бағыттағы жат пікір-
ден де, шығыстың жаттамалы діни оқуынан да қорғап бақты. Жастарға шынайы білім бе-
ретін дүнияуи пəндерді (жаратылыстану, география, тарих, есеп т.б.) оқытуды іске асыр-
ды.
Ы. Алтынсариннің ағартушылық ой-пікірлерінің біртіндеп іске асуына оның Торғайда
облыстық мектеп инспекторы болып тағайындалуы (1879) жəне бұл қызметте өмірінің соң-
ғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек ету көп пайдасын тигізді. Инспек-
торлық қызметке кіріскеннен-ақ Ы. Алтынсарин дүнияуи мектептер ашуды қолға алды.
Алдымен ол облыстық, уездік қалаларда орталық училищелер ашуды ойластырды. Елек,
Николаевск (Қостанай), Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мек-
тептерін ашып, олардың жанынан кітапхана ұйымдастыруға, монша салуға зор күш жұм-
сады. Ол кейін əр болыс сайын бастауыш мектептер ашуды қолға алды.
Ыбырайдың оқу – ағарту ісіндегі тағы бір жаналығы – қазақ жастарына кəсіби ма-
мандық беру мəселесін қолға алуы болады. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училище-
сін ашып, қазақ жастарынан қажетті маман кадрлар даярлау ісіне зор мəн берді.
Қазақ қыздарына тұнғыш дүнияуи білім беру ісіне жол ашқан да Ы. Алтынсарин бол-
ды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ
халқының өмірінде орасан зөр маңызы бар тарихи уақиға еді. Ы. Алтынсарин патша əкім-
шілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищесін ашуды өтінді. Соның
нəтижесінде Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Ақтобеде (1896) қыздар училищелер
ашылды.
Ы. Алтынсарин қазақ шəкірттерінің таным-түсінігіне лайықты оқу-əдістемелік құрал-
дар жазу мəселесімен де жемісті шұғалданды. Ол орыс - қазақ училищелеріне К. Д. Ушин-
скийдің «Балалар дүниесі», Л.Н. Толстойдың «Əліппе жəне оқу кітабын», Б.Ф. Бунаковтың
«Əліппе мен оқу кітабын», Тихомировтың «Грамматиканың əлементарлық курсын» оқу құ-
ралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де «Қазақ хрестоматиясы», «Қа-
зақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі оқу құралын бастырып шығарды.
Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин, біріншеден, қазақ халқының ертегілерін, аңыз-
əңгімелерін таңдап, талғап еңгізуге зер салса, екіншіден, өзінің дидактикалық ақыл-нақыл
түрінде жазылған қысқа əңгімелерін еңгізді, үшіншіден, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой,
Паульсон, И.А. Крыловтардың тəлімдік мəні зор шығармаларын аударып кіргізді. Ол өзінің
хрестоматияға енгізген əдеби шығармаларының бəрін негізгі педагогтық ісімен тығыс бай-
ланыстыра білді. Яғни хрестоматияға енгізген материалдарды іріктеуде, біріншіден, əр ха-
лықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дəстүрлерінен хабардар ету принципін, екіншіден, оқу-
тыларды адалдыққа, тапқырлыққа тəрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді оларды
бойына дамытуды көздеді. Үшіншіден, жастардың əсіресе бастауыш сынып оқушылары-
ның түсінігіне жеңіл, тілі жатық əңгімелерді іріктеп, таңдап беруге тырысты.
Бұған, ең алдымен, «Кел балалар оқылық», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңдерінің
тақырыбы мен идеясы айғақ. Ыбырай жастарды өнерге, оқу-білімге шақыра отырып, олар-
ды қоғамға пайдалы, жаңа заман талабына сай, халыққа адал қызмет істейтін азамат, қай-
раткер тəрбиелеп шығаруды басты мақсат етті. Сойтіп, ол əдеби оқудың білімдік-тəрбие-
лік мəнін бірінші орынға қойды.
Ы. Алтынсарин əңгімелерінде тарихи материалдар мен салыстыру əдісі өте көп. Мə-
селен, «Қарабас батыр», «Қобыланды», «Алтын айдар» сияқты халық əдебиетінің үлгілері
арқылы автор жастардың назарын өз жұртының тарихына, мұрасына аудартады. Сондай-
ақ, əңгімелерінде өмір шындығы нақты бейнеленеді. Ыбырай новеллаларының образдары
– ғибратшыл, шыншыл жандар. Олар – жақсылыққа құмар жастар. Осы образдардың сыр-
сипатын, тұлғасын тану арқылы балалар портретін жасайды.
Ыбырайдың материалды балалардың жас ерекшелігіне, түсінігіне лайықтап беру тə-
сілі де мейлінше жаңа. Ыбырайдың əдеби оқу əдістемесіне тəн бір жаңалығы – өлең жат-
тату тəсілі. Шығарманың мазмұны мен идеясын танытудың элементі бар. Мысалы, бала-
лар «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі мен «Қыпшақ Сейітқұл» əңгімесін оқы отырып, бұлар-
166
дың бірінен прогресс идеясын білсе, екіншісінен отырықшылық идеясын танып біледі.
Ыбырай қоғамда адам мінезін оқу-білім арқылы ғана түзетуге болады деп сенеді.
Ыбырай сабақты оқыту жүйесіне аса көңіл болген. Сабақтың жүйесіздігі баланың
пəнге қызықпауын, үлгермеуін, салақтығын тұғызады. Бұл балаланың емес, мұғалімнің кі-
нəсі дейді. Ендеше, пəнді өте жетік білу, оқушылардың қызығуын арттыру – бұл мұғалімнің
шаруасы. Сондықтан Ы Алтынсаринның оқу-əдістемелік ойлары қашанда өзекті.
Ыбырай Алтынсарин діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға
бейімдеу қажет деп қарады. Осы мақсатпен 1883 жылы өзінің «Мұсылмандық тұтқасы»
атты оқу құралын араб əрпімен жазып, оны Қазан қаласында өзінің досы Н.И. Ильмен-
скийдің көмегімен бастырып шығарды.
Бұл еңбектің құндылығы, біріншеден, мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана ті-
лінде түсінік беруі болса, екіншіден, діни терминдердің мəн-мағынасын ашуға зер салуын-
да, үшіншіден, шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тəрбиесімен тығыз байланыстыра
талдауында болып отыр. Ол діннің өзін тəрбиенің құралы ретінде қарастырды.
Ы. Алтынсарин оқу-ағарту ісін жүзеге асыруда екі бірдей кедергілермен күресу тура
келді. Оның бірі – Ыбырайдың ағартушылық ісін көре алмай «шоқынған», «кəпір» деп ел
арасында өсек таратушы қожа-молдалар болса, екіншіден, дөрекі, топас орыс чиновникте-
рімен де күресті. Ол өзінің досы В.В. Катаринскийге «... Ең жаманы халықтың қараңғылы-
ғы емес, қоғамның əл-ауқаты мен мəдениетін көтеруге көмектесу үшін үкіметтің өзі қойған
білімді адамдарымен күресуге тура келеді» дейді.
Патша үкіметі қазақ даласын қараңғылықта ұстауға тырысып бақты. Олар оқымаған
қараңғы елді басқару оңайырақ болады деп санады. Патша үкіметінің осы отарлау саяса-
тының ішкі мəнін терең түсінген Ыбырай халықты қапастан құтқарудың жолы тек өнер-бі-
лім деп қарады. Сол жолда аянбай еңбек етіп, бар өмірін сарпетті.
Ы. Алтынсарин оқулықтарына енгізген «Ұят кімде болса, иман сонда болады»,
«Алтын алма, ақыл ал», «Ісін ақ болса, тəңірің жақ болар», «Талапты ерге нұр жауар»,
«Қайырымсыз болса, ханнан без; өткелсіз болса, судан без, асусыз болса, таудан без»,
«Өнерлі өлмес, өнерсіз – күн көрмес», «Оқу түбі – тоқу» сияқты асыл сөздерінен бүгінгі
жастардың да ғибрат алатыны сөзсіз.
Бүгінгі нарықтық кезеңде жастарды имандылыққа, ізгілікке тəрбиелеудің аса қажетті-
гі туып отырған кезде Ы. Алтынсариннің ізгілік жөніндегі осы ойларын шəкірттердің жүрегі-
не ұялатудың, ал ұлт мектептерін Ыбырай дəстүрі негізінде қайта құрудың қажеттілігі туып
отыр.
Ы. Алтынсарин есімінің көшелерге, аулдарға, оқу орындарына берілуі тегін емес.
Қостанайдың басты көшелерінің бірі оның атымен аталды. Біздің жерлесіміз туған ауданға
да оның аты көтерілді. Бұрыңғы бар мұражай қатарына ол 1884 жылы негізін салған орыс-
қазақ мектебінің орнына тұрғызылған ағартушының мемориалдық мұражайы қосылды. Ең
бастысы, оның бейнесі – халықтың жадында, ұрпақтың құрметінде.
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТƏРБИЕЛІК МƏНІ
Умарова Р.М.
«Қостанай қаласы əкімдігінің білім бөлімінің №1 орта мектебі» ММ
Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш педагог, балалар əдебиетіне
зор үлесін қосқан кемеңгер. Балаларға арналған «Əке мен бала», «Таза бұлақ», «Өрмек-
ші, құмырсқа, қарлығаш», т.б. көптеген əңгімелері бар, мəселе атында емес, тəрбиелік мə-
нінде, ол əңгімелердің өз кезінде атқарған қызметінде. Мəселеге осы тұрғыдан келсек, өзі
жазған əңгімесі болсын, орысшадан аудармалары болсын, Алтынсарин жазба əдебиеті
тарихында балалар əдебиетінің негізін салушы болды. Ыбырай Алтынсаринның кезінде
орыс не Европа елдерінде балалар əдебиеті сол елдің жалпы əдебиетінің негізгі бір сала-
сына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында Махамбет, Абай тəрізді ұлы ақындарымыздың
кейбір өлеңдерін айтпасақ, балалар əдебиеті жоқ, не жоқтың қасы болатын. Бұл мəселені
биік сатыға көтеріп, балалар əдебиетін жасауға саналы түрде кіріскен бізде бірінші адам –
педагог-жазушы Алтынсарин. Оған шейінгі балалар əдебиетінің үлгілері тек фольклоры-
мызда ғана болатын. «Жаңылтпаш», «Бесік жыры», «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Өтірік
өлең», «Жұмбақ», «Тазша бала» туралы ертегілер, бəрі де жастардың ой-санасына лай-
ықталынған балалар əдебиеті қатарына жатады. Халық өздерінің дүниетанушылық көзқа-
растарына сəйкес кекілді жас, келешек ұрпаққа өздерінше жақсы тəрбие беруге тырысты.
Ал тарихи жазба əдебиетімізді алсақ, бұл мəселе ашығырақ айтқанда, ескерусіз қалған
болатын. Əлеуметтік мəні зор барлық істің тетігі жастарда деп сенуші Ы.Алтынсарин
167
басқа мəдениетті елдердің жазба əдебиетінің үлгісінде өз халқы, оның келешегі үшін ке-
ректі балалар əдебиетін жасауға күш салды. Орыстың педагог, ұлы жазушыларынан ауда-
ру, кейбір тақырып, əңгіме сюжетін оның өзінше жазу, араб, түркі халықтарының қазақ
ауыз əдебиетінен естіген, оқыған əңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-
санасы, жасына лайықтап жазу жəне өз жанынан да бірнеше əңгімелер шығару арқылы
Ыбырай кейінгі ұрпақтары үшін аса құнды мұралар қалдырды. Кейінгі жазба əдебиет өкіл-
деріне балалар əдебиетін қалай жасау керектігінің үлгісін пішіп берді.
Бұл салаға жататын əдебиеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен, уақиға-
лы, қысқа, қызықты, тартымды болуы қажет. Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына же-
ңіл, тілі жатық жəне оқу, өнер, адамгершілікке жетектейтін тəлім-тəрбие берерлік болуы
шарт. Балалар ешбір қиналмай, қызыға отырып оқумен қатар, көздеген нысана, ойлаған
мақсат іске асуы керек. Яғни, автор əңгімесіне қандай мақсат қойса, сол балалардың ой-
санасында мəңгілік қалатындай етіп жазған.Сонда ғана əңгіме өз міндетін атқармақ. Ыбы-
рай əңгімелері осы шарттардың барлығына дəл келеді. Мысалы, жоғарғы Паульсонның
хрестоматиясынан алып, қаһарманына Сейт деп ат беріп, кейбір жерлерін өзгертіп, қазақ-
шалаған «Ауырғаннан аяған күшті» («Чувство любви сильнее боли») дейтін əңгімесіне на-
зар аударсақ, бірнеше жолдан ғана құралады. Бірақ сол кіп-кішкентай əңгіменің ішінде
оқиға бар, диалог бар. Қысқасы, өзінше басы-аяғы бүтін, жап-жақсы шағын ғана шығарма
болып шыққан. Бұл келтірген мысалдардан басқа да Алтынсаринның аударған, өзі жазған
қысқа əңгімелері əрі тəрбиелік мəні үлкен, шеберлігі жағынан мүлтіксіз əңгімелері көп жə-
не өмір құбылысы, адам өмірінің əр алуан жақтарын қамтиды. Солардың ішінде, əсіресе,
оның «Бай мен кедей баласы» атты əңгімесі айрықша көңіл бөлуді қажет етеді
«Бай мен кедей баласында» ел көшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып
қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тəуліктегі оқиғаны суреттеуге арналса да, те-
реңірек қараған адамға автордың ой түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға бола-
ды. Бұл əңгіме сюжеті, құрылысы жағынан орыстың ұлы демократ жазушысы Салтыков-
Щедриннің «Бір шаруа екі генералды қалай асырады?» деген сатиралық ертегісіне ұқсай-
ды. Ол əңгімеде де екі генерал бір себептермен елсіз-күнсіз тоғайдың ішінде қалады.
Екеуі де əбден ашығады. Өздері амал жасап, тамақ табу, күн көрудің шарасын іздеудің
орнына, сол елсізден орыс крестьянын іздейді. Олар өзара сөйлескенде «Бір мужик тауып
алсақ, тамақ та, шарап та табылар еді, ол бізді қалай да асырар еді» дейді. Сөйтіп жүрген-
де екі генералдың тілегі қабыл болып, елсіз тоғайдың ішінде ұйықтап жатқан бір мужиктің
үстінен шығады. Екеуі оны көрісімен-ақ: «Тұр, біз ашпыз, тамақ тап бізге!» – деп əмір ете-
ді. Бұрыннан оларды бағып қалған мужик, аң аулап, тұзақпен құс ұстап, екеуін де асырап,
еліне əкеледі. Барлық салыстыру дəл шыға бермейді. Біз бұл мысалды келтіргенде
Алтынсарин Салтыков-Щедринді аударды, не соның əңгімесін көшіріп алды демек емес-
піз. Біздің бұл жерде айтпағымыз – екеуінің пікір ұқсастығы. Салтыков-Щедрин өзінің əңгі-
мелерінде шаруалардың күшін ақысыз-пұлсыз пайдаланудың арқасында өмірге түк
икемдігі жоқ адамдардың пайда болуын, мүгедек-дəрменсіздікке əкеліп тіреген сол жағдай
екендігін, сондықтан ондай қоғамның тозығы жеткендігін, енді өмір сүруге правосы жоқты-
ғын көрсетіп өлтіре шенеу Салтыков тəрізді демократ жазушыларға тəн болса, Алтынса-
рин əңгімесінің идеясы да солармен ұштасады.
«Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсаринның əңгімесінде, бізше, үлкен
идея бар. Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп,
соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда
дəрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның
адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың үлкені –
жауыздық пен қаярлықтың қапшығы да, жасы – мүгедектіктің бейнесі деген қорытындыға
келетін сықылды. Шығармасының бас геройы етіп, бай баласы мен кедей баласын алуы-
ның өзінде үлкен сыр жатыр. Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақыл-
сыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін
екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушы-
ның бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мəселе емес, əлеумет-
тік мəселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені де сап-сау. Бірақ оған қарағанда, Үсен көш ілгері
жатыр. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның əлсіз, мүгедектігіне кінəлі де, Үсеннің өз құр-
дасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де
тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен ақысыз-
пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде əлсіздікке, бишаралыққа ұшырат-
са, əкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс
кедей баласы Үсенді күрес ері етті. Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар
емес. Бір – бай баласының, екіншісі – кедей баласының типі. Жазушы өз ортасынан үздік
шығатын бірен-саран ақылды, талантты Үсендердің, не ақылсыз Асандардың да болу
168
мүмкіншілігін, əрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тəн мінез
Асанда, кедей баласының көпшілігіне тəн мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының
кейіпкері – типі етіп көрсетеді. Əңгімені абайлап оқушыға жазушының симпатиясы Үсен
жағында. Мұны олардың іс-əрекеттерін суреттеуінен де, диалогтарынан да көру қиын
емес. Жазушы болашақ та кедей баласы Үсенде деп біледі. Асан мен Үсен образына бай-
ланысты жəне бір айта кететін нəрсе, бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда,
алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере ке-
теді. Сөйтіп Алтынсарин «Бай баласы мен кедей баласында» өз кезіндегі қазақ даласын-
дағы, Обломов, обломовшылдықтың кішігірім бір көрінісін суреттеу арқылы соны туғызып
отырған негізгі себептердің бетін ашып, оқушыларын оған қарсы тəрбиелейді. «Надан-
дық» əңгімесі де көлемі шағын, бір-екі эпизодтан ғана құрылған кішкене əңгіме болса да,
мəні зор. Өйткені бұл қазақ даласындағы ғасырлар бойы серпілмей келген қараңғылықтың
бір алуан көрінісі жəне сол қараңғылыққа дін надандығы ұштасып, тұншықтыра түскен
ескілікке жаңа заман, жаңа адамның шығарған үкімі деуге болады. Алтынсарин тек бала-
лар ғана емес, үлкендердің өзін де еңбекке, отырықшылыққа, саудаға тəрбиелеу мəселе-
сін көтерді дедік.
Бұл жөнінде «Қыпшақ Сейтқұл» əңгімесінің мəні зор. Автордың өзі: «...Тілеу Сейда-
лин сұлтанның куəландыруы бойынша, Сейтқұл 1830 жылдарда өліпті» – дейді. Торғай-
дың терістігі Қабырға өзенінің бойында қыпшақтардың барлығы, ол жерде «Сейтқұл қорға-
ны» атанатын оба жəне осы тəрізді ел аңызы барлығы рас. Əрине «Сетқұл» оқиғасы та-
рихи нəрсе емес, бұл – ел аңызы, сондай адам мен сол тəрізді өмірдің болуын аңсаған
үміт елесі. Зерттеушілердің міндеті – ол əңгімедегі оқиғаның болуы-болмауын дəлелдеуде
емес, Алтынсаринның басқа аңызды алмай, осы аңызды алып, оны көркем əңгімеге
айналдыруы, осының себебін ашу болу керек. Орыс зерттеушілері Чернышевскийдің «Что
делать?» романын сөз қылғанда, Вера Павловнаның мастерскаясы, не ондағы еңбек
ұйымдастыру мəселесі шынында болды ма, жоқ па, оны сөз етпейді. Солай етіп көр-
сеткендегі автордың идеясы не еді, соны ашуға тырысады. Бұны мысалға келтіргендегі
мақсат – Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» əңгімесін Чернышевскийден алды деу емес, бұл
тəрізді əңгімелерді қалай талдаудың керектігіне бағыт сілтеу ғана. «Қыпшақ Сейтқұл» əңгі-
месінің сюжет негізі халық аңызынан алынғандығы талассыз. Бірақ қаншасы халықтікі,
жазушы өз жанынан нені қосты, ол арасын ашу қиын. Əйтсе де, халық арасындағы көп
аңыздан «Қыпшақ Сейтқұлды» таңдауы, бізше, кездейсоқ емес. Қай кезде болсын, мəде-
ниетті жазушы фольклордан сюжет негізін алғанда жай ала салмайды, сол фольклор ма-
териалында жазушының идеялық бағытына сəйкестігі бар, кейбір жақтарынан өз пікірімен
өрістес, аңыздың шығу негізінде қиял да болса бір шындық нəрі бар нұсқаларды алады.
Бізше, «Сейтқұл» аңызынан Алтынсарин де өз ойы, өз идеясының талшығын тапқанға, со-
ны дамытқанға жəне оған əлеуметтік мəн беріп, аңызды шындыққа жақындатып, аңыз
адамдарын тарихи, хақиқат болған адамдар етуге тырысқанға ұқсайды. Əңгімесіне реа-
листік түс беруі, бас геройының өлген жылы туралы, сөз арасында болса да белгілі дата
көрсетуі де осыны аңғартады.
«Қыпшақ Сейтқұлда» негізгі тақырып – еңбек. Сонымен қатар, отырықшылық, егін
кəсібі, сауда жəне еңбексіз, ұрлықпен күн көрушілік мəселелері, еңбекті сөз еткенде,
Алтынсарин жалпы түрде емес, пайдалы жəне .өнімді еңбекті ұсынады, адал еңбек арқы-
лы өмір үшін күрестің үлгісін жəне оның нəтижесін мынандай деп, басқа елдің басшыла-
рына – Сейтқұлды, бағынушыларына – оның соңынан ерген еңбекшілерін үлгі етеді. Ең-
бексіз, ұрлықпен күн көрмек болған Сейтқұлдың ағасының сүйегі де табылмай қалды. Сөй-
тіп жазушы «Еңбек түбі – ырыс», «Ұрлық түбі – қорлық» деген қорытындыға келеді. Біз
«Қыпшақ Сейтқұлда» жазушының жəне бір көтерген мəселесі отырықшылық пен сауда
мəселесі дедік. Енді соған келелік. Қазақ халқының негізгі тіршілігі – мал шаруашылығы,
сол шаруашылықтың жағдайы көшпелілікті керек етсе, ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы
əр алуан əлеуметтік шаруашылық жағдайлар, əсіресе қазақ халқының көпшілігі болған
еңбекші-кедей шаруаларының отырықшылануын талап етті.
1868 жылғы «Жаңа низамнан» кейін жердің қазыналық болып, түгелдей патша өкі-
метінің меншігіне айналуы, қырға капитализм элементінің қанат жая бастауымен байла-
нысты ескі феодалдық қоғамның өз ішінде əлеуметтік қарым-қатынастың өзгере бастауы
бір алуан жағдай болса, 1865 жылдардың шамасында қазіргі Қазақстанның Маңғыстау
өлкесінен басқа, түгел жайпаған «Жалпақ қоян» жұты халықтың көпшілігін керегесіне таяп,
қолына таяқ ұстатып кеткен жылдың бірі болды. Бұл жағдайды қазақтың үстемдік етуші
бай-феодалдары өзінше пайдаланып, кедей шаруаларды қанауын бұрынғыдан да өршіте
түсті. Олардың ауыр халдерін молынан пайдаланып, оларға «көтере алмаған қосып арқа-
лардың» кебін келтіріп, тұра алмастай несиеге малтықтырды. Қазақтың кедей шаруалары-
ның бұл кездегі осы тəрізді ауыр халі Шоқан, Алтынсарин, Абай тəрізді адамдарын ойлан-
169
дырмауы мүмкін емес еді. Алтынсаринның «Қыпшақ Сейтқұл» аңызын əңгімеге айналды-
руының бір себебі осындай жайттармен байланысты тəрізді. Жоғарғы айтылған əлеумет-
тік жəне шаруашылық жағдайлар ендігі кезде отырықшылану қажеттігін керек етті. Ері
мойнына кеткен кедей шаруалардың ауыр халін жақсартудың төте жолы отырықшылану,
сүйтіп, егін кəсібімен айналысу деген пікірді қазақ ағартушыларының бəрі де мойындай-
тынға ұқсайды. Сонымен қатар өз шығармаларында балаларды еңбекке шақыру, тек қана
еңбек етуге емес адал болуға шақырады оған оның «Қыпшақ Сейтқұл» əңгімесі дəлел.
Қорыта айтқанда, Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұ-
лымдыққа қарсы шығуы, сол кезде əлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шын-
дығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тəрбиелеуі оның творчествосының
халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының жəне балалар əдебиеті-
нің ең алғашқы негізін салушы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |