* * *
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар, – деп Мұ-
қағали Мақатаевтың өлеңімен басталатын «Жерошақтың
түтіні» атты хикаясына қысқаша тоқталсақ. Хикаятта
со
нау заманның қиын-қыстау өмірін сипаттайды. Кеңес
атты азамат жастайынан ата-анасынан, бауырларынан
айы
рылып жетім өседі. Одан кейін көрген өмірі әскери
училище... соғыс... жаралану... госпиталь... қайта майдан.
Сол, түрлі қиыншылықтарды жеңіп келді. Бұл қайда
барады, кімге барады? Майдандас досы Сәбит ертіп әкелді.
Сәбиттің отбасы қой сойып, той жасады. Кеңестің ішкі жан
дүниесі әлем-жәлем. «Егер менің іні-қарындастарым да тірі
болғанда ғой, осылай қарсы алар еді, – деп іштей күрсінеді.
54
Жанат Ахмади
Сәбиттің анасы бұған колхоздың бригадасына бригадирлық
жұмысын тапсырады. Ертеңіне барып бригадасын қабылдап
алады, мұның көмекшісі әрі есепшісі – Базаркүл. Екеуі
тары өсіретін өзен жағасындағы алқапқа таң бозынан бірге
кетеді, ел жата, көк жүзіне жұлдыздар пырдай жамырғанда
бірге қайтады. Ақыры қысқа қарай екеуі үйленіп тынады.
Үйленгеннен соң үшінші күні Алматыдағы екі айлық қысқа
мерзімді басшылар дайындайтын курсқа аттанады, одан өз
ауданына сұранып еді, «Қызыл әскер» колхозына бірден
басқарма сайлады. Аудандық газеттің редакторы болып
шашы ұзын, қос бұрымды жесір келіншек Рабиға істейтін.
Бірақта өзіңнің айтқаның емес, тағдырдың жазғаны солай
дегендей Кеңес пен Рабиғаның жолы бір болады. Бірде
Рабиға Кеңесті үйіне туған күніне шақырады. Сол түні ол
үйіне қайта алмай, Рабиғанікіне түнеп қалады. Сол түннен
бастап ала жаздай үй бетін көруі мүлде сиректеп кетті, анда-
мұнда ғана түнеуге келеді. Соңғы кезде қос айыр, екі басты
жыландай екі ұдай ой екі жаққа тартып, есін алып барады.
Рабиғаға құлай берілгені сонша: өзін-өзі ұмытып, бар ынта-
ықыласы, ойы – сол.
Базаркүлге келгенде ... кежегесі кері тарта береді.
Нартәуекел деп одан біржолата кетіп қалуға бір нәрсе қолын
байлап, дәті жетпейді-ау... Ұзамай өзінің ұрпағы өмірге
келмекші. Жетімдік өмірді көрген ол, перзентімді жарық дү-
ниеге келмей жатып тірі жетім қалдырмаймын, – деп ше шім
қабылдайды. Кеңестің колхозға жасаған еңбегі ұшан-теңіз
деп те айтуға болады. Өздерімен көршілес колхоздар бидай-
дан 10–15 центнерден алғанда, бұлар қырық центнерге дейін
маржандай дән жинап, шаш-етектен ырысқа батты да қалды.
Жасаған жұмыстарының берген нәтижесі өте жоғары деп, –
енді Кеңесті аупарткомның бюросының қаулысы бойынша
жолдамамен оны Томскіге мал маманы оқуына жібереді.
Екі айдан кейін колхозға оралады. Келіп ұлды болғанын
естіп қуанады, оған қоса Рабиғаның бұл маңнан кеткенін
естиді де бірден қуанышы су сепкендей басылады. Көктемін
55
Әдебиет – жан нұры
ілестіріп қайта оралар аққу құстардай жетер-ау, бір сәлемін
алып деп, әр таңға тілек артады, көз көрген жандар біреуі
бір нәрсе біле ме, айта ма деп әркімге бір жаутаңдайды. Иірім-
ге батқан тастай хабар-ошарсыз Рабиға тым-тырыс, жым-
жылас. Енді Кеңес төрт баланың әкесі атанады, ақырындап
өмірі өтіп жатты. Хикаяны оқып отырып, ерекше күйде
боласың. Хикая оқиғасын, адамдар тіршілігі мен іс-әрекеті
жайлы болмыстарды жазушы көркем тілмен жеткізеді.
Бұл хикаяттағы басты тұлға – Кеңестің жастық шағынан
қартайған дәуіріне дейінгі кезең терең толғаныспен, сырлы
мұңмен әдемі кестеленген.
* * *
Жазушының еңбегіндегі үшінші повесі – «Өрік ерте
гүлдеген жыл» хикаятын оқып отырып, тіпті ерекше күйде
боласың. Хикаяттың желісі интернатта оқыған балалар өмі-
рі туралы. Солардың ата-анасынан, бауырларынан, жақын
туыстарынан айырылғаны. Ондағы себеп соғыс азабының
кесірі. Бірінің әкесі соғысқа аттанып, шешесінен айырылып
қала берсе, енді бірі көкесін соғысқа жіберіп, жақсы кө-
ретін жеңгесінен ажырап қалады. Осындай балалардың
соғыстың кесірінен жақындарынан айырылып, ботадай
боздап қалғандары, сол заманның қиын-қыстау өмірін
оқыр мандарына көркем ой, көркем тілмен жеткізуінен жа-
зу
шының керемет шеберлігі аңғарылады. Хикаят қиын-
дықпен ғана бітпейді. «Бір қайғының артында бір қуанышы
бар» демекші соғыстың да аяқталып, жеңісті күндерге де
жеткендігі. Енді сол соғыста қыршынынан қиылған азамат-
тарды естеріне алып, көздеріне жас толтыра толқыған
түрлі көріністер көз алдыңнан кетпейді. Адамдардың тір-
шілігі мен іс-әрекет тері бөлек болғанымен, олардың көр ген
қиыншылықтары бір. Ата-бабаларымыздың, бауыр
лары-
мыз дың, кешкен тау қыметін, соғысты көріп өскен буынның
қасіретін, осы хи
каяда діттеген жеріне жеткізе білгенін
жазушының кемелденген стилдік ерекшелігі деуге болады.
56
Жанат Ахмади
* * *
Бұл кітаптың екінші бөлімінде жазушының бір топ
әңгімелері берілген. «Махаббатсыз өмір жоқ» атты әңгімесі
оқырманды ә дегеннен өзіне тартып, оқиға қатпарына кір-
гізіп әкетеді.
Бұл әңгіме бірінші жақтан баяндалып, Жомарт деген
ақынжанды жігіт пен Гүлжан қыздың ортасындағы қасірет-
ті тағдырға құрылған. Оқиға барысының шынайылығы
сон дай, әңгімені баяндаушы бұндағы оқиғаны өз басы нан
өткізген автордың өзі ме, деп те қаласыз. Бұл оқырман
жүрегін сыздатарлық ауыр әңгіме. Қаралы да, жаралы
сүйіспеншілік. Әттеген-ай, дейсің. Адам жанының өрмекші
торындай нәзік пернесін зақымдап кететін өксулі тұстар
айла-лажыңызды тауысып, діңкелетіп отырады. Жолы
бол маған шынайы ғашықтық үрейі өлім үрейінен кем бол-
майтынына осы шығарма дәлел. Баяғы, бағы заманның
ұлы ойшылдарының бірі Жан Пол: «Ешқашан достық
та, махаб бат та іздемеген адам – сол екеуін жоғалтқан
адамнан мың есе сорлы» деген. Жомарт пен Гүлжан
арасындағы қайғылы махаббат дертінің өзі сүйе білмейтін
дөкір адамдардың күйкі өмірінен мың есе артық деуге
болады. Өйткені олар рухани әлектен қанша жараланып,
сезім дүниесі қаншалық қансырап жатса да, адам басында
болатын сол қайғының өзі көркем шығарма құдіреті
үшін соншалық биік. Рас, Сараий айтқандай «шынайы
ғашықтық адамның ақылының аяғына салынған тұсау».
Бірақ тағы бір ойшыл Ш. Дюкло «әлдебір жасты ғашық
болғаны үшін жазғыру – біреуді ауырып қалғандығы үшін
кінәлағанмен бірдей» дегені тағы бар. Солай болғанның
өзінде Жомарт пен Гүлжанның бір-бірін жақсы көріп,
сол жолда ақыры кедергі, соққыға ұшырауының өзі
оқырманды ашындырып отырып-ақ, рақат сезімге бөлейді.
Яғни, көркем шығарманың құдіреті өз қы зығына батырып,
алды-артыңа қаратпай жетелеп әкетуі арқылы өз сезіміңе
серік етесің. Ашынып, күйіне отыру арқылы авторға риза
57
Әдебиет – жан нұры
боласың. Өйткені екі жас арасындағы нанымды, тәтті
сүйіспеншіліктің аяғы оларға у жұтқызып сол арқылы
оқырманның жан-дүниесін сілкіп оятады. Сәт сайын селт
еткізіп отырады, кейіпкерлермен біте қайнасып кетесің.
Күнделікті күйбің тірлік шылауында жүрген адам
ның
жайбарақат, бейқам түйсігіне шоқ тастауымен құнды.
Бұйығып жатқан жан сезіміңді жаңғыртуымен бағалы.
«Ғашықта шыдам болмайды, шыдам болса ғашық бол-
майды» деген бар. Жомарт «көрмесем айтар сөзім көп,
көрсем тілім байланар» дегеннің керін келтіріп, Гүлжанды
көрсе, кездессе, аузын буған өгіздей, сөйлей алмай, шы-
нымен-ақ ғашық бола сүйген еді. Соның салдарынан «бір
жыл кейін үйленейік» деген Гүлжанның тілегіне шыдас бере
алмай, көзді тас жұмып басқа қызға үйлене салады. Ақыл-
ды адам ақылынан адасса, ғашық болса да ақымақтарша
ғашық болмауға тиіс еді. Міне, бар қателік тек осы ұс-
тамсыздық кеселден туындайды. Оның үстіне қыздың да
керенаулығы болады. Бұрын әке-шешесінің және жалғыз
бауырының жол көлік апатынан мылжа-мылжа болып қанға
боялып жатқанын көрген Жомарттың жүрегінің ұстамалы
талмасы бар байғұс еді. Бір машинада келе жатып жалғыз
өзі ғана қалғаны бұған қасірет болған. Үйленуін үйленіп,
ұл балалы болғанымен өз басынан өткен кереғар тағдырдың
салмағына шыдамай, мезгілсіз қатыгез ажал құшады. Ал,
кертартпа Гүлжанның қасіреті енді басталады. Өкініштен
дерттене шерленеді. «Егіле сүйген елжіретер, күндерде бір
күн еңіретер» дегеннің кері келіп өкініштен өз бармағын
өзі шайнағандай болған Гүлжан көз жасын көлдетіп төгеді.
Мұндай оқиға сюжетін, шығарма арқау-өрмегін адам
жанының нәзік қыл пернесіне құратын сезімтал жазушы
Н.
Қапалбекұлының қаламынан туған күңіреністер кей
тұста сенің де көңілінді ойрандап отырады. Іштей кеңкіл-
детіп, кірпігіңе шық тұр ғызады. Автор әңгімесін аяқтай
келе «Бәрі кеш. Әсіресе шуақты сәтті өткізіп алсаң, уа-
қыттан қымбат ештеңе жоқ. Өкініш уытына қанатын
58
Жанат Ахмади
күйдіргеннен не түседі? Өкінбес үшін махаббатпен ойна-
мау керек, тәлкекке айналдырмау керек» деп қорытады.
Мұн дай теорияны жайшылықта әр кім білгенімен дәл мына
әңгімемен үйлестіріп келгенде қарапайым ғана сөз құдіреті
өз-өзінен билік құрады. Бұны жазушының шеберлігі деп
қарау ізгі ниетті әріптестеріміздің қай-қайсысы үшін бол-
сын парыз деп білер едік. Нағашыбек әсіресе шығарма аяқ-
талып, Жомарттың өлгеніне Гүлжанмен қосыла жылаған
сіңлісі өзек өртегендей және Торғын деген қыздың көзімен
берілетін үркер шоқ жұлдызын еске алыңыз. Яғни табиғат-
ты қайғылы оқиғамен автор жымдастырып өретін тұста сен
енді өзіңнің мұнан былайғы өміріңде алқара көк аспаннан
үркер көрсең «Махаббатсыз өмір жоқ» аталатын осы бір
мұңлы әңгіме көкірек көзіңнен кино лентасындай тізбекте-
ліп өтер еді. Осының өзі онсыз да жақсы әңгімені тот
баспас күміс шегемен шегелегендей көркем бекітілген.
Әңгімені сонымен әдіптеп, оқырман есінен кетпестей,
сәулелендірген.
* * *
«Дос жүрегі» атты әңгімесін айтатын болсақ Қайыркен,
Таңат, Ермек үшеуі айырылмастай дос болады. Таңат мек-
теп бітірісімен институтқа оқуға түседі. Ал Қайыркен мен
Ермек екеуі ауылда қара жұмыс істейді. Кейіннен Таңат
Сәбира деген қызбен үйленеді. Екеуі әр аптаның соңында
ауылға келіп кететін. Олардың келуін Қайыркен мен Ермек
күтіп, алдарынан шығып қарсы алатын. Бір күні күтпеген
жерден Қайыркеннің үйіне Таңат келіп, енді институтты
тастайтынын айтады. Оған себеп Болғанбаев деген нағашысы
үйінен қуып шығып, жатқан жерінің, ішкен тамағының
ақысын сұраған. «Досының қатты қиналғанын көрген
Қайыркен ертесінде жалақысын алып, Таңаттың қолына
берді. Қуанғаны соншалықты Таңат досының бетінен
59
Әдебиет – жан нұры
сүйіп-сүйіп алды да асығыс жиналып қалаға жүріп кетті.
Қайыркен өзі «қанша» қысылып, қатқан нан жеп отырса
да досының қиналғанына шыдамады. Арада аттай алты
жылдан кейін барып үйленді. Қаратауда инженер болып
істеп жүрген Таңат пен Сәбираға шақыру қағазын жібереді.
Той қарсаңы қарбалас. Тойға шақырған досы Таңаттан
поштаның жеделхат қағазы келеді. «Үйлену тойларыңмен!
Таңат, Сәбира» деген ғана жазу бар, ары-бері қарағанымен
артық ауыз сөз жоқ. Бір күні Қайыркен досы Ермектен
Таңаттың ауылға демалуға келгенін естіп, келер деп күтіп,
көңілімді сергітер деген оймен тосып жата берді. Бірақ Таңат
келмейді! «Жаман достан зерек дұшпан артық» деп кеткен
дана халқымыз». Бұл әңгімеде де жазушы адамгершілік,
достық жайлы тебіренеді.
Өрелі жазушымыздың бірі Нағашыбек Қапалбекұлы-
ның аталмыш кітабындағы қай-қай шығармасын оқысаңыз
да, кетірген уақытыңызға өкінбейсіз, керісінше рухани
тоят табасыз, авторға риза боласыз. «Ақ шымылдық»,
«Соғыстың соңғы құрбаны», «Періште көңіл», «Бір тілім
нан» және басқа да әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын
сыршыл лиризмге, қилы-қилы тағдырларға құрылған.
Кес
телі тілі бар, әдемі теңеулермен оқиғаларды іріктеуі
та
биғи түрде құптарлық жайт. Нағыз төселген прозашы
екенін танытады. Бүгінгі бабы келген тұсында шығармадан
шығармаға өсіп отыр.
Жалпы алғанда бұл кітаптың кез келген шығарма ла рын-
да жазушының кемелдегенін, өзіндік стилінің қалыптас-
қанын, тілдік қорының мол екендігін анық аңғарасыз.
Кітапта халықтың басынан өткен кешегі ауыр кезеңдердің
адам болмысының нәзік қырларына әсер ететін кесек оқи-
ғалар мен аянышты тағдырлар суреттелген. Сондай қиын
шақта да адамгершілік туын биік ұстаған азаматтардың
жарқын бейнесі нанымды да өнімді күйінде өрнектелген.
Повестері мен әңгімелерінде тек қиыншылықтарды көрсете
60
Жанат Ахмади
бермеген, оған қоса адам жанын тебірентетін махаббат, сү-
йіспеншілік арқылы адам жанының нәзік сезімін қозғай-
тын тұстары да жетерлік. Сондықтан да «Өнер» баспасы
шығарған бұл кітапты бүгінгі қазақ әдебиетінің бет бейнесі,
қазақ прозасындағы жетістіктердің бірі деп бағалауымыз
керек.
Кітап – қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құ-
ді ретті құралы. Ол адамды өмір және күреске баулып ой
өрісін кеңейтеді, оған түйсік сана дарытады, тәрбиелейді.
Сондықтан да қазақ әдебиетімізде бұл кітаптың өзіндік алар
ерекше орны бар.
61
Әдебиет – жан нұры
АСҚАҚ ҰШЫП, АБАЙЛАП
ТҮСЕР ҚЫРАН БАР
«Қазының малын өзiнiң бақ-тәлейi асырайды» дегендей,
Шерағаң осынау мерейлi жасқа iлiнген қарсаңында баспа
департаментiнiң «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен «Шерхан
Мұртаза» атты кiтап дүниеге келген. Мұқабадағы тақырып-
тың қатарынан берiлген кiтап кейiпкерiнiң байырғы өзiне
ғана тән айбынды суретi мен жоғары бұрыштағы республи-
ка жалауы өзара үйлесiм тапқандай. Жеке кейiпкерге ар-
налған кiтаптың мұқабасын бұлай алуда Астанадағы бiр-
ден-бiр беделдi баспамыз «Елорда» толығырақ ойланып-
толғанып алғаны түсiнiктi болып тұр. Өйткенi бұл кiтаптың
республика жалауымен безендiрiлуi «алдымен бөрiк киер
бас керек» демекшi, Шерхан Мұртазадай халықтық, ұлттық
кейiпкердiң болмысын, сұсын аша түскен.
Кiтап авторы белгiлi жазушы, әрi сыншы Тұрлыбек
Ма месейiт Шерағаңның сонау балалық шағынан күнi бү-
гiнге дейiнгi жеке басының туылыс-жаралысы, әсi
ресе
шығармашылық қарым-қуаты шеңберi жайлы аз еңбек-
тенбеген. Шерағаңдай сом тұлғаға деген қылаусыз, мөлдiр
құрметi бар автор бастан-аяқ өзiне тән құлшыныспен сiресiп
отырып, зор жауапкершiлiкпен жазып шыққаны көрiнiп-
ақ тұр. Басқаша айтқанда бұл еңбек – Шерхан Мұртаза
деген кiсiнiң мына өмiрдегi, өте-мөте, қоғамдық-әлеуметтiк
сыпаттағы тұрпат-тұлғасын сыйлайтын баршамыздың да
оған деген нағыз адамдық сүйiспеншiлiгiмiздi үстемелей
түсетiн зор қажыр-жiгердiң ғана жемiсi дей аламыз. Тiптi
«Шерхан танудың» басы мiне осы кiтап десек те артық
айтқандық болмас деймiн. (Бұған – бұл айтқанымызға
аталмыш кiтапты оқып шыққан кiсiнiң көзi жетедi).
Алғашқы «Сөз тиек» бөлiмiнде «Ай мен Айшадағы Ба-
рысхан баланың көрмеген құқайы қалмайтын, Кеңес үкi метi
алғаш орнаған кездегi әлеуметтiк ахуалдан бастау алатын
автор сiздi сол Барысханның күйiнiш-сүйiнiшiмен-ақ бейне
өз балаң отқа-суға түсiп жатқандай сыйқырлап алады.
62
Жанат Ахмади
«Селебе – себелеп келмей, селдетiп келедi» деген бар.
«Халық жауы» атандырып Мұртазаны ұстап әкеткеннiң
үстiне колхоз бастығы Жуанқұл мен бригадир Тасбет де-
гендер қаршадай ғана Барысхан баламен күндес қатыннан
туғандай жұлқысады. Болашақ Шерханның кiм болары,
заманның қалай өзгерерi оларға беймәлiм. Адам – жұмбақ,
адам тылсым, әрбiр адам өмiрi арнайы зерттеудi керек
ететiн өзiнше бiр дүние екенiне бүгiнгi Шерағаң, бiр кездегi
Барысхан баланың бастан кешкен жапа-машақаттарын
бiлген кiсi толығырақ түсінер едi. Қазақ жерiндегi болған
аштық, жалаңаштық, жоқтықтан Мұртаза мен Айша ор-
тасындағы: Құттыбай, Елтай, Сәткүл дейтiн үш бiрдей
перзент бiрiнің артынан бiрi жастай шетiнейдi. Ата-ана бе лiн
бүгiлдiргенi сонша қайғыдан кейiн Құдайдан бiр, ар уақтан
бiр сұрап алған Барысханның әкесi Мұртаза «Халық жауы»
атанып, Сiбiрге айдалады. Содан Сiбiрдiң әлдебiр түкпiрiнде
қайтыс болып қаралы хабар жеткенде Айша небары 28 жас та
ғана болатын. «Бай күйiгi – етекте, бала күйiгi – жүректе»
десек, өлiсi-өлi, тiрiсi-тiрi азап тартқызған балалары мен
жастай жесiр қалған ерiнiң қайғысы Айшаға оңай жүк
болған ба едi. (Мiне осының бәрi өз басыңыздан өтпеген соң
айтуға ғана жеңiл).
Мәселен бүгiнгi ортамызда жүрген арыстандай айбар-
лы Шерағаңды күнi кеше бала кезiнде әлдекiмдерден таяқ
жеп, аяусыз соққы көрген кiсi деп кiм ойлапты. Жай қақ-
қы-түрткi көру өз алдына бiр басқа. Ғазиз анасы екеуi
бiрi «халық жауының баласы» бiрi соның әйелi ретiнде
көрмеген қорлықтары жоқ. «Ит тұрғанда өзi үретiн» дегендей
алғаш қы Сәбеттiк диктатураның «айтақ» десең алып түсетiн
қар
ғылы төбетi – итi болып үрген белсендiлер қаулаған.
Солар тектес шаш ал десе, бас алатын колхоз бастығы
Жуанқұл, бригадир Тасбеттер ешнәрседен қайтпайтын, туа
қайсар Барысхан
ды екi сөзге келмей қамшының астына
алған тұстарды тебiренбей, жайбарақат отырып оқу мүмкiн
емес. Тұщы етiне, ащы таяқ тиiп ширығу шегiне жетiп
63
Әдебиет – жан нұры
ашынған Барысхан анасы Айшаға қол жұмсаған Дүйiмбай
дегендi желкеден ала кетiп алқымдай қылқындыруға мәж-
бүр болады. Тағы бiрде Тасбет анасын боқтағанда да ызасына
шыдай алмай айыр ала жүгiрген баланың жан шырылынан
көмейiңiзге әлдебiр түйiншек пайда бола кетедi. Көңiл
босатарлық өксiк түйiнiн жұтқынып тоқтатасыз. «Көкжал
туған – қой терiсiн жамылмас» дегендей, ер боп туған ба-
ланың құм боп тұрған жiгерiн аяп кетесiз. Жасып та оты-
расыз, ызаға булығып кектеніп те отырасыз.
Бiр жұбанарлығы, осының бәрінен Барысхан баланың
күрескерлiгiнен бүгiнгi күн көз алдымызда жүрген Ше-
рағаңның туылыс-жаратылысын, кекшiлдiгiн жазбай та-
нығандай болып отырасыз. Қазақ атамыз «алмас қанжарды
жұмсақ қайраққа қайрайды» дегендi айтқанда, Шерағаң
сияқты кiсiнiң тек ақыл сүзгiсiнен өтетiн жерге ғана бас
иетiн, хан айтты деп ықпайтын, қазы айтты деп бұқпайтын,
өзiне ғана тән, бiртуар қасиетiн межелеп айтқан тәрiздi.
1932 жылы бiр ауылда туған бес баладан сол кездегi
шегiне жеткен жоқшылық, шешек ауруы, және басқа
дерттер салдарынан тiрi жүрген Шерағаң ғана екен...
Сұрапыл заман зұлматын аша түсетiн бiр тұста «Шерхан
Мұртаза» атты кiтап авторының толғанысты ой-қиялына
жүгiнсек:
«Қайран қазекем! Жаратқаннан – Алла Тағаладан медет
тiлеп, үмiтiн үзбеген тәубешiл қазекем, шалажансар жатса
да алдағы күнiн ойлады. Өмiрге ұрпақ әкелдi... Кiм бiледi?!
«Ұл туғанға күн туады» дейтiн қазаққа сол жылдары ұлы
Жаратушы: «Үмiтiңдi үзбе, әлi көрер күнiң бар. Ұрпағыңды
жалғастыра бер!» деп түйедi.
Бас-аяқсыз, жеке алынған бұл үзiк бiрден төте көзбен
қарағанда тосын көрiнуi мүмкiн. Бiрақ бұл сезiмге берiлу,
шалықтау емес. Бұнда ұлт қамы жатыр. Барысхандай бір
бала туып едi, қазақ қоғамының белгiлi қайраткерi болды.
Қазiр қазақтың небiр қаракөз жетiм балалары шет елдерге
әкетiлiп жатқан жоқ па! Шерағаң, Фариза Оңғарсынова,
64
Жанат Ахмади
Серiк Абдырахманов, Амангелді Айталы, Уәлихан Қали-
жановтар тағы басқа ұлт зиялылары солар үшiн солардың
тағдыры үшiн неге шырылдап жүр?
Сол сияқты халық санын, қазақты көбейтуге құлықсыз
ата-аналар аз ба? «Қырықтың бiрi Қыдыр, мыңның бiрi
Уәлi» дегендей, келешек қазақ қоғамында елге тұлға
боларлықтай бiр перзент өз елi-жерiнен қиян шетке ауып
кетсе, кiм үшiн залал деген сұрақ туады. Ашыңқырап айт-
қанда кiтап авторы Тұрлыбек Мәмесейiт «жұрттың бәрi
Шерхан Мұртаза емес» дегенге көз жеткiзедi. Ш. Мұртаза-
ның өз сөзiмен айтқанда «үстiңгi ерiнi көк тiреп, астыңғы
ерiнi жер тiреп, темекiсiн күннiң көзiне тұтатқан» ең асқақ
«мырзалар» да ұлт қамын, қоғам, Отан қамын «Халық
қалаулысы» деген атына сай, Шерағаңдай ойлап, Шерхан
Мұртазаша жан салып жүр ме екен?! Рас, – «Иса пайғамбар
өз жолымен, Мұса пайғамбар өз жолымен» деген бар, оған
ешкiм көз жұмбайды.
Кiтап авторы өз кейiпкерiнiң балалық, бозбалалық
шағын ашуда «Ай мен Айша» роман-дилогиясын жете
тек
серiп егжей-тегжейлi зерттеу арқылы оқырманына
Шерхан Мұртазаның жазушылық қарымын ұғындыра түс-
кен. Өмiрбаяндық романның қыр-сырын, жазылу тәсiлiн-
дегi ерекшелiктерiн зерделеп екшегенiн көремiз. «Шерхан
Мұртаза» атты, көлемi 15 баспа табақтан тұратын бұл кiтап
«Тұғыр мен тұрғы», «Белес пен бел», «Асу мен асқар»,
«Түйiн сөз бен сүйiн сөз» дейтiн төрт бөлiмнен тұрады.
Екiншi бөлiмнiң «Жүректен маржан iздеген» деген тарауын
(116 бет) Тұрлыбек Мамасейiт былай бастайды: «Жазушы-
ның еңбегi кейде жер қойнауынан асыл тас iздеген кеншi
еңбегiне ұқсайтын сияқты. Бiрақ асыл тасты табумен
кеншi жұмысы шектелмейдi ғой. Ол тастың бiр кесегiнен
бiр мысқал алтын ба, алмас па, сондай нағыз асылдың өзiн
тапсаң, мiне сонда ғана еңбегiнiң жанғаны, маңдай терiңнiң
өтелгенi. Ал жазушының iздейтiнi, iзерлейтiнi өмiрдiң сы-
ры, адам жанының жыры. Ол да оңай олжадай оратыла
65
Әдебиет – жан нұры
кетпейдi, нағыз iздегенге табылмастың өзi. Өйткенi өмiр
күрделi де, күрмеулi, адам – тылсым, адам жұмбақ. Осы
күрмеудiң түйiнiн шешiп, салдарын саралай алса ғана,
жұмбақтың құпиясын ашып, тылсымның тiнiн таба алса
ғана жазушының еңбегi жанады. Оларды таба алмаса – босқа
әурешiлiк», дейдi сыншы. Бұл айтқанға дау бар ма. «Орнынан
сырғыған тас орнықпайды» демекшi, бiр сөзiн орнынан
қозғасаң шамырқанып, мүлт кететiн бұл сөйлемдердi
кеудесiн кере отырып түсіруi автордың өз кейiпкерiне –
жазушы Шерхан Мұртазаның шығармашылық қуат көзiне
асқақ та, шексiз сенiмiнен барып туғаны мәлiм. Оны мұнан
былайғы бөлiмдерден де көзi қарақты оқырманның өзi
айқын байқай алады және сыншының айтқанына иланып,
нанып отырмауға лажы қалмайды.
«41-жылғы келiншек», «Табылған теңiз», «Бұлтсыз күнгi
найзағай», «Белгiсiз солдаттың баласы», «Қара маржан»,
«Қызыл жебе», «Тамұқ» аталатын кiтаптары Шерхан аға-
мыздың шығармашылықтағы көкжиегi қаншалық шал қар,
қаншалық ұланғайыр, көл-көсiр дүние екенiн әйгiлей тiнi
мәлiм.
«Қызыл жебе» романының бiрiншi кiтабында Шерхан
Мұртаза Тұрардың әкесi Рысқұлдың басынан кешкен шым-
шытырық тауқыметтердi бала Тұрардың көз алдынан өткiзе
отырып, қазақ халқының болашақтағы бiртуар жалын-
ды күрескер перзентi, Тұрар Рысқұловтың өсу жолындағы
көркем бейнесiн сомдап шыққан болса, сыншы Тұрлыбек
Мәмесейiт кiтаптағы қат-қабат сурет керуенiнiң арғы ас-
тарында оқырман назарынан көмескiлеу, жасырын тұрған
кейбiр қосымша түйiндердi хирургия операциясы iспеттi
көрнеуге, жарыққа алып шығып отырады. Олай болатыны
әсiресе «Қызыл жебе» тектес ұшан-теңiз оқиғалы, тарихи
оқиғаларға бай, әлеуметтiк саяси кезеңдерге арналған көр-
кем шығармада айтары басынан асып төгiлетiн жазушы
әрбiр кесек картинаның қойын-қонышында саулап жатқан
ой-толғамдардың барлығын жайып салып отыру мүмкiндiгi
66
Жанат Ахмади
болмайтыны белгiлi. Сол үшiн тегiнде жазушы еңбегiн
көрсетудi мұрат ететiн әрбiр сыншы, әрбiр қаламгер былайғы
әр дәрежелi оқырманға көмекшi, бола алуы жақсы боры-
шы. Дәл осы орайда кәнігі жазушы әрі сыншы Тұрлыбек
Шерхан Мұртаза ағамыздың шығармашылығын қалтқы
-
сыз, қапысыз таразылап шыққан.
Патша үкiметiнiң саяси тұтқыны ретiнде жер аударыл-
ған Александр Броников бала Тұрар, оның әкесi Рысқұлмен
бiр түрмеде бас қосуы болашақ қазақ ұлтының Сталинмен
иық тiрескен қайраткерi Тұрар Рысқұловтай перзентiмiздiң
туа саңлақ зердесiне сәуле түсiрген. Заманынан таяқ жеп,
патша чиновниктерiнен зардап шеккен орыс адамы сол
кездегi саяси ахуалдан көзi ашық едi әрине. Бала Тұрар
түрме начальнигi Приходконың қас-қабағын бағып, өзiнiң
зеректiгiн танытады да оның балаларын гимназияға апарып
қайту сенiмiне ие болады. Сөйтiп жүрiп алғыр бала, Тұрар
Наташадан орыс әлiппесiн үйренген.
Өмiрде өзiң үшiн жаман болып кездескен бiр әрекет ке-
йiн жақсылық келудiң себепшiсi болатыны бар ғой. Мысалы
Тұрар Рысқұлов бала кезiнен түрме көріп, орыс тiлiн бiле
бастауы кейiн оның Сталинге орынбасар болу дәрежесiне
көтерген, деуге болады. Балалық шағын сондай өмiрден
бастап, әкесi жетпеген өрiске Тұрар жеткенi айдай әлемге
аян.
Мұхтар Әуезов Тұрар Рысқұловтың атын атауға болмай-
тын уақыттың өзiнде «Қараш-Қараш» оқиғасын жазып
кеткен болса, Шерағаң оған қарап тосылып қалмады. Өмiр
өнегелерi бiр-бiрiмен туысып, сәйкес келген Тұрар Рыс-
құлов тағдыры асау да, арлы жүрегiн бұлқынтып, киеге
толы жан-дүниесiн тыныш таптырмаған Шерхан Мұртаза
сүйiктi кейiпкерi туралы шерi тарқағанша жазып, армансыз
көсiлгенi мәлiм. Өзге жүйрiктер тосылып тоқтайтын бәйге
төбе – көмбенi мiсе тұтпай, жер түбiне шабатын тұлпарша
алымды құлашын кең тастап тiзгiн тартты – Шерағаң. Бес
кiтаптан тұратын роман-эпопея арқылы автор Тұрардың
67
Әдебиет – жан нұры
көркем бейнесiн сомдаудағы көп жылдық бейнеттi еңбегiнде
кейiпкерiнiң жан-сарайына кiрiккенi сонша, екеуi бiр кiсiге
айналып кеткен десе боларлық. Бұл орайда атамыз қазақтың
«батпаққа батқан пiлдi, пiл ғана шығара алады» деген
даналығын пайдалансақ артық болмас.
Тұрар Рысқұлов өмiрi гүлденiп, кемелiне келген бiраз
жылдарды айтпағанда Сталиншiл ішмерез саясат оны үнемi
батпақтан бетпаққа ығыстырып, ақыры түбiне жетпедi ме!
Тiптi әкесi Рысқұлдың кешкен ғұмыры ше?! Адамзатқа
бұйырылған аз ғана, қысқа ғана өмiрден, не көрiп өттi?
Рысқұлдың бауыр ет – көз қарашығы Тұрар тағдыры не
болды?! Бiр тұрар Рысқұлов емес, қаншама асылдарымыз-
дың жазықсыз кеуделерiн оқ тестi. «Оқ – тебен боп кiрiп,
теңгедей жерден шығады», «қой құмалағындай жерден
кiрiп, жылқы тезегiндей жерден шығады» деп босқа ай-
тылған ба едi. Түймедей боп кiрiп, тұран тартып, опырып
шығатын сол қарғыс атқыр қорғасын кiмiмiздi жалмамады?
Сондай сансыз тектiлерiмiзге түбiнде iздеу салып, кi-
таптар жазу, мәңгiлiк рухани ескерткiш орнату қайсы-
мыздың, қаншамыздың қолымыздан келiп жатыр?!.. Бү-
гiнгi денi сау, басы аман шенеунік ағайынның кейбiрi
үшiн Тұрар Рысқұлов туралы отыз шақты жыл уақыт
сарып етiп жазылған бес кiтап – бес мың теңге құрлы
көрiнбеуi де мүмкiн-ау!.. Бiрақ өз олжасын азсынған ондай
обыр бiреулер үшiн жазылмайды – кiтап. Озық ойлы, саңлақ
жазушыларымыздың қуатты қаламынан туатын даналық-
тан нәр алушылар жоқ емес. Ұрпақтан ұрпаққа iз қалды-
ратын әр заман кемеңгерлерi өзiнiң ұлты үшiн, халық үшiн
керек.
«Сиырды шапқа түртсең – желiнiнен қалдырасың»
демекшi, кейбiр шенеуніктерге «Тұрар Рысқұлов жайлы
неге оқымайсың» десең оларды терiс айналдырып, өкпелетiп
алуың әбден мүмкін. Әуезовтiң Абайды жазуы (Мұхаңның
бабалары Тобықты елiне көшiп келiп Құнанбай ауылымен
аралас-құралас болуы), Қабдеш Жұмәдiловтiң сонау бiр өрт
68
Жанат Ахмади
жылдары Қазақстанға жетiп «Соңғы көштi» жазып, артқы
елге iздеу салуы, Шерхан Мұртазаның Тұрарға рухани мәңгi
ескерткiш тұрғызып, маңдай тердiң жемiсi арқылы ерлiк
көрсетуi, тағы тағылар адамға мынандай бiр қиял туғызады.
Iзделетiн аруақ қаншалық мықты болса, Алла iздеушiнi
соған сәйкес етiп жаратса керек деп ойлайсың.
Сол тектес Тұрлыбек Мәмесейiт «Шерхан Мұртаза»
де
ген кiтап жазған екен, автор өз кейiпкерiн ойдағыдай
сомдап шықты ма, жоқ па? Ешкiмнен жасқанып, кiмнен
де болса тартынбай айтуға болады, аталмыш кiтап сөзсiз
үлкен дүние. Кiтапты оқып отырып Тұрлыбектi айлап,
жыл дап үстелге байлап тер төккiзген не деп ойлайсыз? Ол
әри не ең алдымен Шерағаңның ұланғайыр еңбекқорлығы
соған қоса Т. Мәмесейітов кейiпкерiнiң қоғам алдындағы,
ел-жұрт алдындағы сирек болмысы. Шығарманы тереңдеп
оқыған сайын соны ұғына түсесiң. Кiтап – Шерхан Мұрта-
за өз заманының қадау-қадау айтулы тұлғаларының бiрi
екенi жайлы жар салады, жеткiзiп айта алады. Кейiпкерiнiң
тұла бойындағы өзiне тән қасиетiн жан-жақты, әрi ила-
нымды ашады. Шерханды мақтау керек емес, қазақ қоғамы
Шерхан сияқты даналарымен мақтана бiлуi керек екенiн
есiңiзге салады. Ол – тәуелсiздiк алған – егемендi елiмiздегi
ұлттық қайраткерiмiз. Күнi кеше ғана аяғын тәй-тәй басып,
аз ғана жылдың iшiнде төрткүл дүниеге таныла бастаған
кез келген дамыған мемлекеттермен терезесi тең, Қазақстан
Республикасының ең қабырғалы азаматтарының бiрi. Өз
ұлтынан тұңғыш рет сайланған Елбасы – президентi мен
үкiметiмiздiң рухани iсiн адал пейiл, ақ ниетiмен алға
апарушыларымыздың бiрi және бiрегейi.
Үкiметiмiздiң басшысы Иманғали Тасмағамбетов мыр-
за өткен 2001 жылы (ол кезде премьер-министрдiң орын ба-
сары) «Отырар кiтапханасы» сериясымен тәуелсiздiгiмiз-
дiң 10 жылдығына орай 100 автордың кiтабын шығарып
қаламгер қауымы атынан шексiз алғысқа ие болуы сондай-
ақ Сунақ жұртынан шыққан ұлы оқымысты Хусаммеддин
69
Әдебиет – жан нұры
баба жайлы Түркия, Мысыр, (Египет), Индия елдерiне өз
атынан сұрау салып, бiрталай деректердiң басын құрауы
жоғарыда айтқанымыздай iзделушiлердiң құпия, беймәлiм
киесiнен туған түрткi, құдiрет ықпалы деуге болады. «Кеме
суға жеткенше арбаға мiнiп барып, суға iлiнген соң арбаны
өзi арқалайды» дегендей қаламгер жұртшылық Иманғали
бауырымызды да зерделерiнде сақтай алатынына сенемiз.
Сөз соңында айтарымыз – Қазақстан Республикасы мә-
дениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң
үкiметтен пәрмен тапқан бағдарламасы бойынша Бас де-
партаментi жолға қойған «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен
шығарылып отырған «Шерхан Мұртаза» атты бұл кiтап
Шерхан ағамыздың 70 жылдығына арналған осынау дүбiрлi
мерейтойына орай сәт-сағатымен дүниеге келген ұлттық
табысымыздың бiрi дей аламыз!
«Орман жолбарысты қорғаса, жолбарыс орманын қор-
ғайды» демекшi, Шерағаң халқы үшiн жүрсе – халқы
ұлтының рухын арда емген ұлына ұзақ ғұмыр, денсаулық
тiлейдi!!!
70
Жанат Ахмади
Достарыңызбен бөлісу: |