Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет26/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168

БЕЛСЕНДЕН е т. с ө й л. Белсенді болу, 

белсеніп кірісу. 

109

Байынқол Қалиев

БЕЛСЕНДЕНУ Белсенден етістігінің 

қимыл  атауы.  Екінші  себеп – ұлттық 

мұраны зерттеудің б е л с е н д е н у і, зерт-

теудің  мақсаты  мен  ұстанымдарының 

өзгеруі (Қаз. əдеб., 19.11.1987, 3). 



БЕЛСЕНДІМСІ  е  т.  с  ө  й  л.  Бел-

сендісі.  Бірге  оқыған  кезде  осы  жігіттің 

ылғи тықақтап, б е л с е н д і м с і п, тыш-

т а ң д ап   ж ү р е т і н і н   ж а қ т ы рм а й т ы н 

(Қ.Мұханбетқалиев, Қайдасың., 5). 



БЕЛСЕНДІСУ  Белсендісі  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕЛСЕНІМ з а т. ж а ң а. Бір нəрсеге 

белсеніп кірісу ісі. Пара берушілер артық 

б  е  л  с  е  н  і  м  көрсетпейді  (Нұр  Астана, 

13.11.2008).



БЕЛСЫЗЫҚ з а т. ж а ң а. Диаметр

Б е л с ы з ы ғ ы 120 шақырымдай алаңды 

дөңгелене  қоршай,  екі  жүз  мың  жауын-

гер  тұрды  (І.  Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 

383). Осылай, б е л с ы з ы ғ ы ат шапты-

рым  жерге  жуық  алаңға  бүкіл  аңдар-

ды қусырып тыққан Ақсақ Темір қанішер-

лері  түс  ауа  аң  қырғынын  бастады  (Бұл 

да, 385). 



БЕЛТЕМІР  з  а  т.  с  п  о  р  т.  Екі  ба-

сына  зілдей  дискілер  орнатқан  ауыр 

сом  темір;  зілтемір  (штанга).  Б  е  л  т 

е  м  і  р  көтеруден  Қазақстанда  алдына 

жан  салмаған  спортшының  тарихқа  түс-

кен  естелігі  осындай  (Қ.  Олжай,  Қанат 

байла, 262). 



БЕЛШЕ:  Белше  күрек.  ж  е  р  г. 

Белкүрек. Сол тұсты көз жобамен белгілеп 

кеттім де, ертеңіне б е л ш е  к ү р е г і м д і,

қапшығымды  алып  келіп,  əлгі  қаншық 

қасқырдың апанын іздедім (М. Айымбетов, 

Құмөзек., 153). 

БЕЛШЕЛЕТ  Белшеле  етістігінен 

жасалған  өздік  етіс.  Көктемде  бала-

ғымызды балшыққа б е л ш е л е т і п лəңгі 

тебеміз (Қ. Əбілқайыр, Текес., 163). Тағы да 

сол белуардан келетін батпақты б е л ш е л 



е т е басып, қоқыс қалаға төтелей тарттық 

(Бұл да, 175). 



БЕЛШЕЛЕТУ  Белшелет  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕЛШЕЛЕУ  Белшеле  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕЛІНЕН  ү  с  т.  Өзінен,  өз  ұрығынан 

д.м.  Маған  кімнен  туса,  одан  тусын, 

Болаттың  б  е  л  і  н  е  н  қалған  бала  керек 

(Т.Əбдіков, Айтылмаған., 179). 

БЕНГАЛ  з  а  т.  Шығыс  Үндістанның 

байырғы  халқы.  Б  е  н  г  а  л  д  а  р  бенгал 

тілінде сөйлейлі (ҚСЭ, 2, 284). 



БЕРГЕК з а т. э т н. 1. Сəукеленің төбе-

сіндегі алтынмен, күміспен əшекейленген 

қатырғы, төбелдірік (Қаз. этнография., 1, 

478). Б е р г е к к е моншақ қадаған жібек 

желек бекітіледі (Бұл да). 2. а у ы с. Діңгек, 

тірек,  қазық.  «Шіркін  Базаралы  оқыған 

болса,  бір  Тобықты  емес,  бар  қазақтың 

осындай мұң-мұқтажына алтын б е р г е к, 

асыл діңгек болар еді-ау!» - деп ойлады (М. 

Əуезов, Таңд. шығ., 2, 154). 

БЕРГЕН:  Берген  перде  бұзады.  Бір 

нəрсе  берсең,  алынбайтын  бұйым,  орын-

далмайтын  іс  жоқ  д.м.  Меніңше  сендей 

кеще  молда  болмас,  Тар  кеуде,  шымшық 

басқа оқу қонбас. Б е р г е н  п е р д е  б ұ 

з а д ы, сол үшін ғой, Дəл сені шын мақта-

са,  молда  оңбас  (С.  Торайғыров,  Таңд. 

шығ., 11). 

БЕРГІ:  Бергі  ата.  Əкесінің  əкесі,  өз 

атасы. ≈ Б е р г і  а т а м д ы білемін, арғы 

атамды көрген жоқпын. 



БЕРЕК  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ағаштың  жас 

бұтағы. Тобылғының б е р е г і Иіл болып 

беріш бітсе, Айбар болар терегі (Шалкиіз 

жырау:  Нар  Заман., 25). Бостаны  бар-ды 

теректің, Болаты бар-ды б е р е к т і ң (Бұл 

да, 26). Көбіне уық жасауға ыңғайлап, жас 

б е р е к т е р і н қырқып, сопа басын ғана 

қалдырған үш-төрт жылғы бұтақ (Соц. Қаз., 

09.04.1991, 4). 

БЕРЕКЕ: Берекесін бес тиын қылды. 

Берекесін алды, мазалады. Ол шалдың ке-

ліні қиын, көгайылданып тұрған бірдеңе, бір

аяқ асын бергенше б е р е к е ң д і  б е с  т и 

ы н  қ ы л а д ы (Ə. Тарази, Тасжарған, 157). 

БЕРЕКЕТСІЗДЕУ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Берекесіздеу. Алдындағы б е р е к е т с і з 

д е у бытырай жылжыған отарына қарап, 

«Жүрістері бұрынғыдан əжептеуір баяулап 

қалыпты-ау» деп күбірледі (А. Мекебаев, 

Аңызақ, 62). 



БЕРЕН з а т. к ө н е. 1. Алмас, болат 

сияқты асыл метал. 2. Береннен жасалған 

мылтық. 3. Береннен жасалған қылыш, 4. 

Береннен жасалған салпыншақты сауыт. ≈ 

Б е р е н қылыш, б е р е н мылтық, б е р е н

сауыт. 5. а у ы с. Мықты, беркі. 6. а у ы с. 



Өжет, өткір. 

Берен ауыз сөз. Өткір, қиып түсетін 

сөз.  Елдің  тұрмысынан  бірдеме  жазайық 

110

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

десек,  екі  аттасаң  сөз  арасында  осындай 



б е р е н  а у ы з  с ө з тап болады да, тілді 

күрмелтіп,  қаламың  мұқалып,  діңкең 

құриды  да  қалады  (Ж.  Тілепбергенов, 

Ізбасар, 167). 



БЕРЕНДЕ  е  т.  Берен  сауыттың 

салпыншақтары тəрізді нəрселерді тағып 

алу. Олар тап бір құдалыққа жүрген жаушы 

жекжаттай-ақ,  жез  б  е  р  е  н  д  е  п  таста-

ған  сыртқы  бешпеттерін  шешіп,  төр  ал-

дына  баппен  жайғасты  (Е.  Тұрысов, 

Ақбақай, 90). 

БЕРЕНДІ с ы н. Берен матасы сияқты 

құлпырған. Жасыл б е р е н д і жайлауымызға 

келгеннен  кейін  менің  өткен  күзде  Шы-

нарды  шығарып  салған  Байқошқардың 

алыс  шегіне  тынымсыз  қарап  жүргенімді 

сезімтал Кəмила сезіп қойған-ау, сірə (Оңт. 

Қазақст., 05.07.1972, 4). 



БЕРЖАҒЫМЕН ү с т. Өтірік, жалған. 

Бұл  болса  шыны  қайсы,  өтірігі  қайсы, 

аржағымен айтып тұр ма, б е р ж а ғ ы м е н

айтып тұр ма? – біле алмай-ақ қойды (Қ. 

Мұханбетқалиев, Жұлдызды., 61). 

БЕРКІТТЕН  е  т.  Мықты,  берік  болу; 

өзін-өзі ұстау. Бұл нағашымның б е р к і т 

т е н і п, өзін-өзі жұбатқаны еді (О. Бөкеев, 

Мұзтау, 148). 



БЕРКІТТЕНУ Беркіттен етістігінің 

қимыл атауы. 

Б Е Р К І Т І Л   Б е р к і т   ет і с т і г і н е н 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Ол  белгілер 

кейінгі ғасырларда əрі қарай б е р к і т і л е

түскен, жалпы халықтық тіл нормасына ай-

нала бастаған (Р. Сыздықова, XVIII-XIX ғ.

қаз. əд. тіл., 54). 

БЕРКІТІЛУ  Беркітіл  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕРНЕЛЕ  е  т.  Суреттеу,  бейнелеу. 

Мағжанның  «Толқын»  деген  өлеңінде 

толқынның  толқығанын  б  е  р  н  е  л  е  п, 

түсінікті  түрде  көрсету  үшін  əдейі  жан-

ды  нəрседей  ғамалдап  былай  дейді  (А. 

Байтұрсынұлы: Алаш., 72).



БЕРУЗА з а т. м и н. Əшекей үшін пай-

даланылатын  көк  түсті  асыл  тас. 

Шынашағына  тағылған,  үлкендігі  торғай 

жұмыртқасындай,  аспан  көк  түсті  б  е  р 

у  з  а  жүзік  айрықша  сəнді  көрінеді  (М. 

Мағауин, 2, 26). 



БЕРУЗАЛЫ  с  ы  н.  Беруза  тасы  бар, 

беруза  қондырылған  (сақина,  сырға).  Оң 

жағында – белін ақ күміс, көк б е р у з а л ы 

қамар белдікпен буынған Ай-Шешек бегім 

(М. Мағауин, Аласапыран, 47). 



БЕРШІМЕК  з  а  т.  в  е  т.  Жылқыдан 

басқа  малдарда  кездесетін  құрт  ауруы; 

эхинококкоз. Б е р ш і м е к ауруы қойда жəне 

басқа да малдарда кездеседі. Қоздырғышы 

– эхинококкоз құрты. Ол құрт ауру малдың 

өкпесінде, баурында болады (Ш. Қалықов, 

Қой.  Ауру., 30). Мал  шаруашылығында 

жиі кездесетін бірішек, тентек, б е р ш і м 



е к сияқты ауруларды жою əдетке айналды 

(Қазақст.  ауыл.  шаруаш., 1970, 10, 53). 

Залалды дерт б е р ш і м е к жəне тентек 

аурулары сүтқореқті жануарлар арасында 

жиі кездеседі. Б е р ш і м е к п е н қой, ірі 

қара,  түйе  ауырады  (Коммунистік  еңбек, 

14.11.1969). 

БЕРІК:  Берік  ат.  Жылдам  жүріске, 

шабысқа жарамсыз, бірақ ауыр жұмысқа 

шыдамды ат. Б е р і к а т т ы ң денесі 

қораштау,  еті  тығыз,  кебеже  қарын,  басы 

үлкен, мойны жуан болып келеді (Ана тілі, 

16. 05. 2013, 5).



БЕРІКТАС  з  а  т.  м  и  н.  Түрлі 

ескерткіштер мен мүсіндер жасауда жиі 

қолданылатын өте берік асыл тастардың 

бірі;  гранит.  Асыл  тастардың  кейбір 

түрлері:  айтас,  ақық  (сердолик),  б  е  р  і  к 



т  а  с  (гранит),  құбылтас  (александрит), 

сутас  (хрусталь),  седеп  (перламутуо), 

көктас  (малахит),  зүбаражат  (хризолит), 

топаз (асфар), опал, березе (бирюза), зүмірт 

(изюмурд), зертас (яшма) т.б. (Қаз. этногра-

фия., 1, 234). 



БЕРІКТЕЛ  е  т.  с  ө  й  л.  Бекітіл. 

Патшаға əскер бермеу хақындағы ел бірлігі 

қанға қол матырысу сияқты уағда, сертпен 

бекіп, б е р і к т е л і п жататын (Ə. Хасенов, 

Жат жазасы, 36). 

БЕРІКТЕЛУ  Беріктел  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕРІЛІҢКІРЕ  е  т.  Бір  нəрсеге  беріле 

түсу,  соның  соңында  кету  (О.  Бөкеев, 

Мұзтау, 221). 



БЕРІЛІҢКІРЕУ Беріліңкіре етістігінің 

қимыл атауы. 

БЕРІШ...  Бұлармен  қатар  көлде 

кездейсоқ  басқа  жыртқыш – б  е  р  і  ш 

жəне  жайын  пайда  болды  (Балқаш  өңірі, 

34).  Бүгінде  көлден  балықтың  сегіз  түрі 

(көксерке,  табан,  жайын,  қаракөз,  қаяз, 

ақ амур, б е р і ш, алабұға) ауланады (Қаз. 

əдеб., 19.02.1993, 14).


111

Байынқол Қалиев

БЕС:  Бес  анық.  Адамның  белгілі 

бір  ұлтқа  тəн  екендігін  айқындайтын 

бес түрлі белгі (шарт). Б е с  а н ы қ қ а 

тіл,  дін,  дəстүр,  тарих,  атамекен  жатады 

(М.Арын,  Бес  анық, 53). Біз  əңгімелеген 

ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе 



б е с  а н ы қ бір ғана ұлтқа байланысты 

айтылар əңгіме (Бұл да, 80). Б е с  а н ы қ

–  өз  ұлтыңның  өркениетті  ұлт  болып 

қалыптасуының Ережесі. Б е с  а н ы қ, яғни 

осы  бес  белгінің  (тіл,  дін,  тарих,  дəстүр, 

атамекен) игерілу дəрежесімен ұлттың да, 

адамның  да  рухани  тұғырының  биіктігі 

өлшенеді (Бұл да, 182).



БЕСАТАРЛЫ с ы н. Бесасатары бар, 

мойнына бесатар мылтығын асынған. Бір 

жылы орталарында б е с а т а р л ы біреуі 

бар 4-5 қызыққұмарлардың жайлауға келе 

қалғаны (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 116). 



БЕСБАСЫ з а т. к ө н е. Бес адамның 

басшысы. Сол қызметкерлерін бес-бестен 

топтап, бесеуіне бір бастық сайлап (б е с 



б а с ы), екі б е с б а с ы н а бір онбасы 

тағайындапты (С. Танекеев, Қиян асу, 21). 



Б Е С Б ОЛ АТ   з   а   т.   Қ ы р а н   қ ұ с 

саусақтарының  ең  жақсысы.  Құстың 

(бүркіттің) саусағы төртеу. Саусағының ең 

жақсысын «б е с б о л а т» дейді. «Б е с б о л 

а т» деген ат саусақтарындағы кертіктердің 

санына  қарай  берілген.  Көбіне 3-4 кертік 

болады.  Бес  кертік  бары  сирек  кездеседі 

(Қаз. əдеб., 21.03.1986, 14). 



БЕСЕРМАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Салық 

жинаушы.  Қарақорым,  Алтын  Орда  хан-

дары  орұсұт  жерін  басқақтары  мен  б  е  с 



е р м а н д а р ы арқылы да бағындырып 

ұстауға  тырысқан  (І.  Есенберлин,  Алтын 

Орда, 1, 157). Бұл  б  е  с  е  р  м  а  н  д  а  р 

көбіне  кілең  бұзықтардан,  не  жұрттың 

қанын білдірмей соратын сүліктер тəрізді 

сұмдардан қойылатын (Бұл да). 



БЕСЖАҚСЫ з а т. к ө н е. Қалыңмалға 

немесе кісі құнына төленетін дүние-мүлік, 

мал атаулының ең бастылары. Б е с ж а қ с 

ы ғ а нар, жүйрік ат, кілем, қылыш, бұлғын 

ішік т.б. кірген (ҚСЭ, 2, 308). 



БЕСЖҮЗДІК з а т. ə с к. Бес жүз адам-

нан құралған əскери бірлік; батальон. 

Бесжүздік басы. з а т. ə с к. Бесжүздік-

тің басшысы (əскери лауазым). 

БЕСҚАҚПАЙ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Бестас. 

Үйдің көлеңкесінде Қарақыз екеуміз б е с қ 



а қ п а й ойнап отыр едік, əжем: - Мағаш, əй 

Мағаш, - деп дауыстады (А. Жұмаділдин, 

Сең бұзыл., 82). Сондай-ақ «б е с қ а қ п а й»

ойын  атауы  «бестас»  болып  та  аталады 

(Білім жəне еңбек, 1985, 10, 47). 

БЕСТАСПАЛА е т. Қамшыны бес та-

спа етіп өру. Қара мақпал, қызыл батсайы 

көпшік жабылып, күмістен қақталған жеңіл 

ер, б е с т а с п а л а п өрген жүген-жабдық 

еріксіз  көз  тартатын  еді  (Е.  Тұрысов, 

Ақбақай, 28). 

БЕСТАСПАЛАУ  Бестаспала  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

БЕСТЕМШЕ з а т. э т н. Тоғызқұмалақ 

ойынының балаларға арналған қарапайым 

бір түрі. Тоғызқұмалақ ойынының бірнеше 

түрі  бар.  Оның  балаларға  арналған 

қарапайым  түрлерін  «қоздату»,  «б  е  с  т 

е  м  ш  е»  деп  атайды  (Ө.  Жолымбетов, 

Айгөлек, 46). 



БЕСТОҒЫС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қысқы 

(қаңтар, ақпан) тоғыста болатын аязды 

(суық)  күндер.  Олар  өткен  жылғы  қыс 

қарын  еске  түсіріп,  биылғы  қаңтар  мен 

ақпан – «б  е  с  т  о  ғ  ы  с  т  а  қар  кетпес, 

үштоғыста қар қалмас» деген халық сөзін 

де қамтып өтті (Еңбек туы, 27.02.1965). 

БЕСТІ: Бесті азу. Жылқы мен түйенің 

бес  жасқа  келгенде  шығатын  азу  тісі. 

Түйенің б е с т і  а з у ы асты үстінде екіден 

4 тіс болады (Ана тіл, 09, 04, 1998, 16). 

Бесті ат. Бес жасқа келген ат. 

Бесті  атан.  Бес  жасқа  келген  атан. 

Одан əрі түйенің піштірілген еркегі – құнан 

атан немесе атанша, дөнен атан, б е с т і  а т

а н, атан делінеді (Соц. Қаз., 18.10.1981, 4). 

БЕСТІК  з  а  т.  Бес  адамнан  құралған 

топ.  Егер  бандылар  артқа  шегінсе  неме-

се алдыға ентелесе, қалған б е с т і к т е р

жолын  бөгемек  (Е.  Рахимов,  Тентек  ке-

лін, 74). 



БЕСІК: Бесік байлау. э т н. Бала бесікке 

бөленгенде  ырымдап  берілетін  сыйлық. 

Нəрестеге сен апарар сый осы болсын. Ана-

сына табыс ет. Ал б е с і к  б а й л а у ы н а 

өз қалағаныңды атарсыз (Ж. Молдағалиев, 

Алғ. қоңырау, 88). 

Бесікке  бөлеу.  э  т  н.  Баланы  бесікке 

бөлеу ісі, бесікке салу. ≈ Баланы б е с і к к е 

б ө л е у д і ң мəн-мəнəқасы көп. 

Бесік кертпе құдалық. э т н. Балала-

ры  бесікте  жатқанда  уəделесіп  (бесікке 

кертік  салып),  құда  болысқандық.  Бірақ

б е с і к  к е р т п е  қ ұд а л ы қ, алдын ала 


112

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

беріліп  қойған  «қалың  мал»  екі  ғашық-

тың  қосылуына  ерік  бермеген  (Жалын, 

1974, 3, 120). 



Бесікке салар көбейсін! Баланы бесік-

ке салып жатқандарға айтылатын тілек. 

Бесікке салу. э т н. Баланы алғаш рет 

бесікке бөлеу рəсімі. Қазақ халқы баланы

б е с і к к е  с а л у ғ а (бөлеуге) ерекше мəн 

береді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 

8). Баланы б е с і к к е  с а л а т ы н адам 

алдымен  бесікті  аластап, «бісміллə»  деп 

жөргегін  салады  (Бұл  да, 1, 15). Баланы 

б е с і к  к е  с а л у жұртқа сыйлы, мінезі 

жайдарлы, үбірлі-шүбірлі əжелерге тапсы-

рылады (Қаз. этнография., 1, 492). 

Бесік көрпе. Нəрестенің бесігіне жа-

батын көрпе. Бесік жабдықтары: жөргек, 

жастық, б е с і к  к ө р п е, қолбау, тізебау, тү-

бек, шүмек т.б. (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 1, 10). Б е с і к  к ө р п е – баланың 

бесігіне жабатын көрпе (Шаңырақ, 96). 

БЕСІКБАУ: Бесікбауы берік болсын! 

Баланы  бесікке  салғанда  айтылатын 

бататілек. – Інілеріңнің б е с і к б а у ы

б е р і к  б о л с ы н, өмір жасы ұзақ болсын 

(Ш. Ахметов, Айдарлының., 4). 



БЕСІКСЫПА з а т. э т н. Қайтыс болған 

адамның  қабырының  үстіне  орнатылған 

бесік  пішіндес  ескерткіш.  Кезінде  б  е  с 

і к с ы п а орнатылса керек, жауын шай-

ып, үстіне боз жусан, қызыл изен шығып 

кетіпті (М. Мағауин, Бір атаның., 238). 

БЕСІКШЕ з а т. с ө й л. Бесіксапа. Кең 

де биік мешіттің ішінде б е с і к ш е жатыр. 

Мүрде топырағынан көтерілген бұл б е с 

і к ш е н і ң үстіне жылқының бас сүйегі 

қойылған (А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 

201). Есік орнына салынған кішкене кірер 

аузы бар кең де биік мешіттің ішінде б е с і 



к ш е жатыр (Лен. жас, 11.12.1974, 3). 

БЕСІР¹ з а т. м е д. Адамның ішіне су 

толып  кететін  ауру;  шемен.  Осы  жылы 

ағылшын дəрігері, əрі ботаник Уайтингер



б е с і р д і (водянка) емдеу үшін оймақгүл-

ді  пайдаланып  көрген  (Білім  жəне  еңбек, 

1968, 4, 23). 

БЕСІР² з а т. с ө й л. Орысша «писарь» 

сөзінің  қазақша  айтылуы.  Көк  байтал-

дың  қырсығы  тиіп  бүгін,  Мойнына  арт-

ты  Қараштың  налог  жүгін.  Папешител, 

исполком,  б  е  с  і  р,  болыс  Еппен 

əкеп шығарды бұдан түйін (І. Жансүгіров, 

Шығ., 29). 



БЕТ: Бет алдыңыздан жарылқасын! 

Құдай  оңғарсын,  сəтін  берсін!  Жолы  да, 

атағы да үлкен Ғафаңа (Ғафу): - Б е т  а л 



д ы ң ы з д а н  ж а р ы л қ а с ы н! - дедім 

(Қаз. əдеб., 15.06.1973, 2). 



Бетке күйе жағу. э т н. Күнəлі адамға 

тағайындалған жазаның бір түрі. Б е т

к е к ү й е  ж а ғ у – ғұрыптық жаза түрі 

(Қаз. этнография., 1, 496). 



Бетке  шығар.  Алдыңғы  қатардағы 

азамат:  бетке  ұстар.  Сол  көккөз  импе-

рия  «қамқорлығына»  алғансып,  зеңбірек, 

мылтықтың  күшімен  қазақтың  өр  рухын 

басқан, б е т к е  ш ы ғ а р ы н құртқан (Ə. 

Ыдырысов, Таңшолпан, 203). 

Бет көрісу. э т н. Марқұмның артын-

да  қалғандарға  ағайынның,  құдалардың, 

жегжат-жұраттардың аза тұтып, көңіл 

айтып,  арнайы  баруы  (Қаз.  этнография., 

1, 494). 



Бет тарту. Киіз басу үшін шабақталған 

жүннің үстіне іріктелген таза жүнді сол 

қолмен  қысып  алып,  оң  қолдың  қырымен 

баса  үзіп,  біртегіс  етіп  қалдырып  шығу 

(Қаз. этнография., 3, 102).



Б е т т е н   а л ы п ,   т ө с к е   ш а п т ы . 

Қарсыласты,  ұрсысты.  Ақ  сүтін  емген 

анасына  аузына  не  келсе  соны  айтып,



б е т т е н  а л ы п,  т ө с к е  ш а б а т ы н

д  а  й  халге  жеткен  екен  ғой  (О.  Кемаль, 

Тəлкек., 34).



Бет шымшысты. «Ұят болды», «ұят-

ай» дегенді білдіретін ишара. Осыдан бір 

ай өткенде Зибашты Еділ алып қашып кетті. 

Əйелдер б е т  ш ы м ш ы с т ы (Қарақат 

тер., 59). 



Бетімен  жер  бастырды.  Қатты 

ұялтты,  ұятқа  қалдырды.  –  Балаларды

б е т і м е н  ж е р  б а с т ы р ғ а л ы оты-

рып  монтекейсуін.  Мына  қылығыңды 

Мұрат  естісе  өлең-тойдың  үлкені  сонда 

болар, - деді (Қ. Мұқажанұлы, Ортеке, 34). 



Бетін  аулақ  қыл  [ет]!  Жаман  істі 

жолата көрме деген тілек. Ханым мына-

дай болса, құдай кез келтірмесін, б е т і н 



а у л а қ  қ ы л с ы н (Қ. Жұмалиев, Жайсаң 

жан., 49). 



Бетінен  алды.  Қарсы  келді,  ұрысты. 

Біреу-міреу  батылдық  қып  тұспалдаса, 



б  е  т  і  н  е  н    а  л  ы  п,  боқтап  тастайтын 

(С.Мұқанов, Аққан., 142). 



Бетінен  басты.  Ұялды,  қызарды. 

Өйткені  денесінің  бұлтық-бұлтығын 



113

Байынқол Қалиев

жалаңаштап,  жұрт  көзінше  шешінуге



б е т і н е н  б а с а д ы (Б. Аманшин, Гүл 

көтерген, 38). 



Б е т і н е   ш і р кеу   б о л д ы .   Ұ я т қ а 

қалдырды,  ұялтты.  Ұрпақтардың  қарыз-

парыздарының бірі – адал болу: ата-ананың 

алдынан қия өтпеу; б е т т е р і н е  ш і р 

к е у  б о л м а у (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 1, 23). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет