; da lachen ja die
Hühner (das ist ja lächerlich) (тауықтарға күлкілі
болып); die Sonne lacht (sie scheint besonders
hell) (күн күлгендей); Tränen lachen (so lachen,
dass die Tränen kommen) (жасы көзге келгенше
күлу); er hat bei ihr nichts zu lachen (sie behandelt
ihn sehr schlecht od. streng) (күлкіге қалдыру,
күлетін түгі де жоқ болу); ja, er kann lachen (er
hat erreicht, was er wollte!) (шатта, рахаттана
алады, соған қол жеткізу); sein lachen (dabei ist
nichts zu lachen (күлетін ештеңесі жоқ)= das ist
zu ernst; das wäre je gelacht, wenn wir das nicht
könnten; sich das Lachen verbeißen), sich eins
in den Bart lachen (мұртынан күлу) және т.б.;
в) «Lachen-Paradigmatik», мұнда мынандай үй-
лесім-үлгілерді кездестіруге болады, мысалы:
Wie? (Қалай?)-Modelle: freundlcih lachen (дос-
тық күлкі/күлу), fröhlich lachen (қуана/шаттана
күлу), hämisch lachen (тадалап қуану/күлу),
herzhaft lachen (жанымен күлу), herzlich lachen
(жүрек жарды күлу), laut lachen (дауыстап/ай-
қайлай күлу), leise lachen (жәй/даусын шығар-
май күлу), schallend lachen (саңқылдап күлу),
aus vollem Hals lachen (тамағын жыра күлу), j-m
ins Gesicht lachen (біреудің бетіне күлу) және
т.б. Әрине неміс бұл қорытындылармен шек-
телмейді, ол ақыл-ойды толқытатын «байсалды
сөздерге» тағы да қызықтыратын бірнеше кө-
ңілді пікірлер ұсынады: «Wer lacht, lebt länger
und vor allem gesünder» (Кім көп күлсе, сол ұзақ
жасайды, және ең бастысы денсаулығы мықты
болады). Халықаралық ойлардан бірнеше мы-
салдар келтірейік: Американдық сізге «Lache,
und die Welt lacht mit Dir; weine, und Du weinst
allein» (Күл, әлем де сенімен бірге күледі;
жыла, сен жалғыз жылайтын боласың) дейді.
Африкада болса мынадай дейді екен: «Lachen
reinigt die Zähne» (Күлкі тістерді тазалайды).
Берілген қатарды славян өз өсиетімен толық-
тырады: «Nur Kinder verstehen es, vollkommen
arglos zu lachen, deshalb sind sie auch so bezau-
bernd» (Әбден жайдары және жан тәнімен күлу-
дің не екенін тек балалар ғана түсінеді, сол се-
бепті де олар сондай сүйкімді). Жазушы Эфраим
Кишон еврей даналығын еске мынадай «Wer
grundlos lacht, lacht am besten» (Кім дәлелсіз
күлсе, сол бәрінен жақсырақ күледі) деп са-
лады. Өз кезегінде «Humor» мен «Lachen/ la-
chen» басқа Freude (қуаныш), Lust (көңіл-қош),
Laune (көңіл жарасымы) және т.б. элементтерді
облигаторлы түрде өзіне қарай жақындатады.
Олардың кейбіреулерін жоғарыдан көруге бо-
лады. Ақиқатында «Humor» сөзі мен «Lachen»
лексемасы арасына теңдік белгісін қоюға әбден
болатын еді: «das Lachen ist gesund und der
Humor ist ausgelassen, wenn man trotzdem lacht»
(Күлкі адамның денсаулығын жақсартады, ал
әзіл-сықақ, егер ештеңеге қарамай күлсең, ер-
кіндік береді). Бұл компоненттердің тарихына
оралсақ, мынаны сезінуге болады «der Humor
im Allgemeinen und das Lachen im Speziellen»
(сөзбе сөз: Әзіл-сықақ жалпылай, ал күлкі ар-
найы, салыстырыңыз: Әзіл-сықақтың дерексіз-
дікке, ал күлкінің өзгешеге қатысы) [7, 81].
«Lachen/lachen» лексико-семантикалық пара-
дигмасында негізгі акцент түрлі концептуалді
және контекстуалді семаларға жасалады [тө-
менді қараңыз], және коммуникативті әрекетті
ұйымдастыра алатын жағдайда болады, себебі
ондай семаларды табу адам ділінің құрамды
бөлігі болып табылады. Адамның ділдік кон-
тексі айқын болып тұрады және түрлі құралдар
көмегімен экстерн-концептін толық және ау-
қымды сипаттау үшін әрқашан сөздік қорды
«жаңартуды» қажет етіп тұрады. Жоғарыда көр-
сетілген «Humor» ұғымының басымдылығына
тіл үйренушілер үлкен тәжірибелік қызығушы-
лық танытады, бірақ ешуақытта адами немесе
лексикографиялық мүмкіндіктер түрғыдан еш-
қандай шек бола алмайды. Тек бір ғана «Hu-
mor» лексикалық-семантикалық өрісінің өзі
оған дәлел бола алады: 1) «Lust» келесі семан-
тикалық құрылымдарды қамтиды - Neigung,
leites Verlangen, Bedürfnis; Wohlgfühl, Wohlge-
fallen, Freude; Befriedigung; Genuß, Gefallen;
оның қатарында синонимдық үйлесімдер - Animo,
Gusto, gelüsten; Bock, auf etwas Bock haben;
Vergnügen, Wollust, Libido, Jieper, Hedonismus,
Liebe, Trieb, Gieper, futtern; антонимдық қатар -
Traurigkeit, Traur, Langweile, Kein Bock auf
etwas haben; Abneigung, Hass, Satt sein және
т.б.; 2) «Laune» келесі семантикалық құрылым-
дарды қамтиды - Gemütsstimmung, einer augen-
blicklichen Stimmung; entspringender Einfall; си-
нонимдер: Caprice, obenauf Gag, Grille, Inspira-
tion, Kapriole, Anwandlung, Einfall, Eingebung,
mies; антонимдер: „Guter Schlaft bringt gute
Laune“ және т.б.; 3) «Heiterkeit» келесі семанти-
калық құрылымдарды қамтиды: Stete Fröhlich-
keit, Zufriedenheit, Ausgeglichenheit, Gelächter,
оның ішінде синонимдер: Heitere, Serenität,
Freudigkeit belustigen; Chäromanie, Euthymie,
Euphorie, Munterkeit, ал антонимдер: „Der Hei-
terkeit und Eifersucht ist der Berg kein Hinderniss“
және т.б.
Әзіл-сықақ парадигматикасы
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
48
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
Әр алуан семалар немесе семемаларды бей-
нелейтін «Humor» семантикасына қатысты 400-
ден аса лексико-фразеологиялық бірліктер ша-
маланған. Бұл ретте тосын бірліктер мен «Hu-
morarten», «Witzarten» (әзіл түрлері мен тип-
тері) тематикасына қатысты рецепиент-тіл та-
сымалдаушыcы арасындағы сауалнама мәлі-
меттері есептелмеген. Егер қолда үйретуші мен
үйренушінің лингвистикалық компетенция мен
жаңартпашылық жақындауы болса, концептуал-
ды әлемнің болмысын түсіну кезінде кез-келген
бірліктің терең семантикасын анықтауға болады.
Сонымен қатар олардың оқу мен танымдық
әрекет кезіндегі қажеттілікті ұмытпау керек.
Әдебиеттер
1 Компьютерная лингвистика: моделирование языкового общения. В.: Новое в зарубежной лингвистике // Бас. XXIV.
Компьютерная лингвистика. – Мәскеу: «Прогресс», 1989. – Б. 5-30.
2 Gemeinsamer europaeischer Referenzrahmen fuer Sprachen: lernen, lehren, beurteilen. –Берлин-Мюньхен-Вена-Нью Йорк,
2001. -232 б.
3 Салжанова Л.Е. Словообразовательно-семантическая парадигма слов // II Халықаралық сырттай ғылыми-практикалық
конференция материалдары «Инновации в науке: пути развития». – Чебоксары: НМЦ, 2012. – Б. 612.
4 Салжанова Л.Е. Особенности лексем со вторыми конституентами, называющие части тела. // Аль-Фараби атындығы
ҚазҰУ-нің Жаршысы, Филология сериясы, № 7 (79), 2004. – Б. 234.
5 Layla E. Salshanova. Liguokulturelles Konzept von Koerper-Metaphern // Халықаралық ғылыми-практикалық конфе-
ренция «Cultural Linguistic approach to foreign language education: Methods and technologies». – Алматы: Абылай хан
атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, 2010. – Б. 480.
6 Duden: Das grosse Woerterbuch der deutschen Sprache in 12 Baenden. – Mannheim: Duden-Verlag, 2009. – 2338 б. немесе
http://www.duden.
7 P.L. Berger. Erlösendes Lachen. Das Komische in der menschlichen Erfahrung. – Berlin: Verlag Walter de Gruyter, 1998.
– Б. 40-44.
References
1 Komp'yuternaya lingvistika: modelirovanie yazykovogo obscheniya. V.: Novoe v zarubezhnoy lingvistike // Bas. XXIV.
Komp'yuternaya lingvistika. – Mәskeu: «Progress», 1989. – B. 5-30.
2 Gemeinsamer europaeischer Referenzrahmen fuer Sprachen: lernen, lehren, beurteilen. –Berlin-Myun'hen-Vena-N'yu York,
2001. -232 b.
3 Salzhanova L.E. Slovoobrazovatel'no-semanticheskaya paradigma slov // II Halyқaralyқ syrttay ғylymi-praktikalyқ kon-
ferentsiya materialdary «Innovatsii v nauke: puti razvitiya». – Cheboksary: NMTs, 2012. – B. 612.
4 Salzhanova L.E. Osobennosti leksem so vtorymi konstituentami, nazyvayuschie chasti tela. // Al'-Farabi atyndyғy ҚazҰU-nің
Zharshysy, Filologiya seriyasy, № 7 (79), 2004. – B. 234.
5 Layla E. Salshanova. Liguokulturelles Konzept von Koerper-Metaphern // Halyқaralyқ ғylymi-praktikalyқ konferentsiya
«Cultural Linguistic approach to foreign language education: Methods and technologies». – Almaty: Abylay han atyndaғy
ҚazHҚzhәneӘTU, 2010. – B. 480.
6 Duden: Das grosse Woerterbuch der deutschen Sprache in 12 Baenden. – Mannheim: Duden-Verlag, 2009. – 2338 b. nemese
http://www.duden.
7 P.L. Berger. Erlösendes Lachen. Das Komische in der menschlichen Erfahrung. – Berlin: Verlag Walter de Gruyter, 1998. – B.
40-44.
Л. Салжанова, Г. Оңталапқызы
49
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ӘОЖ : 811.512.122`373.2
Ж.С. Дәулетбекова
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,
аға оқытушы, Қазақстан, Алматы қ.
Е-mail: dauletbekova00@mail.ru
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің табиғаты,
лингвомәдени айырмашылықтары
Мақалада «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдер олардың табиғаты, лингвомәдени айыр-
машылықтары ғылыми түрғыда талданады. Эпопеядағы орын алған топонимдік деректер, яғни жер-су
атаулары мен кісі есімдері халықтық мәдениет, тіл мен әдебиетті арқау ете отырып, оны ұлттық болмыс пен
сипатты танытудағы өзекті мәселеге айналдырып, топонимдік деректер туралы тұжырымдар айтылады. Әр
халықтың даму үдерісінде мәдени ақпарат кеңінен орын алып, өткен кезеңнің тарихынан хабар береді.
Бұрынғы ақпарат көздерінен тілдік ақпараттың алатын орны ерекше. Осы тілдік ақпарат ішінен
ономастиканың атқаратын маңызы зор. Көркем туындылардағы ономастикалық атауларды лингвистикалық
тұрғыда немесе оның этнолингвистикалық табиғатын, оны қолданудағы ерекшеліктерін, болмаса ұлттық
сипатын қарастыру өзекті мәселе. Бұл тақырып аясында бүгінге дейін біршама түрлі деңгейдегі ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Романда орын алған Алтай, Семей, Балхаш, Орал, Алматы, Омск, Өскемен
сияқты макротопонимдер әлі де қолданыстан шыққан жоқ.
Түйін сөздер: антропоним, географиялық термин, ономастика, Қарқара, Қоңыр.
ZH.S. Dauletbekova
The different between the origins of proper names in the epic novel «Way of Abay»
In the article the name onomastic excellent work on the linguistic level, the ethno-linguistic origins, especially in
their use, the use of proper names, places and rivers in the epic at the scientific level.
Heritage of every people, formed in the process of development, with each day playing the role of cultural
information, which opens the history of that period. Sources of information of the past is of particular importance
linguistic information. In such a language data have a special place onomastic units.
In this case, the names of onomastics in the linguistic basis of works of art or their ethno-linguistic nature,
especially in its use or examining the characteristics of an important national issue. During the discussion of this topic
have been conducted scientific - research work at various levels.
Not out of the use of such makrotoponimy as Almaty, Semey, Balkhash, Oral, Semipalatinsk, Uskemen, Omsk,
Altai, Bakanas that took place in the novel. One difference presenting Auezov place names in the novel - a
description of areas, not only for the story works, but I draw attention to the socio-economic content, the national
perception of the world.
Keywords: anthroponym, onomastic, geographical term, Karkara, Konyr.
Ж.С. Даулетбекова
Различия в происхождении имен собственных в романе-эпопее «Путь Абая»
В статье рассмотрены ономастические названия прекрасных произведений на лингвистическом уровне,
их этнолингвистическое происхождение, особенности в их использовании, использование имен собственных,
названия мест и рек в эпопее на научном уровне. Наследие каждого народа, сформированное в процессе
развития, с каждым днем играет роль культурной информации, открывающей историю развития того
периода. Из источников информации прошлого особое значение имеет языковая информация. В такой
языковой информации особое место имеют ономастические единицы.
В таком случае ономастические названия в лингвистической основе художественных произведений либо
их этнолингвистическая природа, в особенности в его использовании или рассматривании национальных
характеристик, – важная проблема. В ходе обсуждения этой темы были проведены научно – исследователь-
ские работы разного уровня.
Не вышли из пользования такие макротопонимы, как Алматы, Семей, Балхаш, Орал, Семипалатинск,
Ускемен, Омск, Алтай, Баканас, которые имели место в романе. Одно отличие преподнесения топонимов
Ауэзовым в романе – описание местностей не только для сюжета сочинения, но и для привлечения внимания
к социально-экономическому содержанию, народному мировосприятию.
Ключевые слова: антропоним, географический термин, ономастика, Каркара, Коныр.
_______________________________________
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің табиғаты, лингвомәдени айырмашылықтары
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
50
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
Кез-келген халықтың даму тарихында жаса-
лып, қалыптасқан рухани мұралары күн өткен
сайын сол дәуірдің даму жайын айқындайтын
мәдени дерек қызметін атқарады. Өткен кезең-
нен мәлімет берер дерек көздерінің ішінде тіл-
дік ақпараттың маңызы зор. Осындай тілдік ақ-
параттардың ішінде ономастикалық бірліктер-
дің орны ерекше.
Олай болса, көркем туындылардағы ономас-
тикалық атауларды лингвистикалық тұрғыда,
немесе оның этнолингвистикалық табиғатын,
оны қолданудағы ерекшеліктерін, болмаса ұлт-
тық сипатын қарастыру өзекті мәселе. Бұл та-
қырып аясында бүгінге дейін біршама түрлі
деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргі-
зілді.
Осындай жұмыстардың бірі - М.Әуезовтың
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су
атаулары мен кісі есімдеріне байланысты зерт-
теулер. Бұл мәселеге байланысты бүгінгі таңға
дейін бірталай тілші-ғалымдар әртүрлі деңгей-
де ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Көрнекті жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы»
эпопеясында орын алған топонимдік деректерді
зерттеу халықтық мәдениет, тіл мен әдебиеті-
нен ерекше мол мағлұмат беретіндігін айта
келіп, осы асыл рухани дүниеміздің тілін зерт-
теген Е.Жанпейісовтің де эпопеядағы ономас-
тикалық материалдарға баса көңіл бөлгенін
еске түсіреді. Е.Жанпейісовтің аталмыш роман-
эпопеяда 450-дей кейіпкер есімі, 250-ден аса
жер-су атаулары орын алған деген дерегін,
және әйгілі шығарманың жиілік сөздігін әзір-
леген авторлардың онда кездесетін антропо-
ним, этноним және топонимдердің ұзын саны
1019-ды шамалайды деген деректерін алға тар-
тады.
Өз зерттеу еңбегінде К.Еспаева осы шығар-
мада 965 антропонимдер, 412 этнонимдер, 400-
ден аса топонимдер бар деген мәлімет береді..
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы топо-
нимдерге тілдік талдау жасай келе, ол 40 көне
түркі тілін байланысты, 231 қазақ тіліне қа-
расты, 17 араб тіліне кірген, 10 парсы тілінен
енген, 12 монғол тілінен кірген, 50 орыс тілінен
енген, 40-тан аса Кавказ, Европа, Сібір жұрты-
на тиісті топонимдерді анықтайды. Сондай-ақ,
К.Еспаева бұл топонимдермен қоса 100-ден аса
географиялық терминдердің орын алғандығын
айтады [1, 224-239].
К.Еспаеваның негіздеуінше, жер-су атау-
ларын туғызуда географиялық терминдер мен
апеллятивтердің маңызы зор. Ғалым олардың
бірталайы біріккен тұлғалы топонимдердің ком-
поненттеріннен тұрады да, ол жерлердің тау,
төбе, тас, адыр, қырат, дөң, жота, шат, аңғар,
теңіз, өзен, көл, су, құдық, сай немесе жайлау,
қыстау болмаса, қоныс екендігін нақтылап, ай-
қындап беретіндігін жазады. Шығарма арқауы-
на өзек болып отырған дәуірдің тұрмыс тірші-
лігі, күн көріс, шаруашылық жағдайымен осын-
дай терминдер немесе, есім сөздердің жиі қол-
данылуы тығыз байланысты деп тапқан ғалым
романда ауыл сөзі 1726 рет аталатынын, ал,
1220 рет жер сөзі, 486 рет болыс сөзі, 296 рет
дала атауы, 219 рет қыстау сөзі, қоныс сөзі –
158 рет, өзен сөзі – 113 рет пайдаланылғанын
анықтайды [2, 66].
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы бірта-
лай топонимдердің жиі қолданыс табуы, бірін-
шіден, аталмыш аймақтарда өткен тарихи-қо-
ғамдық, саяси жағдайларды ашып көрсетуге
ықпал етіп, сыр-сипатын айқындаса, екіншіден,
шығарма образдарының тұрмыс-тіршілігінен,
әртүрлі іс-әрекетінен, қоршаған ортасынан жақсы
дерек береді.
К.Еспаева романда М.Әуезовтың Петербор –
Петербург – Петергоф – Петербор – Питер не-
месе, Омбы – Омск деп, Ресей – Россия, Руссия
– Русия – Россейские – Русский және Семей –
Семипалат – Семипалатинск – Семипалатин-
ский; Жетісу – Семиреченский тәрізді қала
атауларын бірнеше жерде әрқалай қатарынан
пайдалану себебі қазақ және орыс, яғни, екі
тілде қолданылу әрі айтылу ерекшелігін беруді
мақсат еткендіктен, сондай-ақ, осы топоним-
дерге айрықша бояу, жетік көңіл бөлгендіктен
екендігін айтады. Шындығында осы туынды-
дағы жер-су атауларының лексикалық құра-
мын, жасалу тәсілдерін тілдік жағынан талдап,
оның мән-мағынасын ашып, этимологиясын
айқындау бүгінде тілдегі өзекті мәселе екен-
дігіне күмән тудырмайды.
Шығармада картаға түскен биік тау, үлкен
өзен, көл немесе, ірі-ірі қалалар сияқты макро-
топонимдерден гөрі ауыл, жайлау, қыстау, қо-
ныс, бұлақ, жылға, жазық, адыр, қырат, ой, ой-
пат, жыра, қорық, бастау, дария, қайнар, құдық,
су, төбе, жота, жан, қыр, дөң, сайқорық сияқты,
микротопонимдер мейлінше көп қолданылға-
нын айта келіп, оған: Құнанбай ауылы, Дөң
қонысы, Әйгерім қыстауы, Қаумен ауылы,
Қасқабұлақ, Есболаттың қарасуы, Тақырбұлақ,
Ащысу, Ортабұлақ, Қарасу, Айқұдық, Көлқай-
нар, Аққұдық, Қызылқайнар, Бозамбай құды-
ғы, Бетқұдық, Жөкең құдығы, Көшбике қоныс,
Ж.С. Дәулетбекова
51
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
Жидебай қорығы, Аралтөбе, Жұпар қорығы,
Ақадыр, Мұсақұл қорығы тәрізді жер-су атау-
ларын мысалға келтіреді.
К.Еспаева осындай мысалдарды алдыға тар-
та отырып, Орталық Азия оның ішінде Қазақ-
стан аймағындағы жер-су атауларының дүниеге
келіп, дамуын зерттеген ғалым А.Ф.Гумбольд-
тың осы жерлердің ең алғашқы топонимдері
жалпы есімдерден тұрған тәрізді деген пікіріне
қосылады. Олай болса, жер-су атаулар тау, су,
бұлақ, қайнар, бастау, төбе, көл, жар, тас деген-
дей жалпылама сөздерден тұрған дейді.
Аталмыш туындыда ғалым ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Семей аймағында мекен
еткен ру-тайпалардың көшпелі тұрмысына бай-
ланысты туындаған топонимдер мол ұшыраса-
тындығын айтады. Себебі, мал шаруашылығы-
мен айналысып, малға жайлы, шөбі шүйгін,
жері шұрайлы, суы мол, қонысқа тиімді әрі
өзенді, әрі құрақты көлдерді қоныс еткен
халқымыз мекен еткен жерлерінің бет-бедері,
табиғат құбылысына орай айдар тағып ат
қойған. Осы мәселені ескере келе, К.Еспаева
уақыт өткен сайын бұл топонимдер кейбірі
қолданыстан қалып,ұмтылса, енді біреулері
халық жадында сақталып, нәтижесінде бүгінгі
Қазақстан аймағының немесе, облыс картасы-
нан орын алғандығын арнайы мысалдармен
дәлелдейді.
Романда орын алған Алматы, Семей, Бал-
қаш, Орал, Семипалатинск, Өскемен, Омбы –
Омск, Алтай, Бақанас сияқты макротопонимдер
де бұрынғыша қолданыстан шықпаған. М.Әуе-
зовтың осы романдағы топонимдерді берудегі
бір ерекшелігі - жер-су аттарын тек шығарма
сюжетіне арқау етіп қоймай, аталмыш топо-
нимдердің саяси-әлеуметтік мазмұнына, ха-
лықтық дүниетанымға сай мағыналық астар-
ларына көңіл бөліп, оған терең назар аударып,
мейлінше түсінікті етіп сипаттағандығы [2, 272-
273].
К.Еспаева тарихқа зер сала келе, ХІХ ғасыр-
дың екінші жартысындағы ережеге сай облыс-
тар уездерге, ал, уездер болыстарға, болыстар
ауылдарға жіктелгендігін, тағы басқа осындай
тарихи, саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайлар
романда жан-жақты, кеңінен суреттелгендігін
айта келіп, осыған байланысты қаламгер шы-
ғармада әкімшілік-саяси терминдер мен сол
тұстағы болыстарға жақсы көңіл бөліп атап
отырғандығын айтады.
К.Еспаева «Абай жолы» роман-эпопеясын-
дағы жер-су атауларының құрылымын тілдік
сипатта жіктеу арқылы, оларды дәстүрлі үш
салаға бөліп қарастырады.
Олардың біріншісі- топонимдердің ішіндегі
бір құрамдылары болып табылады. Оларды
ғалым екіге бөліп жіктейді. Бір құрамды топо-
нимдердің алғашқы бөлігі – жеке дара сөзден
туындаған топонимдер. Мұндай топонимдерге
К.Еспаева романда кездесетін Қапал – жер,
Бура-Семейтау, Хан – биік, Аба-қала, Шор –
Қарқаралы, Дөң – қоныс, Шар – өзен, Шаған –
өзен, Сырт – өлке, Шат – жер, Машан – тау
сияқты біршама атауларды жатқызады. Ал,
екінші, бір құрамды топонимдерді туынды тұл-
ғалыларға жатқызып, оларға Борлы-тау, Арқа-
лық-тау, Аршалы – болыс, Бөрім-жер, Бақты –
жер, Бұғылы-тау, Жыланды қоныс, Доғалаң –
тау, Қоныс-жер, Жымба – жар, Миялы-қыстау,
Көлденең – жер, Қоғалы – жер, Кіндікті –
жатақ, Шілікті – тұмсық, Көкпекті – округ
тәрізді жер-су мекен атауларын жатқызады.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су
атауларының дәстүрлі екінші жүйесі құрамын-
да екі не одан да көп сөзден жасалған топоним-
дер. Мұндай топонимдерге талдау жасай келе
К.Еспаева көркем туындының ішінен осындай
жер-су атауларына бірталай мысалдар келті-
реді. Романда кездесетін Ақадыр – жер, Ақша-
тау – жер, Аягөз, Ақжал – қоныс, Ақирек кең
дала, Ақшоқы – жер, Белағаш – жер, Балтаорақ
– жатақ, Қазбала – қоныс, Жидебай – қорық,
Қызылқайнар – қоныс, Қарасу – өзен, Мол
сулы қоныс, Қасбұлақ – адыр, Шұбарағаш –
жер, Ойқұдық – дала, Найзатас – қоныс, Сары-
адыр – жота, Талдыбұлақ − қоныс-ауыл, Сары-
көл – көл деген топонимдерге лингвистикалық
зерттеу жұмысын жүргізеді [1,70]. Дәстүрлі
үшінші жүйесі екі сөзден де көп бірнеше сөз
тіркестерінен
құралған
жер-су
атаулары
жатады. Оларға романдағы Есембай жырасы,
Бөкенші асуы, Ботақан ошағы – қоныс, Кіндік
Шолпан – қыстау, Кең қоныс – жер, Қоңыр
әулие – үңгір, Қаршығалы Қопа – қоныс, Кіші
Қасқабұлақ – қоныс, Қара Ертіс, Хандар сайы –
сай, Үлкен Көксеңгір – жайлау, Есболаттың
қара суы, Байқадам Сапақ жатағы, Тақыр қол-
тық – жер, Миялы Байғабыл жатағы, Мұсақұл
қорығы – қыстау, Сыбайлас Қаршығалы өлкесі,
Сақтоғалақ жатағы деген мысалдар жатады.
Ғалым романдағы топонимдер ішінде түске
қатысты атаулар мейлінше жиі кездесетінінін
жазады. Шығарма ішінде қара, ақ, сары, қо-
ңыр, көк, қызыл түстермен біріктіріле жасалған
топонимдердің мағыналық сипаттары әрқалай.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы жалқы есімдердің табиғаты, лингвомәдени айырмашылықтары
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
52
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
Мысалы, романда Ақшоқы, Ақжал, Ақадыр,
Ақтас, Ақтомар, Ақирек, Аққұдық, Ақшәулі,
Қарашоқы, Көкше, Көксеңгір, Көкшетау, Қара-
биік, Қарабөктер, Қара Ертіс, Қарасу, Қаарабас,
Қаратау, Қоңыртай, Қоңырқожа, Қызылжар,
Қызылқайнар, Қоңыршәулі, Қызылтас Байқо-
ңыр, Қызылшоқы, Сарқабақ, Сарыарқа, Саржа-
зық, Сарадыр, Саркөл, Сардала, Саржел сияқты
топонимдер тобы айрықша орын алады. Ғалым
бұл топонимдерді жеке-жеке саралап, лексика-
лық түбір, мағынасын ашуды болашақ ісі деп
түйеді.
Сонда да К.Еспаева қайсыбір топонимдер-
дің этимологиясы кімді де болса қызықтыра-
тындығын айтады. Романда орын алған Қоңыр
сөзімен қатысты туған жер-су атауларының
Қазақстанның басқа да аймақтарында бары
белгілі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысын-
да Қызылқұм ауданында Қарақоңыр деген жер
болса, Семей өңірінде Қоңыр, Қоңыршәулі де-
ген мекендер бар. Талдықорғанның Қапал ау-
данында Қоңыр және Қоңырөлең деген жерлер
орын алса, Алматы облысы Қаскелең ауданына
тән Үшқоңыр елді мекені және Қоңыр − Ат,
Қоңыр – ой деген атаулар Таулы Алтай өңі-
рінде де кездесетінін жазады. Міне, осы мы-
салдардың құрамындағы қоңыр сөзіне байла-
нысты Е.Қойшыбаев: «Ыңғайына қарағанда,
топоним төркіні түркі немесе түркі-монғол тіл-
дерінде бұрын болған, бірақ беріде жаңғырған
өсімдік (от) атымен аталғанға ұқсайды» деген
пікірін білдіреді[6, 67-68].
К.Еспаева қоңыр сөзі кейбір басқа түстің
атаулары қара, ақ тәрізді көп мағыналы болып
келетіндігін айтады. Олар: бірінші, нағыз қо-
ңыр, қоңыр-күрең, қызыл күреңболып тура
мағынасында қолданылуы; екінші, жұмсақ,
жуас, майда сынды мағына білдіретін мінез
турасында ауыспалы мағынасы білдіреді. Қазақ
тіл білімінде өте сабырлы адамды қойдан қо-
ңыр, баяу үнді адамды қоңыр дауысты деп
атайды. Осы мәселеге зер ала келе, тілші-ғалым
жер атауының Байқоңыр немесе, Қоңырадыр
болып келуі белгілі бір ерекшелігіне байла-
нысты болуы мүмкін деген пікір білдіреді.
К.Еспаева ол топонимдердің бұлай аталуы қы-
зыл күрең не қоңыр күрең болуына қатысты
дейді.
Сондай-ақ, ғалым шығармада орын алған
Қарқаралы топонимін жан-жақты қарастырады.
Осы топонимге байланысты бірнеше аңыздар
мен деректерге тоқталады. Мысалы, Ш. Уәли-
хановтың еңбегінде халық аңызы негізінде жо-
рық жылдары өзен маңында тұтқынға түскен
қалмақ қызының бас киіміндегі құс қауырсы-
нына орай қарқара деп аталған деген дерегін
және Қарағанды өңіріндегі Қарқаралы деген
тау атауы жайында тұрғылықты тұрғындар
«осы Қарқаралы тауында бір қыздың бас киімі
жоғалады. Кейіннен осы тауға қарап тұрып жі-
гіт қызға мына тау сенің жоғалған қарқараңа
ұқсайды екен деген. Міне сол себепті тау Қар-
қаралы аталған деген» аңыз-әңгімесіне өз пікі-
рін білдіреді. Сол тәрізді К.Еспаева В.В.Радлов,
А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаевтардың ғылыми
пікірлеріне сүйенеді.[1, 71] В. В. Радлов осы
атауға байланысты біріншіден, Қарқара қыр-
ғыз, қазақ халықтарында құстың бір түрі ретін-
де аталатындығын айтады; екіншіден, өзен аты
және қызбаланың бас киіміне тағылатын қар-
қара деген құстың үлпілдек үкісі деген ой
айтады. В.В.Радловтың бұл пікіріне сүйене
отырып ғалым А.Әбдірахманов аталмыш топо-
ним қарқара -лы туынды сын есім жұрнағы
негізінде тууы мүмкін деген болжам жасайды.
Ал Е.Қойшыбаев бұл топоним ертеректегі түркі
қарқар түбірге –лы қосымшасы жалғануынан
туған атау деген пікір білдіреді [6, 54-56].
Осындай халық аузында сақталған аңыздар
мен ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып
К.Еспаева Қарқаралы топонимі қар+қара+лы
деген үш бөлшектен құралған деп қарастырады.
Ғалымның түйіндеуінше, бұл топонимнің ал-
ғашқы сыңары «аппақ қар» деген ұғымды біл-
дірсе, екінші компоненті хыра деген түркі –
монғол тілдеріндегі «тау», «шың», «биік», «қы-
рат» деген мағынаны беретін сөзден жасалған.
Екі компонентті жинақтай келе «қарлы биік
тау» деген мағынаны білдіретін қарқара сөзін
құрайды. Сөз соңында мол, көп деген жиынтық
мағынаны меңзейтін сын есімнің лы жұрнағы
қосылып қары мол тау деген мағынаны білді-
ретін Қарқаралы атауы туындаған деген қоры-
тынды ой айтады. Осындай топонимдердің
шығармада оншақтысы кездесетінін жаза келе,
К.Еспаева мұндай атаулар Қазақстан аймағын-
да неше жүздеп кездесетіндігін айтады. Осылай
жасалған топонимдер Е. Қойшыбаевтың сөзді-
гінде 130-ға тарта екендігін дәлелмен береді [6,
62-68].
Ойымызды қорыта келгенде, ономастикалық
атаулар, олардың тілдік ерекшеліктері, этимо-
логиясы бүгінгі таңда біршама қарастырылды
десек те, көркем шығармаларда орын алуы әлі
де жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Олай болса,
өткен дәуірден сыр шертер мәдени дерек көзі
Ж.С. Дәулетбекова
53
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ономастикалық бірліктердің маңызы зор. Тілдің
құрылымдық тарихын зерттеуде негіз болар
ономастика туралы М.Томанов «Ономастика-
лық материал тілдің лингвистикалық және
экстралингвистикалық даму жолдарының бір-
лікте болатынын дәлелдейді. Ономастикалық
атаулар көбіне тілдің қалыптасқан сөз өзгеру
жүйесінің аумағына сыймайды. Олар тілдің
даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту
модельдері бойынша жасалған болып келеді
немесе ұмытылып кеткен мағынаны өз бойын-
да сақтауы мүмкін» деп жазады [5,13 ].
Достарыңызбен бөлісу: |