Тақырып 14. Болашақ мамандардың зияткерлік әлеуетін дамыту –
ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Ұлттық зияткерлік әлеуетін
17
қалыптастыру – мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің сақтаудың,
қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негізі. Қоғамның болашақ
зияткерлік элитасы ретінде болашақ мамандардың зияткерлік әлеуетін
дамытудың маңызы. Болашақ маман тұлғасының зияткерлік әлеуетінің
құрылымы мен мазмұны. Жоғары білім жүйесі болашақ маман тұлғасының
зияткерлік әлеуетін дамытудың негізі ретінде. Болашақ мамандардың
зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы инновациялық және ақпараттық
технологиялардың ролі. Студенттердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру
мен
олардың
зияткерлік
әлеуетін
дамыту
жөніндегі
Қазақстан
Республикасының Жастар саясаты.
VIII. «Мәңгілік Ел» пәнінің ерекшеліктері
«Мәңгілік Ел» пәнінің ерекшелігі оның мазмұндық бөлігінің:
а) құжаттық, тарихи сипатында: болашақ мамандардың ұлттық
тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны мемлекетіміз тәуелсіздік алған
күннен бергі қабылданған стратегиялық құжаттар мен Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауларының негізгі ережелеріне ретроспективалық талдау жасау
негізінде анықталып, қалыптастырылды;
ә) болашақ мамандардың жоғары деңгейлі ұлттық сана-сезімін,
патриотизмін, азаматтығы мен әлеуметтік белсенділігін барынша
қалыптастыруға бағытталғанда;
б) «Мәңгілік Ел» пәнінің бүкіл мазмұны мемлекетіміздің ұлттық
идеясының маңызды құрамдас бөліктерін (этнос қалыптастырушы,
азаматтық
және
жалпыұлттық),
сондай-ақ
«Қазақстан
-
2050»
Стратегиясының» негізгі алты бағытын ескере отырып, құрылған. Бұл
аталғандар Мықты да қуатты ҚАЗАҚСТАН Мемлекетін құруда назарға
алынуы тиіс. Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа
қазақстандық патриотизм дегеніміз – этникалық өзгешелігіне қарамастан,
барша қоғамды біріктіруші күш. Екінші. Барлық этнос азаматтарының
құқықтық теңдігі. Біз баршамыз тең құқылы және бірдей мүмкіндіктері бар
қазақстандықтармыз. Біз жерімізде бейбітшілік пен тыныштықтың
сақталуына тікелей жауаптымыз. Үшінші. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретінде дамуы және үш тұғырлы тіл. Аса жауапты тілдік саясат
Қазақстанның біртұтас халқын біріктіретін басты факторлардың бірі болып
табылады. Қазақ тілі – біздің рухани өзегіміз және оны барлық салаларда
қолдану арқылы белсенді түрде дамыту қажет. Төртінші. Мәдениет, дәстүр
және өзіндік болмыстың жаңғыруы. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың
генетикалық коды. Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның ролін арттыру.
Зиялы қауым қалыптасқан мемлекеттің жалпыұлттық құндылықтарын
нығайтуда жетекші күшке айналуы керек. Алтыншы. Мемлекеттің
зайырлылық сипатын нығайту – Қазақстанның табысты дамуының маңызды
алғышарты.
18
VIІI. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандардың
ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Қандай тәрбие жайында сөз болса да (ұлттық, діни, құқықтық, саяси,
т.б.), ол қашанда жалғыз мәнге ие – тұлғаның қалыптасу үдерісі. Адам өз
ұрпағын өз көзқарас-пайымына сәйкес, сондай-ақ өзі қмір сүретін қоғам
талаптарына сай тәрбиелеуге тырысады.
Тәрбиеші көзқарасы мен қоғам талаптары сәйкес келген жағдайда ғана
бұл міндет неғұрлым тиімді жолмен шешім таппақ. Ол үшін әртүрлі
жағдайлар – жалпы және жеке, объективті және субъективті, т.б. ескерілуі
шарт. Мейлінше жалпы әрі мейлінше тиімді жағдайдың бірі – тәрбие
үдерісінің әдіснамалық негіздеріне арқа сүйеу.
«Мәңгілік Ел» пәнінің мақсаты мен міндеттері жаңарған қазақстандық
қоғамның сұраныстарына сай болашақ маман тұлғасын қалыптастыруға
бағытталған. Демек, олар тәрбие теориясының әдіснамалық көзқарастары
негізінде жүзеге асуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос
қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясында болашақ
маманның
ұлттық
сана-сезімін
қалыптастыруда
тұлғалық-әрекеттік
(субъектілік), жүйелік-тұтастық, аксеологиялық, мәдениеттанушылық,
этнопедагогикалық, этномәдени, көпмәдениетті, құзіреттілік ыңғайлар
айтарлықтай маңызға ие.
Тұлғалық-әрекеттік, субъектілік-әрекеттік ыңғайлар. Болашақ
мамандардың ұлттық сана-сезімін, азаматтығы мен патриотизмін
қалыптастырудағы аталған әдіснамалық ыңғайлардың маңызы философия
мен психологияның келесі қағидалары негізінде анықталуы тиіс.
1.Тұлғалық ыңғай болашақ маманды оқу үдерісінде және кәсібінде өз
өмірлік әрекеттерінің амал-тәсілдері мен өзіндік тұлғалық мәнін іске
асыратын белсенді субъект ретінде қалыптастыруға бағытталған. Өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі өзгерту, өздігімен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу
механизмдерінсіз тұлғаның кемелденуі мүмкін емес. Индивид субъекті
ретінде сырттан белгіленген нормалар мен эталондар бойынша ішкі
әрекеттерін өз бетімен жүзеге асыра бастағанда ғана тұлға пайда болады.
Ішкі күш-жігер мен әлеуетке, сұраныстарға арқа сүйемей тұлғалық
сапаларды тиімді дамыту мүмкін емес.
2. Студенттердің субъектілігін ынталандырудың жалпы тәсілі – тәрбиеге
әрекеттік сипат беру. Адам әрекет барысында қалыптасып, дамиды және
танылады. Неғұрлым көп әрекет түрлеріне араласқан сайын, тұлға соғұрлым
жан-жақты дамиды. Тұлғаның субъектілік құрамы, оның «Мен-Тұжырымы»
тікелей әрекет жүзінде дамиды, сол арқылы әлеуметтік тәжірибені игеру,
19
психикалық функциялар мен қабілет-дағдыларды дамыту, әлемге және өзіне
деген қатынас жүйесін қалыптастыру жүзеге асады. Кез келген әрекеттің
тиімдігіні тұлғаның өз бетімен шығармашылық белсенділік танытуына, оның
өзін-өзі өзгертуге деген мүддесі мен сұранысына және әзірлігіне байланысты.
Жүйелік-тұтастық ыңғай. Жүйелілік пен тұтастық деген тұлғаның
өзгелер үшін тұтастай феномен ретінде танылуын білдіреді. Әрбір жекелеген
іс-әрекетте ол әлемге деген тұлғалық қатынастар жүйесін жеке-дара әрі
тұтастай түзумен болады. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық феномен
ретіндегі тұтастығы тәрбиелік әсер-ықпалдың тұтастығын анықтайды. Тұлға
тәліміндегі ең қысқа, ең ұсақ та мәнсіз әрекеттік өзі сан алуан қатынастардың
тұтас кешенін қамтитындығы тұлғаның полифониялығын айқындайды.
Субъектілік ұстанымы өзінің іс жүзінде жүзеге асуында тұлғаға өз өмірінің
стратегі болу қабілетін дарытса, тұтастық ұстанымы оны келесі өмірлік
тактикамен қаруландырады: ол өз әрекет-қылықтарын өмір мен адамдарға
деген бірыңғай қатынасқа сәйкес құрады.
Жүйелілік пен тұтастық ұстанымы болашақ мамандардан келесіні
талап етеді:
а) ұлттық сана-сезімді қалыптастыру – бір сәтте жүзеге асырылатын
әрекет емес. Бұл қазақ халқы мен Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін
ұлттық идеяның маңызды үш құрамдас бөлігі аясында ЖОО-дағы оқу
жылдары бойында игерудің жүйесі ретінде қарастырылатын ұзақ үдеріс;
ә) болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін, ділін, азаматтылығы мен
патриотизмін қалыптастыру мен дамытудың үздіксіз үдерісі (курстан курсқа)
жүйесінде тұтастық студенттердің оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінің
бірлігі ретінде анықталады;
б) ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ЖОО-да оқытылатын барлық
негізгі пәндер бойынша (әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-
педагогикалық және оқу пәндерінің арнаулы циклы) білімді игеру үдерісі
және барлық тәжірибе түрлерінен өту, тәрбиелік іс-шаралар жүйесіне
қатынасу және т.б. арқылы жүзеге асырылады;
в) тұтас педагогикалық үдеріс жағдайында ұлттық сана-сезімді
қалыптастырудың маңызды құралдары оқу-танымдық, өздігімен білім алу,
ғылымми-зерттеу, қоғамдық-саяси, қоғамдық пайдалы, мәдени-ағартушылық,
спорттық-сауықтыру және өзге іс-әрекет түрлері болып табылады.
Мәдениеттанушылық ыңғай. Мәдениеттанушылық ыңғайдық
орталығы мәдениетті танушы және жасаушы адам болып табылады...».
Сондықтан мәдениеттанушылық ыңғай болашақ мамандардың ұлттық
сана-сезімін, патриотизмін, азаматтығы мен әлеуметтік белсенділігін
қалыптастыру үдерісінде білімнің тұлғалық бағдары парадигмасы мен
оқу үдерісінің келесі бағыттары аясында жүзеге асуы керек: а)
студенттердің қазіргі Қазақстан мен күллі әлем қауымдастығының
ұлттық саясатымен, ұлттық идеясымен, ұлттық шындығымен; айтулы
тарихи оқиғалармен, ұлы қазақ ойшылдарының өмірі және
20
шығармашылығымен, Қазақстан халқының саясат, ғылым, техника,
білім, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекетіміздің алтын қорын
қалыптастырушы ірі қайраткерлерімен танысуы; ә) студенттердің
ақыл-ой, өз бетімен білім алу және зерттеу мәдениетін, саяси,
этностық және этносаралық мәдениетті, эстетикалық және этикалық
мәдениетті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту; б)
студенттердің әлемге деген ұлттық-жүйелілік көзқарасын дамыту.
Аксиологиялық ыңғай. Аксиологиялық (құндылықтық) ыңғай тұлғаны
адамзаттың жоғары құндылығы дәрежесінде зерделейтін барша гуманистік
тұжырымдамалардың негізі болып табылады. Аксиологиялық ойдың
орталығында бір-біріне өзара тәуелді, өзара әрекеттестіктегі әлем
тұжырымдамасы орын алған. Осыған сәйкес, біздің әлеміміз – тұтас адам
әлемі, сондықтан адамзатты біріктіретін жалпылықты ғана емес, әрбір жеке
адамды сипаттайтын ерекшелікті де көре білу қажет.
Аксиологиялық ыңғай мәдениеттанушылық ыңғайдың өзегі болып
табылады. Оның ұлттық тәрбие, тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру
контексіндегі мән-маңызы болашақ мамандардың бойында ұлттық және
жалпыадамдық құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталғандығында.
Бұл құндылықтар а) өз халқын, бірлесіп өмір сүріп жатқан халықтарды,
тұтастай әлем қауымдастығын; ә) өз іс-әрекетін, ұлттық мәдениетті сақтаушы
адам ретінде өзін бағалауға баулиды.
Адамның құндылықтық қатынасы оның психологиялық ахуалын, өмірге
ризашыл, толымды пейілін және оның мағынасын айқындаса, құндылықтар
жүйесі іс-әрекет пен қылықты реттеп, оның уәждік-сұраныстық аясын,
олардың күнделікті және кәсіптік іс-әрекетте басшылыққа алуға деген
әзірлік пен ұмтылысты анықтайды.
Этнопедагогикалық ыңғай. Аталған әдіснамалық ыңғай «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясының алғашқы құрамдас бөлігі – этнос қалыптастырушы
компонент аясында айрықша мәнге ие. Болашақ мамандардың ұлттық сана-
сезімін этнопедагогикалық ыңғайда тәрбиелеу халықтың тілі, тарихы, өнері,
фольклоры, салт-дәстүрі сынды ұлттық санаттарға (құндылықтарға)
негізделеді. Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін этнопедагогикалық
ыңғай негізінде қалыптастыру олардың өзіндік болмысын сақтаудың, төл
тіліне, өз халқының тарихына, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген
байыпты да ізгі қатынасын қалыптастырудың маңызды алғышарты болып
табылады. Бұл әдіснамалық ыңғай патриотизм мен тұлғаның туған жерге
деген қимастық, бауырмалдық сезімін қалыптастыруға, туған жерде бейбіт те
тыныш өмірдің сақталуы үшін өз халқының алдында жауапты болуға
тәрбиелеуге бағытталған.
А.С.Макаренко былай деп жазады: «Халыққа қызмет ететін тәрбие ғана
шынайы тәрбие болып табылады. Осы талаптың үдесінен шықпайтын
21
тәрбие, халыққа қарсы тәрбие және ол анти тәрбие ретінде бағалануы
мүмкін. Себебі адам тұлғасын бұзады».
Болашақ мамандардың, мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің ұлттық сана-
сезімін қалыптастырудағы этнопедагогикалық ыңғай өз халқының ділін
терең зерделеуге бағытталған. Осы орайда діл халықтың өмір салты, наным-
сенімі, географиялық, тарихи және экономикалық ерекшеліктермен
сипатталатын тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа беріліп, аңыз,
моральдық қағида, жүріс-тұрыс нормалары, құндылықтар, салт-ғұрыптар,
мерекелер, т.б. арқылы көрініс табатын әлеуметтік-мәдени мұра элементі
ретіндегі дәстүрлердің бірегей көрінісі ретінде пайымдалады.
Болашақ мамандардың этникалық әлеуметтену, этникалық өзін-өзі
теңдестіруі аясында этнопедагогикалық ыңғайды жүзеге асырудың нәтижесі:
а) ұлттық абыройы мен адами ар-ұжданы биік, ұлттық сана-сезімі
жоғары (ана тілін меңгерген, өз халқының тарихын, төл мәдениеті мен салт-
дәстүрлерін білетін, Қазақстанның және күллі әлем қауымдастығының
халықтары мен ұлыстарының тіліне, тарихына, мәдениеті мен салт-
дәстүрлеріне құрметпен қарайтын) тұлғаны, өз халқының патриотын
қалыптастыру;
ә) этникалық төзімділікті қалыптастыру. Этникалық төзімділік
әлеуметтік перцепция құбылысы ретінде өзге этникалық мәдениетке деген
теріс көзқарас пен қатынастың жоқтығынан, дәлірек айтқанда, өз
мәдениетіне деген оң көзқарасын сақтай отырып, өзге мәдениетті де
позитивті қабылдаудан көрінеді. Бұл этникалық төзімділіктің өз
мәдениетінен бас тарту ретіндегі ассимиляция салдары емес, этносаралық
интеграцияның сипаттамасы болып табылатындығын білдіреді. Осы орайда
этносаралық интеграцияға өз этникалық мәдениетіне және қарым-қатынасқа
түсетін өзге этникалық мәдениет топтарына деген «мойынсұну» немесе
позитивтік көзқарас тән. Топтық қабылдаудағы мұндай адекваттық түсінік
этникалық мәдениеттердің құндылық тұрғысында теңдігі постулатына
негізделген.
Этномәдени ыңғайды «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының бірінші және
екінші құрамдастары – этнос қалыптастырушы және азаматтық компоненттер
аясында зерделеген жөн. Болашақ маман тұлғасына ұлттық тәрбие беру
(этникалық әлеуметтену үшін қажет жағдай ретінде өз халқының тарихын,
тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін зерттеп тану арқылы) өзге халықтар
мен олардың өкілдерінің мәдениетіне деген қызығушылықтың оянуымен
тығыз байланыста, жалпыадамдық құндылықтарды игеру, өзге ұлт
өкілдерімен байланыс орнатудың дағды-машықтарын дамыту арқылы жүзеге
асуы тиіс.
Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеу барысында
этномәдени ыңғайдың жүзеге асуы, сонымен қатар, білім қоры мен
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін, 130 ұлт өмір сүретін Қазақстанның
22
көпэтникалық шынайы болмысына деген эмоционалды-құндылықтық
көзқарасты қалыптастыруы керек.
Қарастырылып отырған ыңғай Қазақстан территориясында біртұтас
халық ретінде өмір сүретін барлық этностардың педагогикалық
құндылықтарын бағалауға, барлық ұлттық мәдениеттерді сақтап дамытуға
негізделген ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің стратегиясы
мен тактикасын анықтауға толық негіз болады.
Көп мәдениетті ыңғайды «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының екінші
құрамдас бөлігі – азаматтық компонент аясында қарастырған жөн.
Көпмәдениетті ыңғай аясында көпэтникалық, көпмәдениетті тәрбие мен
білім беру жүзеге асырылады.
«Қазіргі әлемдегі мәдениетаралық өзара әрекеттестік ауқымының
кеңеюі жоғары білімнің көпмәдениетті құрамдас бөліктерін дамытуды,
болашақ мамандардың әлемдік мәдени мұраны игеріп, шет тілдерін
меңгеруінеталапты күшейтуді қажет етеді».
Көпмәдениетті білімді көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді
әрі өнімді әрекет етуге қабілетті, өзге мәдениеттерді түсініп, құрметтей
алатын, өзге ұлт, нәсіл, дін өкілдерімен келісімде бейбіт тіршілік ете
алатынадамды қалыптастыру үдерісі деп қабылдаған абзал.
Құзіреттілік ыңғай. Ұлттық идеяның маңзды үш құрамдас бөлігі
(этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясында құзіреттілік
ыңғай болашақ мамандардың келесі құзіреттерін дамытуға бағытталған: а)
этностық, этномәдени, көпмәдениетті, этносаралық құзіреттер; ә) ақпараттық,
коммуникативтік құзіреттер, мәселелерді шешуге байланысты құзіреттер; б)
конфликтологиялық, әлеуметтік-саяси, өз бетімен білім алу, зерттеу және
өзін-өзі тану (рефлексия және теңдестіру) құзіреттері.
Жоғарыда аталған барлық ыңғайларды бірлікте және өзара байланыста ЖОО-
дағы тұтас педагогикалық үдеріс жағдайында болашақ маманның ұлттық
сана-сезімін қалыптастырудың негізгі ұстанымдары ретінде зерделеген
дұрыс.
VIII. Күтілетін нәтижелер
Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды
үш құрамдас бөлігі аясында студенттердің, болашақ мамандардың ұлттық
сана-сезімін келесі нәтижелерге алып келуі тиіс:
1. Мемлекет құрушы ұлт өкілдері болып табылатын болашақ
мамандардың ұлттық сана-сезімін жоғары деңгейде дамыту келесі негізде
анықталуы керек:
а) «МЕН – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІМІН» бейнесінің қалыптасуы
арқылы этникалық барабарлық деңгейінде;
ә) «МЕН – ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨКІЛІМІН», «МЕН –
23
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫМЫН» бейнесінің
қалыптасуы арқылы азаматтық барабарлық деңгейінде.
Бұл екі бейне де былайша сипатталуы тиіс:
-Тарихи сана мен әлеуметтік жады негіздері ретінде ұлттық тамыр-тегін
түйсініп тану, өз халқының қалыптасып, даму тарихын білу,
- ана тілі – қазақ тілін білу;
- өз халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық мәдениет білу және оларды іс
жүзінде басшылыққа алу;
- қазақ халқының озық дәстүрлеріне (қонақжайлылық, барша адамдарға
ықыласпен және қамқорлықпен қарау, төзімділік) сүйене отырып, бірлесе өмір
сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың тіліне, салт-дәстүрлеріне, ұлттық
мәдениеті мен тарихына құрметпен қарау;
- ұдайы өзін-өзі кемелдендіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға
ұмтылыс;
- өз халқының этномәдени мұраны игерумен қоса, оны дамыту;
- қазақ халқының тілін, тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін оның ұлттық
құндылықтар жүйесі ретінде пайымдау;
- өз халқының, тұтас Қазақ мемлекетінің бейбіт те тыныш, барақатты өмірін
сақтау үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезіну;
- халық тарихының басты қозғаушы күші – ұлт рухын біріктіруші әрі
нығайтушы бастама ретінде дамыту және нығайту екендігін түйсіне білу; халық
рухы асқақ болған сайын оның мемлекеттігінің перспективалары да жоғары
болмақ; ұлт рухы кез келген елдің қайталанбас келбетін анықтап, оның
дамуының бағыт-бағдарын айқындайды;
- ұлттық рухты біріктіруші және нығайтушы бастама ретінде дамыту үшін
дәстүр мен патриотизм рухы, жаңғыру, күрескерлік пен жеңіс рухы басты
басымдықтарға айналуы керек; қоғамның рухани өзегі ретінде дәстүрлі
құндылықтарға (тіл мен мәдениетке деген құрмет, ізгілік, отбасы, ұрпақтар
жалғастығы, патриотизм мен төзімділік) арқа сүйеу.
2. Өзге ұлт өкілдері үшін азаматтық барабарлық деңгейінде ұлттық сана-
сезімді жоғары деңгейде дамыту «МЕН – ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ
ӨКІЛІМІН»,
«МЕН
–
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АЗАМАТЫМЫН» бейнесінің қалыптасуымен сипатталады.
Аталған бейне келесі мазмұнда сипатталуы тиіс:
- қазақ тілін (мемлекеттік тіл ретінде) білу (үйрену);
- мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениеті
мен тарихын білу және құрметтеу;
- қазақ халқының этномәдени мұрасын меңгеріп, дамытумен қоса, қазақ
халқының ұлттық мәдениетін дамытуға септігін тигізуге қабілетті болу;
- қазақ халқының тілін, тарихын, салт-дәстүрлерін оның ұлттық
құндылықтары ретінде пайымдау;
- өз халқының, тұтас Қазақ мемлекетінің бейбіт те тыныш, барақатты өмірін
сақтау үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезіну;
24
- халық тарихының басты қозғаушы күші – ұлт рухын біріктіруші әрі
нығайтушы бастама ретінде дамыту және нығайту екендігін түйсіне білу; халық
рухы асқақ болған сайын оның мемлекеттігінің перспективалары да жоғары
болмақ; ұлт рухы кез келген елдің қайталанбас келбетін анықтап, оның
дамуының бағыт-бағдарын айқындайды;
- ұлттық рухты біріктіруші және нығайтушы бастама ретінде дамыту үшін
дәстүр мен патриотизм рухы, жаңғыру, күрескерлік пен жеңіс рухы басты
басымдықтарға айналуы керек; қоғамның рухани өзегі ретінде дәстүрлі
құндылықтарға арқа сүйеу.
3. Мемлекет құрушы және өзге ұлттар үшін жалпыұлттық барабарлық
деңгейінде ұлттық сана-сезімді жоғары деңгейде дамыту «МЕН, БІЗ, БІРГЕ –
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЗИЯТКЕР ҰЛТПЫЗ» бейнесінің қалыптасуымен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |