1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҚАЗАҚСТАН ЖОО-ЛАРЫНДА
«Мәңгілік Ел» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
А Л М А Т Ы - 2015
2
Дайындаған:
Пірәлиев С.Ж., Нәрібаев К.Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М.К.,
Молдабеков Ж.Ж., Кан Г.В., Иманбаева С.Т., Хан Н.Н., Қалиева С.И.,
Қайдарова А.Ж., Джанабаева Р.А., Берікханова А.Е., Махметова
Б.Т.,Сайдахметов Б.С.
3
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе....………………………………………………………………………..3
II. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері….......………………………….6
III. Тұжырымдаманың негізгі ережелері....…………………………………......7
IV. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері аясында
болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі...................8
V. Бірінші курс студенттеріне арналған «Мәңгілік Ел» пәніне қойылатын
талаптар..................................................................................................................10
VI. Бірінші курс студенттеріне арналған «Мәңгілік Ел» пәнінің мақсаты,
міндеттері, мазмұны.............……………………………………………..……...11
VII. «Мәңгілік Ел» пәнінің ерекшеліктері……………………………….17
VIII. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандардың ұлттық
сана-сезімін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері..... …………………...22
IX. Күтілетін нәтижелер.....…………………………………………………......23
X. Қорытынды нәтижелер……………………………………………………...25
XI. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандардың ұлттық
сана-сезімін дамытудың (оқу курстары мен жылдары бойынша) міндеттерін
жүзеге асыратын МЖМБС пәндері.....................................................................27
4
I. КІРІСПЕ
«Мәңгілік Ел» жобасының өзектілігі. «Қазақстан - 2050» -
қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Стратегиясында рухани
тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық
патриотизмнің белгіленген бағдарға орай қалыптасуы мәселелерімен сабақтас
сауалдардың маңыздылығына тоқтала отырып, Президент жақын болашақта аса
қуатты да күшті Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құруға барлық
жағдай жасалғандығына айрықша назар аударды.
«Қазақстан - 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру бойынша
ерекше жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей
отырып, Президент ұлттың мәдени коды (тілі, руханияты, дәстүрлері)
сақталғанда ғана уақыт үніне ілесе алатынымызға көңіл бөлген болатын.
«Ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтатын болса, ұлттың өзі де жоғалады.
Абыройлы тарихымыз, даңқты ата-бабаларымыз туралы жады естеліктері
ғана бізге алдағы уақытта қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі». Осы
орайда ұлттық идеологиялардың жасампаздығы мен ұлттардың осы жолда
бейне бір «өз» мүддесі үшін күрескендей қайсарлық танытуы, сондай-ақ осы
айтылғандар болмаған жағдайда ұлт және оның тарихи өміріндегі
перспективалар жөнінде мүлде сөз қозғау қажет еместігі туралы көптеген
ғалымдардың көзқарас-пікірлері әбден орынды.
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдарының басым бағыттарын
анықтай отырып және жақын келешекте қуатты Қазақстан мемлекетін
құрудағы жастардың ролі мен жауапкершілігін айқындай отырып, Президент
олардың ұлттық сана-сезімі мен тарихи санасының жан-жақты қалыптасуы
мәселесінің маңыздылығын барынша нақтылаған болатын.
Ұлттық сана-сезім қазіргі адам санасының ажырамас бөлігі
болғандықтан, бұлай болуы заңды. Өркениетті елдердің баршасында қилы
мәдени мағыналарды іздестіру мақсатында сан алуан ой-әрекет түрлеріне
араласып, сұхбат жүргізе алатын ұлттық мәдениетті ұстанушы адамды
тәрбиелеу заманауи білімнің мән-маңызы болып табылады.
Білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі
ғылыми зерттеулерде келесілер атап көрсетілген: тұлғаның ұлттық сана-
сезімі ұлттылық туралы ой-пікірді, ұлттың өткен тарихына, бүгіні мен
болашағына деген көзқарасты, ана тілін үйрену мен төл мәдениетті зерделеп
танудағы белсенділікті, ұлттық мүдде мен құндылықтар бағдарын түйсіне
отырып қабылдауды білдіреді.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, соңғы онжылдықтарда жастар
арасында
рухани-адамгершілік
дағдарыстың
барлық
аспектілерде
(адамгершілік, әлеуметтік, физикалық, психикалық) күшеюіне байланысты
қоғамның аса күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқандығын тілге тиек етпеу
мүмкін емес.
Мұндай тұжырымға Қазақстан жастарының белгілі бір бөлігінде
ұлттық сана-сезім мен ділдің, азаматтылық пен патриотизмнің төмен
5
деңгейде болуы негіз бола алады. Бұл, ең алдымен, өз халқының тарихын,
тілін, салт-дәстүрін білмеу сынды сипаттамадан анық аңғарылады. Әсіресе
бұл жағдай қазақ жастарының арасындағы туған тілі мен тарихын, салт-
дәстүрлерін білмегенімен қоса, осы мәселе жөнінде терең ойланып-
толғанбайтындарына тікелей қатысты. Осылайша олар келесі ақиқатты
көзден таса қалдыратыны анық: халықтың жойылуы үшін оның физикалық
тұрғыда қырғынға ұшырауы міндетті емес – оны жадыдан, ой мен сөзден
айыру жеткілікті, сөйтіп халықтың жаны өлім құшады.
Өз халқының төл мәдениетін, оның өткені мен бүгінін білмеу ұрпақтар
сабақтастығының, замана жалғастығының үзілуіне әкеліп соғатындығы, ал
мұның тұтастай алғанда адам мен халық дамуына айтарлықтай нұқсан
тигізетіні тарихтан белгілі.
Жастар арасында алуан түрлі мәнге ие діни көзқарас-пайымдардың
көбеюі, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуі, маскүнемдік,
шылым шегу, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының жиілеуі,
жезөкшелік, аталған жастық ортада зұлымдық, қатігездік, агрессия, т.б. белең
алуы көкейкесті мәселелерге айналып барады.
Жастардың кей бөлігінің Отан қорғауға дайын еместігі әлі де тұрақты
үрдіс болып қалып отыр. Бұл әскери қызмет пен әскери мамандыққа деген
теріс көзқарастан, жастардың дене дайындығының жеткіліксіздігінен айқын
аңғарылады.
Жастардың
рухани-адамгершілік
деңгейінің
төмендеуі
келесі
деңгейлерде тікелей көрініс тапқан: 1) ұлт денсаулығы; 2) ұлттың зияткерлік
әлеуеті; 3) ұлттың бәсекеге қабілеттілігі; 4) еліміздің тұтастай ұлттық
қауіпсіздігі.
Жастар – біздің мемлекетіміздің келешек тағдырына жауапты буын.
Күллі әлем қауымдастығы жастарға әлеуметтік құбылыстардың аса маңызды
субъекті, қоғамның адамгершілік барометрі, ғаламат инновациялық күш-қуат
және стратегиялық ресурс ретінде қарайды. Сондықтан да біз қазіргі
жастардың, әсіресе студенттердің ұлттық сана-сезімінің қалыптасу деңгейі
және
осыған
сәйкес
патриотизм,
азаматтылық
пен
әлеуметтік
белсенділіктерінің деңгейі қандай болатындығына енжар қарай алмаймыз.
Бүгін бәсекеге қабілетті адамзат капиталы бар елге жол, Жалпыға ортақ
Еңбек Қоғамына жол, өмірдің мүлде жаңа сапасына жол ұлттың рухани-
адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылады деген қағида аксиомаға айналуы
тиіс.
Қазақстан ЖОО-ларына «Мәңгілік Ел» сынды пәнді енгізу
қажеттілігін дәл осы көзқарас тұрғысынан зерделеген жөн.
«Мәңгілік Ел» пәнін Қазақстан ЖОО-ларына енгізудің мағыздылығы
бүгінгі таңда мемлекетімізде жаһандану мен әлемдік білім кеңістігіне кірігу
үдерістері қарқынды жүргізіліп жатқандығымен де негізделеді. «Жақын
болашақта мемлекетімізге кәсіби біліктілігі жоғары мыңдаған мамандар мен
дипломды ғалымдар қажет болады. Қазақстанның әлемдегі мейлінше
6
бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуын жоғары кәсіби білікті мамандар
жүзеге асырған жағдайда ғана бұл міндет іс жүзінде шешімін таппақ...
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі студенттер осыны жақсы түсінуі тиіс. Дамуды
көздемейтіндер мен алға баспайтындарға өз орнын неғұрлым бәсекеге
қабілетті маманға босатуға тура келеді. «Мак Синти» атты беделді
халықаралық консалтинг компаниясының кеңесшілері айтқандай, «Алға,
әйтпесе жол бер». Қазіргі бәсекелестік әлемін осындай ұстаным билейді.
Ұлттың заманауи әрі тиімді білім беру жүйесін ұстану, оқыту арқылы
болашақ мамандардың зияткерлік деңгейін жетілдіру қабілеті бәсекеге
қабілеттіліктің сындарлы мәнге ие алғышарттарының біріне айналды
(Н.Ә.Назарбаев).
Азаматтардың зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейі мен оны жүзеге
асыру мүмкіндіктерінің болуы – әлеуметтік жүйенің қалыпты қызмет етуіне
аса қажет жағдай.
Көптеген отандық және шетелдік зерттеулер қоғамның ілгерілеп дамуы
оның зияткерлік және басқару ресурстарының даму деңгейіне байланысты
екендігін растайды. Француз ғалымы Луи Пастер сонау ХІХ ғасырда-ақ
ақыл-ой жұмысы саласында өзгелерден озған халық қашанда алда
болатындығын көрегендікпен ескерткен болатын.
Жоғарыда айтылған ой зияткерлік әлеуеті жоғары, ұлт мәдениетінің
рухани құндылықтарын сақтап көбейтуге жауапты, ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген, ұлттық сана-сезім
стереотиптерін еңсеріп, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат алатын
мамандардың жаңа буынын, әлеуметтік белсенді қоғам мүшелерін тәрбиелеу
мәселесінің өзектілігін айқындай түседі.
Бұл мәселені шешу жолында «Мәңгілік Ел» пәнінің орта мектепте ғана
емес, жоғары мектепте де міндетті пән ретінде енгізілуі теңдессіз роль
атқаруы тиіс.
II. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдаманың
мақсаты:
жоғары оқу орнында болашақ
мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үдерісінің жүйесі мен
ғылыми-әдістемелік қосымшаларын дайындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрауыштары аясында
жоғары оқу орнында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін
қалыптастыру жүйесінің негізгі теориялық қағидаларын әзірлеу.
2. 1 курс студенттеріне арналған «Мәңгілік Ел» оқулығының жүйені
қалыптастырушы пән ретіндегі құрылымы мен мазмұнына қойылатын
талаптарды айқындау.
7
3. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандардың ұлттық
сана-сезімін дамыту (курстар мен жылдар бойынша) міндеттерін жүзеге
асыратын МЖМБС пәндер блогын анықтау.
III. Тұжырымдаманың негізгі ережелері
1.
Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін, патриотизмін,
азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру студенттерге ұлттық
тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі болып табылады.
Ұлттық тәрбие мен білім қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып
табылады.
Сондықтан
болашақ
мамандардың
негізделген,
дұрыс
ұйымдастырылған ұлттық тәрбиесі арқылы қазақ халқының тарихи даму
жолына сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ғана емес, сонымен қоса
Қазақстанның барша халқының даму перспективасын зерделеу қарастырылған.
2. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында болашақ
мамандарға ұлттық тәрбие беру ісі білім алушы жастардың этникалық және
азаматтық барабарлығы деңгейінде ұлттық сана-сезімін жаңғыртумен қоса,
олардың зияткерлік және рухани-шығармашылық әлеуетін барынша арттыруға
деген қоғам сұранысына негізделуі тиіс.
3. Болашақ мамандардың жоғарыда аталған қасиет-сапаларын
қалыптастыруға бағытталған ұлттық тәрбиені «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
аясында зерделеген жөн.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қоғамның рухани өмірінің бір бөлігі
ретінде мән-мағына түзу, этнос қалыптастыру, құндылықтар бағдарын
анықтау, қоғамды біртұтастандыру функцияларын атқарады. Ол ұлт
руханияты, туған халқының тарихи келбеті мен шығармашылық әрекетіне
деген сүйіспеншілік сезім, халықтың рухани күш-қайраты мен рухани
бейімділігіне деген сенім, халықтың төл мәдени болмыс-бітімі мен рухани
миссиясын түйсіне пайымдауы, тарихи жады мен келешек бейнесінің бірлігі
сынды құндылықтарға негізделген.
4. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері: а)
этнос
қалыптастырушы;
ә)
азаматтық;
б)
жалпыұлттық.
Олар
қазақстандықтардың бойында ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, патриоттығы,
азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі
бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.
IV. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері
аясында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру
моделі
8
1. Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері негізінде түзілуі
тиіс:
а) этнос қалыптастырушы – тұлғаның этникалық барабарлығы пен
этникалық әлеуметтенуіне бағытталған;
б) азаматтық – тұлғаның азаматтық барабарлығына бағытталған;
в) жалпыұлттық – болашақ маман тұлғасының зияткерлік және
бәсекеге қабілеттілік сапаларын дамытуға бағытталған.
Болашақ мамандар үшін (мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін) ұлттық
сана-сезімнің үздіксіз дамуы олардың ұлттық мәдениетпен етене бірлікте
тіршілік етіп, ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға иек артуын қажет
етеді.
Тұлғаның этникалық барабарлығы, этникалық әлеуметтенуі деңгейінде
болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ана тілін үйрену, қазақ
халқының тарихымен, рухани және материалдық мәдениетімен, оның ұлттық
ділімен, дүниетаным ерекшеліктерімен, салт-дәстүрімен, құндылықтар
бағдарымен танысу және оларды іс жүзінде басшылыққа алу арқылы жүзеге
асуы тиіс.
Болашақ маманның ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы негізгі
кезеңдер: қазақ халқының, Қазақстанның біртұтас халқының өзіндік тарихы
мен ұлттық мәдениет ерекшеліктері туралы білім мен көзқарас-пайымдарды
игеру кезеңі; эмоционалдық сезім-күйді бастан кешіру кезеңі (Отанды сүю
мен жерге деген қимастық сезімінің қалыптасуы, ұлттық мақтаныш сезімі,
атамекен тағдырына жауапкершілік); қазақ халқына, Қазақстан халқына хас
ұлттық мәдениет құндылықтарын, дәстүрлерін сақтауға бағытталған
этносхема мен қалаулы әрекеттер этномоделінің түзілу кезеңі.
Осыған сәйкес мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін этникалық
барабарлық пен этникалық әлеуметтену деңгейінде болашақ мамандардың
ұлттық сана-сезімін қалыптастыру келесі бейнелі ойды қалыптастыруға
бағытталуы тиіс: «МЕН – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІМІН. Мен қазақ
тілін меңгерген, өз халқының ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін,
қалыптасып, даму тарихын біліп қана қоймай, бірлесіп өмір сүріп жатқан
халықтар мен ұлыстардың тіліне, салт-дәстүрлеріне, ұлттық мәдениеті мен
тарихына құрметпен қараймын. Мен Қазақ мемлекетінде өмір сүретін
халықтар мен ұлыстардың бейбітшілігі, тыныштығы, бірігіп нығаюы үшін
жауаптымын. Мен мұны өз халқымның ұлттық сана-сезімін, ділін өркениетті
түрде дамыту жолы ретінде түйсініп қабылдаймын. Бұл күшті де қуатты
Қазақстан мемлекетінің қалыптасу жолы».
Осы ұстанымға сәйкес Қазақстан ЖОО-ларында оқу-тәрбие үдерісі
ұлттық ерекшелік пен білім мазмұнындағы «ұлттық ерекшелік»
ақтаңдақтарының
орнын
толтыру
қажеттігін
ескере
отырып
ұйымдастырылуы керек. Сонда ғана тұлғаның ұлттық сана-сезімі, ұлттық
сезімі, ұлттық мінезі жайында сөз қозғауға болады.
9
2. Мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін де, өзге ұлт өкілдері үшін де
тұлғаның азаматтық барабарлығы деңгейінде болашақ маманның
ұлттық сана-сезімін қалыптастыру Қазақстанның «Бiз, ортақ тарихи
тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...» деген сөздермен басталатын Негізгі
Заңының кіріспесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан
осында өмір сүретін барша адамдардың, түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің
отанына айналды. Оларды ортақ тарихи тағдыр біріктіреді. Мемлекет
құрушы этностың рухани дүниесі мен ділін түсінуге, тілі мен салт-дәстүрін,
тарихы мен тұтастай ұлттық мәдениетін білуге негізделген өзара сыйластық
сезімінен артық еш нәрсе де әртүрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіре
алмайды.
Мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін де, өзге ұлт өкілдері үшін де
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының азаматтық құрамдас бөлігі аясында
болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру келесі бейнелі ойды
қалыптастыруға
бағытталуы
тиіс:
«МЕН
–
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ӨКІЛІМІН»,
«МЕН
-
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫМЫН». Мен қазақ тілін (мемлекеттік
тілді) үйреніп, меңгеріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық
мәдениетін, қалыптасып даму тарихын біліп қана қоймай, Қазақстанда өмір
сүретін халықтар мен ұлыстардың бейбітшілігі, тыныштығы, бірігіп нығаюы
үшін жауапты екенімді түсінемін. Мен мұны өз халқымның ұлттық сана-
сезімін, ділін өркениетті түрде дамыту жолы ретінде түйсініп қабылдаймын.
Бұл күшті де қуатты Қазақстан мемлекетінің қалыптасу жолы. Мен – осы
мемлекеттің азаматымын».
Осыған байланысты болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру мәселесі
жалпы мен ерекшенің синтезі ретінде қарастырылуы тиіс. Яғни ол тәрбие
тәжірибесіндегі және тәрбие ісіне деген көзқарастағы жалпылық пен
ерекшеліктің диалектикалық бірлігі болып танылуы керек. Осы орайда
жалпылық – қазақ жерінде өмір сүретін барлық халықтарға тән болса,
ерекшелік – нақты бір этносқа, ал аталған жағдайда қазақ халқына тән.
Достарыңызбен бөлісу: |