2
Алтын бесік – Атамекен
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА
ҚҰШАҒЫМЫЗ АШЫҚ
Қазақ халқы – тамырын жеті
қабат жер астына жіберген алып
бәйтеректей, өзегін ғасырлар
тереңіне тартып осынау қасиетті
ұлы даласынан табан аудармай,
дауылдармен алысып, тағдырымен
қарысып, өсіп-өркендеп келе
жатқан байырғы халық. Оның тари-
хы кейбіреулер айтып жүргендей,
кешегі Қазақ хандығы шаңырақ
көтерген XV ғасырдан басталмай-
ды. Хандықтың құрылуы бір басқа,
халықтың қалыптасуы бір басқа.
Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ
ерте замандарда-ақ тұлпарларының
тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген
көне сақтардың, ежелгі ғұндардың,
байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен
үйдің қара шаңырағын атажұртта
сақ тап қалған халық.
Біздер талай-талай оқиғалардың
куәсі болған асқар таулар мен
ұланғайыр даланың түлегіміз. Бұл
– біздің сан буын бабаларымыздың
кір жуып, кіндік кескен жері, кең жа-
зира өңіріміз, атадан қалған байтақ
мұрамыз, алтын босағамыз.
Біз қазақ халқы – мемлекеттің
негізін құрушы, оның тағдырына
жауап беруші, ішіміздегі өзге ұлт
өкілдеріне өнеге көрсететін, барлық
істе бастамашы болуға тиісті ұйыт-
қы халықпыз. Сондықтан үлкен
ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез
көрсете білген жөн...
Дүниеде қазақ деген ұлт біреу,
демек оның ұлттық болмысы, салт-
санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа
тән, оның ғажайып мол рухани
қазынасы да бөліп-жаруға жатпай-
тын ортақ байлық.
Сонымен бірге ата-бабалары-
мыздың бізге тастап кеткен ғажайып
тарихи мұраларына жіті қарап, оны
молайта түсу, әулие-әнбиелердің,
ұлтымыздың зердесіне мәңгі
ұмытылмас асыл перзенттерінің
аруақтарына адалдығымызды
сақтау қажет. Шығысынан баты-
сына дейін, түстігінен терістігіне
дейін батырлардың ізі қалған шек-
сіз-шетсіз қазақ жерінің қасиетін
ортайтпай, оның қазынаға толы
қойнауы мен сулы да нулы
өңірлерінің байлығын келер ұрпаққа
бұзылмаған күйінде қалдырып кету
де біздің ұрпақтың парызы.
ЕЛБАСЫ, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ
ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСТЫҚ
Үстіміздегі жылдың қазан айының 12-13 күндері
Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдас-
тығының құрылғанына 20 жыл толған мерейтой сал-
танатпен аталып өтті. Салтанатқа жиналғандар
Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ әлемдегі барлық қазақ
халқының басын қосу үшін жүзеге асырып жатқан
жұмыстарының ұшан-теңіз екендігін бір ауыздан
атап айтты.
Соған орай, журналымыздың осы санында Елбасының
әлем қазақтарының құрылтайларында қазақ халқының
бүгіні мен болашағы және Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының мақсат-міндеттері туралы
ортаға салған ой-пікірлерін назарларыңызға ұсынып
отырмыз.
Сондай-ақ, журналымызда Қауымдастықтың
20 жылдық мерейтойының бағдарламасы бойынша
жүзеге асырылған іс-шаралар да толығымен жарияланды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
3
Менің елім – Қазақстан
***
Бүгінгі құрылтайдың басты
мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ
қауымының болашағы жөнінде
ойласу, ұлтымыздың тарихындағы
осынау ерекше белестің тұсында
ендігі тағдыр-талайымыздың қалай
өрілетінін талқылау.
***
Осы Құрылтайдың барысын-
да құрылған әлем қазақтарының
орталығына бұл райда көп міндет
жүктелмекші. Ол ұлт өмірін
жан-жақты зерттеп, қазақтардың
әлеуметтік-экономикалық, мәдени,
рухани тыныс-тіршілігіндегі ең
өзекті деген мәселелерді терең
талқылай отырып, тиісті орындарға
нақты ұсыныстар жасауы керек.
Ұлт бірлігін нығайтудың ұйытқысы
болуы керек. Шетелдердегі
қазақтардың өзіндік ерекшеліктері,
талайғы тарихы арнайы зерттеуді
қажет етеді. Бізде жер бетіндегі қазақ
ұлтының тарихы кешенді түрде
зерттеу арқауы болып көрген емес.
Жалпы, бізде қоғамды дамытудағы
тап күресінің орны тым асыра
бағаланатын да, ұлт идеясының мән-
маңызы кемітіліп көрсетілген.
***
Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы өзі құрылғаннан
бергі он жылдың ішінде шетелдік
ағайындармен өмірдің сан-
салаларында қарым-қатынас орнату
жөнінде көптеген игі шараларды
іске асырды. Қауымдастықтың
халықаралық байланыстырға
атсалысуға, шетелдегі мемлекеттік
мекемелермен, қоғамдық
ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге
де мүмкіндіктері бар.
Болашқта бұл мүмкіндіктердің
барынша нәтижелі іске асырылаты-
нына сенімдіміз.
Қазақстан Республикасының
Президенті ретінде шетелде тұрып
жатқан қандас бауырларға екі нәрсе
үшін өзімнің ризашылығымды
білдіремін:
Біріншіден, атажұрттан алыста
жүрсеңіздер де, қазақтың тілін, әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін ұмытпай,
ұлттық сипатты жоғалтпай, бүгінгі
рухани тірлігімізді төл қазына көріп,
байытып, өздеріңіздің Отанға деген
сағыныш сезімдеріңізбен ұлттық
патриотизмге жаңа серпін беріп
отырғандарыңыз үшін сіздерге рах-
мет айтамын!
Екіншіден, қазақ халқының
бойындағы ұлттық қасиеттердің
бірі далалық кеңпейілділік, ақылға
жүгінген шыдам мен сабыр бол-
са, Сіздер сол қасиеттерді көтеру
арқылы өздеріңіз қазір тұрып жатқан
елдеріңіздің саяси тұрақтылығына,
ұлтаралық келісіміне үлестеріңізді
қосып жүрсіздер деп білемін
және сол үшін Сіздерге өзімнің ақ
алғысымды арнағым келеді.
***
Қазіргі кезде шетелдегі
қазақ тармен байланыс жасай-
тын еліміздегі ең басты ұйым
– Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы. Осы орайда
Қауымдастық ұйымдастырған
түрлі бас қосулар, конференция-
лар, «дөңгелек үстел» мәжілістері,
өнер ұжымдарының сапарла-
ры, әр түрлі көрмелер, әсіресе
бірнеше елде өткізілген кіші
құрылтайлар арқылы шеттегі
ағайындар Қазақстанның қанатты
қамқорлығын талай рет сезіне алды.
Мысалы, Германияның Кельн,
Берлин, Швецияның Вестерос,
Түркияның Ыстамбұл қалаларында,
Ресейдің Алтай Республикасындағы
Қосағаш ауданында өткізілген
кіші құрылтайлардың бәрінен
де үнемі хабардар болып, Елба-
сы ретінде, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының төрағасы ретінде
құттықтау жолдап отырдым.
***
Қадірлі қауым!
Қазақстан – дүниедегі әр
қазақтың қастерлі құбыласы!
Қазақстан – әлемдегі барша
қазақ тың құтты қарашаңырағы!
Қазақ баласы дүниенің қай
түк пірінде жүрсе де тұтас қазақ
халқының бір бөлшегі екенін біз еш
уақытта ұмытпауымыз керек.
Алаштың айбыны, бар қазақтың
ортақ Отаны – Тәуелсіз Қазақ елі
мәңгі жасасын!
4
Алтын бесік – Атамекен
БИІК БЕЛЕС,
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ
Тәуелсіздік алғаннан бергі жиыр-
ма жыл ішінде Қазақстанда ұшан-
теңіз игі істер жүзеге асырылды.
Яғни, осы кезеңде Қазақ елі бүкіл
әлемге кеңінен танымал болып, эко-
номикасы, мәдени-рухани деңгейі
барынша дамыған іргелі мемлекет-
ке айналды. Қазақ халқы шынайы
егемендікке ие болып, бостандық
туралы сан ғасырлар бойы аңсаған
арманына қол жеткізді. Еліміздің
бұрын-соңды болмаған мұндай
дәрежеге көтерілуі ең алдымен
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаевтың ерен еңбегінің
нәтижесі екендігі даусыз. Бұл ретте,
Елбасының әлемнің әр түкпірінде
шашырап жүрген қазақтардың ба-
сын қосу жөніндегі қолға алған
іс-шараларының маңызы ерек-
ше. Президентіміз егемен елдің
тізгінін ұстаған алғашқы сәттен
бастап Қазақстаннан сырт жерлер-
де тұратын қазақтарды атажұртқа
жинауға айрықша көңіл бөлді.
Бұл ретте 1992 жылдың қыркүйек
айында Алматы қаласында өткен
Дүниежүзінің тұңғыш құрылтайын
ерекше айта кеткеніміз жөн.
Бұл құрылтайда Дүниежүзі
Құрметті отандастар, қадірлі меймандар!
Баршаңызды Дүниежүзі қазақ тарының
қауымдастығының құрыл ғанына 20
жыл толу мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын!
Қауымдастық тәуелсіздік жылдарын-
да алыс-жақын шетелдерде тұратын 5
миллионға жуық қазақ диаспорасымен
мәдени-рухани салада жан-жақты бай-
ланыс жасап, жемісті жұмыс атқарып
келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтары
қауым дастығының төралқа Төрағасы
ретінде шетелдердегі ағайындармен тығыз
қарым-қатынас орнату жөніндегі тапсыр-
маларын Қауымдастық ұжымы абыроймен
орындап келе жатқанын ризашылықпен
атап өтемін.
Осындай іскерлік қызметінің
нәтижесінде Қауымдастық жер жүзінің әр
қиырында жүрген бүкіл қазақтың басын
бір ортаға қосатын, қажетті жағдайда
оларға қолдау көрсетіп, қамқорлық жа-
сайтын қара шаңыраққа айналды. Жи-
ырма жыл ішінде әлем қазақтарының
төрт құрылтайы табыспен өтті. Еуропа
мен Азияның белгілі мемлекеттерінде
қандастарымыз кіші құрылтайларда бас
қосуды дәстүрге айналдырды.
Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы аңсаған арманын
толығымен жүзеге асырып, тәуелсіз
мемлекетіміздің іргесін мықтап бекіттік.
Қазақстанның аты әлемге танылып, белгілі
елдермен терезесін теңестірді. Сондықтан
да әлемдегі әрбір қазақ қай жерде жүрсе
де өзінің атажұрты – Қазақстанды ерекше
қадірлеп, мақтан тұтатыны заңды.
Мемлекетіміз алдағы уақытта да шет-
тегі ағайындарға қамқорлық пен қолдау
көрсетуді жалғастырып, бұл жұмысты
сапалық жаңа деңгейге көтере бермек.
Оны жүзеге асыруда Дүниежүзі қазақтары
Қауымдастығына жауапты міндеттер
жүктелді. Қауымдастық бұл міндеттерді де
абыроймен атқарады деп сенемін!
Той тойға ұлассын, қадірлі ағайын!
Әрқашан жақсы күндерде, ортақ
қуаныштарда басымыз қосыла берсін!
Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы:
қазақтарының қауымдастығы
құрылып, оның Төралқа Төрағасы
болып Елбасымыз сайланған
еді. Міне содан бері зымырап
20 жыл өтіпті. Осыған байланы-
сты үстіміздегі жылдың қазан
айының 12-13 күндері Алматы
қаласында Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының 20 жылдық ме-
рейтойы салтанатпен аталып өтті.
Мерейтойға 20-ға жуық елден қазақ
диаспорасының өкілдері келіп
қатысты.
Мерейтойға келген қонақтарды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар
Құл-Мұхаммед қабылдап, Қазақстан
Республикасының шетелдердегі
қазақ диаспорасымен байланыс
жасауда жүзеге асырып жатқан
игі істерін кеңінен әңгімелеп,
Елбасының бұл жөнінде алға қойған
міндеттері мен тапсырмаларын жан-
жақты таныстырды.
Мерейтойдың салтанатты ашы-
луы қарсаңында алыс-жақыннан
келген қонақтар Тәуелсіздік
ескерткішіне гүл қойып, бостандық
жолында құрбан болған асылдардың
рухына тағзым етті.
Мерейтойдың алғашқы күні
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
5
Менің елім – Қазақстан
Алматыдағы Ғалымдар үйінде «Этни-
калық қазақтардың репатриация-
сы Қазақстан мемлекеті көші-қон
саясатының құрамдас бөлігі ретінде:
жетістіктері, мәселелері мен оларды
шешу жолдары» атты Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция-
мен ашылды.
Конференцияға ҚР Президенті
Әкімшілігінен, ҚР Мәдениет және
ақпарат, Білім және Ғылым, еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау,
Сыртқы істер министрліктерінен,
ҚР ІІМ Көші-қон полициясы
комитетінен өкілдер, ғалымдар
мен ЖОО-ның ұстаздары, мұрағат
қызметкерлері шақырылды және
20 мемлекеттерден қазақ мәдени
орталықтарының басшылары
қатысты.
Конференцияның ұйымдастыру-
шылары – Дүниежүзі қазақтары
қауымдас тығы, ҚР Білім және
ғылым министрлігі Ғылым коми-
тетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы та-
рих және этнология, Р.Б. Сүлейменов
атындағы шығыстану, М.О. Әуезов
атындағы әдебиет және өнер, Фило-
софия, Саясатану және дінтану ин-
ституттары. (Бұл конференция тура-
лы журналымыздың келесі санында
кеңінен әңгімелейміз)
13 қазан күні сағат 11.00-де Алма-
ты қаласындағы М.Әуезов атындағы
Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театрында ҚР Мәдениет
және ақпарат министрлігі Тіл
комитетінің қолдауымен Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының
құрылғанына 20 жыл толуына
арналған салтанатты мерекелік
шара басталды. Мерекелік шара
бағдарламасы аясында «Атамекен
және шетелдегі қазақ жастары»
атты халықаралық өнер фестивалі,
«Атамекенді аңсау» атты деректі
фильмнің тұсаукесері және
Қазақстанның өнер жұлдыздарының
қатысуымен мерекелік концерт
ұйымдастырылады.
Өнер фестивалі жыр мүшәйрасын,
қолөнер көрмесін және термешілер
сайысын қамтыды. Қазылар
алқасының іріктеуіне алдын ала
келіп түскен жас таланттардың
өлең-жырлары мен гобелен және
сәндік қолданбалы өнер туындыла-
ры көпшілікке ұсынылды. Фести-
валь театр фойесіндегі қолданбалы
өнер көрмесімен басталып, одан әрі
ақындардың жыр мүшәйрасымен,
термешілер сайысымен жалғасты.
Ал салтанатты шара Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы Төралқа
Төрағасының бірінші орынбасары
Талғат Мамашевтың ауқымды ба-
яндамасымен басталып, шетелдегі
қазақ диаспорасы өкілдерінің мере-
келік құттықтауларымен жалғасты.
Сөз реті келгенде Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының
құрылғанына 20 жыл толуына орай
оннан астам түрлі басылымдар
жарық көргенін де айта кеткеніміз
жөн. Бұлардың ең бастысы – «Қазақ
көші – қазақтың қауымдасуы» атты
жинақ. Басылым Қазақстан Рес-
публикасы Президенті мұрағаты
құжаттарының жинағы, мұнда
Дүниежүзі қазақтарының құрылуы
6
Алтын бесік – Атамекен
мен қызметі, қазақ диаспорасының
әлеуметтік-экономикалық және
мәдени даму мәселелері, этникалық
көші-қон, қазақстандық қоғамға
1991–2012 жылдар ішінде оралман-
дардың бейімделуі мен қалыптасу
кезеңдері көрсетілген.
Жинаққа қазақ және орыс тіл-
дерін де барлығы 213 құжат енген.
Оның ішінде ҚР Президентінің
қаулылары, жарлықтары, баяндама-
лары мен үндеулері, ҚР Үкіметінің
қаулылары және ҚР Премьер-
министрінің өкімдері, ҚР Премьер-
министрінің, мемлекеттік орган
басшыларының ҚР Президентіне, ҚР
Президенті Әкімшілігінің басшысы-
на, ҚР Президенті жанындағы Бас
бақылау инспекциясына көші-қон
саясаты, оралмандарды орналастыру
мен бейімделуі жағдайына байла-
нысты мемлекет басшысының тап-
сырмаларын орындау барысы жайлы
хаттары, баяндамалары мен есептері
бар. Жинақ Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
еліміздің сырт жерлердегі қазақ-
тармен байланысының нығаюы,
шетелдік ағайындардың тарихи от-
анына қоныс аударуының барынша
көбеюі жолындағы айтулы рөлін
Президент мұрағаты қорындағы
құжаттар көмегімен жан-жақты
ашып көрсетуді мақсат еткен.
Басылым ҚР Мәдениет және ақ-
парат министрлігі Тіл комитетінің
қолдауымен шығарылды.
Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында
ҚР Мәдениет және ақпарат министр
лігінің мемлекеттік тап сы ры сы
бойынша шетелдегі қа зақ ақын-
жазушыларының 12 кітабы жарыққа
шықты. Олар: Жаңжұңұлы Кәкейдің
«Жауқазын», Қайысқан Тәпейдің
«Сексеуілдің шоғы», Мүбәрак
Қойшыбектің «Жат құшақ»,
Әлімгереев Өтепбергеннің «Еділ
жайлаған қазақтар», Жұмабайұлы
Байахметтің «Күй – шежіре»
Мұстақи Сайламқанның «Арманның
алыс аралы», Сәдуақасұлы Сәлидің
«Ақ лақ», Дүйсебаев Бәйтіктің
«Жыр желкені» жинақтары.
Қауымдастықтың 20 жылдық
мерейтойына арналған тартымды
жинақтардың бірі – «Ұлттың ұлы
жиыны» деп аталады. Бұл жинаққа
Дүниежүзі қазақтарының IV
құрылтайы құжаттары мен матери-
алдары енген.
Дүниежүзі қазақтары қауымдас-
тығының 20 жылдығына орай «Ал-
тын бесік» журналы мен «Туған
тіл» альманағының арнайы сандары
жарық көргенін де айта кеткеніміз
жөн.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық
әл-ауқат қоры» АҚ-ның демеу-
шілік қолдауымен жарық көрген
«Қазақстан қоғамының дамуы-
на қандастарымыздың қосқан
үлесі» атты жинақ та Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының
құрылуының 20 жылдығына орай
өткізілген республикалық ғылыми-
практикалық конференция матери-
алдарын қамтиды. Қорыта айтқанда
Дүниежүзі қазақтарының 20 жылдық
мерейтойы жан-жақты дайындықпен
қолға алынып, барынша сапалы,
жоғары деңгейде өтті.
Енді сөз кезегін салтанатты
мерейтойға қатысушыларға береміз!
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ
ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАЛҚА
ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ
ОРЫНБАСАРЫ МАМАШЕВ
ТАЛҒАТ АСЫЛҰЛЫНА
Құрметті Талғат Асылұлы!
Қазақстан Республикасының
Президенті, бүкіл әлемдегі қазақ-
тардың көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың бастама-
сымен құрылған Дүниежүзі қазақ-
тарының қауымдастығы бүгінгі
күндері 20 жылдық мерейтойын
үлкен салтанатпен өткізіп отыр.
Қауымдастық аз ғана мезгілде
толағай табыстарға қол жеткізді,
төрт рет Құрылтай өткізіп, дүние-
нің әр түкпіріне тарыдай шашырап
кеткен қандастарымыздың басын
біріктірді, қамқорлығына алды.
Енді міне тарихи отанымыз -
қасиетті Қазақстан алыста жүрген
ағайынның таянар тауына, оралып
табатын темірқазығына айналды.
Елбасымыздың тікелей жетек-
шілігімен жүзеге асып жатқан
ора сан зор істердің басында Өзіңіз
және ұжымыңыз бар.
Қырғызстандағы қазақ диас-
порасының атынан Сіздерді бәрі-
мізге ортақ мерейтоймен шын
жүректен құттықтаймын, еселі
табыс, қажымас қайрат тілеймін!
Серіқұл ҚОСАҚОВ,
Қырғызстан қазақтары
қауымдастығының Төрағасы,
Қырғызстан халықтары Ассамблеясы
Төрағасының орынбасары
7
Менің елім – Қазақстан
лекет атанды дегенді
естісімен отанға
оралуға, атамекен-
дерімен қарым-қатынас
орна туға асықты. Осы
тұста егемендігін жаңа
алған жас мемлекетте
әлемнің әр түкпіріне
тарыдай шашылған
қандастарының басын
қосып, елге шақырумен
айналысатын, олардың
рухани-мәдени қажет-
теліктеріне қызмет
ететін ұйым құру басты мәселе
болып алға қойылды. Сөйтіп, 1992
жылы Елбасының тікелей қол-
дауымен әлем қазақтарына қызмет
ете тін Дүниежүзі қазақ тарының
қауымдастығы шаңырақ көтерген
болатын. Міне, содан бері 20 жыл
Аса қадірлі ағайын! Қымбатты
қандастар!
Дүниежүзі қазақтары қауымдас-
тығының 20 жылдық мерейтойына
қош келдіңіздер!
Жүйрік уақыт бәрімізді өз деге-
ніне көндіріп, зымырап өтіп жатыр.
Былтыр ғана ел болып Қазақстанның
тәуелсіздігіне 20 жыл толуын дү-
ріл детіп тойлаған едік. Сол ерен
егемендіктен кейін тәуелсіз мем-
ле кеттің тұңғыш Президентінің
төрағалығымен күллі дүниедегі
қазақтардың басын біріктіріп, ата-
баба үрдісімен Дүниежүзі қазақ-
тарының бірінші Құрылтайы өткені
әлі күнге бәріміздің жадымызда.
Әлемге тарыдай шашылған қандас-
тарымыздың басы бір арнаған
тоғысып, көздерінен қуаныш жа-
сын төгіп, көңілдері босап, туған
топырақты құшуға ынтазар болған
ағайын осыдан 20 жыл бұрын қазақ
жеріне алғаш қадам басты. Сол
Құрылтай жиынының куәсі болған
Швециядағы Абдулла Шағатай,
Австриядағы Қызырхан Шолпан,
Германиядағы Әбдірахман Шетин,
Қырғызстандағы Серіқұл Қосақов
сынды бауырларымыз бүгінгі ме ре-
кеде де ортамызда отыр. Дүниежүзі
қазақтарының алғашқы Құрылтайы
кезінде Елбасының төрағалығымен
құрылған ұйым – Дүниежүзі қазақ-
тары қауымдастығы 20 жасқа толды.
Торқалы мерекені тойлауға бүгін
алып шаһар Алматы ға дүниенің төрт
бұрышынан қандас тарымыз жиыл-
ды.
Шетелдегі қандастарымыз тура-
лы айтар болсам, қазіргі кезде өзге
елде өмір сүріп жатқан қазақтардың
жалпы саны ұлтымыздың үштен
бірін, яғни 5 миллионнан астам
адамды құрайды. Олар әлемнің
Талғат МАМАШЕВ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төралқа төрағасының бірінші орынбасары
ҚАЗАҚТЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН
ҚАУЫМДАСТЫҚ
40-тан астам елінде өмір сүріп
жатыр. Қазақ тарихындағы түрлі
қиын-қыстау замандарда елді та-
стап көшуге мәжбүр болған, ше-
кара бөлінісі кезінде еріксізден
шетелде қалып қойған қазақтардың
ұрпақтары Қазақстан тәуелсіз мем-
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
8
Алтын бесік – Атамекен
уақыт зымырап өтіп те кетіпті.
Осы кезеңдерде Қауымдастықтың
атқарған ісі мен өткен өткелдерінің
куәсі болып шежіреміз қалыптасты.
Біздің аз ғана тарихымыз
сырттағы ағайын үшін айтулы
тарихи уақиғаларға толы. Осы
күні Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы ел білетін, билік са-
насатын, алыс-жақын шетелдердегі
қазақтардың атамекендеріндегі
қасиетті қара шаңырағына айнал-
ды. Қауымдастық өзінің күнделікті
жұмысын Президент Әкімшілігінің
Ішкі саясат бөлімімен, ҚР Мәдениет
және ақпарат министрлігі және оның
Тіл комитеті, Білім және ғылым
министрлігі, Ішкі істер министрлігі,
Сыртқы істер министрлігімен
тығыз байланыста атқарып келеді.
Қазақстанның өзге елдермен ше-
каралас Атырау, Ақтөбе, Павлодар,
Оңтүстік Қазақстан, Алматы об-
лыстары мен Астана қаласында
Қауымдастықтың филиалдары
жұмыс істейді.
20 жыл ғұмыры бар Қауымдас-
тықтың қазақ халқы үшін атқарған
қызметі бүгінгі торқалы тойда
атап өтуге лайық. Біз оны жарты
әлемге жар сала, мақтанышпен жа-
риялай аламыз. Сол қызметтердің
бірі де бірегейі – Президент
Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей
қолдауымен өтетін Дүниежүзі
қазақтарының Құрылтайы. 20 жылда
Қауымдастық әлем қазақтарының
төрт Құрылтайын өткізді. Олардың
бәрінің өту орны да қазақ елінің
тарихи дамуына тікелей қатысты
Түркістан, Алматы, Астана сынды
қалаларда белгіленіп келеді. Бұл рет-
те Қазақстанның тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшан-теңіз
зор еңбегін атап айтуға тиіспіз. Ел-
басы тәуелсіз мемлекеттің тізгінін
қолына ұстаған алғашқы күннен
бастап халқымыздың ежелгі асыл
мұраларын, қадір-қасиетін қайта
жаңғыртып, ұлт ретінде түлетіп,
жаңа деңгейге көтеруге бар күшін
салды. Дүниежүзінде мекен ететін
қазақтардың басын қосып, атажұртқа
көшіріп әкелуге де айрықша көңіл
бөлді.
Дүниежүзі қазақтарының қа-
уым дастығы Қазақстанда ғана
емес, Еуропада, Ресейде, Орта
Азия мемлекеттерінде өтетін Кіші
құрылтайларға да белсене атсалы-
сып келеді. Құрылтайлармен қоса
шеттегі қазақтардың түйткілді
мәселелерін талқылауды және
шешу жолдарын іздеуді көздейтін
дөңгелек үстелдер, ұлттың төл
мерекелерін тойлауға арналған Ұлыс
тойы – Наурыз секілді жиындар
өтіп тұрады. Қауымдастық осын-
дай барлық шараның басы-қасында
жүріп, жәрдем беруінің арқасында
Қазақстан мен шетел қазақтарының
үздіксіз байланысы жаңғырған
үстіне жаңғыра түсуде.
Сол сияқты жыл сайын Алматы-
дағы Қауымдастық үйінде шетелдегі
қазақ мәдени орталықтарының
өкілдерін жинап, қазақ диаспора-
сы мәселесіне байланысты жиын-
дар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-
практикалық конференциялар
өткізуді дәстүрге айналдырдық. Біз
осы шаралар кезінде талқыға түскен
мәселердің өз шешімін табуына бар
күш-жігерімізді салып келеміз.
Біздің ұйым шетелдегі қазақ-
тармен арадағы мәдени байланыс-
пен ғана шектеліп қалған емес.
Бүгінгі таңда Қауымдастық Қазақ-
стан Республикасының көші-
қон саясатына өз үлесін қосуда.
Қазақтың көші-қоны – мемлекеттік
саясатының бір парасы. Қазіргі кезде
Қазақстан үшін бұл мәселенің орны
айрықша. Соған арналып елімізде
Елбасының бастамасымен «Нұрлы
көш» бағдарламасы да қабылданды.
Бағдарламаның тиімділігі жыл өткен
сайын дәлелденіп, бүгінге дейін
атажұртқа оралған ағайындарға
осы бағдарлама негізінде көмек
қаржы, яғни квота да беріліп келді.
Осы уақытта этникалық көші-қон
квотасының саны 20 мың отбасы-
на жетіп, тек тәуелсіздік алғаннан
бергі жылдардың өзінде елімізге бір
миллионға жуық қандастар көшіп
келді. Осы жылдарда Қазақстандағы
қазақтар санының 65 пайызға
өсуіне оралман ағайынның қосқан
үлесі ерекше. Олардың арасын-
да халық санының өсуінде ғана
емес, еліміздің экономикалық-
әлеуметтік жаңғыруына, білім
мен ғылымның, мәдениет пен
әдебиеттің, ауыл шаруашылығы
мен бизнестің дамуында зор рөл
атқарған қандастарымыз бар. Оған
нақты дәлелді көптеп келтіруге бо-
лады. Қазақстанның Халық әртісі
Майра Мұхамедқызы, Қабылаш
Әбікей, Шұғыла Сапарғали, Тілеубек
9
Менің елім – Қазақстан
сөйлетіп жүрген жазушы-аудармашы
Дүкен Мәсімхан, тарихшы Бахыт
Еженхан, спортшы Қанат Ислам,
кардиохирург дәрігер Сейітхан
Жошыбаев, айта берсек танымал
адамдар жетіп артылады. Бір сөзбен
айтқанда, сырттан келген қандастар
– біздің генофондымыз. Бетке ұстар
азамат-азаматшаларымыз, бар
байлығымыз. Олар атажұртымен
мақтанса, біз оларды мақтан
тұтамыз. Осы ретте ақын Мұратхан
Шоқанның:
Саған келдім, атажұрт,
Қаңғырып келген ұл деме.
Тұяғы тозған тұл деме,
Қызығып келіп тұрғам жоқ,
Үлде менен бүлдеге.
Саған қарай сүйрейді,
Қанымдағы бірдеңе, – деген өлең
жолдарын мысалға келтіріп, атының
басын атажұртына бұрғысы келетін
ағайынға дем берсем деймін.
Мемлекеттің халқына деген
жанашырлығының негізінде жүр-
гізіліп жатқан көші-қон саясаты
елдің дамуына, халық санының
өсуіне, беделдің биіктей түсуіне
ықпал жасауда. Өзекті мәселелер дер
кезінде көтеріліп, соның арқасында
Қазақстан адам құндылығының
бағасы жоғары елдердің біріне ай-
налды. Дегенмен, әр істің өзіне тән
осал тұстары да болатыны жасырын
емес. Бұған қатысты сын-пікірлер
отандық баспасөз беттерінде жа-
зылып та, айтылып та келеді. Осы
аталған көші-қон мәселесінде де
бүгінге дейін әлі піспеген, толық
жетілмеген мәселелер толып жа-
тыр. Олар шетінен реттеліп келеді,
алдағы уақытта да соны бір ізге
түсірудің жолдары жасалады деп
сеніммен айта аламыз. Тек кешеге
дейін қазақтардың көші-қонымен ай-
налысып келген Көші-қон комитеті
бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің
құрамына өтіп, бұл жұмыс біраз
уақытқа тұралаңқырап қалды.
Әрине, ұлттық құндылығымызды
ұлықтаумен айналысатын ұйымның
өз алдына дербестікке ие болып,
басталған істі сол қарқынмен қайта
жалғастыра берсе деген тілек бізде
жоқ емес.
Көші-қон деген түсініктен біз-
дің санамызда халықтың жаппай
көшіп-қонуы, мекен ауыстыруы,
елге бытырай оралуы деген көрініс
келеді. Алдағы Қазақстанның
ұстанған көші-қон саясаты бұдан
бөлек. Оның басты мақсаты – көшті
арнайы өлкелерге бағыттау, орал-
ман ағайынның елге келгендегі
орналасу орнын белгілеу, арнайы
экономикалық жүйе құру. Бір
сөзбен айтқанда, Үкіметтің көші-
қон саясатының астарында арнап
қоныстандыру жатыр. Қазақстанның
жер көлемі кең, кей аймақтарда
Қожанов, Еркін Ергенұлы сынды
өнер майталмандарының есімі елге
етене таныс. Осы қазір ортамызда
отырған Ресейден оралған бауы-
рымыз, экономика ғылымдарының
кандитаты Қайнолла Қасеновтың
Қазақстанның мұнай саласына
қосқан үлесі ұшан-теңіз. Атап
айтсақ, ол «Қазақгаз» ұлттық газ
компаниясында вице-президент,
«Қарашығанақ газ өндірісі» ком-
паниясында бас директор, «Қазақ
мұнай құбыры» ұлттық мұнай
компаниясында президент лауа-
зымдарында қызмет атқарды, Батыс
Қазақстан облысы Бөрілі ауданының
әкімі болып та жұмыс істеген.
Шетелдегі қандастарымыздың
арасында өзге елде жүріп те өз
кәсібін дамытып, бизнес пен эко-
номика саласында зор биіктерге
жеткендер бар. Жуырда алып
империя саналатын Қытайда да
өз кәсібін жандандырып жүрген
қандастарымыз туралы кітап
та шығарылды. Сол туындыдан
біздің ағайындардың өзге елдегі
жетістіктері туралы молынан
ақпарат алуға болады.
Одан бөлек бүгінгі таңда ше-
телден оралған ағайындардың
арасынан 70-тен аса ғылым док-
торы, 300-дей ғылым кандидаты
шықты. Төл әдебиетімізде біртума
шығармаларымен өз бағасын алып
үлгерген қандастарымыз қаншама?!
Отанға оралып, қазақтың өнеріне,
әдебиетіне, ғылымына үлес қосып
жүрген, талантымен көпшіліктің
көзайымына айналған ағайын өз
алдына бөлек әңгіме. Мәселен,
белгілі ғалым, этнограф Зардыхан
Қинаятұлы, ғалым, жазушы Мұртаза
Бұлұтай, Ислам Жеменей, Досан
Баймолда, Қытай әдебиетін қазақша
10
Алтын бесік – Атамекен
халық тым тығыз орналасқан болса,
енді бірінде халық әлдеқайда аз.
Кей өңірлердің өндірістік орындары
жұмыс күшінің жетіспеуінен алға
жылжымауда. Осының бәрін есеп-
ке ала отырып, Қазақстан Үкіметі
алдағы уақытта
көші-қон саясатын
қайта жүйелеп, жаңа
жоспар жасақтамақ.
Мұны кейбір
дереккөздерде дұрыс
түсінбеушіліктер
кездесуде. Олардың
арасында Қазақстан
көшті толықтай
тоқтатты, сырттағы
ағайындар енді елге
көшіп келе алмай-
ды деген жаңсақ
пікірлердің бар екені
рас. Бұл қате түсінік, қазақ көші
тоқтаған жоқ, ешқашан тоқтамайды
да. Атажұртыма ораламын де-
ген ағайынға Қазақстанның есігі
әрдайым ашық! Оралмандарға көмек
болашақта өз жалғасын табатынына
біз сенім білдіреміз.
Қазақстан Үкіметінің шеттегі
ағайындарға қатысты тағы бір
мәселесі – шетелдегі қазақ жас-
тарының оқу-білімі. Жастар біздің
болашағымыз, ел тізгінін ұстар
ертеңіміз. Олардың өз отанында
білім алуы, туған жерінде еңбек етуі
үшін мемлекетте бар жағдай жаса-
луы керек. Еліміздің Жоғары оқу
орындары осы істі алға жылжытуға
өз үлестерін қосып келеді. ҚР
Білім және ғылым министрлігінің
жанынан оралман жастарды оқуға
қабылдауға арналған комиссия
құрылды.
Осы тұста шетелден келген
орал ман жастардың оқу-білім
мәселесінде қиындықтардың ба-
рын мойындаймыз. Мысалы,
бала лардың басым көпшілігі
бастауыш және орта мектептер-
де басқа тілде, басқа жазу, басқа
бағдарламалармен оқып келеді.
Сол себепті жастар Қазақстанда
арнаулы және жоғары білім алуын-
да қиындықтарға тап болып жата-
ды. Оған қоса олар келген елінен
алған білімі туралы құжаттарын
куәландыруы да керек. Бұл Білім
және ғылым министрлігінің та-
лабы. Біздің ойымызша, аталған
мәселе болашақта министрліктің
құзырымен реттеліп, шешілуі қажет.
Сондай-ақ биыл жыл сайынғы үрдіс
бойынша 29 қыркүйекте Қазақстан
Республикасының Білім және
ғылым министрлігінде шетелдегі
қазақ диаспорасы өкілдерін ҚР
жоғары оқу орындарының дайындық
бөлімдеріне қабылдауға арналған
Республикалық комиссияның оты-
рысы өтті. Емтихан нәтижелері бой-
ынша 1138 этникалық қазақ оқуға
қабылданды. Бір өкініштісі білім
алуға талап білдірген
жастардың саны бұдан
әлдеқайда көп. Негізінен,
жоғары оқу орнына
арналған сынақтан өте
алмай қалған жастар
келген бағытымен кері
қайтпай, білім деңгейіне
сай кәсіптік мамандық
беретін арнаулы оқу
орындарына түсіп,
оқуын жалғастыруы тиіс.
Тіпті оралман жастарға
арналған арнайы кол-
ледждер ашу Білім және
ғылым министрлігінің
тікелей араласуымен жүзеге асатын
мәселе. Қауымдастық іргелі ұйым
ретінде оралман жастардың дарынын
ұштауды қолға алып, бірнеше жыл
бойы жас таланттарға арналған фе-
стивальдер де ұйымдастырып келеді.
Сол фестивальдердің жеңімпаздары
бүгінде өнердің әр саласы бойын-
ша елімізді шетелдерге танытып
жүр. Қауымдастықтың суретшілер
фестиваліне қатысушы жастардың
әлемнің көптеген елдерінде жеке
көрмелері де өтті. Ақындарымыздың
шығармалар жинағы шығып, респу-
блика көлемінде танымалдылығы
артуда. Біз өзіміздің осы игі ісіміздің
жемісін көріп жатқанымызға
қуаныштымыз. Осы мерейтой ая-
сында да жас ақындар, термешілер
және қолөнер иелерінің сайысы
ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды
мәселе – шетелдегі қазақ мәдени
орталықтарына қолдау көрсету.
Қазіргі таңда әлемнің 40 елінде
32 қазақ мәдени орталығы
белсенді жұмыс істейді. Олардың
Қазақстанмен арадағы байла-
нысы Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы арқылы жүзеге асу-
да. Шетел қазақтарының болашақ
жағдайы сол елдердегі Қазақ мәдени
орталықтарының жұмысына тікелей
байланысты. Мәдени орталықтардың
жемісті жұмысы – ағайындардың
ұлттық-рухани түйткілдерінің оң
шешім табуына себеп. Әрине, бұл
үшін Қазақстан тарапынан оларға
11
Менің елім – Қазақстан
нақты көмек қажет. Бүгінгі таңда
өркениетті елдердің көбі шетелдегі
ұлттық мәдени орталықтарына бюд-
жеттен арнайы қаржы бөліп, нақты
қолдау жасауда. Өркениеттің кемел
көшіне ілескен Қазақстан да бұл
мәселе назар аударуды қолға алды.
Мысалы, осы жылы Данияның
Аархус қаласында өткен Еуропа
қазақтарының Кіші құрылтайын
ұйымдастыруға «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл-ауқат қоры» қаржылай
демеушілік көрсетті. Алдағы
уақытта да бұл үрдіс өз жалғасын
тапса, біздің шеттегі ағайымен
арадағы мәдени-рухани байланы-
сымыз артып, қамқорлығымыз
қарқындай түседі деп есептейміз.
Тек қана Құрылтайлар
ұйымдастырумен шектелмей, жүйелі
түрде қазақ тіліндегі фильмдер,
кітаптар мен журналдар секілді
рухани қажеттілікті қамтамасыз
ететін құралдар жеткізу мәселелері
де қолға алынса нұр үстіне нұр
болар еді.
Өйткені бүгінгі таңда шетелдегі
қандастарымызды, соның ішінде
қазақ жастарының ана тілі мәселесі
басты орында тұр. Өзге тілде
өсіп-жетіліп, басқа тілде білім
алғандықтан, біз оларға уәж айта ал-
маймыз. Жастар ана тілінен, ұлттық
дәстүр-салттан алыстап бара жатыр.
Саналарына сәуле себетін ананың
сүтімен берілетін тілді білмеуі
– ұлтымыздың ертеңі үшін аса
қауіпті. Қауымдастықтан шығатын
«Алтын бесік», «Туған тіл» журнал-
дарынан өзге де басылымдар мен
оқулықтарды алыстағы ағайынға
жеткізу жолдары нақты шешілмеген.
ХХІ ғасыр – ғаламтордың
шарық тап дамыған кезеңі. «Айшы-
лық алыс жерлерден, жылдам
хабар алғызған» ғаламтор біздің
шетел дегі қандастармен қарым-
қатынасымыздың жеделдеуіне, бір
сәтте хабар алмасуымызға септігін
тигізуде. Болашақта Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының жеке
веб-сайтын одан әрі жандандырып,
сырттағы қазақтарға Қазақстанның
ақпараттарын ғаламтор желісі
арқылы жеткізуді, елдегі болып
жатқан жаңалықтармен бөлісуді
қолға алуға ниеттіміз. Қалай
болғанда да біздің міндетіміз –
шетелдегі қазақтардың ертеңіне
алаңдау, ана тілінен түбегейлі ажы-
рап кетуіне жол бермеу, атажұртпен
байланысына ұйытқы болу.
Шетелдегі қазақ диаспорасын зерт-
теп, ғылыми басылымдар шығару,
оны сырттағы ағайынның өздеріне
тарату арқылы Қазақстанның
қандастар мәселесіне бей-жай
қарамайтынын, олардың тағдырына
алаңдайтынын дәлелдеу де біздің
негізгі ұстанған бағытымыз.
2011 жылы Астанада өткен
Дүниежүзі қазақтарының төртінші
Құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы: «Құрылтай тойласуға
емес, ойласуға арналған жиын» де-
ген болатын. Менің де айтпағым,
шетел қазақтарының тағдырына
қатысты жоғарыда көтерілген
мәселелер өз шешімін күтіп тұр.
Сондықтан бүгін 20 жылдық ғұмыры
бар Қауымдастық ел тізгінін ұстаған
билік орындарына осы аталған
мәселелерді жеткізуді өз парызы са-
найды. Жеткізіп қана қоймай, оның
шешу жолдарын бірлесіп іздеуге де
атсалысады.
Қадірлі жамағат! Күллі дүниедегі
қазақтың құтты қара шаңырағы
атанған Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы қашанда әлем
қазақтарының тағдырына қызмет
етуге дайын. Әлемдегі қазақтар
– Қазақстанның баға жетпес
байлығы! Елбасының төртінші
Құрылтайда халыққа арнаған сөзінде
айтылғандай, Қазақстан – дүниедегі
әр қазақтың қастерлі құбыласы.
Шетелдегі қандастарымызға ай-
тарымыз – қазақ баласы дүниенің
қай түкпірінде жүрсе де тұтас қазақ
халқының бір бөлшегі екенін біз
ешуақытта ұмытпауы керек.
Қымбатты қандастар!
Барлығыңызды Дүниежүзі қазақ-
тары қауымдастығының мерейлі
20 жылдығымен шын жүректен
құттықтаймын!
Осы жиынға алыстан ат терлетіп
келген ағайынға алғысым шексіз!
Сырттағы қандастар мен Қазақстан
арасындағы рухани сабақтастық
жалғаса берсін! Мәртебелі ұлтымыз-
дың мерейі асқақтап, ХХІ ғасыр –
қазақтың алтын ғасырына айналсын!
Алаштың айбыны, бар қазақтың
ортақ отаны – Тәуелсіз Қазақ елі
мәңгі жасасын!
Той құтты болсын!
12
Алтын бесік – Атамекен
Достарыңызбен бөлісу: |