Уақап ҚЫДЫРХАНҰЛЫ,
жазушы, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері
Қауымдастықтың құрылуына
негіз болған әрі шеттегі қазақтарға
тұңғыш мемлекеттік сапар Түркия-
дан басталды десем артық айтқан-
дық емес. Бұл 1991 жылғы 25
қа зан да болып еді. Ыстамбұл әуе-
жайындағы ресми қарсы алған
топтан оңаша тұрған жүз жастағы
Хамза Жақияұлының (туған жері –
Қазақстанның Зайсаны, кезген жері –
Моңғолия, Шыңжаң, Шанхай, Гансу,
Тибет, Үндістан, Пәкстан, Түркия)
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
алақанын қос қолдап ұстап, үні
күбірлеп, маңдайына ұмсынып
бара жатқаны көңілді бір толқытып
жіберді. Әуежай алдындағы үлкен
алаң құжынаған халық. Бәрі қазақ.
Бізді көре сала шапалақ соғып,
қол созып, ұрандап кетті. Әуежай
есігінің алдындағы гүл газонының
жиегінде мүйіздеріне қызыл жібек
байлаған үш қошқарды көлденең
тартып, үш жігіт тұр. Есіктен
шыға берген Нұрекеңді қауіпсіздік
оғландарының қақпайлауына
қарамастан, үш қазақ (Мәжит,
Мәнсүр, Құланбай) қолтығына кіріп,
қаумалап, гүлді көгалжай жиегіндегі
мүйіздеріне қызыл жібек байлаған
үш қошқардың алдына әкелді.
– А, Құдай. Ақсарбас!
– Аумин. Бата беріңіз!
– Аллаһу акбар!
«А, Құдайлаған, Абылайлаған,
Алаш, Алаш, Ақжол!» деп
ұрандаған, қазаққа қуат, патшаға
парасат, ұлтқа рух тілеген ұрандар
мыңдардың үнімен ұласқанда мидың
мыңғы-дыңғысын шығарып, жүректі
жұлқындырып жіберді. Сілкінбеген
сезім, тасымаған тамыр жоқ. Тіпті,
Алматыда азан естісе құлақтарын
басып алатын біздің «құдайсыз»
құрдастарымыз алақандарын
аспанға жайып, анау мыңдармен
бірге мінәжат етіп тұрды. Жүйкесі
беріктердің жүйкесін босатып,
жүрегі жылылардың жанарына жас
толтырған осынау ұлы тебіреніс
менің әріптестерімнің есінде қанша
қалғанын білмеймін.
Ертесінде «Мәрмәра» мейман-
ханасының әдемі залында Түркия
қазақтарымен кездесу болды.
– Ал, ағайындар, әңгіменің аузын
ашайық, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
– Бұл біздің ресми емес, туыстық
табысуымыз болсын.
Манаураған мұң, өкінген өксік,
өзеуреген өтініш жоқ, салиқалы
сұхбат жүріп жатты. «Тәуелсіздік
неге тез жарияланбайды?», «Сырт-
тағы ағайындардан не күтесіз?»,
«Бар қазақтың басын құрап, ақыл
қосатын кез жеткен жоқ па?», «Қос
азаматтық, босқындық, көші-қон
қалай, қашан шешіледі?» деген
сұрақтар туды.
– Сырттағы ағайындардан
күтетініміз – бауырмалдық, бере-
ке, ұлттық біртұтастық. Сіздерде
бізде жоқ бірталай артықшылықтар
бар. Ол – сауда, іскерлік, кәсіпке
бейімділік. Ағайын болып қайта
орал, мейлі, бірлесіп кәсіп құр. Елім
дейтін азаматтардың көмекке келетін
кезі жетті. Қазақстан азаматтығын
беру – менің ісім. Қос азаматтық,
босқындық зерттеп, зерделеуді қажет
етеді. Тәмам қазақты түгел көшіріп
аламын дей алмаймын. Біртіндеп
келе беріңіздер. Ал, бар ағайынның
басын құрап, ақыл қосуға біз де
асығып жүрміз. Оған қам жасалып
жатыр. Алла тағала алдымыздан ақ
жол ашсын!..
Осыдан бастап, қазақ диаспора-
сының мәселесі мемлекеттік заң
аясына алынып, тәуелсіз мемлекет
құрудың қат-қабат шаруасымен
қатар жүріп жатты. Сол жылғы
қараша айының 18-і күні Қазақстан
Үкіметі алыс-жақын шетелдерден
келіп жұмыс істеуге тілек білдіруші
байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда
орналастыру тәртібі туралы қаулы
қабылдады.
МЕРЕЙТОЙ ҚОНАҚТАРЫ
СӨЗ АЛАДЫ
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
Менің елім – Қазақстан
16 желтоқсанда жарияланған
Тәуелсіздік туралы Конституциялық
Заңның 7-бабында қандастарды қара
шаңыраққа қайта оралту, оларға
мемлекеттік қамқорлық аса жылы
сезіммен, айрықша айқын жазылды.
Желтоқсанның 30-ы күні Нұрсұлтан
Әбішұлы Қазақ радиосы арқылы
шетелдердегі ағайындарға сөз арна-
ды. Ел тәуелсіздігімен құттықтады.
Атамекенге шақырды барша отан-
дас тарды.
1992 жылдың 26 маусымында
отандастардың Қазақстанға көшіп
келуі туралы 1991 жылғы қаулыны
жетілдірген жаңа қарар алынды.
Құрылтай шақырудың дәл
қарсаңында (23 қыркүйек, 1992 ж.)
«Шетелдердегі қазақ диаспорасының
өкілдерін Қазақстанда болған
кездерінде әлеуметтік-экономикалық
жеңілдіктермен қамтамасыз ету ту-
ралы» арнайы қаулы қабылданды…
1992 жыл, 26 қыркүйек. Алматы
әуежайы. Бірер сағат бұрын ба-
старында керей тымақ, белдерінде
кемер белбеу, кісесіне күміс сапы
іліп, иығына бұлғын салған үлкен-
кішісі бар Моңғолия қазақтары
ұшақтан «Елім-айлап» түсіп,
Алатаудың бөктерін бір сілкіндіріп
еді. Іле-шала келіп қонған «Түрік
әуе жолдары» лайнерінен төгілген
қалың қазақ траптан түсе, ағайынға
аман-сәлем жасамастан, атамекеннің
қасиетті топырағын құшып жат-
ты. Қолдарында көгілдір жалауша,
төстерінде Қазақстан картасын бе-
дерлеп құйған төсбелгі. Міне, енді
үстерінде ақ жібек шапан, баста-
рында ақ сәлде, қолдарында Құран,
ауыздарында иман – Иран қазақтары
түсіп жатыр.
1991 жылғы 29 қыркүйек.
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш
құрылтайында әлемнің 33 елінен
келген 800 қандастарымыз отыр-
ды. Осы ұлы басқосуда Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығы құры-
лып, оның төрағалығына Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ағайындар Арқаны аралады.
Қазақ ұлысының керегесін көтерген
Алаша ханның, Алтын Орда уығын
шанышқан Жошының зираттарына
зиярат жасады. Түркістанға тәу етіп,
Қожахмет Ясауидың рухына хатым
түсірді. Соңы Алматы облысының
Дегерес жайлауындағы ұлы дүбір
тоймен тарады.
Бұл құбылыс Тәуелсіздік тари-
хына ұлт ұйысқан ұлы сәт және
елдіктің ең алғашқы тойы болып
жазылды.
Тұрсымат ҚАЛБАЕВ,
Өзбекстандағы
Қазақ Ұлттық мәдени
орталығының тұңғыш төрағасы
Ассалаумағалайкум, ардақты
ағайын! Құрметті қандастар! Мен
бүгін өте қуанышты жағдайда
тұрмын. Оның да өзіндік себебі
бар. Алманиядан келген Абдрах-
ман Шетин мырзамен бірге мен
де Дүниежүзі қазақтарының
тұңғыш құрылтайына қатысып,
Қауымдастықтың алғаш
құрылғанына куә болып едім.
Енді бүгін сол Қауымдастықтың
жиырма жылдық мерейтойына
қатысып отырмын. Жер басып
жүрген адамға бұдан артық қандай
бақыт болуы мүмкін. Осыған орай
қазір міне сіздердің алдарыңызға
шығып Өзбекстандағы бір жа-
14
Алтын бесік – Атамекен
рым миллион қазақтың жалынды
сәлемін барлықтарыңызға жеткізіп
тұрмын. Мерекеміз құтты, қолға
алған барлық ісіміз баянды болсын!
Бірінші Құрылтайда Өзбекстаннан
бір жүз жиырма кісі қатынасып,
әлемнің әр түкпірінен келген
ағайындар мен Алматы қаласының
тұрғындарына ақшаңқан киіз үйлер
тігіп, дастархан жайып, дәм беріп
едік. Сол жұмыстарды жүзеге
асырған кісілердің біразы бүгін,
міне, ортамызда отыр. Көпшілік
сонда дастарханымыздан дәм та-
тып, бәрімізге жақсы тілек білдіріп,
рахмет айтып еді. Қазақстан мен
Өзбекстан ежелден көрші, шы-
найы дос ел; сондықтан да біз
атамекеніміздің қазіргі жағдайына,
оның өркендеу жолына үнемі
айрықша назар аударып отырамыз.
Бұл ретте өзбекстандық қазақтар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
барша халық үшін жүзеге асырып
келе жатқан қызметін әрқашан да
жоғары бағалайды. Соған орай,
Қазақстанның қазіргі дүниежүзі бой-
ынша абырой-беделі мен көтерілген
деңгейінің барынша жоғары
екендігін мақтаныш етіп, қолдау
көрсетеміз. Сондай-ақ, Қазақстанға
келіп жатқан оралмандардың алпыс
пайызынан астамы Өзбекстаннан
екендігін де атап айтқанымыз жөн.
Және олар алдағы уақытта да келе
береді. Бұған кәміл сеніңіздер!
Олардың басым көпшілігі - жас-
тар. Жүздеген жас жігіттеріміз
бен қыздарымыз Қазақстанның
жоғары оқу орындарында оқып
жүр. Болашақта олардың саны
қазіргіден де көбейе берері анық.
Сондықтан да Өзбекстаннан келетін
қазақ жастарына Қазақстанның
барлық оқу орындарынан білім
гранты берілсе дейміз. Ал осын-
дай мәселелердің жүзеге асуы-
на бірінші кезекте Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығы қозғау
салып отырғаны жөн. Қауымдастық
ұжымының қаншалықты көп
жұмыстар жасап жатқанын біз
жақсы білеміз. Соған орай, бүгінгі
мерейтоймен құттықтай отырып
Қауымдастық ұжымына алдағы
уақытта жаңа табыстар тілеймін.
Бұған қоса Қауымдастық төрағасы
Талғат Мамашев мырзаға болашақта
Өзбекстанға арнайы іссапармен
келіп қайтсаңыз деген өтініш-тілек
те білдіреміз. Яғни, Өзбекстандағы
қазақтар сіздерді шын жүректен
күтіп отыр. Бұл ретте, мына
мәселені де қадап айтқымыз келеді.
Осы бас қосу кезінде Еуропадағы
қазақ мәдени орталықтарының
федерциясының құрылғанын білдік.
Ресей де осындай Қазақ ұлттық
автономиясмы шаңырақ көтерген.
Мұндай мүмкіндік бізде де бар.
Нақтырақ айтқанда Өзбекстанның
сегіз облысында, елуге жақын
аудан, қалаларда Қазақ ұлттық
мәдени орталықтары жұмыс істейді.
Болашақта осы орталықтардың
жұмысын қазіргіден де күшейтуге
толық мүмкіндік бар.
Сөзімді қорыта келе айтарым,
дүниеміз тыныш, әрбір отбасы
аман болсын. Қазақстанның қадірі
дүниеде арта түссін! Қазақстан мен
Өзбекстан республикаларының
достық қарым-қатынасы дамып,
өркендей берсін!
Бәкей АҒЫПАРҰЛЫ,
Моңғолия Парламентінің мүшесі,
профессор
Асқар Алатаудың баурайындағы
Алты Алаштың еңселі ордасы Ал-
матыда өтіп жатқан бүгінгі алқалы
жиында бас қосқан қандас бауырлар
баршаңызды Қауымдастығымыздың
20 жылдық мерейлі мерекесімен
қызу құттықтаймын!
Осы торқалы тойға, келелі
кеңеске арнайы қатысуға мүмкіндік
жасаған, Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы ұйымдастырып
жатқан ұлағатты іс қызметінің
ыстығына күйіп, суығына тоңып
жүрген Төралқа төрағасының
бірінші орынбасары аса қадірменді
Талғат Асылұлы Сізге, сіз арқылы
Қауымдастық ұжымына ыстық
ықыласымды білдіріп, зор алғыс ай-
тамын!
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің
аяғынан тік тұрып нық басуы-
на, іргесін бекітіп басқалардан
қалыспайтын іргелі елге айна-
луына ерен еңбегімен өлшеусіз
үлес қосқан, дүниежүзіндегі күллі
қазақтың қамын ойлаған, әлем
жұртына танымал саясаткер Тәуелсіз
Қазақстанның Тұңғыш Президенті,
Дүниежүзі қазақтарының қауым-
дастығы Төралқасының төрағасы,
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына
біздің баршамыздың ыстық ықылас,
разы-қош көңілі мізді, ақжарқын
алғысымызды жеткізетіндеріңізге
кәміл сенеміз!
Ежелгі көк түріктің байырғы
мекені, тарихи тағдырдың жазу-
ымен талай жұртқа мекен болған
моңғол жерінде өмір кешіп, тірлік
етіп жатқан қазақ бауырларымыз со-
нау өткен ғасырдың 20 жылдарынан
бастап атамекендегі қандастарының
назарынан тысқары қалмаған.
Монғолиядағы қазақтардың
дені атажұрттағы қандастарының
жасаған мәдениет, әдебиетінен оқып
үйреніп, әнін айтып, күйін тартып
рухани қазынасынан нәр алып, су-
сындап өскен, соның нәтижесінде
жүрегінің терең түкпіріне елге, жер-
ге деген махаббатын сақтап өскен
халық. Сол халықтың бір өкілі, бір
баласы мен алдарыңызда тұрмын.
Шеттегі қазақтармен рухани, мәдени
байланысты нығайтып жолға қоюда,
атажұртқа деген сағынышын басып,
көңілін көркейтуде 20 жыл бұрын
құрылған Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының атқарған іс-
қызметі ұшан-теңіз.
Қауымдастық өткізген іс-шара-
ларының баршасына толық қатыса
алмасақ та өзіміз көзбен көріп,
араласқан ұтымды істерінің куәсіміз.
Біз шетте жүрсек те Қазақстан-
ның жетістігіне, табысына әрдайым
марқайып, тілектес болып отырамыз.
Қазақстаннан бастау алып жатқан
батыл қадамдар мен игі істер әлем
жұртының алдында абыройын арт-
тырып, беделін көтерді. Жаһан жап-
пай қарулануға ұмтылғанда ядролық
Менің елім – Қазақстан
қарудан бас тартуы, діни конфеци-
яларды ымыраға, өзара түсіністікке
шақыруы, Еуропа қауіпсіздігі мен
ынтымақтастығы ұйымы арқылы
әлемдік қауіпсіздікке үлес қосуы,
қысқы Азия ойындарының алауын
қазақ жерінде жарқырата жағуы
сол ойындардағы және жазғы, Лон-
дон олимпиядасындағы азулары
алты қарыс алып елдердің өзін
артқа тастаған тамаша жеңістеріне
шын жүректен қуана, елге деген
мақтаныш сезіммен шаттана қабыл
алдық.
Монғолия қазақтары атажұртқа
оралған алғашқы көшті бастап келіп,
бүгінде бір қауым елге айналды.
Олар еңбекке қабілетті (бұл жөнінде
монғол жұртты мақтап, атап айтады)
қазақ тілін, әдет-ғұрып, салт-сананы
сақтағандығы баршаңызға мәлім.
Сондықтан көшіп келген
ағайындарымыздың атажұртта елге
етене жақындасып, елдің саяси,
қоғамдық, экономикалық өміріне
белсене араласып, беделі арта түссе
екен, сағы сынбаса екен, оралман-
дар жайлы оң пікір қазіргіден де
кең өріс алып қалыптасуына бар
мүмкіндіктер жасалса екен деп тілеп
отырамыз.
Артта әлі де елдің еңселі бөлігі
қалды. Жуық жылда барша қазақ
қауымы түп қопарыла түгелдей
көшіп келмесі анық. Сондықтан
шетелдегі диаспоралар ортасына
жүргізілетін Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығынан ұйымдастырылып
келген игі істердің одан әрі
жалғасын тауып, ұлғайып, арта
түсуін тілейміз. Екі елдің қарым-
қатынасы қазіргіден де нығайып,
қазақ қауымына қолайлы жағдай
жасайтын бағытта дами түссе екен,
соған Қауымдастық өз мүмкіндігінің
аясында себін тигізсе екен дейміз.
Қысқаша сөзімнің соңында осы
бір мерейлі шарамыздың табысты
өтуін, нәтижелі болуын баршаңызға
тілеп, Қазақ еліміздің көк аспа-
нында көк байрағы мәңгі желбіреп,
әнұраны асқақтай түссе екен,
тәуелсіздігі мәңгілік болып, қазақ
халқының абыройы арта түссе екен
деген тілекпен аяқтамақпын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
Әбдірахман ШЕТИН,
Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының Төралқа
мүшесі (Германия).
Біз атажұрттан алыста жүрсек
те Қазақстанның жаңалықтарынан
үнемі құлағдармыз. Бұл ретте
шетелдегі отандастарға арналған
“Caspіonet” телеарнасына рахметіміз
мол. Осы арқылы Еуропадағы
барлық қазақтар атажұртта бо-
лып жатқан саяси, экономикалық,
мәдени оқиғалардан хабардар болып,
қуанып жатады.
Қай кезде болмасын өзіміздің
қазақстандықтармен қанымызбен
бірге жанымыз бен тілегіміз де бір
екенін айтқым келеді. Мәселен,
осы жылы Лондонда өткен ХХХ
жазғы Олимпиада ойындарын-
да қазақстандық спортшылар
алып шаһардағы қазақ ауылына
жайғасты. Ел намысын қорғауға
келген інілерімізге барып сәлем
беруді, олардың жанында болып
қолдау көрсетуді парызым деп
білген әрбір Еуропа қазағы сол
жаққа қарай атбасын бұрды. Ол
жерге күллі Еуропа, соның ішінде
Германия, Швеция, Франция, Ав-
стрия мемлекеттерінен қазақ жаста-
ры жиналды. Біздің қазақ жастары
олимпиадашылардың алғашқы
жеңістеріне, қуанышты көз жаста-
рына, өкініштеріне, батырлықтарына
куә болды. Ойынның алғашқы күні
Қазақстанның көк байрағы көкке
көтерілген кезде бізді мақтаныш
кернеді. Бәріміз: «Бұл – қазақтың
байрағы, менің байрағым!» деп жар
салдық сүйіншілеп тұрып.
Мұндай мерейлену Еуропа
қазақтарының құрылтайы кезінде,
сонау 2008 жылы Парижде өткен ай-
тыс кезінде де болғаны есімде. Еуро-
па қазақтары осындай шаралардың
басы-қасында жүргендерін мәртебе
тұтады, сондай-ақ жыл сайын
Қазақстанға баруға да асығады.
Оған, әрине, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының жыл сайынғы
басқосуы себеп. Әлемдегі қазақ ата-
улыны бір атажұрттың шекарасына
өтуге ықпал ететін Қауымдастық –
күллі қазақтың қара шаңырағы.
Биыл да сондай торқалы той
жыл сайынғы дәстүр бойынша
Данияның Аархус қаласында өтті.
Бұл жолы біздің Кіші құрылтайға
Қазақстанның «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры қаржылай
демеушілік жасап, ағайынның
арқасына түсетін ауыр жүктің біраз
бөлігін көтеріп алды. Осы қордың
тізгінін ұстаған азаматтарымызға
Қауымдастықтың торқалы тойы
үстінде алғыс айтуды жөн көріп
отырмын. Алдағы уақытта да
Қазақстан тарапынан осындай
демеушілік танытушылар игі іске
мұрындық болады деген үмітіміз
бар.
Біз, Еуропа қазақтары, жаны-
мызбен, жүрегімізбен Қазақстан
16
Алтын бесік – Атамекен
үшін болысамыз. Әрдайым елдің
жетістігі мен жеңісіне қуанамыз.
Қауымдастықтың 20 жылдық мерей-
тойы құтты болсын, ағайын!
Cерік ӘБІЛ, әнші-сазгер,
Қытай Халық Республикасы
Құрметті Талғат Асылұлы және
алыс-жақыннан келген ардақты аға-
іні, той тойға ұлассын. Қытайдағы
ағайыннан жалынды сәлем!
Қашаннан қасиетті қазақ жері
тойсыз, қазақ елі ойсыз болып
көрген жоқ. Көкірегінде көк туды
желбіретіп, көсегесін көгертіп, күн
сайын қарқынды дамыған, өсіп, өніп
келе жатқан бүгінгі Қазақстан Рес-
публикасы – соның айқын айғағы.
Тура осыдан бір жарым жыл
бұрын Дүниежүзі қазақтарының
IV Құрылтайы Ақорда аясында,
«Бәйтеректің» саясында өткенде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аса
маңызды ұсыныстар беріп, бағыт-
бағдар көрсеткен еді. Ол да болса
осы Қауымдастықтың жеңісі мен
жемісі дер едім. Онда да әлемнің
әр елінен келген ағайынның мерейі
өсіп қайтты. Тарих парағынан
қарағанда жиырма жыл қабақ қақты
сәт болғанымен осы Қазақстан
Қауымдастығы көптеген көкейкесті
мәселелерді шешті. Ұлан-ғайыр
істер істелді. Бұл жиырма жыл
берекенің жиырма жылы. Жанын
берсе де арын бермеген бабалар мен
ағалар арманының айғағы болған
20 жыл! Бүгінгі таңда әлем ұранына
айналған бейбітшілікпен болған
20 жыл! Достықтың куәсі болған
20 жыл!
Еге елім құдіретке, құттарға,
Талай асыл шаң боратып шықты алға.
Байтұрсынов атыларда ағалық,
Сезімменен сеніп кеткен Мұхтарға.
Шын болса екен деп тілеймін сенімім.
Шын болса екен деп тілеймін сезімім.
Ешкімнің де ақтай алмас арманын,
Ағалардың алмағандар сенімін.
Асқар таулар тарихтың алқасы,
Сыр шерітеді сол таулардың жартасы.
Егер бізде бақыт болса, бақ болса,
Соның бәрі ағалардың арқасы.
Ағасыздар басып жатыр шоқ қанша,
Данасыздар төбе таппас топталса.
Панасыздар санасыздар екен ғой,
Елім тойсыз, адам ойсыз боп қалса.
Даладай кең дана, даңғыл жолым бар
Бауырларым, биік тауға қоныңдар.
Қара нарым қалмау үшін шаң қауып,
Ағаларым, сендер аман болыңдар!..
Той тойға ұлассын ағайын!
Сағит ЖАҚСЫБАЕВ,
Татарстандағы Қазақ Мәдени
орталығының төрағасы, Ресей
Биыл қазақтардың басының
қосылуына жиырма жыл толды.Тарих
үшін бұл аз ғана уақыт. Қауымдастық
бұл аз уақытта өте көп жұмыс
істеді. Мен өзім Ресей қазағымын.
Қауымдастық құрылғаннан бері біз
бұл ұйыммен үнемі тығыз байла-
ныс жасап келеміз. Сондай-ақ, біз
Ресей қазақтарының да өздерінің
бірлесіп жұмыс істеуіне айрықша
көңіл бөлеміз. Соған орай, Сама-
ра қаласынан Ресей қазақтарының
федеративтік орталығын құрдық. Бұл
орталықтың жұмысынан болашақта
үлкен үміт күтеміз. Әрине бұл
үшін ауызбіршілігімізді барынша
күшейтуіміз керек. Сөз реті келгенде,
мен өзім басқаратын Татарстандағы
Қазақ Ұлттық Мәдени орталығы ту-
ралы да бір-екі ауыз сөз айта кеткім
келеді. Бұл орталық ұзақ жылдардан
бері Татарстанда тұратын қазақтарға
мәдени-рухани мәселелерінен
қолдау көрсетуге байланысты жүйелі
жұмыстар жүргізуде. Біз, әсіресе,
халқымыздың өткен тарихына
қатысты мәселелерге айрықша көңіл
бөлеміз. Мысалы, 1844 жылы Қазан
университетінің ғылыми кеңесі
Бөкей ордасының ханы Жәңгірді
осы кеңестің құрметті мүшесі етіп
сайлаған еді. Сол тарихи уақиғаны
келер ұрпаққа нақты жеткізу үшін
Татарстандағы Қазақ ұлттық мәдени
орталығы Жәңгір ханға ескерткіш
тақта жасап, Қазан университетінің
қабырғасына салтанатты түрде ор-
натты. Мұндай маңызды жұмыстар
алдағы уақытта да өз жалғасын таба
береді. Бұл жұмыстарды жүзеге
асыруда Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы тарапынан әрқашан
да нақты қолдау болатынына кәміл
сенеміз.
17
Менің елім – Қазақстан
Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ,
Қытай Халық Республикасын-
дағы ШҰАР Білім комитеті
төрағасының орынбасары,
Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, «Достық» орденінің
иегері.
Қазақстан қолына қайта алған
тәуелсіздік жылдарында ерекше
қарқынды даму үлгісін көрсетті.
20 жыл ішінде өзге елдер үшін
одан да көп жылды қажет ететін
ұзақ та табысты жолды басып өтті.
Тиімді нарықтық экономика құрды.
Әлеуметтік мәселелердің көбі
біртіндеп шешімін табуда.
Талай елмен салыстырсақ,
Қазақстанның жетістігі – керемет
зор табыс! Қазақстан мемлекеті
өзінің Ұлт көшбасшысы бастаған
ұлы халқының арқасында көркейіп,
әлемнің барлық еліне таныл-
ды. Осы ретте Қауымдастықтың
және ол тығыз байланыс орнатқан
қазақ диаспорасының атқарған
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
МЕРЕЙТОЙҒА
ЖОЛДАНҒАН ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ
рөлі де аса зор. Дүниежүзі қазақ-
тарының қауымдастығы Қытай мен
Қазақстанның арасындағы достық-
ты, мәдени байланысты, диаспора-
мен барыс-келісті жандандыруда көп
жұмыс тындырып, өзі өтеуге тиісті
міндеттерді тыңғылықты атқарып
келеді.
Қазір 7000-нан астам Қазақстан
жастары Қытай жоғары оқу орында-
рында білім алуда. Олардың 2000-ға
жуығы Бейжіңде. Қазақстанда білім
алып жатқан Қытайдағы қандастар
да аз емес. Екі ел басшыларының
биылғы келісімі бойынша Қазақстан-
ның мәдениет күндері 2013 жылы
Қытайда, Қытайдың мәдениет
күндері 2014 жылы Қазақстанда
өтпек.
2011 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында Президент Нұрсұлтан
Назарбаев: «Тәуелсіздік – біздің
басты жетістігіміз, баға жетпес
жеңісіміз. Тәуелсіздік алумен жас ел
тарихында жаңа кезең басталды. Бұл
жасампаздық, сенімді әрі серпінді
даму кезеңі болды», деген еді. Рас
айтады. Қазақ диаспорасын елге
тартатын басты күш те осы басты
жетістік, баға жетпес жеңіс – қайта
оралған тәуелсіздік. Елбасының
«Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде», дегені де бар. Біз қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебеге қарай
ілгері басқан әр қадамына қуана
қараудамыз. Қазақ диаспорасын
18
Алтын бесік – Атамекен
Қазақстанға қарай тартатын ең алып
күш – осы екеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |