3. Н Е М Е Р Е Т О Л Ғ А Н Ы С Ы
( И м а н ж ү с іп )
288
Сарыарқа өңіріне ж ақсы танымал ақын, менің атам-Иманжүсіп
Қүтпанов туралы ел ішінде талай аңыз әңгімелер тарап, талай кітап-
тар да жазылды. Иманжүсіп өз өмірінде Сәкен Сейфуллинмен, Қажы-
мүқан Мүңайтпасовпен, Балуан Шолақпен жолдас болған. 1964 жылы
ж азу ш ы -ж у р н ал и ст Ж үм абай О рм ан баев «Ж үлды з» ж у р н ал ы н д а
Сәкен мен менің атамның бірнеше кездесулері жайында жазды. Жи-
ырмасыншы жылдары газеттердің бірінде олардың бірге түскен су-
реттері жарияланды. Өкінішке орай, бүл сурет әлі күнге табылған жоқ.
Иманжүсіп туралы Қажымүқан айтқан әңгімелер де өте көп, көпшілігі
ел ішінде жиі айтылып жүреді. Қазақ халқының Қажекеңдей даңқты
батыры, Иманжүсіпті аға түтып қатты қүрметтейді. Сондықтан бо-
лар онымен ешқашан да белдесіп, күреспеген. Халық жазушысы, қазақ
поэзиясының алыбы Әбділдә Тәжібаев дәл осы жайды өзінің естелік
кітабында жан-жақты суреттейді. Жазушы Зейтін Ақышев үзақ жыл-
дар бойы деректер жинап, ақын өмірінен сыр шертетін «Шынардың
қашуы» атты роман жазды. Өмірден ерте кеткен Кеңшілік Мырзабе-
ковтың «Иманжүсіп» поэмасы да ақын туралы жазылған қүнды дүние.
Жазушы Ғабдол Сланов озінің «Достың жоғары сезімі» атты эссесін-
де ақын Қасым Аманжоловтың менің атамның поэзиясына тәнті бол-
ғандығын айта келіп, ақын шығармашылығының Қүрманғазы әндер-
імен үндесіп жатқандығын ерекше тебіреніспен баяндайды. Жақын-
да ғана, мен өзімнің зерттеу экспедициясына шыққан сапарымда, сек-
сен жастағы қызылордалық ақсақалдың үйінде қонақ болып әңгіме-
лестім. Ақсақалдың әңгімесін үнтаспаға жазып алған едім, бүл де-
ректерді Иманжүсіп шығармашылығы мен өмірбаянын зерттеп жаз-
ЛСо{іайғм.(іов
Кемеқге/юв
Сүл»панмахм.ү»п
КрилмүхамЗеіп
Лймаі/ьипов Жүсіпбек
^Ақьииев Кемел
Ж айш мқов Қаум.[і
Тэаспақүлм.
Шаиікин. Зейін,
ЖүнісЯекүли
ю
і
ІЛсабаев /^аимүқан
ӘЗіиев 2)ихал
ӘммЯаев Ліүзасһа/і
Сүлейменов Олжас
Ома/іүлм
Тэалиіабек с/тсанов
Ж аш / М үса
'Байжан.үлы
Ж а[шлғап<
5
е/іс}і
Жүмабайүліп
Л ха/п Ж ақсы баев
Тэайжанов Қали
/^игпаков иліанжүсіп
ьАймаяйв Шәкен
Шанин Ж үмані
7
/Сү/іғмнЯайүлм
/^д{ішиі<5аев Сауьіқ
ч
Сағмнов ӘЗілқас
Сағмнүлм
ТэейселЗаев Се[іік<
5
ай
С[гжан.ов Ж ақан
Сүлейменүмл
Сақси/ іМәцкецльі
и
. ш
. а
н
Хазіһеиі
289
ғанда паидалануға болады деп ойлаймын. Иә, атамыздың өмір шежі-
ресі романтикалық әрі қайғылы кезеңдер мен оқиғаларға толы.
XIX ғасы р д ы ң б асы н д а Т ү р к іс тан н ы ң би леуш ісі болған
Иманжүсіптің атасы Түрғанбай датқа өз жерін Хиуа хандығының теп-
кісінен, қүлдығынан қүтқару жолында қаза болады. Басына қауіп
төнген Түрғанбай датқаның әйелі Мәлике үрпағын аман сақтап қалу
үшін бір жасар үлы Баймырза мен бес жасар қайнысын алып шөл дала
арқылы туған еліне қашады. Шиттей екі баламен межелі жерге жете
алмасын сезген бейкүнә әйел көзінің жасын көл қыла отырып, іштен
шыққан баласын тасалау жерге жасырып, кейін келіп алмақшы бо-
лып жолға шығады. Туған еліне аман есен жетіп, жасырған жерден
баланы алып келуге жігіттерді жібереді, бірақ келген жігіттер оны
таба алмай кейін қайтады. Қайғы жүтқан кейуана баласын өмір бойы
іздеп өтіп, тек ширек ғасырдан соң табады.
Кейін белгілі болғанындай нәрестені баласы жоқ малшы саудагер
Дайрабай деген адам тауып алады. Ол балаға Қүтпан деп ат қойып,
солтүстікке қарай, қазіргі Павлодар облысына алып келеді. Бүл тари-
хи оқиғаны менің атам атақты Нартайдың үлкен ағасы, белгілі ақын
Мансүр Бекежановтың өз аузынан естиді. Түрғанбай датқаның неме-
ресі Баянауылда түратынын естіген Ақмешіттің ақсақалдары арнайы
елшілікке адамдар жіберіп, туған елге қайтуын өтінеді.
1929 жылы атамыз қуғын-сүргіннің алғашқы толқынында нақақ-
тан-нақақ қараланып, халық жауы ретінде атылады. Тек жиырма бес
жыл өткен соң, үрпақтарына ¥ Қ К архивін ақтаруға мүмкіндік туған
кезде, 1960 жылы ғана ақталады. Дегенмен оның барлық балалары,
оның ішінде балаларының ең кішісі-менің әкем Нүрхан өмір-бақи
ж етім дік көріп, «тап ж ауының баласы» ретінде қуғы нға түседі,
әділетсіздіктің зардабын тартады.
Сол кездегі тап жауларына деген өшпенділіктің өршігені сондай,
халық көсемінің «әкесі үшін баласы жауап бермейді» деген сөзі де та-
сада қалып қояды. «Халық жауларының» балаларына шыққан тегі ту-
ралы анкета толтыру ісі де жүйкеге тиіп, жанды жейтін. Оларға өзінің
өткен өмір тарихы үшін ғүмыр бойы ақталып өтуге тура келді, олар
үшін жала, жаманат, таңба дегендер әр уақыт даяр түратын. Әкелеріміз
осының барлығын қайыспай көтере білді.
Бертінде болған мына бір оқиғаны да айтпай кетудің жөні болмас.
1984 жылы әкем Нүрхан Жүсіповке ОГПУ тергеушісінің алдында
түрып, өзінің Сталинград майданы окобында партия қатарына өткен-
де шыққан тегін жасырмағандығын, жасаған ерлігі мен батылдығы үшін
жолдастары бұған үлкен сенім артқандығын ұзақ дәлелдеуіне тура
келеді. Сөйтіп, төніп түрған тағы бір пәледен аман қалғандай болады.
Негізінде әкем бізге соғыс туралы, өзінің майдандас серіктері, Га-
стелло, Космодемьянская, Матросов секілді ерліктерге бастар даңқты
есімдер жайын тебірене айтатын. Соғысты аға сержант шенінде бітіріп,
кеудесіне «Ерлігі үшін» медалін таққан ол, өз әкесі туралы тіс жарып
ештеңе айтпаушы еді. Оның себебін біз кейін, есейгесін, бірақ түсіндік.
Аяулы әкенің күнделігі мен жазбаларыначсөз жүгірте отырып, оның
жауынгерлік жолының қаншалықты ауыр болғанын аңғару қиын емес.
Алған әрбір медальдің өзі ол үшін орденге пара — пар. «Халық жауы-
ның» баласы одан артықты ойға да алмайды екен-ау. Балалар үйінде
ер жетіп, агрохимиялық техникумды үздік бітіріп, қырқыншы жылда-
ры әскер қатарына алынған әкеміз сержант дәрежесін өзіне көрсетіл-
ген жоғары сенім деп есептеп, одан арғыны армандамаған да екен.
Қатал тағдыр осыған мәжбүр еткен соң не шара?!
Ара-түра ескі жараның аузын өзі ашып, тарих парақтарына айнал-
ған сүрапыл күндерді еске алатын. Марқүм алты баласы мен жары-
ның, немерелерінің, туған-туысқандарының сүйіспеншілігі мен қүрме-
тіне бөленіп өмір сүріп отырса да, әкейді мазалайтын бір ғана нәрсе
бар еді. Ол - әкесінің зиратының қай жерде қалғандығының белгісіз,
ж ұмбақ күйінде қалуы. Әке артында өлмес рухани мүра болып ел
аузындағы әндері қалды, жалғыз ескерткіш белгі - ОГПУ анкетасына
әдемі араб әріптерімен, жасыл сиямен қойған қолтаңбасы ғана.
Неге екенін білмеймін, бірде терезесіз аядай тар бөлмеде атамның
жеке ісін ақтарып қарап отырғанымда әлдене кеудемнен итергендей
болды. Мен де көптен бері жасыл сиямен жазып жүрмін, бірақ оның
себебін өзім де аңғармаппын. Дәл осы жерде мен ең қымбат адамды
жоғалтудың қаншалықты ауыр екендігін түңғыш рет түсінгендей бол-
дым. Көзімнен парлаған ыстық жас жерге тамып, кеудемді кернеген
әлде бір айқай бұлқынып сыртқа шыққандай болды. Бүл абзал әкені
еске алу сезімінен туған жан жоқтауы еді.
Қайран ата, үштіктің үкімін оқи түрып, қағазға қол қояр соңғы
сәтте кімнің есімін іштей атадыңыз екен. Сол сәтте өз үрпақтарыңыз-
ға деген сеніммен көз жүмдыңыз ба? Үзақ уақыт өзіңізді жоқтауға да
шамасы келмей, уақыт оздырып алған үрпақтарыңызды кешіре гөріңіз,
жан ата! Уақыт бізді осыған мәжбүр етті ғой. Енді міне, біз Сізбен
қайта табыстық, енді Сіз бізбен мәңгілік біргесіз, жан Ата!
Иманж үсіпова Рауиіан
290
. . . . . .
291
4. Ң А З А Қ Т Е А Т Р Ө Н Е Р І Н І Ң Т А Р Л А Н Ы
(Ж ү м ат Ш анин)
Жүмат Шанин қалың қазақтың думанды ортасы, қүйқалы, табиға-
ты әсем аты р ап - Баянауыл өңірінде 1892 жылы дүниеге келген. Қора-
лай біткен Желтау деген таудың бауырындағы Қаратал кыстауында
кіндік қаны тамып, итжейдені сонда тоздырған.
Шана - Жүматтың үлы әкесі, сүйегі - Арғын, оның ішінде Қар-
жас. Толыбай деген ағасы, Тоқбала, Жәмила деген қарындастары бол-
ған. Ал, Жүматтың өз әкесі Түрғынбай - Шананың бес үлының бірі.
Жүмат он бір, он екі жасынан ауыл молдасынан оқып, тілін сын-
дырып, арабша хат тани бастады.Тіршіліктің қатал қалыбы оны өз
қүрбыларына қарағанда ертерек есейтеді. Қара жүмыстан гөрі сөзге,
жазу-сызуға көбірек ыңғайы барын сезген әкесі Түрғынбай Жүматты
оқытсам деп байлау жасайды.
Омбыға апарып ағаш сатып жүргендерінде Жүмат ептеп-сеп-
теп орыс тілін үйрене бастайды. Омбы уезі Тәнен болысы, Қаржас
ауылында татар мүғалімінен Жүмат орыс алфавитін үйреніп, өз бе-
тімен кітап оқи бастайды . 1913 жылы оқу іздеп О мбыға келген
Жүмат көп қиындық көріп, бір заводқа жүмысшы болып орналаса-
ды. Тапқан таянғанын босқа шаша бермей, орыс мүғаліміне алған
ақшасының үштен бірін беріп, қолы босағанда сабақ алады. Орыс
тілін, арифметиканы, басқа пәндерді үйренеді. 1915 жылы жазда
түрақты оқу орны - бухгалтер курсына түседі. 1916 жылы бірінші
дүниежүзілік соғыстың майданына аттанады. 1917 жылы қазақтың
түңғыш артистерінің бірі болған, адал жар, аяулы ана, таудай ауырт-
п аш ы лы қты ү зақ ж ы лдар бойы белі қай ы сп ай көтерген батыр
жүректі а д а м - Жанбикеге үйленеді. 1920 жылы сәуір аиында партия
қатарына өтеді. 1922 жылы Зайсан уездік атқару комитетінің төраға-
сы болып сайланады. Сол жақта жүріп көптеген материалдар жинақ-
тап, соның негізінде өзінің «Арқалық батыр» трагедиясын жазады.
Семейде шыққан «Таң» журналының 1925 жылғы бірінші санында
«Торсықбай қу» деген бір бөлімді пьесасын жариялайды. Зайсан елінен
әкелген үлкен олжасы — «Арқалық батыр» трагедиясын жергілікті өнер-
паздардың күшімен 1924 жылы қаңтар айында қалалық клуб сахнасына
шығарады. Семейде 1920 жылы қүрылған драмалык «Ес-аймақ» труп-
пасының көркемдік жағын басқарды. Жүмат режиссурасымен Мүхтар-
дың «Еңлік-Кебек», Сәкеннің «Қызыл сүңқарлары» қойьшды.
Оқу комиссариатының арнаулы қаулысы бойынша Жүмат Шанин
Қызылордаға шақырылды. 1926 жылдың 15 қазанынан бастап қазақтың
түңғыш драма театрының директоры әрі көркемдік жағын басқарушы
болды. Қазақ актерлерінің ғажап талантты түтас буынын тәрбиелеп
шығарды. Шекспирдің «Гамлетін», Пушкиннің «Тас мейманын», «Са-
раң серісін», Майлиннің «Майданын», Жансүгіровтың «Кегін» басқа да
спектаклдерді кәнігі шеберлікпен көрермен қауым көкейіне үялатты.
Қазақ театрын қүрудағы тарихи еңбегі ескеріліп, 1931 жылы Жүмат
Шанинге республиканың халық артисі атағы берілді. Бүл жылдары
режиссерлік таланты жарқырай ашылып, драматургияға беріледі. «Тор-
сықбай», «Айдарбек», «Жанды сурет», «Қара қүлын» сияқты шағын,
«Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш — Баян», «Өлімнен үмітке» («Шах-
та»), «Үш бажа» сияқты күрделі пьесалары театрда қойылып, олар-
дың бірталайы журналдарда жарияланады, жеке кітап болып басылып
шығады. Үлттық театрларымыздың қалай қалыптасқанын баяндайтын,
драматургия, режиссура проблемаларын қозғайтын «Қазақтың мем-
лекеттік театры» (1927), «Қазақстан мемлекет театры» (1928), «Мем-
лекет театры ж үм ы сш ы лар арасы нда» (1929), «М ем лекет театры »
(1929), «А лпыс алты ға тең» (1930), «Т еатрды ң қы сқаш а тарихы »
(1931), «Сахнада шындықты таныту» (1935), «Сахна техникасын мең-
герейік» (1935) секілді ондаған мақалалары жарық көрді.
Оның режиссурасымен койылған «Жалбыр», «Қыз Жібек» халқы-
мыздың рухани байлығын кең дүниеге танытты. 1936 жылы декада
кезінде Жүмат Ш аниннің режиссерлік өнерін Москва көрермендері,
искусствоның белгілі қайраткерлері өте жоғары бағалады. Декададан
орапған соң Ж.Шанин аз уақыт қырғыз мемлекеттік драма театрының
көркемдік жағын басқарды.
293
Облыс орталықтарында театрлар ашылуына сәйкес және маман
кадрлардың жоқтығы ескеріліп, Жұмат Фрунзеден шақыртылып алы-
нып, Оралға жіберіледі. Ол мұнда музыкалық-драмалық театр құрып,
1937 жылдың 15 қазанына дейін директор болып істейді. Бір халық-
тың жаңа туған балғын өнерінің көшін бастаған қуатты талант 1938
жылдың 26-ақпанында қайтыс болады.
«Үлт театры туралы» деген мақаласында Смағұл Садуақасов ел
ішіндегі өнерпаздар Қоянды жәрмеңкесіндегі сан алуан саңлақтарды
сөз етеді. Әміренің әншілігіне, Исаның ақындығына, Серкенің артисті-
гіне тоқталады. Осы күні Ж.Шанинді ескерейік. Бұл жігіт театр үшін
жанын салатын адам. Жүмат өзі артист, өзі жазушы. Оның «Арқалық
батыры» кәдімгідей маңызы бар кітап»,-деген жолдарда тұңғыш үлттық
режиссеріміз туралы баспасөздің алғашқы бағасы.
Жүмат Әміремен қимас достар болған. Достығы Қоянды жәрмең-
кесінен басталған. Бұл өнер табыстырған достық еді. Бір әні де плас-
тинкаға жазылмай, кейінгі үрпақ үшін мәңгі жоғалған бүлбүл көмей
қайран Әміре 1934 жылы мерт болғанда, Жүмат жоқтау жазып, соңғы
қоштасу сөзін айтқан болатын. Жүматтың Исаға да ықпалы көп тиді.
Ол артистерге қатаң талап қойды. Театрдың ішкі тәртібіне көп көңіл
бөлді. Маскүнемдік, зинақорлықпен аянбай күресті.
1927
жылы «Еңбекші қазақтың» 13 қаңтар күнгі санында жария-
ланған мақаласында Жүмат: «Қазақ театры үядан қанат қағып, қалық-
- тап үшқан балапан. Қанаты талмай қонатүғын күй керек. Жас баланың
мейіріңді қандырып сөйлегені, қыран қүстың көзге түсіп күйлемегі,
қуарған жүнін мезгілінде тастап, түлемегі иесінің бағып-қағуына бай-
ланысты», - деп жазды.
Театрдың туған күніне арналған «Қазақстан Меклекет театры»
(«Еңбекші қазақ», 1928, 12-қаңтар) деген екінші мақаласында Ж.Ша-
нин театрдың таптық қүрал екенін ерекше тәптіштеп айтқан.Театр ісі
өте нәзік, күшке салуды көтермейді. Басқа істер сиякты кате, жаман,
өңсіз істеліп кетсе, қайтадан өңдеп істеуге болмайды. Сахнада ойнап
түрғанда бір ауыз сөзді қате, қисық сөйлесең, сол жерде «Ойбай, олай
емес екен, былай екен» деп айтуға болмайды. Жанбике, Қадиша,
Шәрбан, Зура осындай түңғыш қазақ артисткаларын да өнерге баулы-
ған Жүмат.
Театр төңірегіндегі барлық кемшілікті бірінші болып оның өзі ай-
Яс
тады. «Мемлекет театры» («Еңбекші қазақ», 1929, 24-қараша) деген
мақаласында ол тіпті осы күнге дейін театр деп келгеніміз шын мағы-
294
насындағы профессионал театр емес, труппа дейді. Артистер туралы
айрықша тоқталып, театр қызмет орны, нан табудың, күн көрістің ме-
кемесі емес, творчество үясы, өнер ордасы деген салмақты ой айтып,
тиянақтайды.
•
1926-1930 жылдар арасында өз басшылығымен қойылған 60 пье-
саны мазмүн жағынан екшей келе 6-ға тең дейді. Драматургтерді әлеу-
меттік мәнді тақырыптарды көтеруге үндейді. Үлкен мектеп классика-
лық шығармаларды аудару екенін басып "айтады. («Еңбекші қазақ»,
1930, 30-қаңтар. «Театр тарихынан»).
Жүматтың режиссерлік принциптерін айқындауда «Сахна техни-
касын меңгерейік» («Лениншіл жас», 1935, 23 сәуір) және «Сахнада
шындықты тану» («Қазақ әдебиеті»,1935, 3-шілде) деген мақалала-
рының да мәні зор.
- : ' 5
Бүгінгі қазақ драма театрының, опера театрының өрлеуіне Жүмат
Шаниннің қосқан үлесі зор. Ол қазақтың түңғыш профессионал ре-
жиссері, қазақ драма, опера артистерінің алғашқы буынының үстазы,
актер, театр сыншысы, үлкен драматург, музыкант. Ж.Шанин мүрасы
түгел сакталмаса да, оның жан-жақты қызметінің ізі әлі сайрап жатыр.
Ең алдымен ол негізін қалаған драма, опера театрлары бүгінде өрге
шығып отыр, түңғыш рет ол баулыған артистер бүгінде өнер ауылы-
ның ақсақалдары болып отыр, ол қойған спектакльдер әлі де сахнада,
ол айтқан сын-пікірлер, режиссерлік ойлар өшкен жоқ.
295
5. Қ А З А Ң К И Н О С Ы М Е Н Ө Н Е Р І Н І Ң ЖАРЫК,
Ж Ү Л Д Ы З Ы
(Шәкен Айманов)
Әрбір халықтың тарихында оның үлттық ой-пікірі мен мәдение-
тінің алтын діңгегі сияқты дара түлғалар болады. Шәкен Айманов та
осындай біртуар адамдар қатарынан орын алады.
Бүгінгі кино өнерінің ерекше өркендеуіне, жүлделер алып, мәрте-
бесінің өсуіне кешегі күндерде негіз салып берген, зор үлесін қосқан да
Шакен Айманов. Оның үлағатқа толы үлы артистік өміржолы кімге
болса да ғибрат. Ол сахнаның көбіміз біле бермейтін сырларын ашты.
Шәкен аға өзінің тәжірибесінде ізденіп қана қойған жоқ, терең
мазмүн мен мәнге ие болған бірнеше фильмдерді дүниеге әкелді. Ол
ленталар Шәкеннің режиссерлік, үлы актерлік талант екендігін әрқа-
шан айғақтап, дәлелдеп түрады. «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі кезін-
де көрерменді көркемдік шешімі арқылы өзіне баурады. Шәкен Айма-
новтың фильмдері өзінің оқиғалық қүрылысы мен терең мазмүнды-
лығы, шынайы шындыққа жақындығымен ерекшеленеді. Фильмді жаза
білу бар, оны халыққа шыншыл етіп жеткізу тағы бар. Шәкен ағаның
туындыларының осы жағынан үндесіп жататындығы рас. Осындай ту-
ындылардың қатарына «Атаманның ақыры» атты екі сериялы фильмді
жатқызуға болады.
Шәкен Айманов туралы сөз еткенде алдымен оның актерлік та-
лантын бөле-жара даралап айта кету орынды. Осы орайда Шәкеннің
екі ролін ерекше айтуға болады. Ол - Ақан және Петруччио рольдері.
Халық артисі Мүлік Сүртібаев Шәкен ағасы туралы толғанғанда: «Бүл
рольдерді қазак сахнасында қаншама актер орындаса да Шәкен-Ақан,
Шәкен-ІІетруччио жүректен кетпейді», - деп жазады.
296
Шәкен Айманов театр сахнасында «Абайды» шығарды. «Қозыкөр-
пеш-Баян Сүлу» спектаклінде Қодар ролін сомдады. Негізгі фильм
сценарийінде Қодар қара жағатын жағымсыз адам. Ал, Шәкен Қодар-
ды ж ағымсыздықтан биікке көтерді, оның адам ретіндегі күйініш-
сүйінішін тереңнен ашты.
Ш әкен-Қодардың монологы көрерменнің есінде мәңгі қаларлық-
тай әсерлі шықты. 1969 жылы Баянауылда «Найзатас боктерінде» атты
телеф ильм койылады . Осы ф ильм нің сценарийін Ш .А йм анов пен
Т.Мәткәрім жазған еді. Шәкен осы фильмде жылқышы Бейсембай қарт-
тың ролін ойнады. Осы роль Шәкен Аймановтың қазақ киносахнасын-
да сомдаған соңғы ролі болды.
Шәкен Айманов киноға кетсе де сүйікті театрынан қол үзген емес.
Өз фильмдерінде театрдағы үлкен ағаларын, талантты әріптестерін
ролге түсірді. М ысалы, «Б іздің сүйікті д әр ігер» фильмінде қазақ
театр - кино жүлдыздары бас қосқан Шәкен ағаның кинорежиссерлік
шеберлігі, өзгелерден даралығы осы фильм үстінде анық көрінді.
Актерлік өнердің қыр-сырын жете меңгерген суреткердің режис-
серлігі басқаша болатын. Ол өзінің идеясын, философиялық көзқарас-
тарын актердың ойыны арқылы жеткізуге күш салатын режиссер еді.
Шәкен ағаның туындыларында тоқталған кезде «Біз осында түра-
мыз», «Бір ауданда», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште»,
«А там анны ң ақы ры » атты ф ильм дерінің осы сынды өзіндік ерек-
шелігін тілге тиек етпей кетуге болмайды. Қазақстан Республикасы-
ның халық артисі Кәукен Кенжетаев: «50 жылдары Ш әкеннің кино-
режиссерлік шығармашылығы басталды. Оның киноға кетуіне себеп -
сол жылдары қазақ киносының жаңадан дами бастауы еді. Ұлттық
кино өнерінің қанатын кеңге жайып, өркендеуіне, бүкіл әлемді дүр
сілкінтіп, қазақ мәдениетін паш етуге Ш әкен Аймановтың тигізген
ықпалы ерекше. Қазақ киносын Шәкенсіз елестету мүмкін емес. Мәсе-
лен, «Атамекен», «Бір ауданда», «Біздің дәрігер», «Ән шақырады»,
«Тақиялы періште», «Найзатас» т.б. фильмдердің қай-қайсысы бол-
масын, ауыз толтырып мақтануға түратын туындылар. Туған елінің
биік түғы рға көтерілуі мен үлтты қ сана-сезім нің дам уы на ерекше
еңбек сіңірген Ш әкен қайталанбас түлға», - деп тебіренеді.
Кино сахнасынан басқа драма театрының сахнасында да сомда-
ған М.Әуезовтың «Қобыландысындағы» Қобыланды, Ғ.Мүсіреповтың
«Ақан сері - Ақтоқтысындағы» Ақан, «Қозыкөрпеш - Баян Сүлудағы»
Қодар, Ш.Қүсайыновтың «Алдар көсесіндегі» Алдар, Гогольдің «Ре-
297
визорындағы» Хлестаков, К.Пагодиннің «Мылтықты адамындағы»
Шадрин, Н.Островскийдің «Найзағайындағы» Тихон, Ш експирдің
«Отеллосындағы» Отелло, «Асауға тұсауындағы» Петруччио секілді
аса күрделі образдарды жоғары көркемдік дәрежеде мүсіндеп, қазақ
театрының тарихында мәңгіге қалдырды.
«Жігітке жеті өнер де аз» деп атам қазақ бекер айтпаған. Шәкең
осындай жігіттердің бірі еді-ау, жарықтық! Шәкен аға өзіне тән коңыр
даусымен қазақтың халык әндері «Жиырма бес» пен «Қарғамауды»
сүйіп орындайтын», - деп еске алады халық артисі Б.Төлегенова.
Шәкен Айманов даналарды оқып дана болған, қоғам алдында бе-
делі көтерілген Азамат.
Өмір жолына, білім, актерлік жолындағы ізденістерін айтар бол-
сақ, 1924 жылы Семейдегі халық ағарту институтына оқуға түседі.
Осы институт қабырғасында жүріп, өзінің театрға деген әуестігіне шек
қоймастан әртүрлі үйірмелерге қатысады. Ж.Шаниннің «Арқалық ба-
тыр» спектаклінде кішігірім роль ойнайды. Өнерлі жастарды Алматы-
ның драма театрына жинау мақсатымен Ғ.Мүсірепов 1933 жылы Се-
мей қаласына барады. Сонда Шәкен Аймановтың «Зорлық» атты пьеса-
дағы ролін көріп, ойынын үнатқаннан кейін Алматыға, қазақ драма
театрына алып келеді. Осылайша Шәкеннің кызық пен қиыншылыққа
толы актерлік өмір жолы үлы бір адамның көмегімен, демеуінің арқа-
сында бастау алады. Сол мол сахналық сапар бүгінгі үрпақ үшін үлгі-
_ өнеге болуға тиіс.
Шәкен Айманов театрда істеген алғашқы жылдарында шағын эпи-
зодтарда ойнайды. Сонымен қатар М.Насонов басқарған театр жанын-
дағы актерлік студиядан да актерлік өнерді үйренуге, табиғи дарынын
үштауға, теориялық білім алуға бел буады. Міне, осындай толып жат-
қан ізденістердің арқасында Шәкен ағамыз үлкен шеберліктің шыңы-
на жетті. Шәкен Аймановтың таланты ұшталып, жанып түрған шағын-
да ойнаған ролдерінің ең бір биігі Шекспирдің «Асауға түсауындағы»
Петруччио ролі екендігін бәріміз білеміз. «Ол — адам баласының биік
санасына ой салатын. Ірі қадамдар мен кесек әрекеттер жасауға түрткі
болатын Шекспир пьесаларының кейіпкерлерінің бейнесін ойнауға
қатты қүштарланатын. Ол ойнаған Отелло бейнесі де Шәкеннің үлкен
табыстарының бірі екендігінде дау жоқ» - дейді оның шәкірті, әрі інісі
Қазақстан Республикасының халық артисі Кәукен Кенжетаев.
Шәкен Айманов 1945 жылдан бастап режиссерлік жүмыспен ай-
налысты. Шәкен ағаның тырнақалды режиссерлік жүмысы Ш.Қүсайы-
новтың «Аманкелді» пьесасын қоюдан басталды. Дегенмен де, бұл
өнердегі алғашқы туындысы ғана болатын. Режиссерлік өнері әбден
шыңдалған тұста Я.Штейннің «Қобыланды» спектаклін сахнаға шығар-
ған еді. Ол академиялық драма театрында бас режиссер бола жұріп
Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ә.Әбішевтың «Бір семья», К.Погодиннің
«Мылтықты адам», Б.Лавреневтің «Америка дауысы», А.Корнейчуктің
«Қайыңды тоғай» пьесаларын қойды. Қазақ сахнасының төріне алғаш
рет орыс классигі Н.Островскийдің «Таланттар мен табынушылар» пье-
саларын шығарды. Ш әкен Аймановтың режиссерлігімен 1949 жылы
қойылған М.Әуезовтың «Абай жолы» қазақ театры үшін үлкен жаңа-
лық болды.
*
Жалпы Ш әкен А ймановты ң ш ы ғармаш ылық, актерлік қызметі
үлттық театрымыздың кезеңдік дамуына үлкен үлес қосты. Ал, оның
киноактерлік орны өз алдында бір төбе. Шәкен Айманов 1937 жылы
Аманкелді сарбаздың ролін, кейін «Абай» фильміндегі Шәріп ролін
асқан шеберлікпен орындады. Әйгілі Жамбыл фильмін түсіргенде оған
Шаймүхамед ролі беріледі. Репетиция кезінде өзінің қызықты әңгіме-
лерімен, тартымды мінезімен жүртшылықты өзіне баурап алатын ал-
ғырлығын байқаған режиссер оған Жамбыл ролін үсынады. Сөйтіп, 38
жастағы Ш әкен ұлы ақын бейнесін сомдап шығады. Ж амбыл ролі
Шәкен Аймановтың ойнаған кейіпкерлерінің ең үздігі десек қателес-
пейміз.
І п ш В Н Н Н ■
298
299
Достарыңызбен бөлісу: |